310
ше? Олар Абай мұрасын Абайдың тілінде оқи алуы үшін тіл мамандары не істей алады?
Осыған дейін Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу нысанына айналдырған ғалымдар
ақын шығармашылығының идеясын, мазмұнын танып, білуге күш салған болатын. Абай тілін
зерттеудің қазіргі заманғы талабы – оны қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда ұтымды пайда-
лану. Сондықтан ендігі кезекте жоғарыда айтылған Абай сөздерінің
шапағаты қазақ тілін,
қазақ мәдениеті мен ділін үйренгісі келетін тіл үйренушілерге де тиюі керек деп ойлаймыз.
Абайдың қара сөздерінің мазмұны былай тұрсын, жай ғана грамматикалық құрылымына көз
жіберсек, ұқсас, бір-біріне балама болып түсіп жататын тілдік категорияларға кезігеміз. Ал сөз
саптауында градация, литота сынды құбылтулардың рөлін атқарып тұрған сан алуан синоним
және антоним сөздер тізбегі мен тіркестері мәтінді оқушының көз алдына қанық түстермен
боялған сурет сияқты келтіре біледі десек артық айтқандық болмас.
Тілді оқытудың қатысымдық әдісі негізінде жасалған Типтік бағдарлама тіл үйренушілер
меңгеруі тиіс қатысым тақырыптарын А1, А2, В1, В2 және С1 деңгейлері үшін төмендегідей
анықтайды [1, 48]:
1. Адамның өзін өзі тануы және өзгелерге мінездеме беруі;
2. Отбасылық, ресми және қоғамдық қатынастар;
3. Мамандық және қызмет;
4. Жұмыс күні, бос уақыт, демалыс, қызығушылық;
5. Елтаным.
Аталған деңгейлерге ортақ
өмірбаян және әріптеске мінездеме тақырыбы адамның өзін
және өзге адамдарды қазақ тілді адамның тілдік бейнесі арқылы тануды қамтыса,
кәсіби
Достарыңызбен бөлісу: