Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


-кесте – 1988, 2007 жылдардағы сөздіктер мен қазақ тілінің анықтағышындағы сөздердің жазылу сипаты. Қазақ тілінің анықтағышы 1988



Pdf көрінісі
бет133/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

3-кесте – 1988, 2007 жылдардағы сөздіктер мен қазақ тілінің анықтағышындағы сөздердің жазылу сипаты.
Қазақ тілінің анықтағышы 1988 
2007 
Енді бірқатар тұстарда, 
керісінше, сөздің соңғы 
буынында жіңішке дауысты 
дыбыстың әрпі 
таңбаланғанмен, қосымшалар 
жуан жалғанады. Мысалы, 
кінә, күнә, күмән, Күләш, Іңкәр 
тәрізді соңғы буындарында ә 
әрпі жазылған сөздерге 
қосымша жуан жалғанады: 
кінәлау (кінәлеу емес), күнәлы 
дімкәс 
дімкәстану, дімкәстанбау, 
дімкәстанған 
дімкәстік, дімкәстігі [3, 133] 
дімкас 
дімкастану, дімкастанбау, 
дімкастанған 
дімкастық, дімкастығы [6, 140] 
кінә, кінәға, кінәсы 
[3, 185] 
кінә, кінәға, кінәсі, кінәсіна, 
кінәсінан, кінәлары [6, 234] 
күнә, күнәға, күнәсы 
күнәкарлық, күнәкарлығы 
күнәлау, 
күнәлы 
күнәлылық, күнәлылығы 
күнә, күнәға, күнәсі, күнәсіна, 
күнәлары 
күнәкар, күнәкарлық, 
күнәкарлығы 
күнәлау, 


201 
(күнәлі емес), күмәндану 
(күмәндену емес), күнәға 
(күнәге емес), Күләшқа 
(Күләшке емес) [5, 11]. 
 
күнәсыз 
күнәсыздық, күнәсыздығы 
[3, 184] 
күнәлі 
күнәлілік, күнәлілігі 
күнәсіз 
күнәсіздік, күнәсіздігі 
[6, 231] 
Қазақ тілінің анықтағышында көрсетілгендей күнәлі емес күнәлы болады екен. Демек, 1988 
жылғы сөздіктегі нұсқа дұрыс болады. Олай болса, бұл сөз не себепті 2007 жылы өзгеріске 
түскен нұсқасы берілгені түсініксіз. Сонымен бұл кестедегі сөздердің қосымшалары жуан 
жалғанады.
Келесі мысалдар, екі сөздікте де бірдей берілген құдірет пен құзырет сөздері. Бұл сөздерді 
айтқанда екеуін де құдірет/құзірет деп немесе құдырет/құзырет деп те айта аламыз. Екі сөзді 
бір-бірінен ажыратып тұрған д/з әріптері ғана. Екеуі де ұяң дыбыстар. Оқырман қауымның 
бәрін болмаса да, біразын шатастыратын бұл сөздердің не себепті бірі жіңішке, бірі жуан 
жазылатыны белгісіз. Мекенжай сөзін бірге немесе дефис арқылы жазылып жүргенін көп 
байқаймыз. Бұл сөз екі сөздікте де бірігіп жазылған.
Ендігі мысал 1988 жылға сөздікте наурыз (ескіше ай аты), наурызы, наурыз көже, наурыз 
той [3, 251] деп берілген болса, ал, 2007 жылғы сөздікте наурыз (ай аты), Наурыз (мейрам), 
наурызкөже (этн.), наурызтой [6, 308] деп көрсетілген. Аса маңызды тарихи дәуірлердің
революциялардың; уақиғалардың, мерекелердің аттары бас әріппен жазылады [5, 53]. Наурыз 
сөзін ай аты әрі мереке атауы ретінде екі бөлек көрсеткені жөн. Бірақ та, наурыз көже, наурыз 
той сөз тіркестері екі сөздікте екі түрлі беріліп тұр.
Қорыта айтсақ, қазіргі таңдағы қазақ тілінің емле мәселесін, оған негізделген бірізді орфо-
графиялық сөздік құрастыру мәселесін қазақ тілінің заңдылықтарына, табиғатына сай шешу 
тіл мамандарының алдында тұрған ауқымды тапсырма. Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы 
үшін аса маңызды болып табылатын бұл мәселелер ешқандай саясат пен ғалымдардың МЕН-
інің араласпауынсыз ғылым алдындағы әділдікпен, тазалықпен өзінің нақты шешімін 
табарына сенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет