67
Р. Әмір 1958 жылы орыс мектептерінің II-IVкластарына арнап шығарған «Қазақ
тілі»оқулығы тілді үйретуді практикалық жолға қоюдың алғашқы үлгісі болды. Р. Әмір Тіл
білімі дайындаған қазақ тілі грамматикасының академиялық басылымы авторы ретінде
қатысты және конкурстық негізінде 9-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы жарық көрді.
1992 жылдан бері Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің оқытушысы,
профессоры. Қазіргі таңда студенттерді білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаз К. Д.
Ушинский «Егер мұғілім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктіретін
болса, ол кемел ұстаз»деп айтқандай ол кісі мен үшін кемел ұстаз. Дәріс беру шеберлігі аса
жоғары, жұрт алдында жасаған баяндамаларында да, тілдің өзі таңдаған салалары бойынша
жазған зерттеулерінде де шынайы сөйлеудің, шымыр сөйлеудің дәл айтып, дәйекті толғаудың,
байсалды ой
қорытып, байыпты байлам жасаудың хас шебері. Дәріс оқығанда пәннің
студенттерді жалықтырар бөліктерін қарапайым қазақ сөзімен түсіндіруі көпке дейін есте
сақталады. Ол кісі мейлі мұғалім,
мейлі ғалым болсын, ең алдымен адамгершілік рухын
жеткізіп, адалдық пен әділет жолын танытып, мәдениет пен әдеп дәнін сеуіп отырады.
Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке
деген ерекше ынтызарлығы
өзгелерден оны ерекшелендіреді. Қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген
адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, қаншама
дарынды жастардың өнер айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілуіне дем беріп,
ақыл кеңесін беруде. Дәріс алған әрбір шәкірттердің, қалың тыңдарман мен ойлы оқырманның
«Ұстаз»сөзін ұмытпай, мәңгі жадында сақтауының бір сыры осы қабілетінде екені даусыз.
Ұстазыма: «Қазыналы керуеніңіздің жолы даңғыл, ғұмыры ұзақ болсын!»деймін шәкірттік
адал ниетпен.
Достарыңызбен бөлісу: