311
Бұл қара сөзді тіл оқытуда пайдаланған кезде оқушылар қосымша ақпараттарға ие болады.
Мысалы, жоғарыдағы тіркестердің өзгеше грамматикалық формасының (
тілеспейтұғыны-
ның, болатұғынының) түп-төркіні туралы, яғни –
тұғын жұрнағының қазіргі
-атын, -етін, -
йтын, -йтін жұрнақтарының бастапқы формасы екендігі де танымдық ақпарат ретінде сөз
болып өтеді. Сәйкесінше, сабақ барысында берілетін тапсырма -
тұғын жұрнағының орнына -
атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарын қойып шығуға арналады: Қазақтың бірінің біріне
қаскүнем болмағының, бірінің
тілеуін бірі тілеспейтінінің,
рас сөзі аз болатынының,
қызметке таласқыш болатынының, өздерінің
жалқау болатынының себебі не?
Мәтін бөлігінің екінші сөйлемі түгелдей жаман адамның сипаты қандай болады деген
сұраққа жауап беріп тұр. Бұл тілдік материалды сабақ барысында сын есім мен оның
жұрнақтарын өткен кезде қолдансақ, төмендегідей таксономия құруға болады:
Басы
Жалғасы
жалқау кісі
қорқақ;
қайратсыз
мақтаншақ
мақтаншақ
ақылсыз
надан
арсыз
сұрамсақ
өзі тойымсыз
өнерсіз
достығы жоқ
Жоғарыда сөз болған қара сөзді сабақта пайдалану кезінде «Жаман айтпай, жақсы жоқ»
деген халық даналығына сүйене отырып, Абай ескерткен жаман қасиеттерден аулақ болу
үшін, тіл үйренушілердің ойында қазіргі заман адамының жағымды бейнесін жасау
мотивациясы пайда болады.
Кәсіби қарым-қатынастар немесе мамандық және қызмет тақырыбының аясына
Абайдың
бірінші қара сөзінің мазмұнын ала отырып, білім алушыларға сұраулы сөйлемдердің қысқа
формасын (сұраулық шылаусыз қолданылатын түрін) игертуге болады:
« – Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз?
–
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ.
–
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар.
–
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ.
–
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек.
–
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын.
Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де
білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын?» [2, 5].
Берілген мәтін үзіндісімен таныса отырып, тіл үйренушілер ауыспалы осы/келер шақ,
модаль сөздер, күшейткіш шылаулар, тұйық етістік, интонацияға негізделген сұраулы
сөйлемдердің сынды тілдік құбылыстардың қолданысын үйренеді.
Бірінші қара сөз жедел өткен шақты үйрету үшін де таптырмас
тілдік материал болып
табылады. Мысалы: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіз
дік пе, жаман өткіз
дік пе, әйтеуір
бірталай өмірімізді өткіз
дік: алыс
тық, жұлыс
тық, айтыс
тық, тартыс
тық – әурешілікті көре-
көре кел
дік. Енді жер ортасы жасқа кел
дік: қажы
дық, жалық
тық; қылып жүрген ісіміздің
баянсызын,
байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін біл
дік. Ал, енді қалған өмірімізді
қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын».
Абайдың қара сөздері мәтіннің байласымы мен тұтасым категорияларын құрайтын тілдік
бірліктердің шебер байланысына толы. Мықты байласымға негізделген мәтінді оқыған тіл
үйренуші мәтін бойынша әр екі сөз сайын қайталанып келетін грамматикалық категорияны
оңай игеріп алады. Себебі, берілген мысалда, тіл үйренуші тек көпше формадағы жедел өткен
шақ жұрнағын ғана емес, сол жұрнақпен жұмсалып тұрған қаншама синонимдерді игереді.
312
Жоғарыда мысал ретінде берілген абзацтың өзінде біз «
айқас» мәнін білдіретін төрт синоним
сөзді («
алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық») және жедел өткен шақ формасында
тұрған 14 лексеманы кездестіреміз. Мұның барлығы тілді кешенді меңгеруге жағымды жағдай
туғызатыны сөзсіз.
Адам келбеті тақырыбына жиырма жетінші қара сөздің мына үзіндісін ала отырып,
тілімізде
жиі кездесетін хикмет сөзіне талдау жасауға болар еді: «Әуелі
көзді көрсін деп
беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік?
Ол көз өзі нәзіктігінен керегіне қарай ашып, жауып тұруы үшін
қабақ беріпті. Желден,
ұшқыннан қаға берсін болуы үшін
кірпік беріпті. Маңдай теріні көзден қағып тұруға керек
болғандығынан, басқа тағы керегі бар қылып
қас беріпті.
Құлақ болмаса, не қаңғыр, не дүңгір,
дауыс, жақсы үн, күй, ән – ешбірінен ләззаттанып хабар ала алмас едік.
Мұрын иіс білмесе,
дүниеде не тәтті, не қатты не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі біздің
пайдамыз емес пе?» [2, 49].
Кейде жаңа лексикалық бірліктерді меңгеру үшін тек жаттап қана қою жеткіліксіз болады.
Бұл тұрғыдан А1 және А2 дейінің тіл үйренушілері үшін лексеманы сипаттау әдісін қолданған
жөн. Сондықтан жоғарыда берілген мәтіннің мысалы адам келбетіне байланысты атауларды,
сын-сипаттарды түсіндірме сөздіктегідей тәсілмен сипаттауға үйретер еді.
Тіл үйрену процесі жалаң мәтінді оқумен шектелмейді. Мәтіндегі әрбір сөздің мәнін,
олардың грамматикалық формаларын оқушы игереді. Жаттығулар арқылы пысықтайды.
Сондай-ақ олардың мазмұны да әмбебаптығымен ерекшеленуі керек. Мысалы, Абайдың
екінші қара сөзі Елтаным тақырыбы бойынша материал ретінде қолданыла алады. Қазақ сөзді
оқи отырып, тіл үйренушілер қазақ, сарт, тәжік, ноғай, орыс ұлтына тән жалпылама және
айрықшалаушы белгілермен танысады, дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді және әлемдегі басқа
да ұлттармен салыстырады, пікірталас ұйымдастырады. Елтаным тақырыбын өткенде тілдік
материал ретінде
есімше мен оның анықтауыш қызметінде жұмсалуына назар аударуға
болады. Мысалы: «Енді қарап тұрсам, сарттың
екпеген егіні жоқ,
шығармаған жемісі жоқ,
саудагерінің
жүрмеген жері жоқ,
қылмаған шеберлігі жоқ» [2, 7].
Қазақ тілі сабақтарын жоспарлауда тақырыптық ұйымдастыру бірінші жүреді немесе тілдік
ұйымдастыру бірінші жүреді. Ал қайсысына таңдау беру оқытушының шеберлігіне байланыс-
ты болса керек. Егер сабақ жоспары бойынша шартты рай мен бұйрық райдың қолданысынан
тұратын әрі қарсылық мағынаны білдіретін «-айын/-ейін + десең» грамматикалық құрылымын
игерту үшін Абайдың жиырма екінші қара сөзін алуға болады. Себебі бұл қара сөздегі
қысқаша келген 9 абзацтың алтауы дәл осы грамматикалық құрылыммен басталады. Мысалы:
«
Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі
елде жоқ.
Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: