Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Кәрібозұлы Б. Ырыс. –Астана: Фолиант, 2010. –384б.
2. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. –Алматы: Мектеп, 1973. –212 б.
3. Ломидзе Г. Интернационализм советской национальной литературы. М.: Знание, 2009.
4. Оскоцкий В. Д. Интернационализм и национальные традиции в литературе. –М., 2003.
5. Бурсов Б. Национальные своеобразие русской литературы. –М. Л.: Сов. пис., 2004
Иманалиева Ғ.К. ф.ғ.к., доцент Кесикбаева А.Б.
магистрант әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті МӘТІН ТАЛДАУ Аңдатпа. Мақалада, мәтін туралы әртүрлі ғалымдардың анықтамалары беріліп кетеді. Мәтінді
лингвистикалық талдауда қандай ғалымдар еңбек еткені жайлы айтылады. Сонымен қатар, негізгі мәселелері,
әдістері мен амалдары, аспектілері, негізгі деңгейлері және талдау түрлері қарастарылды. Қазақ тілін
оқытудың ең негізгі мақсаты – тілді үйрету, яғни оқушы белгілі дәрежеде қазақ тілінде сөйлеу керек, басқаны
түсіну керек, оқыған шығарманың мазмұнын түсіну керек, өз ойын басқа адамға жеткізе білу керек. Бұл үшін
сабақ барысында мәтіндер қолданылады. Мәтіндерді қолдану мақсаты – балалардың сөздік қорын дамыту,
мәтінді талдай білу, сонымен бірге ауыз және жазба тілінің дағдыларын қалыптастыру. Баланың тілін
дамытуда мәтін талдау үлкен орын алады, мәтінді талдау балаға білім береді, тілі мен ой-өрісін дамытады
және тәрбиелейді. Қазіргі заман талабы: әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймайды, соны
өзі игеріп, талдап, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болуын қалайды. Мәтінді талдау
оқушылардың шығармашылық (креативті) ойлау қабілеттерін арттыруға, тілін байытуға, өз ойын қазақ
тілінде еркін жеткізу, сауатты жазу үшін елеулі нәтиже береді деп ойлаймыз.
Түйін сөздер: мәтін, мәтін талдау, лингвистикалық талдау, әдістері, аспектілері, талдау түрлері.