109
бұрылып қарамастан, Темужінмен бірге жүріпті [7]. Көнек – ірі қара малдың бас не мойын
терісінен жасалған, бие саууға не құдықтан су алуға арналған шүмегі бар ыдыс. Торсық –
сусын құю үшін ысталған теріден жасалынған шағын ыдыс [8].
Жас балаға жалбыр ешкі-тон
кигізіп, тары ақтатып, келі түйгізіп қойыпты [7]
. Келі – тары, бидай, арпа т. б. дәнді
дақылдарды түйіп уақтау, ұнтақтау үшін ағаш, темір, шойын сияқты қатты нәрседен жасалған
іші қуыс зат [8].
Қаншама машақаттан соң бір торсық айран алып келеді [7]
. Торсық – сусын
құю үшін ысталған теріден жасалынған шағын ыдыс [8].
Оң хан осыдан соң шынашағының
басын оқ жонатын кездігімен шетіп жіберіп қанын шығарып, қайыңның қабығынан ойылған
кішкентай құтыға тамызып, Темужінге жолдапты [7]
. Кездік – мүйізбен сапталған, қынға
салып алып жүретін кішкентай пышақ [8].
Сусын құйылатын және құрт немесе сүзбе
салынған екі жанторсық, ас пісіретін шойын немесе қыш шөңке [7]
. Шөңке – ас пісіретін
шағындау ыдыс [8, 65]. Байқап отырсақ, көбі – малдан өндіретін сусындарды құю үшін, ұзақ
уақытқа сақтау үшін жасалған. Осы ыдыс-аяқтар арқылы сол кезеңнің адамдары қалай, қандай
жағдайда тамақтанып, ас-су ішкенінен хабар аламыз әрі олардың нені құюға, салуға
арналғаны, неден жасалғаны арқылы дәуір тұрмыс жағдайынан, мәдениетінен, сол замандағы
халықтың ұлттық тағамдарынан мағлұмат алуымызға болады.
Қорыта айтқанда, жазушы М. Мағауинның «Шыңғыс хан» деректі тарихи шығармасының
лексикалық қабаты этномәдени атауларға өте бай. Автордың этномәдени атауларды
шығармасында орынды қолдана білуі оның жазушылық шеберлігін ғана танытпай, сонымен
бірге сөз етіп отырған халықтың арғы-бергі мәдениеті мен тарихи болмысын терең
білетіндігін, аса қадірлейтіндігін де танытады. Халықтың бұрынғы өмірі, тұрмыс жағдайы
туралы шығарма жазуда М. Мағауин сол кезгі сөз үлгілеріне, сол уақытқа тән әр түрлі
атауларға зер салып, өзі суреттеп отырған уақыттың тілімен сөйлетеді.
Достарыңызбен бөлісу: