Республикалық ғылыми конференциялардың, сим по зиумдардың, конгрестердің жұмыс тарына қатыса алады



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі7,72 Mb.
#6035
1   2   3   4   5   6

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ, «Еура­

зия­ақпарат» орталығының 

директоры: «Абайды» бұрын 

да көргенмін, бірақ дәл бүгінгідей 

әсер етпеген еді. Әртістердің өнері, 

театрдың декорациясы, техникалық 

жабдығы адамның көз жауын алады. 

Әсіресе, Абай мен Айдар, Ажардың 

рөлін сомдаған әртістер нағыз 

дарын иесі. Бұл басқалары дарынсыз 

деген сөз емес, бұл театр әлі талай 

дарындарды әкелетініне  сенім белгісі.



Базарбек ТҮКІБАЙ, журна­

лист:   Бүгін ерекше күн болды. 

Көңіл-күй көтеріңкі. Ұжымды театрға 

шақыру өте дұрыс деп ойлаймын. 

«Астана Опера» театрының қай 

қойылымын алмаңыз, көрермен 

талғамайды: орысша, ағылшынша 

субтитрда «сайрап» тұр. Барлық 

аудиторияға арналған, көрермендер 

сүйсініп көретін қойылымдары 

көп  болғандықтан да шығар, елдің 

ықыласы әр кез ерекше. Көрермен 

мәдениетінің артқаны соншалық 

залдан артық дыбыс естілмеді, 

соңындағы  ұзақ қол шапалақтау, 

Еуразия ұлттық университетінің 

ықылас гүлі өнер иелеріне үлкен 

құрметтің үлгісі болды. 

Шынында да Тәуелсіздіктің 25 

жылдығына театрға шақыру жақсы 

бастама. Ең бастысы, «Абай» 

қойылымынан өздеріне рухани азық 

алған көрерменнің қуанышында 

шек жоқ. Сыйластық қимастыққа 

жалғасып, барынша байып қайтты. 

Жалғасын тапсын деп тілейік. 

  

Баспасөз  қызметі



10

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 1-2 (206-207), 

қаңтар, 2016 жыл



Әдемі  әнші                                                                          

Айбек – әлем чемпионы

ТЕКТІ СӨЗДІҢ  ТӨРЕСІ – ТЕРМЕ



Бізде қонақта

Бәрекелді!

Асыл мұра

Көршілес Ресейдің Мәскеу облысына қарасты Калуга 

қаласында роллерлік полиатлоннан әлем біріншілігі  өтті. 

Бұл байқауда Латвия, Ресей, Финляндия, Эстония, Украина 

мен Белоруссия елдерінің спортшылары өзара бақ сынасты. 

Ылғи мықтылар бәсекеге түскен спорттық додада Қазақстан 

Республикасының намысын қостанайлық спортшы Айбек 

Байділдинов қорғап, елге жеңіспен оралды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте Айбек 

көш бастап, алтын медальға қол жеткізді. Осынау ерекше 

спорт түрінен "Халықаралық деңгейдегі спорт шебері" 

атағын иеленді.   Айбектің спорттық қабілеті мен шеберлігі 

ресейлік көрермендерді, әлемдік деңгейдегі төрешілерді 

тамсандырған. Елге абыроймен оралған жерлесіміз арқаны 

кеңге салмай, спорттық бабын сақтап қалу үшін дайындығын 

тоқтатпайтынын айтты. Ол алдағы уақытта да ел байрағын 

әлем алдында төбеге көтергісі келеді.

Айбек   Байділдинов  А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-

дың студенті. Оқу ордасының мақтанышына айналған 

студент бүгінде еліміздің атын әлемге танытып жүр. 

Жеңімпаз жігітке «жарайсың!» дейміз.

Кенже ҚОНЫСБАЙ,

ГӘФ журналистика мамандығының 

3-курс  студенті

Әсем әндерімен әрбір мерекелік кештер 

мен концерттердің сәнін келтіріп жүрген 

Әйгерім  Бейсекованың бенефис концерті 

өтті. Алғашқы бенефисінде Әйгерімге қолдау 

көрсету үшін ата-анасы, жақын туыстары, Әсия 

Беркенова бастаған «Өнер» студиясының 

Алматы облысы, Жамбыл ауданында  «Текті 

сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-

термешілердің байқауы өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және 

спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық- 

саяси жұмыс комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ, Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі мен 

айтыс өнерінің алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының 200 

жылдық мерейтойына арналды. 

Қазылар алқасына  Қазақ ұлттық өнер университетінің 

профессоры Алмас Алматов төрағалық етсе, құамында 

Мәжіліс депутаты Оразгүл Асанқызы, Абай атындағы 

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 

профессоры Темірхан Тебегенов, Мәдениет қайраткері 

Ыбырай Балтабайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері Ақан Әбдуәлі болды. Сайысқа еліміздің 14 

облысынан  және  Астана,  Алматы қалаларынан облыстық, 

қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары 

қатысты. Сонымен қатар, танымал жыршы-термешілер 

де өнер көрсетті. Сол байқауға университетіміздің 

мақтанышы, филология мамандығының 2 курс студенті 

Нұрсұлтан Қасым қатысып,  арнайы жүлде, 50000 теңге 

сыйақымен марапатталды. Нұрсұлтан Қасым байқаудан 

алған әсерімен бөліскен болатын. 



– Нұрсұлтан,  жүлдеңіз құтты болсын! Байқау 

қалай өтті? 

– Рахмет. Республикалық дәрежеде болғандықтан 

өте жоғарғы деңгейде өтті. Бұл байқау жыл сайын 

дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Ұлттық өнерді 

насихаттап жүрген танымал тұлғалардан, ғалымдардан 

құралған қазылар алқасы үміткерлердің орындаушылық 

шеберлігін бағалап, жеңіпаздарды анықтады. Байқау 

жеңіпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және 

қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

– Байқауға кімдер қатысты?

– Жаңадан танылып келе жатқан жастар, дарынды  

термеші-жыршы, жыраулар қатысты. Жас аралығы 18-

50-ді қамтыды. Сонымен қатар, халыққа белгілі жыршы-

жыраулар, мәдениет және спорт министрлігінің жауапты 

қызметкерлері, өнертанушылар, зиялы қауым өкілдері, 

бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

– Бұл байқаудың мақсаты қандай?

– Республикалық деңгейдегі  үлкен іс-шаралар кезінде 

түрлі концерттер, айтыс-фестивальдар ұйымдастырылып 

жатады. Бірақ көп жағдайда жыр-термелерге 

 

көңіл бөліне бермейді. Жыр-терме неғұрлым көп 



насихатталатын болса, ұтарымыз мол. Себебі, жыраулық 

өнер халқымыздың бойында бар қасиет. Ұлттық тәрбие 

мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл 

байқаудың мақсаты жыршылық-термешілік өнерге 

жаңаша серпін беру арқылы әдеби тілді дамытуға үлес 

қосу болып табылады.



– Өзге облыс жастарының шығармашылық 

деңгейі қандай және олардың бізден нендей 

артықшылықтары бар деп есептейсіз?

– Өзге облыс жастарының шығармашылық деңгейі 

бізге қарағанда айтарлықтай жоғары деңгейде. Себебі, 

ол жақта жыршылық-термешілік мектептер қалыптасқан.  

Сондықтан сайысқа оңтүстік өңірінің тумалары көптеп 

қатысты. Ал Қостанай өңірінде бұл өнерді дамытатын 

арнайы мектептер, өкінішке қарай, жоқ болып тұр. 

Алдағы уақытта осындай ұлтық өнерді дамытатын 

мектептер ашылып жатса қуанар едік.

– Қарсыластарыңызды өзіңізден  мықтырақ  деп 

есептейсіз бе?

– Қарсыластарымның бәрі де осал емес. «Анау 

мықты» немесе «мынау нашар» деп айта алмаймын. 

Әр облыстан бір-бір термеші, 14 үміткер қатысты. 

Оның ішінде барлығы да қалаларда, аудандарда 

Білім 


жарысы

ұстаздары, сонымен қатар курстас 

достары да қуана келді.  

Әйгерім үш жасынан бастап ән 

салып, би билеп талантын шыңдады. 

Бала арманы ұшқыр емес пе? Осыдан 

жеті жыл бұрын дәл сол сахна төрінде 

Әйгерімнің ағасы Нұртас Бейсековтың 

бенефисі өткен.  Ағасының бенефисін 

көрген Әйгерім де сол сахнада ән 

шырқауды армандаған екен. Ал енді, 

міне сол кездегі 8  сынып оқушысы, 

қазіргі кезде Ахаң атындағы Қостанай 

мемлекеттік университетінде 

психология мамандығының 4 курс 

студенті, «Өнер» студиясының 

талантты әрі өнерлі әншісіне айналып 

отыр. Оқып жүрген мамандығына 

мүлдем қатысы болмаса да, өнерді 

жанына серік еткен Әйгерім: «Осы 

жеткен жетістіктеріме бірден-бір 

себепші ата-анам мен ұстаздарым! 

Ол кісілерге шексіз алғысымды 

білдіремін!»,-дейді. Тек қана өнермен 

шектеліп қалмай, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен 

де шұғылданады. Сегіз қырлы, бір сырлы 



Әйгерімнің болашағынан зор үміт күтеміз.  

Жамал  ШАУКЕН,

ГӘФ журналистика мамандығының 

1-курс студенті

жүлделі орын алып жүрген, ел алдына шығып 

жүрген термешілер. Сондықтан, бәрінің 

 

дайындықтары мықты.



– Байқаудан алған әсеріңізбен 

бөліссеңіз?

– Байқаудан алған әсерім былтырғыға 

қарағанда  ерекше, өзіме ұнады. Себебі, өткен 

жылға қарағанда жас термешілер көп болды. 

Сонымен қатар, деңгейлерінің біршама 

артуы. Өзге өңірдің термешілерімен танысып, 

көптеген жаңа достар таптым.

– Осыған дейін термешілер байқауына 

қатыстыңыз ба?  

– Өткен жылы  Жітіқара қаласында 

өткен аймақтық термешілер жарысында 1 

орын, биылғы 22 сәуірде облыстық жыршы-

термешілер бауқауында 1 орынды иелендім.

– Сұхбатыңызға көп рахмет! Осындай 

жеңістеріңіз көбейе берсін. 

Перизат ОҢАЙБЕК,

ГӘФ журналистика мамандығының 

1 курс студенті

Әйгерім

«Еуразия университеті» газеті алдағы уақытта еліміздің жоғары оқу орындарының өмірімен танысу үшін оларда жарық көретін басылымдармен бет алмасуды 

жоспарлап отыр. Осы мақсатта бүгін Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  «Білім жарысы» газеті бізде қонақта.


11

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 1-2 (206-207), 

қаңтар, 2016 жыл



«Әскери БАҚ: ынтымақтастық арқауы»

Меморандум

Жуырда Қазақстан Республикасының 

Қорғаныс министрлігі Л.Н. Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университетімен 

ынтымақтастық туралы меморандумға 

қол қойды. Осы меморандум  аясында 

ҚР Қорғаныс министрлігі БАҚ-пен 

жұмыс жөніндегі департаментінің 

ұйымдастыруымен Журналистика және 

саясаттану факультетінің білім алушылары 

үшін қаңтар айының 29-31 күндері 

аралығында экстремалды журналистика 

бойынша "Әскери дискурс" семинары 

болып өтті.

Семинардың мақсаты – бұқаралық 

ақпарат құралдарында әскери  іс-

қимылдар мен  іс-шараларды кәсіби 

 

тұрғыдан жариялау әдіс-тәсілдеріне 



машықтандыру. «Әскери  дискурс» 

барысында студенттерге журналисті әскери 

қақтығыс алаңына шығуға дайындау, жеке 

бастың ақпаратын сақтау, журналистің 

экстремалды аймақта жұмыс істеуі, әскери 

қақтығыс алаңында жұмыс  істеудің 

ерекшелігі жайында кеңінен түсінік беріліп, 

практика жүзінде іске асырылды. 

Білікті журналистер Мәдина 

Махамбетқызы, Айнұр Қоскина, Тимур 

Викторович, Евгений Рура экстремал 

журналистің қоғамдағы рөлі жайында 

жан-жақты баяндады. Сонымен қатар 

жиын кезінде болашақ журналистер мен 

саясаттанушылар бронежилет киіп, нағыз 

сарбаздай мәре жолында жарыса жүгіріп, 

қолдарына қару алып, күннің суығына 

қарамастан шаңғы теуіп, әр күн сайын тың 

ақпараттар мен қызықты жайттарға куә 

болды. 


Оқу-жаттығу кезінде түрлі жарыстар 

ұйымдастырылып, жеңімпаздар мақтау 

қағазымен марапатталды. Әскери 

«Әскери дискурс» 

Ептілік пен ерлік 



болашақ журналистердің бойынан табылуы тиіс 

Еуразия ұлттық университеті мен ҚР 

Қорғаныс министрлігі арасында «Әскери БАҚ: 

ынтымақтастық арқауы» атты біріккен шара 

болып өтті. 

Шараны Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі 

проректор Дихан Қамзабекұлы жүргізіп отырды. 

Алғашқы сөз кезегін алған ЕҰУ ректоры Ерлан 

Сыдықов қазір қазақстандық БАҚ өкілдері мен 

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің 

өзара әрекет етуі күннен-күнге дами түсіп, олардың 

бірлесіп атқарған қызметінің нәтижесі армияның 

оң беделін қалыптастырып, ұлтжандылық пен 

отансүйгіштікке тәрбиелейтінін жеткізе келіп, 

соңғы жылдары Қорғаныс министрлігінің 

мұрындық болуымен экстремалды журналистика 

бойынша семинарлар өткізіліп келе жатқанын тілге 

тиек етті. 

«Қазір дүние дүрбелеңге толы. Осындай уақытта 

әскери журналистер не жазу керектігін білуі қажет. 

Алдағы өтетін үшкүндік семинарда әскери және 

экстремалды журналистика бойынша жан-жақты 

сөз болады деп ойлаймын. Сондықтан семинар 

жұмысына табыс тілеймін», – деді ректор. 

Өз кезегінде сөз алған ҚР Қорғаныс министрінің 

орынбасары Талғат Сәбитұлы Мұхтаров әскери 

журналистиканың ерекшелігіне тоқтала келіп, 

 

ЕҰУ журналистерін таулы жағдайларда жұмыс 



жасауға, альпинизм және экстремалды жағдайларда 

аман қалу негіздерін оқып-үйретуге, болашақ 

әскери журналистердің шиеленіс аймағында 

жұмыс теориясы мен практикасын, жауынгерлік 

іс-қимылдарды жарыққа шығару ерекшеліктерін, 

моральдық және психологиялық дайындықтарын 

шыңдай түсетіндіктеріне тоқталды. 

Уақыт талабынан туындаған мәселеге орай 

журналистік мәселелерді зерттеу институтының 

директоры, филология ғылымдарының докторы, 

профессор Намазалы Омашев  өз ой-пікірін 

білдірді. Сондай-ақ, экстремалды журналистика 

бойынша «Әскери дискурс» семинарына арналған 

бейнеролик көрсетіліп, естелікке сый-кітап 

тапсырылды.

Шара соңында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің  ректоры, ҚР ҰҒА академигі 

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов және ҚР Қорғаныс 

министрінің орынбасары Талғат Сәбитұлы 

Мұхтаров әскери журналистерді дайындау 

шеңберінде өзара ынтымақтастық жөніндегі 

меморандумға қол қойды.

оқу-жаттығудан кейін психологтар 

қатысушылардан алған әсерлерін сұрап, 

түрлі тренинг өткізді.  Жиынның соңғы 

күні «ҚР қарулы күштерінің әскери 

-тарихи» музейі қатысушыларды құшақ 

жая қарсы алды. Біраз студенттердің 

ойындағысын дөп басып, музейге алып 

барғандығы бәрімізді қуантты. Өйткені 

біраз студенттер жақында ғана ашылған 

дәл осы әскери тарихи музейге арнайы бару 

ойларында жүргендігін ашық айтып жатты. 

Бұдан соң қатысушылар топ-топқа 

бөлініп 3 күн бойына студенттермен жұмыс 

істеген тәжірибелі журналист жетекшісімен 

бірге үй тапсырмасын орындап, "Әскери 

дискурс – әскери журналистиканың 

әліппесі" тақырыбында эссе жазды және 

өтілген семинар бойынша өз ойларымен 

бөлісіп, ұйымдастырушыларға әскери 

сала бойынша журналистік шеберліктері 

мен машықтарын шыңдауға мүмкіндік 

туғызғаны үшін шексіз алғысын жеткізді. 

Семинарға қатысқан әрбір студент арнайы 

сертификатқа ие болды. 

«Әскери дискурс» семинарына 

қатысқан студенттер ептілік пен 

ерлікке үйреніп қана қоймай, 

рухани да байығандарына Қазақстан 

Республикасының Қорғаныс министрлігі 

 

мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 



университеті және факультет басшылығына 

дән риза екендіктерін білдіре отырып, 

алдағы уақытта да осындай семинарлар 

ұйымдастырылып тұрса, нұр үстіне нұр 

болар еді деген сенімде. 

Әйгерім БЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Журналистика және саясаттану

факультетінің 2-курс студенті


12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 1-2 (206-207), 

қаңтар, 2016 жыл

Содан бері де ширек ғасырға жуық уақыт 

өткен екен.  Енді міне, тарихтан тәбәрік болып 

жеткен осы еңбек тағы да оқырманымен 

қауышты. Бұл жолы Астана қаласындағы 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының 

Баспа-редакция орталығы шығарды. 

Тарихымызды түгендеуге арналған биылғы 

жылдың қарашасында   Ұлттық  кітапханада 

«Оқырмандар конгресі» өткізіліп, бұл үлкен 

шараның бірінде осы кітаптың  тұсаукесері 

болды. 

Бұрын жарық көрген шығарманы қайта 



шығарудың қажеттілігі жайлы кітапта мынадай 

түсініктеме беріледі: «Қазақ тарихына қатысты  

аса құнды жәдігерлердің бірі – Құрбанғали 

Халидидің    «Тауарих – и хамса-и шарқи» – 

«Шығыстың бес тарихы»исі түрік қауымының 

зиялылары мен оқымыстылары орнықтыруға 

ұмтылған шағатай жазба мұраларының 

негізіндегі «ортақ тілде» жазылған және араб 

пен парсының ғылыми терминдері барынша 

еркін қолданылғандықтан да, бұрынғы 

басылымдары қысқартылып не баяндалып 

берілген. Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің  жанындағы «Отырар 

кітапханасы» ғылыми орталығы мен Ұлттық 

академиялық кітапхананың сирек қоры бөлімі 

бірлесе отырып жүзеге асырған бұл Жоба – 

тарихшының қолжазба мәтінінің барынша 

дұрыс оқылуын қамтамасыз ету мақсатында 

қолға алынды.

–  Қолжаба мәтіні – Қазан, Алматы 

басылымдарының мәтіндерімен салыстырылды. 

Айырмашылықтар мен түзетулер, автордың 

өзі, не аудармашылар тарапынан жасалған 

қысқартулар ажыратылды. Қолжазба мен 

Қазан басылымының көшірмесі, қолжазбаның  

транскрипциясы мен қазақша аудармасы 

қатарластырыла ұсынылды. Бұл: осы еңбекке 

назар аударған мамандар мен ғалымдардың –

мәтіні және грамматикалық құрылымы аса күр-

делі еңбектің төрт нұсқасын салыстыра қарас-

тырып, ғылыми пікір топшылауларына дәйек 

іздеуге септігі тисін деген ізгі тілектен туды».

Шығыстың әдебімен өрнектелген бұл 

кітаптың тұсаукесері өте әсерлі өтті. Жиынды 

жоба жетекшісі – филология ғылымдарының 

докторы, профессор Тұрсын Жұртбай 

ашып, өз сөзінде біраз мағлұматтар беріп 

кетті. Кітап авторы Аягөзде өмірге келіп, 

осындағы қызылжарлық көпес Мұртаза 

Мақсұтов салдырған медреседе, кейін Семей 

медреселерінің бірінде оқиды.Қазақ ауылдарын 

аралап, шежіре жинайды. Шығармаларын 

заманына сай «ортақ тілде» жазады. 

Түрік, татар, өзбек, ұйғыр, қазақ, қырғыз, 

қырымшақ тілдерінің кітаби үлгісін араластыра 

пайдаланып, араб, парсы терминдерін еркін 

қолданады. Бірақ, тарихшының заманы тұсында 

мұндай аралас тілде жазылған жәдігерлер 

санаулы болды және ол мәнерді ұстанушылар да 

азшылық еді. ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен 

ХХ ғасырдың басында Ш.Маржани, К.Насыри, 

И.Гаспаралы, Заки Уалиди Тоған, М.Шоқай 

сияқты ғұламалар ұстанған бұл үлгіні игеру оңай 

болмады. Ол үшін тілдік орта, ғылыми мектеп,  

ілім сабақтастығы қажет еді.  Сондықтан 

«Шығыстың бес тарихы» көпшілікке танымал 

бола алмады, оны тек арнайы дайындығы 

бар оқығандар ғана түсіне алды. Оның үстіне 

кітапта жадидтік-ислами терминдер басым 

Ғалымдар, жазушылыр, оқулық ав-

торлары, студенттер мен магистрант-

тар, докторанттар қатысқан ғылы-

ми семинар жұмысы ұлт тарихының 

тамыр шысы, белгілі тарихшы ғалым 

Жамбыл Омарұлы Артықбаевқа ар-

налған болатын. Ғылыми семинар 

ғалымның «Отырар кітапханасы» 

ғылыми орталығында жеке қорын 

ашудан басталып, "шүлен тарату" 

рәсіміне жалғасты. Тарих ғылымда-

рының докторы, профессор Жамбыл 

Омарұлы Артықбаев өзінің 523 дана 

кітап, 146 дана журнал, 184 дана авто-

реферат және 24 сирек кітап пен қол-

жазбаларын ғылыми орталықтың си-

рек кітаптар мен қолжазбалар қорына 

сый ретінде тапсырды. Сонымен қа-

тар қазақ руханиятында өзіндік орны 

бар белгілі тұлғаларға, әріптестеріне, 

шәкірттеріне өзінің жеке сый-сия-

патын жасап, залда отыр ған тыңдар-

мандарға кітаптарын тегін таратты. 

Ғылыми семинарға қатысқан зиялы 

қауым өкілдері профессор Жамбыл 

Омарұлының еңбектеріне және ұлт та-

рихының өзекті мәселелеріне кеңінен 

тоқталып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. 

«Еуразия-ақпарат»

Кітап тағдыры – 

қоғам тағдыры

Дәстүрлі қазақ қоғамында қазақ байлары та-

рапынан жасалатын жомарттық пен мырзалық, 

жәрдем мен қамқорлық түрі – «шүлен тарату» 

деп аталады. «Отырар кітапханасы» Ғылы-

ми орталығы «Тәуелсіздік күні» мен Жаңа жыл 

қарсаңында ұйымдастырған «Кітап тағдыры 

– қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қол-

жазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» 

тақырыбындағы ғылыми семинарда «шүлен та-

рату» қайта  жаңғырды. 

«Отырар кітапханасы» Ғылыми 

орталығының директоры профес-

сор Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай 

ғалымға Ғылыми орталық атынан 

«Алғыс хат» тапсырып, әлеуметтік 

институттың маңызды тетіктерінің 

бірі – «Шүлен тарату» салты алдағы 

уақыттарда жалғасын табатын ізгі 

шара екеніне тоқталды. «Бұл діни па-

рыз да, уәжіп та, садақа да, құдайы не-

месе зекет те емес, ол қазақ байлары 

тарапынан қарапайым халыққа көр-

сетілетін жомарттық пен мырзалық 

деуге болады. Біздің қазақтың ғалым 

Жамбыл Омариі осындай азамат» – 

деп түйіндеді өз сөзін.

Ғылыми семинарға жиналған қа-

уым да ғалымға денсаулық, шығар-

машылық табыс, ізгі істерінің жалғас-

ты және жұғысты болуын тілеп, риза-

шылық білдіріп тарасты. 



Ғылыми семинар

Оқырмандар конгресі 

«Шығыстың бес тарихы»

Этнограф, шежіреші, түркі жұртының ғұламасы Құрбанғали Халидидің 

«Шығыстың бес тарихы» («Тауарих –и хамса-и шарқи») деп аталатын 

еңбегінің бірінші кітабы жарық көрді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт  бұрын 

(1910) Қазандағы «Өрнек» баспасынан шыққан бұл тамаша туындыны 

ең алғаш рет 1992 жылы А.Төтенаев пен А.Жолдасов қазақшаға аударып, 

оқырманға ұсынған болатын.

болды. Бұл кітаптың құндылығымен қатар тілінің 

күрделілігі, ескірген ұғымдар мен терминдердің 

жиілігі, тыныс белгілерінің  қойылмауы және 

қолжазбадағы кездесетін басқа да қиындықтарға 

байланысты бұрынғы аудармалардың ғылыми 

сауатты аударылғанына қарамастан жаңсақ кеткен 

тұстардың, не қалып кеткен жерлері болғандығын, 

сол замандағы идеологиялық саясатқа байланысты 

діни пайымдаулардың алынып тасталуы  қолжазба 

мен Қазан   басылымдарын салыстыру арқылы 

анықталды. Жоба жетекшісі ретінде осылайша 

егжей-тегжейлі баяндаған Т.Жұртбай: «бұл 

кітаптың ерекшелігі – түркі халықтарының тарихын 

тұтас қарастырып, бөле-жармауында» деп қорытты.

Сонымен қатар, осындай аса тауқыметті жұмысты-

аударманы жүзеге асырған мамандар: гуманитарлық 

ғылымдар магистрі, шығыстанушы  Бауыржан 

 

Мұстафаев пен түркітану магистрі, шығыстанушы 



Шыңғыс Бегімтаевтың еңбектеріне ризашылығын 

білдірді.

Осы жиынға қатысқан ғалымдардың пікірлері 

өте өзекті де тағылымды болды. Тарих ғылымының 

докторы, ұйғыр, қытай тілінің маманы Тұрсынхан 

Зәкенұлы бұл кітаптың қолжазба тұстарына назар 

аударды. Сондай-ақ осындай еңбектерді жинақтап, 

кітапханадан «қолжазба бөлімі» ашылса деген 

пікір білдірді. Ал филология ғылымының докторы, 

түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожа «шағатай 

тілі» дегенге сақ болуды ескертті. Кеңес заманынан 

қалыптасқан бұл терминнің астарында саясат болуы 

мүмкін. Шыңғысханның ұлы Шағатайдың аты 

берілген бұл тілді-«кітаби немесе әдеби тіл» деу 

ләзім. 

Осы кітапты аудару барысындағы қиындықтар 



мен ізденістерге тоқталған  Б.Мұстафаев пен 

Ш.Бегімтаев оны аудару барысында бірлесе 

еңбектеніп, біраз тәжірибе жинақтағандарын, 

«ортақ тілде» жазылған шығармаға қазақша 

көзқараспен қарағандарын, алда әлі де «қызығы  

мен шыжығы» бар екендігін баяндады. Шын 

мәнісінде, «ортақ тілде» жазылған шығарманы осы 

кітаптың ғылыми кеңесшісі Мақсұт Шафиғи сияқты 

бірен-саран адам ғана білсе,  қазіргі күні елімізде 

тіл білетін мамандар баршылық.   Қазақ тарихы мен 

этнографиясы барлық көне әдеби және деректi 

шығармаларды iздеп табу мен зерттеудi талап етеді. 

Сондықтан тіл білетін  мамандарды ғылымға бау-

лып, тәжірибелі ғалымдар бұрынғы олқылықтардың 

орнын толтыруды осылай қолға алып жатқандығы-

ның куәсі  болдық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет