Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет40/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Керегін алып еді, көңіл-күйі көтерілді. Мұнда сөйлеуші қалыпқа сай бірінші бағыныңқы 
сөйлемді беру арқылы оны мағыналық жағынан басыңқыға меңгертіп тұр, яғни себебін 
білдіретін пікірді бірінші орналастырып, соған қатысты жаңа ақпаратты екінші сөйлемде 
береді.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып отырады және ұдайы бақылауда болады. Бұл 
мысалда салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық байланыстыратын компоненті 
коммуникативтік мақсатқа орай соңғы позицияда орналасқан.
Құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан, тағамға (асбұршақ, үрмебұршақ, соя, 
жасымық), мал азығына пайдаланылады. Бұл сабақтас құрмалас сөйлемде де бағыныңқы 
компонент басыңқының себебін анықтап, актуалды мүшеленуге сәйкес коммуникативтік 
мақсатқа құрылған.
Құрмалас сөйлемдердің ішінде компоненттер тізіліп қана қоймай, сонымен қатар кірігіп те 
құрылады. Ол да коммуникативтік мақсатқа сай орын алады.
Алмагүл бұл өлеңнің өз даусына сәйкес келмейтінін біле тұрса да, даңқ құмарлығы жеңіп, 
осы тұста осындай әнге бас ұра бастаған жастардың мадақтауын тілеп, өзінің орындауына 
алды. Сонысына қарамай, бір-екі жеңіске ие болып еді, менімен бақ таластыра кетті. Бұның 
кезегі келгенде, ел орынға отырар шақ еді, бюро тарап, аудан басшылары түгел тысқа 
беттеп үлгерген, кабинетте Ауғанбай Халелұлы жалғыз қалыпты. Бұл мысалдардағы 
ақпараттың мәнділігі жағынан кіріктірілген компоненттер маңызды болып келеді, олардың 
информативтік мәнділігі жоғары. Сөйлемді бұлай құрудың да арғы жағында коммуникативтік 
талап жатыр.
Құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі инверсия да белгілі бір коммуникативтік мақсатқа сай 
орын алады. Инверсияға көбіне сабақтас құрмалас сөйлемдер ұшырайды. Ережеге сәйкес 
бағыныңқы компонент үнемі басыңқы сөйлемнен бұрын орналасады. Ал инверсия кезінде 
бағыныңқы компонент басыңқыдан бұрын емес, кейінгі орынға шегінеді. Құрмалас 
сөйлемдердің бұлай құрылуы сөйлеушінің сөйлемді ой екпініне негіздеп жеткізу мақсатын 
көрсетеді. Яғни ой екпіні түсіп тұрған компонент алдыңғы орынға шығады да, төменгі орынға 
мәні жағынан екінші орында тұрған ақпарат орналасады: 
Бүгін сізге жолығады, кешікпей үлгеріп келсе.  
Күні-түні дайындалдым, уақыты жақындап қалғандықтан.
Қашан кітабы шығады екен, барлығын жақсылап оқитын.
Құрмалас сөйлемдер құрылымдық компоненттеріне қарай осы жолдар арқылы 
актуалданады. Олардың орын тәртібі, бағыныңқының басыңқының алдында келуі – 
осылардың барлығы да коммуникативті талаптарға сай ақпараттың өзектелуі болып табылады.
Құрмалас сөйлемдер сонымен бірге экспрессивтік сипатта болады. Лебіздің эмоциялы, 
экспрессивті реңкте құрылуының әр түрлі жолдары бар. Экспрессивті құрмалас сөйлемдер әр 
түрлі сезімдерді оятады. Әлден ақытта құрық үстіне құрық жаудырып, ну жылқыны иіріп 
бетін түзеп, екі қырдың астына түсірдік-ау!Бұл мысалда компонеттердің құрамына демеулік 
шылау және лексикалық бірліктер арқылы экспрессивтік мән үстеліп тұр.
Ызғындай ұрпақ, мол ырыстың ортасында отырып, айдалада жалғыз қалғандай
айналасы құлазып тұрса, мұның несі бақыт? Бұл аралас құрмалас сөйлемде екінші компонент 
шатты рай тұрғалы етістікпен келіп, үшінші компонент ретінде риторикалық сұрақты 
білдіретін сөйлем қатысып, экспрессивті құрмалас сөйлем жасалған. Бізді іздеп әуре болма, 
бәрібір таба алмайсың! Бұл мысалдар экспрессивті құрмалас сөйлемдерді танып, олардың 


65 
құрылысын жіктеп көрсетуге негіз болатын деректер ғана. Коммуникацияда экспрессивтік 
сипаттағы құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары, олардың берілу сипаты өте ауқымды.
Құрмалас сөйлемдер лебізді түрлендіруге, ажарландыруға да қызмет етеді. Әрбір сөйлеуші 
басқадан өзгеше қылып, түрлендіріп сөйлеуге ұмтылатыны анық. Бұл жөнінде Р. Әмір 
еңбегінде «Осылай сөйлеу – қазақтың абыройы, мәртебесі» деп бағалайды.  
Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл 
дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен 
ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ! Бұл үзіндіден автордың 
қисынды сөйлеу шеберлігін анық байқаймыз. Оның сөйлемдерді құру барысында сөздерді 
мақсатты түрде байланыстырып, орындарын белгілеуі де коммуникативтік талапқа сай 
жасалған.
Әйда! Көшенің қақ ортасында иттер тойы қызсын да кетсін. Алдыда – Динго, сонан соң 
Таймас, желаяқ, қалғандары соңында. Бәрі үміткер Ертеңіне есіліп ақ тау, жосылып жота 
жол берді, жол үзігі жалғанып қалды екі шек қосылып. Поезд да өтті ен далада еркін салып 
айғайын, будақтатып көсіріп. Есрафил да бұл алыстан түнілді, жас алыптан – жаңа 
адамнан үміт кесіп, тосылып. Бар ашуы алқымына тығылып, қалжыраған, бір тұрып, бір 
жығылып, кетті қайтып мұз жеріне, түбегіне, қанды іздері қалды жарда жосылып. 
Осындай көркем әдебиетте кездесетін мысалдарға жеке ізденіс, жеке сөйлеу стилі
ажарлылық, түрлілілік секілді көптеген сипаттар тән болып келеді.
Осы мазмұндағы білімдерді игеру барысында білім алушылар келесі талдау дағдыларын 
игереді: 
1. Компоненттердің тема-ремалық қатынасын анықтайды;
2. Құрмалас сөйлем сыңарларына тән орын тәртібін атап, себебін түсіндіреді; 
3. Коммуникативтік талап дәрежесін талдап, оның себебін түсіндіреді.
4. Осы мақсатқа жегілген тілдік бірліктердің қызметін саралайды.
Ол сондай мөлдір: түбіне түскен түйме алақандағыдай көрінеді.
Талдау: 
Құрылымдық:
1. Құрылысына қарай: құрмалас 
2. Құрамдық ұстаным бойынша: екі компонентті 
3. Грамматикалық тұлғалануына сай: салалас, іргелес 
4. Семантикалық ұстаным бойынша: айқындауыштық (Р. Әмір бойынша) 
5. Функционалдық ұстаным бойынша: айқындауыштық, атрибутивті қатынас (екінші 
компонент бірінші компонентпен анықтауыштық қатынасқа негізделген) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет