216
заман талабынан туған қажеттілік еді. Осы бағыттағы Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М.
Дулатұлы, Х.
Досмұхамедұлы, Ж. Аймауытұлы, Т. Шонанұлы, М. Тынышпайұлы, Е.
Омарұлы, М. Жұмабайұлы, Қ. Жұбанұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Күдеріұлы, С. Сәдуақасұлы т.
б. азаматтардың еңбектері өлшеусіз.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында басты мәселе жаппай халықты сауаттандыру болды.
Алаш қайраткерлері бұл жылдарда ұлттық мектептердің ашылуына септігін тигізіп, қазақ
тілінің өркендетуге күш салды. Олардың ұлттық мектептер жайлы ой-пікірлері мен қазақ тілін
оқытуға қатысты ғылыми тұжырымдары әдістеме теориясының дамуына ықпал етті. ХХ ғасыр
басында ұлт зиялылары қазақ мектептерінде қазақ тілінің оқытылуына қаншалық мән берсе,
қазақ тілінің орыс тілді мектептерде оқытылуына да соншалық назар қойды. Қазақ тілінің ұлт
мектептері мен орыс мектептерінде оқытылуына көңіл бөліп, оқулықтар жазды.
Ғалым Қ. Кемеңгерұлының екі бөлімнен тұратын «Жауропалықтарға арналған оқу құралы»
сол заманда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуге арналған бірден-бір құнды еңбек болды.
Ғалым Ташкент қаласында әскери училищеде қазақ тілінен сабақ бере жүріп, тәжірибе мен
теориялық білімін байланыстырды. Өкінішке қарай, қоғамдағы саяси ахуалдың орын алуына
байланысты ғалымның «Жауропалықтарға арналған оқу құралы» біраз жылдар бойы жарыққа
шығарылмай, көпшілік қауым назарынан тыс қалды. Қ. Кемеңгерұлы: «Мектеп қай тілде болу
керек?» мақаласында: «... мектепті көздеген мақсатқа жеткізу үшін үйі, құралы, сайманы,
кітабы, оқытушысы сай болу керек» [1, 209] – деген ой айтады. Бұл жерде ғалым сауатты да
білімді ұрпақтың қалыптасып шығуы үшін білімді
оқытушы болуы керектігін, оқытудың
жолдарының белгілі бір әдістемелік жүйеге сүйенуін, оқытудың әдіс-тәсілдері айқын болуы
керектігін айтып отыр.
Ағартушылар А. Байтұрсынұлы мен Қ. Кемеңгерұлы баспасөз беттерінде ХХ ғасыр
басындағы ауыл мектептерінің жайын: талаптарға сай еместігін, оқу-білімге қажетті
құралдардың тапшылығын, білім беретін оқытушылардың көбі «басқа қызметтерге қолы жете
алмаған, не жарай алмағандар, не шалағайлар, не өз шаруасымен байланыстылар» [2, 209]
екенін сынайды. «Мектеп қай тілде болу керек» мақаласында: «Қазіргі
ауыл мектептерінің
төрт түлігі сай деп ешкім айта алмайды. Бірі болса, бірі жоқ. Осы күнде ауыл мектептерінде
комплекс (жиынды) әдіспен оқыту программаға кіргендіктен, мектепте алдымен керегі
оқытушы болып отыр. Оқытушы жеткілікті біліммен комплексті қолданса, мектептің басқа
кем-кетіктерін толтырады. Балаларға керекті білім береді. Өйткені комплекске керек
жаратылыс, шаруашылық жағдайлары ауылдан табылады. Ал енді ауыл мектептеріндегі
оқытушыларды алсақ, комплекс әдісін жүргізе алатындары некен-саяқ», – деп ашық айтады
[1, 209].
ХХ ғасыр басы – «әдіс», «әдістеме» терминдері қолданысқа еніп, әдістеме ғылымы дами
түскен кезең. Қ. Кемеңгерұлы үйлестіру (синтез), талдау (анализ), аудару, көрнекілік,
жаратылыс әдістерін [1, 174-178] сипаттайды. Әдіскерлер
халықтың сауатын ашуда, қазақ
тілін оқытуда, өзге ұлт өкілдеріне (орыстарға) тіл үйретуде жоғарыдағы аталған әдістерді
талдап, саралап, тиімдісін өз замандас оқытушыларына қолдануға кеңес береді. Жоғарыда
аталған әдістер қазіргі білім беру үдерісінде де ыңғайына қарай пайдаланып, негізге алынып
жүр деп айтуға болады. Бұл Алаш әдіскерлерінің пікір-көзқарастары мен ой-
тұжырымдарының өміршеңдігін аңғартады. Ғалым жат тілді үйретуде құрғақ жаттаумен сөз
миға қонбайтынын, ұмытыла беретінін еске салады [1, 176]. Бұдан
тілші-ғалымдардың
замандас оқытушыларды сабақта оқушыны өз бетінше ойландыратын жұмыс түрлерінің көп
болуына бағыттағанын көреміз.
Өзіне дейінгі кезең мен өзі өмір сүрген уақыттағы қазақ зерттеушілері мен әдіскер-
ғалымдардың оқулықтарымен танысып, ондағы озық идеялар мен тұжырымдарды назардан
тыс қалдырмады.
Қ. Кемеңгерұлы аудармаға да барған. ХХ ғасырдың басы қазақ баласының сауатын ашу,
жан-жақты білім беру, білімін дамыту сынды мақсатттар алға қойылды. Осы кезеңде Алаш
қайраткерлері түрлі білім салаларына қатысты оқулықтарды аударып, көпшілікке
насихаттады, мектеп бағдарламасында қолданды. Солардың бірі – Қ. Кемеңгерұлының П.
217
Лебедевтен аударған «Кімійе» оқулығы. Оқулық 1929 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық
көрді. Қ. Кемеңгерұлының аталған аударма еңбегі арқылы химия ғылымын қазақ баласына
таныстыра отырып, осы ғылым терминдерін қазақ тілінде қалыптастырған алғашқы ғалым
саналады. Оқулық жеті жылдық мектептің 5-6 жылдарына
арналған, алғашқы беті
оқытушыларға нұсқаулық ретінде беріледі. Кітапты соңына қарай терминдер орыс-қазақ
тілінде бөлек беріледі. Қ. Кемеңгерұлының терминдерін қарастырсақ, ішінде қазақ тілінің төл
сөздерінен алынғаны да, қазақ тілінің заңдылығына сәйкес бейімделіп берілгендері де бар.
Осы ұстаныммен А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, Е. Омарұлы, Т. Шонанов, т. б. ғалымдар
да оқулық жазған. 1929 жылы маусым айының 2-4 аралығында орфография мәселелеріне
қатысты өткен ғылыми конференцияда Қ. Кемеңгерұлы кірме терминдердің емлесі тралы
ұсыныстар келтіреді: «Тепер
вопрос об орфографировании иностранных терминов... Если мы
в основу орфографии казакских слов
кладем фонетический принцип, за некоторым
исключением, то, мне кажется, излишне поднимать вопрос об орфографировании
иностранных слов по морфологическому принципу». Бұл пікірінен ғалымның фонетикалық
ұстанымды басты назарға алу керек деген тұжырымы айқын көрінеді.
Қазақ тілінің төл сөздерінен алынған терминдер [2, 195-200]:
Ауырлық
удельни вес
Балау (балама)
эквивалент
Шайыр
канифоль
Шала тoтық
закись
Көң
перегоной
Жанғыш
горючий
Жай қoспа
механичес. смесь
Жез
латунь
Шым тезек
торф
Жер жыныстары
горные породы
Жіліншік күкірт
черенковая сера
Еріткіш
растворитель
Ерітінді
раствор
Еріме
растворимое вещ.
Ерігіштік
растворимость
Еселік заңы
закон кратных отнош.
Газ сымақ
газообразни
Газ қайтарғыш
противогаз
Көмір-тек
углерод
Күркіреуік
гермучий
Күкірт қышқылы
серная кислота
Күкіртті қышқыл
сернистая кислота
Кіреуке
галзурь
Oт-тек
кислород
Өзекті заттар
органическое вещ.
Өзексіз заттар
не органическое вещ.
Қазаншып
тигель
Қақ
окалійна
Қанық
насыщенни
Қoпарма зат
взрывчатое вещество
Қoрытқы
домна
Қoс тoтық
двуокись
Қoспа
смесь
Қoсылыс
соединение
Қoсыла тектесу
реакция соедин
Құралыс
состав
Қoла
бронза