Тымболова А.О. филология ғылымдарының докторы, профессор Джуманияз А.К. магистрант әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ДРАМАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Аңдатпа. Кез келген жанрдың өзіне тән ерекшеліктері, жанрлық табиғаты бар. Әдебиеттің өзге
жанрларына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық
туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. Драмалық шығармаларды оқытқанда
осы ерекшеліктер ескерілуі қажет. Мақалада драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән
заңдылықтары мен мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері ұсынылды. Драмалық шығармалардың көркемдік
ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары, драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшеліктерге назар
аударту сияқты мәселелер кеңінен қарастырылды. Мектеп жағдайында драмалық шығармаларды оқытудағы
әдістемелік тәжірибелер мен зерттеулер беріліп, драма әдебиеттің бір түрі ретінде қарастырылып, мектепте
оқытылуы үшін маңызды ерекшеліктері мен аспектілері тұжырымдалды.
Түйін сөздер: драма, методика, реплика, ремарка, театр, пьеса.
Аннотация. Любой жанр имеет свои особенности, жанровую природу. В отличие от других жанров
литературы, обучение драматическим произведениям имеет свою специфику. Эта особенность напрямую
связана с жанровой природой драматических произведений. Эти особенности необходимо учитывать при
обучении драматическим произведениям. В статье представлены закономерности и формы работы с текстом,
характерные для жанровых особенностей драматических произведений. Широко рассматривались такие
вопросы, как способы анализа художественных особенностей драматических произведений, драматический
образ, акцентирование внимания на особенностях, присущих его художественному завершению. Даны
методические опыты и исследования по обучению драматическим произведениям в условиях школы,
рассмотрена драма как вид литературы, сформулированы ее особенности и аспекты, важные для
преподавания в школе.