1-кесте – 1929 жылдың 2-4 маусымда бекітілген қазақ тілінің жаңа емлесінде көрсетілген дауысты және дауыссыз
дыбыстар [2, 96].
davьstь dьʙьstar:
ezyvlik
erindik
erkin
qьsaɳ erkin qьsaɳ
çuvan a
-
ь
о u
çinicke e
ә i ө y
davьssьz dьʙьstar:
cuƣьl
ьzьɳ
ynsiz qataɳ p t k q s c -
ujaɳ
ʙ d g ƣ z ç h
yndi
ьmьrasьz
m
n
ɳ
ьmьralь
v l
r
j
Мұндағы: a-а, ә-ә, e-е, ь-ы, i-і, о-о, ө-ө, u-ұ, y-ү – дауысты дыбыстар, p-п, ʙ-б, t-т, k-к, g-г, q-
қ, ƣ-ғ, s-с, z-з, c-ш, ç-ж, h-һ, m-м, n-н, ɳ-ң, v-у, l-л, r-р, j-й – дауыссыз дыбыстар. Мысалы,
tuvma qazaq – тұума қазақ, suvrettemekpin – сұуреттемекпін, coluvƣa – шолұуға, tysindiryvge –
түсіндірүуге, irityv – ірітүу, sol sьjaqtь – сол сыйақты, ьqpalьn tijgizip – ықпалын тійгізіп, ьlƣьj
– ылғый, [2, 10-12] т. б.
Бұл мысалдар арқылы көрсеткіміз келгені қосарлы дыбыстар бүгінгі күні ғана шығарылған
жаңа дүние емес екендігін және оларды қолдану еш қиындық тудырмайтынын көрсету.
Аталған қосарлы дыбыстар қазақ тілінің заңдылықтарына толықтай бағынады, тіл табиғатын
сақтайды. Сөздерді буынға бөлгенде екінші буында дауысты дыбыстар қатар келіп қалатын
жағдай да болмайды. Осы мәселе жөнінде қазақтың академик Р. Сыздық өзінің «Латын жазуы:
емле ережелерін түзуде ескеретін жайттар» атты мақаласында былай дейді: «Ендеше, тәуелсіз
еліміздің мемлекеттік тілінің емлесін жасауда қазақ тілінің табиғатын, шынайы болмысын
танытуымыз керек. Сондықтан жуан болып келген жерде ый (мый, мыйық, оқый-ды,
тасыйды, сый, сыйлау, сыйады, тый, тыйады, тыйылды), жіңішке бо-лып келген
жерде ій (жібійді, ерій-ді, кемійді, тійеді, бійлейді) жазуымыз керек. Сол сияқты жуан
200
айтылатын сөздерде ұу (сұу, сұуық, тұуыс, барұу, жұу, жұуық); жіңішке айтылатын
сөздерде үу түрінде (гүу, гүуледі, келүу, жүрүу) таңбаланады» [4, 1] .
Аталған мақаласында академик-ғалым емле ережелеріне енгізу қажет өзгерістерді
орфографиялық тұрғыдан жақсылап талдап көрсетіп берсе, профессор Әлімхан Жүнісбек
фонологиялық жағынан тереңінен талдап, дәлелдеп берді. Сол себепті де ендігі шығатын емле
ережесінде осы және өзге де көтеріліп жүрген мәселелер табылған шешімі бойынша түзетіледі
деп сенеміз.
Әрмен қарай 1983 жылы бекітілген қазақ тілінің орфографиялық ережелері негізінде басып
шығарылған сөздіктер жайлы сөз қозғамақпыз. Оның ішінде сөздердің бірігіп және бөлек жазу
мәселесі, сөздердің екінші буынында ә әрпінің келуі, қосымшаларды жалғануы, сөздердің бас
әріппен жазылуына қатысты мысалдар келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |