Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет58/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Түйін сөздер: ұлттық құндылықтар, рухани жаңғыру, тарихи таным, ұлттық үндестік, рухани бірізділік.
 


103 
Аннотация. В статье рассматриваются различия наших ценностей в целях расширения горизонта 
исторического познания. Широко пропагандируется значимость национального кода, основанного на стволе 
национального мировоззрения. Дается представление об истории, которая может побуждать к личностному 
развитию. Выявлены конкретные свидетельства современного состояния тюркской традиции и предпосылки 
патриотизма. Древнетюркская культура, основанная на статье «Семь граней Великой степи», представлена в 
паре с работами М. Х. Дулати. В статье перечислены аргументы, которые могут способствовать 
формированию национального иммунитета, и в статье представлен систематический алгоритм новых 
проектов. В результате формируется формула духовной идентичности. Рассказан автограф Ракиша Сатулы, 
знавшего ювелира слова и самоотверженно трудившегося для духовности.
Ключевые слова: национальные ценности, модернизация общественного сознания, историческое 
познание, национальная гармония, духовная преемственность.
Өркениеттің өрелі даму жолында инновациялық технологиялардың қарыштауы 
қаншылықты қажет болса, рухани өрістеу иммунитетінің де қалыптасуы соншылықты 
маңызды. Дәл осы рухани иммунитеттің мемлекетік деңгейде көрініс беруі керек – ақ 
құбылыс. Десе де, бос дақпыртты дабыра қылып, рухани кемелденуден кері кетіп жатқандар 
да жоқ емес. Айталық, рухани азғындықтың шырмауына түсіп, иммунитетке мұқтаж индивид 
те, мемлекет те бар. Осындай қасіреттің алдын – алу әрбірімізге жауапкершілік жүктейді. 
Сананы кеселден сақтау, ойды ар – ұжданмен жұптастыру тек қана инновациялық дамуды 
керек етпейді. Тиісінше рухани кемелденуді де ауадай қажет етеді. Яғни, жаһандық деңгейде 
дербес қаралуы тиіс мәселе дәл осы болмақ. Ендеше, аталмыш мәселенің мән – жайы біздің 
мемлекетімізде қалай қаралып жатыр деген сұрақ бәрімізді толғандырары хақ. Олай болса, 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы бұл сауалдың 
дәл жауабы болмақ. Ұлы Даланың жеті қыры мақаласының негізгі түпкі идеясы өте арыдан 
басталған әрі бүгінгі күні өз маңызын жоймаған және болашақпен тікелей байланысты дүние. 
«Кемел ойлы кемеңгерліктің тағы бір көрінісі» – деп баға берген көпшілік бүгінде бұл 
мақаланың дәл кезінде жарияланғандығын жарыса жазуда.
Аталмыш мақала «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының ізін екшелей 
басқандығын анық байқауымызға болады. Мәселен, ұлттық мүддеге бағытталған қос 
мақаланың мазмұны бөлек болғанмен бағыты бір, бөлімі бөлек болғанмен болмысы бір. Екеуі 
де ұлттық бірізділікті алдыға тартып, рухани азғынданудың алдын – алу туралы сыр шертеді. 
Ұлттық кодымыздың саф күйінде сақталуы үшін алдымен, тұсбағар болар бағытымызды 
бағамдауымыз шарт. Осы орайда «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы іздегенге сұраған 
болып, қажет қорегімізге айналғаны анық. Мақаланың негізгі идеясы ұлттық құндылықтарды 
танумен қатар бойға сіңіруді көздейді. Қаситеті Ұлы Дала қырын Ұлы дала қырандары танып, 
рухани жаңғырса деген ізгілікті ниеттен туған бастама. Ал, рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық 
жаңғырумен пара пар. Ұлттық жаңғыру – ұлттық санамен біте қайнасқан ұғым. Демек, жүйелі 
алгоритммен жүзеге асатын тұрақтылық пен бейбітшілік қадамы. Рухани мүгедектің алдын 
алар бірден бір шара. Ұлттың ұйысуы – бірліктің көрінісі болса, алдыңғы қатарлы дамыған 
мемлекеттің негізгі жемісі. Сондай – ақ, мақала мазмұнына айналған бірегейлік формуласы 
әрбір ұлтжанды азамат үшін қолданылуы тиіс. Мақаладағы бұл формуланы тек қазақ ұлтының 
Ұлы Дала ұландары ұғынары анық. Ендеше, мақаланың идеясын ашуда осы формуланы 
қолданғанымыз абзал.
Ұлттық кодты, рухани бостандықты тіл тарихын зерттеумен ұштастырған Рақыш 
Сәтұлының еңбегі ерен. Болмысымен руханияттылықты аңсаған ғалымның еңбектері 
барлығын елең еткізері сөзсіз. Хақында «тірі жүрсем халыққа қызмет етпей қоймаймын» деген 
зиялы қауым сөзін ұстанған ұстаздың ұтымды зерттеулері алтын қойнау әрі жемісті еңбек. 
Рақыш Әмірұлы елдіктің туын тіктеуде, тәуелсіздікті баянды етуге қызмет ететін ана тілін 
жаңа қоғам талабына сай оқытудың тұңғыш тұжырымдамасын жасағаны мәлім. Демек, ұлттың 
бағдаршамына айналған «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының алғышарттары өсекелең 
ұрпақты оқытуда керек – ақ дүние.
Мақала мақсаты әрі түпкі идеясы тарихпен тығыз байланысты. Мұны әуелден – ақ 
мақаланың тарих қойнауына терең сүңгуімен дәлелдей аламыз. «Кеңістік – барлық нәрсенің, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет