Респонденттер


Өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат: Аты-жөніңіз, жасыңыз және тұрғылықты өңіріңіз, немен айналысасыз?



бет3/16
Дата10.12.2023
өлшемі43,38 Mb.
#136208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Гайд. Тереңдетілген сұхбат

Өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат: Аты-жөніңіз, жасыңыз және тұрғылықты өңіріңіз, немен айналысасыз?

Сәлеметсіз бе! Аты-жөнім Қасымжанова Назерке Мәдениетқызы, Алматы қаласында тұрамын. Тұрақты түрде жалпы, музыкалық колледжде оқытушы болып жұмыс істеймін, өз мамандығым бойынша. Жасым 31-де.

  1. Киберқылмыс дегенді қалай түсінесіз? Қандай ассоциация қалыптасады?

Киберқылмыс жайында мен негізі былай атын еститінмін,бірақ киберқылмыстың сала екенін басыма түскен кезде бірақ білдім, Шынымен өз басына түспесе ештеңені білмейді, сезбейді жүре береді ғой. Кибер қылмыс дегеніміз енді қазіргі таңда өршіп тұр деп ойлаймын. Өйткені ақпараттар айдынында мысалы бір адам туралы ақпаратты білу, кез келген жерден тауып алу оңай болып кетті. Біз өзіміз соны ашық түрде көрсетіп қоямыз, барлық жерде, әлеуметтік желілерде инстаграм болсын, жүрген жерімізді барлық тұрған жерімізді, адресіміздің барлығын айтамыз. Енді былайша айтқан кезде осындай қылмыспен айналысып жүрген адамдарға ақпарат ашық түрде болып тұр. Ал енді, басқандай жолы алдау түрінде немесе аккаунттарды бұғаттау арқылы жасалып жатыр жеп ойлаймын.

  1. Сіздің басыңыздан қандай киберқылмыс өтті? Сіз қандай іс-әрекеттерден кейін киберқылмыс жүзеге асырылады деп ойлайсыз?

Менің басымнан осыдан бір жыл емес екі жыл бұрын ғой деймін, Наурызға қарай. Кешкісін жұмыстан келгеннен кейін, үйде жайбарақат отырғанбыз. Сосын телефонға званок келеді. Ойымда ештеңе жоқ, аламын. Сосын маған «Сіз Назеркесіз ба?», «Сіздің атыңыздар Қарағандылық азамат 600 мың теңге кредит алайын деп жатыр» деп Халық банкінен хабарласады. Содай кейін менде, ондай бұрын, ешқандай жаман ой болмаған. Сосын сасқалақтай бастадым. Шыны керек, маған «былай жасаңыз, біз оны қазір бақылаймыз, оғанға дейін мынандай приложениені телефонға жазып алыңыз» дейді де, Any..? бірдеңе деп аталады. Қызыл значогы бар. Көз алдымда қалып қалған. Соны жүктеңіз дейді де, сол бойынша енді былай істеңіз, сосын былай жасаңыз деп айтып отырады. Менің ойымда ештеңе жоқ жасадым. Сосын бір уақытта, «Қазір, байланыс болмай жатыр,мен сізге whatsapp арқылы хабарласамын» деп, маған ватсап арқылы хабарласады. Һткені ол, менің ойымша жанағы былай жай званоктан менімен жанағы приложение арқылы дұрыс бақылай алмады ма екен, кішкене жанағы ыңғайсыз болды ма екен. Сосын ватсаптан кәдімгідей Халық банктың логотипі бар сондайдан хабарласады. Мен аламын, ойымда ештеңе жоқ. Сосын тағы да бір приложениені жүктеткізеді. Одан кейін, мен кейіннен ойлаймында, біріншісінен болмағаннан кейін, маған екіншісін қолдандырған сияқты. Сүйтіп, айтады «Сіз алаңдамаңыз, біз бұны шешеміз» дейді де карта нөмерін сұрайды. Мен айтамын. Сосын менің халық банк картамда ақша болмайды да, мен Каспиден ақша аударамын. Ойвмдв ештеңе жоқ. Енді олардың кредит ала алмаған себебі мен код айтпадым, сосын менде халық банкінде интернет сатылымға лимит жабық тұрған болу керек. Олардың приложениені жүкте дегені, олардың менің атымнан кредит алып, сол арқылы өздерінің картасына аударып жіберу ойларында болған. Сосын Мереке күніне түсіп қалдым, ештеңе жасай алмадым. Халық банкіне хабарласамын, олар айдаты «Сіздің есіңіз дұрыс па? Ешқашанда Халық банк олай хабарласпайды, кешкісін жұмыс уақыты бітеді, кешкісін мүлдем хабарласпайды. Ондай болмаған, болмайды да. Біреудің нөмерін алып, айтқан жағдайда сіз кредит алатын кезде банкте сіз жайында барлық ақпартатты растауыңыз керек. Онлайн алғанның өзінде де сіздің ақпараттарыңыз шығады» деп айтады. Сүйтіп, қалай құрбан болғаныңды білмей қаласың, былайша айтқан кезде.

  1. Whatsapp арқылы хабарласқанда сіз ойыңызда банк бұл арқылы хабарласа алмайтындығы болмады иа?

Иә, оны ойламайсың. Өйткені ана жерде сенде уже «Сенің атыңнан кредит алып жатыр» деген ой болады да, сосын любой хванокты ала бересің ғой. Содан кейін,болмай жатыр, сізден болмай жаьтыр дейді да трупканы тастай салады. Сосын мен оған қайтадан кері хабарласам, жанағы номерде ешқандай логотип жоқ,званок бармайды. Бірінші хабарласқан номерге звандаймын, ол вообще жоқ. Сол кезде мені уже блокқа салып тастаған. Басқа ештеңе жоқ, үйткені екі ак номермен хабарласты маған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет