Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет212/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Ключевые слова: драма, методика, реплика, ремарка, театр, пьеса.
Драма (грекше drama – әрекет) – эпикалық және лирикалық бейнелеу тәсілдерін бірікті-
ретін әдебиет жанрының бір түрі. Драмалық шығарманың негізі – қақтығыс, оның мазмұны 
актерлердің ойыны арқылы ашылады. Драмалық шығармалардың сюжеті динамикалық болып 


324 
келеді, олар кейіпкерлердің сөзінен тұрады және көбінесе драмалық шығармалар диалогты, 
сирек жағдайда монологты, көпшілік сахналарда полилогты болып келеді.
Драмалық шығарманы талдау мәтінмен жұмыс істеу арқылы іске асады. Қашан да басты 
назар драманың тіліне аударылады. Тілдің колданылу – аясы, адамдардың сөйлесуі – диалог. 
Диалог тіл болмысы. Сондықтан оған үңілу шығарманың сырын ашады. Драма тілі 
кейіпкердің жай ғана сөйлеуі емес, автордың мақсатты түрде саралап салған сөздері болып 
есептеледі. Демек, драма тілі көркем тіл. Әлемге әйгілі драматургтер Шекспир, Молер тілін 
шынайытнымен, дәлдігімен, ойнақылығымен, уытты өткірлігі ерекшеленеді. Драмада адамдар 
тілі іс-әрекеттер арқылы бейнеленеді. Олардың бар болмысы, сөйлеуі, киімі, жүріс-тұрысы, 
кейпі, мінезі – көруші назарында болды.
Эпикалық лирикалық тектің жанрларында танылатын кейіпкерлердің болмысынан 
драмалы кейіпкер болмысы өзгеше. Себебі драмалық кейіпкер нақты іс-әрекетімен жанды 
қимылда көрінеді. Сахнадағы рөлді сомдаушы актердің бет бейнесінде, іс-әрекетінде, 
сөйлеуінде жанды кейіпте көрінеді, танылады. Драмалық шығарманы оқып қабылдау мен оны 
нақты сахналық қойылымда көріп қабылдаудың айырмашылығы болады. Оқушы үшін 
тиімдісі сахналық қойылымды көріп тамашалау. Себебі мектепте оқылатын драма алық 
шығармалардың барлығы дерлік сахналанған. Дегенмен ахналық қойылымды көрсету 
мүмкіндіктері үнемі бола бермейді. Сондықтан драмалық шығарманы оқытқанда рөлге бөлiп 
оқыту мүіндігінше, оқушылардың шама-шарқынша сахналату, рөлмен оқыту аса маңызды. 
Бұл дайындық төменгі сыныптарда қалыптастырылуы керек.
Драмалық шығармаларды оқытқанда, оның өзіне тән ерекшелігі ескеріледі. Мұнда 
автордың баяндауы, суреттеулер, кейіпкерлер мінезі мен портреті берілмейді. Драмалық 
туындыда кейіпкер-қатысушылар өздері сөйлейді. Пьеса оқиғасы басталмас бұрын, оған 
қатысушылар, олардың кім екендігі беріледі. Әрі қарай кейіпкерлер сөйлеу, өз ойларын айту, 
оқиғаға қатысу арқылы беріледі. Пьесадағы кейіпкерлердің көңіл-күйі, қимыл-қозғалысы 
автордың түсініктемесі (ремарка) арқылы беріледі. Драмалық шығармаларды оқытуда оның 
өзіне тән 7 ерекшелігі барын ескеру қажет.
1) Драмалық шығарманың көлеміне шек қойылады. Драматург шындық пен образды 
шағын көлемге сыйдыруы керек.
2) Драмалық шығарма оқиғалар мен тартыстың даму қарқынына, ауқымына 
қарай актілерге, көріністерге, бөлімдерге бөлінеді.
3) Драмалық шығармадағы шешуші нәрсе – кейіпкерлер сөзі (реплика). Оқиғаның негізгі 
даму арнасы диалог пен монологқа негізделеді. Демек, тартыс желісі кейіпкер сөзі арқылы 
дамиды.
4) Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Автор режиссер үшін кейіпкердің қимыл-
қозғалысын сипаттап, қай сөзді қалай айту керектігін жақша ішінде (ремарка) көрсеткені 
болмаса, басқа уақытта сахна сыртында қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет