«Экономика»
ка фед расы
ның аға оқытушысы және топ
кураторы Ж. Егізбаева Э21
топ студенттерімен Елбасының
Қазақстан халқына Жолдауын тал
қылады.
Бұл уақыт талабына бейімделе алатын
жоспар. Біздің мақсатымыз – қа
сиетті
Отанымыз Қа зақстанды «Мәң гілік Ел»
ету! Әлемнің да мыған 30 елі нің қатарына
қосылып, бай да қуатты елдермен иық
тіресу. Әрине, бұл мақсатымызға міндетті
түрде жетеміз. Себебі, бұл Жолдауда жаңа
сын-қатерлер мен тың мүмкіндіктермен
қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты
ахуалды дамытудың басты бағыттары айқын
көрсетілген. Сонымен қатар білімгерлерді
қуантқан жағдай «10 әлеуметтік сенсация»
шәкіртақының 25%-ға өсуі мен «Баршаға
арналған тегін кәсіптік-техникалық білім».
Топ студенттері Елбасының Үкіметке
Жекешелендірудің жаңа бағдарламасын
жасауды тапсырғанын, жекешелендірудің
әділетті түрде жүзеге асырылуын атап
өтті. «Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті
болу!» деген Елбасы, кәсіпкерлерге
«Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда
4 қасиеттің – сапалы, ыңғайлы, әдемі және
арзан болуын тапсырды.
Сондай-ақ, топ студенттері жаңа
жаһандық нақты ахуалдың мәні тек
әртараптандырылған экономиканың ғана
жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы
тұра алатындығына толық сенетіндіктерін
және Елбасының бұл Жолдауын бір
ауыздан қолдайтындығын осы кураторлық
сағатта атап өтті.
Экономика кафедрасы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Қазақстан халқына арналған
дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан
астам уақыт болған ел егемендігінің
тарихына үңілсек, еліміз талай "тар
жол тайғақ кешулерден" өтіп, соңғы
жылдары Елбасымыздың сарабдал
саясатының арқасында еліміздің тасы
өрге домалай бастады. Бұл – Еліміздің
Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев
еңбегінің жемісі. Елбасымыз өзінің
көреген саясатының арқасында
Қазақстанның даму жолы арманын
шынайлыққа айналдырды.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл
сайын халыққа арналған Жолдауын
асыға күтетініміз рас. Өйткені, әр
жолданған Жолдау еліміздің рухын
көтеріп, ұлы мақсаттарға жетелейді.
Елбасымыздың Қазақстан халқына
арналған Жолдауы еліміздің әртүрлі
әлеуметтік-экономикалық, саяси са-
ла
ларын қамтиды. Онда мемлекет
басшысы дағдарыс қыспаққа алып
тұрған кезеңде халықтың әл-ауқатын
әлсіретпей, тығырықтан шығу
жолдарын нақты көрсете отырып,
Ұлттық валютаға деген сенімді
нығайту өте маңызды екендігін атап
өтті. Әрине, әлемде дағдарыс ушығып
тұрған кезеңде, халықтың алдағы
уақытта жағдайы қалай болар екен?
деген сұрақ әрбір қазақстандықты
мазалайтыны рас. Сол сауалдардың
жауабын Елбасының Жолдауынан
білдік. Бұдан бөлек бюджет саласында
еңбек ететін қызметкерлер жалақысы
2016 жылдың қаңтарынан бастап
өсетіні көңілге қуаныш ұялатады.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның
ашыса, ұлттық намысың болса,
қазақтың көркеюі жолында жан-
теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Елдің
де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа»
деген Елбасының сенімін ақтар
біріншіден, ел болашағы – жастар.
Жолдауда Елбасы жастарды білімді,
еңбекқор әрі белсенді болуға бүгіннен
бастап дағдылану керектігін айтқан еді.
Ал 2017 жылдан бастап техникалық
мамандықтардың тегін оқытылатыны
жастарға жігер беріп, болашаққа деген
сенімін арттырды. Шәкіртақының 25
пайызға көтерілетіні – «Елбасының
жастарға деген қамқорлығы» деп
түсінуге болады.
Баршамыздың «Нұрлы жол
– болашаққа бастар жол» атты
Елбасы Жолдауын жүзеге асырып,
Отанымыздың биіктерге көтеріліп,
жаңа шыңдарды бағындаратынына
кәміл сенімдіміз. Бұл жолдың нұрлы
болуы мына сіз бен біздің қолымызда.
Мадина АЛШЫНБЕКОВА,
Қытай филологиясы
кафедрасының оқытушысы
2016 жылдың 1-ақпан күні
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінде Жастар
саясаты орталығы Болон үдерісі
комитетінің ұйымдастыруымен
ҚР Президенті – Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына "Қазақстан жаңа
жаһандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму" атты Жолдауын
студент-жастар арасында кеңінен
насихаттау, түсіндіру, талқылау
мақсатында "Жастар жасампаздық
жолында" атты дөңгелек үстел өтті.
Елбасымыздың саралы саясатын
қызу талқылауға "Нұр" филиалы
"Жас Отан" ЖҚ төрағасының
орынбасары Әлішер Тұрсын,
білім ордамыздың "Алтын белгі"
қауымдастығының төрағасы
Мақсат Тәліпбаев пен "Сенім"
Кәсіподақ ұйымының атқарушы
директоры Сұлтан Аллаберген
қатысты.
Жиын барысында жастар
өз ойларын білдіріп, Елбасы
Жолдауын жан-жақты талқылады.
Жастар саясаты орталығының
төрағасы Заңғар Орманша өз
сөзінде шәкіртақының өсуі
жайында сөз қозғап, соған өз
септігін тигізген ректорымыз
Сыдықов Ерлан Бәтташұлына
барлық ЕҰУ студенттерінің атынан
алғысын білдірді.
"Еуразияақпарат"
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ел
тұрмысының өсу бағыты мен болашақтағы бағдары туралы жыл сайынғы
Жолдауын арнап келеді. Елбасымыздың әр жылдары жарияланған
Жолдауында нақты қадамдарға толы тапсырмалар мен міндеттер
межеленген. Елбасы Жолдауы – әрдайым ел ішіндегі сабырлылық пен
береке-бірлікті ұйыстырушы негіз болып саналады.
Биылғы Жолдаудың cөз басында Президентіміз бүгінгі әлемдік
ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып отырғандығын және де алпауыт
елдердің өзара санкциялары дүниені тығырыққа тірегенін айтып
өтіп, осындай аса жауапты сәтте бірліктің сақталуы маңызды
екендігін мынадай тұжырымдар арқылы қорытындылады: «Біріміз
бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек
етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз
керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып
саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп,
жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз – елі
бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету».
Сондай-ақ, Елбасымыз Жолдауда Қазақстанның алдағы межесі әлемдегі
ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен
иық түйістіру екенін де атап өтті.
Ел болашағы – жастардың қолында дейміз. Тәуелсіздік алғаннан
кейінгі кезең – ел дамуының көрсеткіші және де жас буын үшін тағылым
сабақтары деп айтуға болады. Елбасымыз әрбір іс пен тәжірибенің
нәтижесін жастарға арнап, келелі ой салуда. Биылғы Жолдауда бұл үн-
деулер мынадай пікірлермен нақтыланды: «Білімді, еңбекқор, баста-
машыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Шеберліктің
шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Ерінбей еңбек ет-
кен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады.
Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақы-
рамын». Елбасымыз айтқандай, біз де өз тарапымыздан жастарымыз
қоғамда жүріп жатқан үдерістерді талдап, сыни ойлау қабілеттерін
шыңдап жүруге үйренулері қажет деп түсінеміз. Сонда ғана олардың
бойында патриоттық сезім қалыптасып, сырттан келіп жатқан
экстремистік пиғылдарға қарсы тойтарыс бере алады.
Еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, сыртқы қарым-
қатынас, демографиялық мәселелері жан-жақты қамтылған Елбасы
Жолдауында тәуелсіз Қазақстанымыздың алға даму бағытындағы
міндеттері айқындалып, бірқатар құзырлы мекемелерге тапсырмалар
берілді. Бүгінгідей ел экономикасында болып жатқан өтпелі өзгерістерге
сай енжарлық танытпай, «дағдарыстан – дамуға» ұмтылатын мезгіл
келген тәрізді. Ол үшін әрбір қазақстандық ел бірлігін сақтап, өз ісіне
жауапкершілікпен қарап, барды бағалай білгеніміз дұрыс сияқты.
Айнұр НАЙМАНБАЙ,
фил. ғыл. кандидаты, доцент
5
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 1-2 (206-207),
қаңтар, 2016 жыл
Ұлт жоспары – қазақстандық
арманға бастайтын жол
Семинар-тренинг
Пікір
Мақсат –
біліктілікті арттыру
Әлеуметтік және азаматтық даму
департаменті мен әлеуметтік педагогика
және өзін-өзі тану кафедрасының
ұйымдастыруымен «Жаңа реформалар
аясында тьютор-кураторлардың жұмысын
жетілдіру мәселелері» атты семинар-
тренинг болып өтті. Мақсаты – тьютор-
кураторлардың біліктілігін арттыру.
Семинар-тренингтің ресми ашылуында
Әлеуметтік-мәдени да
му жөніндегі
проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-
мүшесі, филология ғы лым дарының докторы,
профессор Д.Қамзабекұлы сөз алып, семинар
отырысын ашып берді.
Семинар барысында әлеуметтік
педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының
меңгерушісі, педагогика ғылымдарының
докторы, профессор Қ.Қ. Шалғынбаева
«Тәрбиенің мемлекеттік мүддеге негізделген
басымдықтары» тақырыбында, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор Ғ.М.
Кертаева «Тьютор-кураторлардың іс-
әрекеттерінің этикалық-деонтологиялық
негізі» атты тақырыпта баяндама жасады.
Сондай-ақ, семинар аясында
«Тьюторлық оқу үдерісіне қатысушылардың
өзара әрекеттесуінің жаңа формасы
ретінде», «Студенттердің рухани-
адамгершілік тәрбиесі», «Студент тұлғасын
қалыптастыруда отбасылық құндылықтардың
алатын орны», «Қазіргі таңдағы жастардың
өмірлік жолын анықтауда кездесетін
қиындықтар», «Студенттер арасындағы
қақтығыстар және оны шешудің жолдары»
мәселелері бойынша дөңгелек үстел
ұйымдастырылды.
Семинар-тренингтің «Тәлімгер-
тьюторлардың тәрбие жұмысындағы
интерактивті әдістер жаңа үрдіс ретінде»
атты бөлімінде әлеуметтік педагогика және
өзін-өзі тану кафедрасының оқытушылары
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің әртүрлі мамандықтары
бойынша жиналған эдвайзерлер мен
тәлімгерлерге психологиялық тренингтер
өткізді. Тренингте тәлімгерлердің тәрбие
жұмысында пайдалана алатын әртүрлі
психологиялық тренингтік жаттығулар мен
топтық пікірталас ойындардың әдістерімен
танысып, тәрбие жұмысының жаңа үрдістері
бойынша пікірлерін ортаға салды. Семинар-
тренингке Әлеуметтік педагогика және
өзін-өзі тану кафедрасының профессор-
оқытушылар құрамы, және университеттің
оқытушылары атсалысты. Іс-шара соңында
сертификаттарды табыстау рәсімі болды.
"Еуразия-ақпарат"
Жаңа 1916 жылдың 6-күнінде Елбасы республикалық
газеттерде «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын
жол» атты мақаласын жария етті. Президентіміз тарапынан
«Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» 2005 жылдың 30
мамырында ұсынылған болатын. 30 қарашадағы Президенттің
Қазақстан халқына кезекті Жолдауында да бұл жоспар
нақтыланды. Ендігі мәселе жаңа жылдың басы – жоспарды
орындаудың практикалық кезеңі болғандықтан алдағы тұрған
мақсаттар мен міндеттерді одан әрі нақтыландыра түсетін кез
келді.
Мұнда қандай мәселелер айтылды?
Алдымен осы реформаларды жүзеге асыруға бағытталған
59 заңның қабылданып, қолданысқа енгізілгені, бұдан былай
реформаларды жүргізуге құқықтық кедергі жоқтығы аталып
өтілді.
Бірінші, мемлекетті кәсібилендіруге қатысты
реформадағы міндеттер.
Бұл бойынша мемлекеттік аппаратты жетілдіруге,
тиімділігін арттыруға бағытталған «Мемлекеттік қызмет
туралы» жаңа нұсқасы қабылданды.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің қызмет сатысында
өрлеуі оның біліктілігі мен тәжірибесінің деңгейіне қарай
анықталуы белгіленді;
Мемлекеттік қызметшіге еңбекақы мен сыйақы төлеуде
бұрынғы теңгермешіліктен арылып, оның атқарған нақты
жұмысының көлемі мен сапасына орай анықталмақ. Аса
нәтижелі қызмет үшін бонустар төлу жүзеге асырылатын
болды.
Мемлекеттік
қыз мет туралы
заң ның негізгі
нор малары құқық
қорғау органдары
қызметкерлеріне
қатысты да
қолданылмақ.
Екінші ре-
форма мәні
құқық тәртібін
және заңдылықты
орнықтыруға бағытталған. Ондағы нақтылықтар мыналар:
– Жоғарғы сот кеңесі түбегейлі өзгереді, оның өз
аппараты, құрамы, өкілеттілігі нақтыланады;
– сот төрелігі бес сатылы жүйеден үш сатылы жүйеге –
бірінші, апелляциялық және кассациялық жүйеге көшеді;
– ірі инвесторлар қатысатын дауларды шешуге
арналған мамандандырылған алқа құрылады;
– Сот жюриі түбегейлі қайта
құрылып, ол судья лардың іс-
әрекетінде Этика лық
кодекстің бұзылу
мәселелерін
қарай-
тын
болады;
–
соттардың төр-
ағаларында басқа судьялар қабылдайтын шешімге
ықпал ету мүмкіндігі жойылады;
– мемлекеттік сот орындаушылары біртіндеп
қысқартылып, жеке сот орындаушылары дамытылады;
– жергілікті полиция қызметі құрылады.
Үшінші, реформаторлық бағыт – индустрияландыру мен
экономикалық өсімді қамтамасыз ету.
– экономика қызметіндегі транзакциялық (мәліметтер
қорының бүтіндігін қамтамасыз ететін операция) шығындар
ұдайы қысқартылады.
– салықтық және кедендік жүйелер кіріктіріледі,
тексерулер оңтайландырылады, электрондық бақылау
енгізіледі;
- 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағаны реттеу алынып
тасталынады, оның орнына монополияға қарсы реттеу мен
бақылау құралдары ғана пайдаланылады;
– 2017 жылы 1,7 миллион мемлекеттік кәсіпорындар
мен мекемелердің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері
декларациялануға жататын болады, 2020 жылы барлық жеке
тұлғалар декларациялаумен қамтылады;
– шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау ЭЫДҰ
(Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы)
тәжірибесіне сай жүргізіледі;
– 224 мың агроөнеркәсіптік кешен субъектілері бар,
солардағы жалға берілген 97,4 миллион гектар жерді өздері
сатып алуына (оның үстіне кадастрлық құнының 50 пайызын
10 жыл ішінде бөліп төлеуге) мүмкіндік беріледі;
– 102 млн гектар запастағы жердің ауыл шаруашылығы
өндірістін жүргізуге болатын 85,3 млн гектары аукцион
арқылы сатылатын болады;
– «Самұрық-Қазына ҰӘҚ», «Бәйтерек АҚ» және
«ҚазАгро АҚ»-тардың мемлекет меншігіндегі аса ірі 65
компаниясы, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ», «Бәйтерек АҚ»
және «ҚазАгро АҚ»-тардың құрамындағы 173 еншілес және
тәуелді ұйымдар бәсекелестік ортаға берілетін болады;
– тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және
инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен
жаңадан құрылған «Астана» Халықаралық қаржы
орталығының жұмысы жандандырылады;
– 7 мың шақырым автомобиль жолдары қайта
жаңғыртылады, олар ақы алу жүйесі бойынша жұмыс істейтін
болады;
– 2022 жылға қарай жол жүруден түскен алымдар 41 млрд
теңгені құрауы көзделуде;
– транзиттік тасымал 2020 жылы 33 миллион тоннаға
(қазір 18 млн), 2030 жылы 50 млн тоннаға дейін ұлғайтылады;
– Алматы қаласының маңында халықаралық авиациялық
хаб құрылады;
– құрылыстың сметалық құнын анықтау ресурстық әдіске
көшіріледі, сараптау ісі жеке секторға беріледі.
Төртінші бағыт – ұлт бірлігі.
– Бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлттық
дәйектілікпен қалыптастыру үрдісі жалғасады. Болашағы
Біртұтас Ұлтты дәйекті түрде нығайту жүзеге асырылады;
– Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі қазақстандық
біртектіліктің негізі ретінде жетілдіріле түседі;
– Мәңгілік Ел жалпыұлттық құндылық ретінде нығая
түседі;
– Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы жүзеге
асырылады.
Бесінші реформа – Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын
мүлік орталығы», «Зейнетақылар төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталық» біріктіріліп, солардың негізінде
«Үкімет – азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы
құрылады;
– барлық мемлекеттік қызметшілер өздерінің басшылығы
бекіткен жеке жоспарлар бойынша жұмыс атқарады;
– мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарына
ревизия және оңтайландыру жүргізіледі;
– алдағы кезде бағдарламаларды жоспарлау, әзірлеу
және жүзеге асыру ЭЫДҰ ұсынымдарына негізделген 5
шешуші қағидат – негізділік, сабақтастық, транспаренттілік,
мониторинг және бақылауды сақтау арқылы жасалады;
– азаматтар мен заңды тұлғалардың сауалдары бойынша,
мемлекеттік құпиялар мен өзге де заңдармен қорғалатын
құпиялардан басқа, мемлекеттік органдардың барлық
ақпараттарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі;
– 2016 жылдан бастап орталық
және
жергілікті мемлекеттік органдарда
автономды, дербестік, жа-
риялылық, мерзімді ротация
қағидаттарына
негізделген
жаңа
Қоғамдық
кеңестер
құрылады;
– 4500-ге жуық мемлекеттік
функциялар бәсекелестік ортаға және
жергілікті өзін-өзі басқаруға беріледі;
– жақын онжылдықта жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына үш деңгейлі (2016-2017, 2018-2020,
2020 жылдан әрі қарай) қосымша өкілеттіктер беріледі.
Нақтылай түссек, жергілікті өзін-өзі басқару органы
2016-2017 жылдары:
– аудан әкімінің өзінен төменгі әкімдіктер әкімі
лауазымына ұсынатын кандидатурасы аудан мәслихатына
және сайлау өткізуге енгізу үшін келісілетін болады;
– әкімді босату туралы мәселеге бастамашы бола алады;
– аудан әкімі ұсынған қолма-қол ақшаның бақылау шоты
есебінен алынған мүлікті иеліктен шығару мәселесін қарайды;
– өз аумағындағы жер телімдерінің пайдаланылуын
бақылайды;
– жергілікті жердегі мемлекеттік мекемелердің
басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізе алады;
– жергілікті өзін-өзі басқарудың салықтық әлеуетін, көлік
және заңды тұлғалардан жер салығын алу құқын алу жолымен
күшейтетін болады.
2018-2020 жылдары:
– жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін аудан мәслихатына
бекіткен соң оны өз бетінше сатылап қалыптастырады;
– әкімнің аудандық мәслихатқа бекіту үшін енгізген
жергілікті қоғамдастық бюджетінің жобасын Жиналыстың
келісуі және олардың орындалуы туралы есепті мәслихатқа
ұсыну үшін қолдайды;
– жергілікті қоғамдастықтың коммуналдық меншікті
басқару мәселелерін қарастырады;
– тұрғындары 2 мың адамнан асатын әкімшілік-аумақтық
бірлік үшін бюджетті аудандық мәслихаттың бекітуіне
ұсынады;
- «Жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі»
институтын енгізіледі;
- әлеуетін ұлғайту мақсатында селолық округтер
деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірлікті нығайту мәселесін
қарайды.
2020 жылдан бастап:
– жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органын құрылады;
– халқының саны 2 мың адамнан кем емес елді мекендерде
жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі;
– қоғамдық маңызды мәселелерді қамтитын жергілікті
бюджеттердің жобалары бойынша азаматтардың ұсыныстары
жергілікті өзін-өзі басқару органы дербес қарай алады.
Ел арасында, түрлі аудиторияларда болған кезімде: «Бұл
мақалада бәлендей жаңашылдық таппадық» дейтіндерді
кездестірдім. Сондықтан «5 реформа – 100 нақты қадамда»
және Елбасының соңғы Жолдауында айтылмаған ерекше
өзгерістер жайында тыңдаушыларымды және оқырмандарды
құлағдар еттім.
Мырзагелді КЕМЕЛ
6
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 1-2 (206-207),
қаңтар, 2016 жыл
Осыдан 25 жыл бұрын, 1990 жылы
желтоқсан айында Бас Ассамблея 1-қа-
занды «Халықаралық қарттар күні» деп
жариялаған болатын. Алғашқыда қарттар
күні Еуропада, кейін Америкада тойланған,
ал 80-жылдардың аяғынан бері бүкіл
әлемде аталып келеді. Университетімізде
зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу,
оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық
және басқа да көмек түрлерін көрсету жақсы
жолға қойылған. Ел басына күн туған, қиын-
қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына
қамқор болған қарттарымыз ешқашанда
ұмытылмас!
Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбіт-
шілікте тыныш өмір кешуіне өз үлестерін
қосқан ардақты да аяулы қарттарымыздың
арқасы деп есептеймін. Білім саласында
шәкірттерін еліне абыройлы, халқына
сыйлы, адал, шыншыл етіп, әр шәкіртін
аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға
2016 жылы 3 ақпан күні «Кәсіптік практика: теория және тәжірибе»
тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды ректордың кеңесшісі Молдажанова Әсемгүл Александровна
ашып, жұмыс берушілер мен еңбек нарығының бүгінгі күнгі басты талаптарының
бірі – кәсіптік-практиканың сапалы өткізілуі мен ұйымдастырылуы болып
саналатындығын атап өтті.
Академиялық мәселелер департаменті директорының орынбасары Ахметова
Шолпан Төлеуқызы кәсiби-практиканы ұйымдастыру мен өткізудің нормативтiк
құжаттарындағы негізгі өзгерiстерге талдаулар жасады.
Карьера және бизнес әріптестігі бөлімінің практика жетекшісі Қилыбаева
Орал Қалиқызы ЖОО-да кәсіптік-практиканы әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз
ету тақырыбында баяндама жасады. Білім берудің барлық деңгейлерінде
практиканы ұйымдастыруда бағдарламалар мен әдістемелік нұсқаулықтың алдын-
ала дайындалып, бекітілуі міндетті екендігін атай отырып, олардың практика
мазмұны мен мамандықтардың кәсіби профиліне сәйкес болуын нақтылады.
«Жылу энергетикасы», «Құрылыс» мамандықтары білім алушыларының
кәсіби-практикасының базасы болып саналатын «Астана – Жылу транзиті»
АҚ басқарма бастығының орынбасары Садықов Забихолла Ибадоллаұлы
өз баяндамасында жоғары білікті мамандарды даярлаудағы жетістіктер мен
міндеттерге тоқталды. Сонымен қатар бұл жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында
ЖОО-мен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста бола беретіндіктерін атап
өтті.
Сәулет мамандығының 1-курс студенттерінің оқу практикасының, 2-курс
студенттерінің технологиялық және 4-курс студенттерінің дипломалды
практикаларын Краков технологиялық университетінің базасында өткізудегі
тәжірибелері мен сәулет кафедрасының аға оқытушылары Ревтова Виктория
Викторовна мен Борсова Нина Федоровна бөлісті.
жетелеген ардагер ұстаздарымызға
алғысымыз шексіз. Жаңа басталған мешін
жылы университетіміздің 20-жылдық
мерейтойын атап өтпекшіміз.
Соған орай әкімшілік тарапынан
мағыналы да ауқымды жоспар
құрылды. Ондағы басты бөлімнің бірі
университетіміздің негізін қалаған ұстаздар
мен қызметкерлерге арналған. Университет
тарихын дәріптеуде табиғат сыйлаған
сабырлық, ұстамдылық, табандылық, әр
құбылысқа байыппен қарап, терең бойлау
сияқты қасиеттерінің арқасында күрделі
мәселелерді шешуге ректорымыз Ерлан
Бәтташұлының қосқан үлесі зор екенін
айтар едім.
Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы
арақатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең
мәнді түрі болғандықтан ұстаздарымыздың
ұстаздық қасиеттері жастар үшін мәңгілік
үлгі. Халқымызда «Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар. Сөзі
– соқпақ, сөзі нәр. Ата-салты ардақты, әрбір
сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң, тістер-
сің бір күн бармақты» деген асыл сөздер
бар. Біздер соны ұмытпауымыз қажет.
Қарға тамырлы, киіз туырлықты қазақ
баласының маңдайына біткен небір қасқа
хас жақсыларымыз әр ғасыр, әр кезеңде
де аз болмаған, олардың есімдерін біз
адал еңбектері үшін ардақтаймыз, құрмет
тұтамыз, өйткені өткеннің өнегелі өмір
жолы келесі ұрпаққа үлгі.
Біздің ардагер ұстаздарымыз қандай
да болсын сый-құрметке лайық жандар.
Сондықтан, университетіміздің тойында
ардақты ағаларымыз бен апаларымыздың
мерейі үстем болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |