149
бірі болуы мүмкін) абысын атауымен жұптасып, үй ішіндегі барша әйел қауымын білдіретін
жалпылама мағынаға ие болған қос сөздің сыңарына айналған.
Ал, енді Б. Сағындықұлының абысын-ажын қос сөзіндегі ажын сөзіне қатысты
этимологиялық зерттеу жұмысына тоқталып өтейін.
Ажын сөзін тіліміздегі құн+ажын сөзімен салыстырып, оның соңғы атаудағы «ажын»
тұлғасымен толық сәйкесетіндігін байқайды. Алайда семантикасында да айырмашылық бар
екенін айтады. Абысын-ажын адамдарға қарата айтылса, құнажын малға қарата айтылған деп
көрсетеді. Екеуіне де ортақ сема ұрғашы екенін көрсетеді. Адамдарға қарата айтылған
форманы «әйел» сөзімен ауыстырып, мағынасына ешқандай да нұқсан келтірмейтіндігін
айтады. Абысын сөзін апалы-сіңлілі сөздерінің фонетикалық өзгеріске ұшыраған түрі деп
зерттеушілердің пікіріне сүйенеді. Ә. Қайдардың да зерттеу жұмысында абысын сөзін дәл
осылай көрсеткен болатын. Б. Сағындықұлы сонда қос сөздің ежелгі лексикалық мәнін апалы-
сіңлілі әйелдер деп түсінуге болатындығын айтады. Мұндай тіркес тілімізде неліктен
қолданыс тапқан деген сұраққа ғалым төмендегідей жауап береді: бұның түп төркінін ашуға
«Ер Төстік» ертегісі көмектесетіндігін айтып өтеді.
Ертегіде аса ежелгі замандарда бір отбасында қанша ер бала болса, екінші бір отбасында
сонша қыз бала табылғанда ғана құдалық жасайтын дәстүр болғанға ұқсайды. Еске түсірелік.
Ерназар балаларына қалыңдық іздеп жүргенде бір үйде ілулі тұрған сегіз сырғаны көріп,
жылай бастады. Бәйбіше: "Не болды?" деп сұрағанда: «Тоғыз ұлым бар еді, бір сырға жетпей
тұр» деп жауап береді. Сонда бәйбіше: «Сегіз қызым бір төбе, Кенжекейім бір төбе» деп басқа
бір жерден тоғызыншы сырғаны алып көрсетеді. Содан кейін құдаласады. Бір отбасына келін
болып түскен апалы-сіңлілі қыздар «абысын-ажын» болмағанда кім болады? Кейін келе-келе
бір аталықтан, тіпті бір рудан апалы-сіңлілі қыздарды алғанда да, бұл қос сөз өз мәнін
жоймағанға ұқсайды. Сонымен біздің заманымыздағы «апалы-сіңлілі әйелдер» ұғымы көне
тілде «абысын-ажын» тұлғасында айтылып, қазірге дейін жетіп отыр. Орыс тіліндегі жена
(әйел) сөзінің көне түркілік ажын сөзімен дауыссыз дыбыстары бірдейлілігінде бір сыр бар
емес пе?! – деп түсіндіреді.
«Ажын» лексемасының құрамындағы ж ұяңы ч>дж>ж формуласы, ы қысаңы у>ұ>ы
формуласы негізінде өзгеріске ұшырап барып пайда болған. «Ажынды» бұрынғы қалпына
келтірсек: ачун. Түркі тілдеріндегі ачы/ әчі/ечі варианттары н сонорының түсіріліп айтылуы
салдарынан және жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға айналуы барысында туындаған
формалар. Көптеген сөздердің соңында н-нің түсуі ұдайы болып тұратын құбылыс. Мысалға,
қазіргі орта атауының көне ортан атауынан пайда болғандығын «ортан жілік», «ортан қол»
тіркестерімен салыстырғанда оп-оңай зерделеуге болады. [2;4].
Жоғарыда келтірілген Ә. Қайдар мен Б. Сағындықұлының ғылыми зерттеу жұмыстарынан
мынадай қорытындыға келдім. Ә. Қайдар «ажын» сөзін түркі, моңғол тілдерімен фонетикалық
өзгерістерін салыстырып, сол тілдердегі мағыналарын анықтай келе, «ажын» сөзі әйел
атауына қатысты атаулардың ішіндегі біреуі болуы мүмкін деген болжам айтады.
Ал Б. Сағындықұлы «ажын» сөзін математика-логикалық әдіс арқылы, математика
ғылымындағы жалпы «белгіліні пайдалана отырып, белгісізді табу» тұжырымын қолдана
отырып, тіліміздегі «құнажын» сөзі арқылы әйел ұғымын беретіндігін, бірден дөп басып
табады.
Достарыңызбен бөлісу: