107
Бұл бағытта Р. Шойбеков, Ә. Ахметов, Ж. Манкеева, Р. Б. Иманалиева, А. Ж. Мұқатаева,
С. Сәтенова, А. Жылқыбаева, Қ. Аронов, Б. Уызбаева, Қ. Ғабитханұлы, М.
Мұсабаева, М.
Атабаевалардың еңбектерінде жан-жақты сөз болады. Этнолингвистика туралы ғалымдардың
пікірлерін келтіретін болсақ, «ұлт-тіл-мәдениет» контексіне байланысты ойлардың
сабақтастығын байқаймыз. Ғалым Е. Жанпейісов: «Этнолингвистикаға өзінің бітім- болмысы,
табиғаты жөнінен жалпы тарихи категория болып табылады. Себебі ол этностың қазіргісін
ғана емес, көбінесе өткенін зерттейді. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан
айқынырақ көрінеді», – дейді [4, 22]. Этнолингвистика ұлттың болмыс-бітімін, тұтас мәдени
жүйе ретінде өз бойында сақтаған құнды этномәдени деректерді қарастыра отырып, «ұлт пен
тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес жинақтап, жүйелеп талдайды.
Этнолингвистикалық
материалдардан ұлттың танымын, болмысын айқындайтын рухани және материалдық
мәдениеттің қолданысынан көре аламыз [5, 120]. Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігі тіл
біліміндегі зерттеулер бағытының кешенді және интеграциялық сипатына қарай тіл мен
мәдениеттің сабақтастығын анықтаудың, зерттеп-зерделеудің қажеттілігін көрсетеді. Ұлт
тіліндегі этномәдени лексика ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық
сана, ұлттық дүниетаным, салт-дәстүр, рухани – материалдық байлықтың барлығын түгелдей
қамтып, этнолингвистиканың негізгі ақпарат көзі болып табылады.
Тарихи шығармада этномәдени атаулар сол қоғамның белгілі
бір кезеңдегі тарихи
шындығын, бейнесін танытады. Этномәдени атаулар автор қолданысында кейіпкер бейнесін,
сол ортаны жан-жақты ашуға жұмсалады, өйткені тұтас көркем ой жасау үшін этномәдени
атаулардың қосатын үлесі зор [6, 78]. Жазушы М. Мағауиннің «Шыңғыс хан және оның
заманы» деректі тарихи шығармасының лексикалық қабаты этномәдени атауларға өте бай.
Мәселен, ақтажы, қарашы, төре, ханзада, бақауыл, көпес, хандық, хан, әмір, әскербасы, ұлық,
қолбасы, әмірші, қаған, көсем, билеуші, көбеген, қосшы, хан, қара, төленгіт, шекпен, ішік,
мәсі, жендет, би, даяшы, садақ, сұлтан, найза, төре, ноян, жуан, құн, тақсыр, нөкер, шабуыл,
жортуыл т. б. көптеген сөздер М. Мағауиннің жоғарыда аталған шығармасының көркемдік
әсерін молайтады. М. Мағауиннің «Шыңғыс хан және оның заманы»
деректі тарихи
романындағы этномәдени атауларды мынадай топтарға бөлуге болады:
а) қару-жарақ атаулары
Қанды семсер байланып, садағымды сайладым [7]. Семсер – болаттан істелген екі жүзді
өткір қылыш сияқты қару [8].
Мына біз адырнасы ұзын арыс садақты толғап атар кезде
жетесіз Дайыр- Ұсұн Орқан мен Селеңгінің құйғаны, Талқұн-аралда отырар [7]
. Адырна –
садақ ағашының екі басын иіп ұстап тұратын, жебені тіреп ататын керме қайысы [8].
Сонымен
қатар, екі тарапта да тағы бірталай, шапқыш, тескіш және ұрма қарулар бар: семсер,
Достарыңызбен бөлісу: