Республикалық ғылыми конференциялардың, сим по зиумдардың, конгрестердің жұмыс тарына қатыса алады



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата03.03.2017
өлшемі7,72 Mb.
#6035
1   2   3   4   5   6

«Еуразия-ақпарат»

16

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 1-2 (206-207), 

қаңтар, 2016 жыл

Баға жетпес тәжірибе алды

Тоғызқұмалақтан жарыс өтті

    

Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

ДИРЕКТОР – 

БАС РЕДАКТОР

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Журналистер:

Жүніс  ОМАР

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Гүлзабира ШӘУЕНОВА

Техникалық редактор

Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші

Ербол  ЕРДЕНБЕК

Газет ТОО "Медиа-холдинг ERNUR" 

баспаханасында басылды.

Таралымы -1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, 

Қазақстан Республикасының 

Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс № 2121

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2-үй, 

347 бөлме. Тел: 709500, 31 325 (ішкі байланыс)

Shauenova_ga@enu.kz

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.

Алғашқы тәжірибе 

Университет мақтанышы

Құттықтаймыз!

Өз үлесімді қосамын

Құрметті Серік Айткешұлы және Майра Сәлімқызы!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы Сіздерді 

70 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сіздер барша саналы ғұмырларыңызды шәкірт тәрбиелеумен өткізіп келе 

жатқан  ұлағатты  ұстазсыздар. Оның ішінде тек қана осы Еуразия университетінде 

45 жылдай ұстаздық қызмет атқарып, ел жастарына терең білім мен саналы тәрбие 

берудегі ерең еңбектеріңізбен ел құрметіне бөленіп отырсыздар.  

Осынау  мерейлі күндері білім алған шәкірттеріңіздің, сіздермен бірге  ұзақ  

жылдар бойы қызмет атқарған әріптестеріңіздің өздеріңізге айтар алғысы шексіз 

деп білеміз.

Ұлағатты ұстазға, қадірменді ата-анаға тән ақыл, парасат, сабыр, кішіпейілділік, 

тазалық сынды абзал қасиеттеріңізбен сан ұрпақтың бойына адамгершілік пен елдік 

мінез дарыттыңыздар.

Қадірменді Серік Айткешұлы және Майра Сәлімқызы! Өмір белестеріңіздегі 

айтулы мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық,  

ұзақ ғұмыр тілейміз! 

Құрметпен, университет ұжымы

Армансыз адам қанатсыз құспен 

тең. Мектеп бітірген соң арман қуып 

Астанаға келіп, Л.Н.Гумилев атындағы 

мемлекеттік оқуға түскенім кеше сияқты-

еді. Уақыт шіркін сынаптай сырғып өтіп 

қазір университеттің үшінші курсында 

оқып жүрмін. Ақпараттық технологиялар 

факультетінің информатика кафедрасында 

оқудамын. Кафедра мұғалімдері жоғары 

санатты, білімді ұстаздар. Келешек 

мамандығым информатика пәні мұғалімі.

Биылғы  жылы қысқы демалыстан 

кейін 25-қаңтар мен 6-ақпан аралығында 

Астанадағы №56 мектеп-лицейде алғашқы 

тәжірибе сынағынан өттім. Университетте 

оқып алған теориялық білімімді тәжірибе 

жүзінде  жетілдіруге  мүмкіндік туды. 

Мектеп-лицейдің 6в сыныбының 

оқушыларымен танысып дәріс бердім. 

Сондағы байқағаным – оқушылармен 

тіл табысып білім мен тәрбие беру үшін 

мұғалімнің біліктілігімен сауаттылығы 

қажет екен.

Өйткені қазіргі XXI  ғасырдың балалары 

кез келген тақырыпта сауалдар қойып, 

пікіріңді білуге ынталы. Сондықтан, әр 

мұғалім тек мамандығын ғана игеріп 

қоймай сонымен бірге барлық жағынан 

да сауатты, білімді болуы керек екендігін 

түсіндім. Әрине, сүйікті мамандығыңды 

оқып үйренуіме оқытушы ұстаздарымның 

да ықпалы тигенін айтуым керек. Мектеп-

лицейде тәжірибе сынағынан өту кезінде 

сынып жетекшісі Рима Садуақасқызы 

мен пән мұғалімі Күлзия Есенқызы және 

пән әдіскері Айнаш Халиуллинқызы ақыл 

кеңестерін айтып, бағыт-бағдар берді. 

Қазіргі жаhандану заманында, заманауи 

озық технологияларды меңгеріп өндірісте 

пайдалану –уақыт талабы. Сондықтан мен 

өз мамандығымды жетік меңгеріп өскелең 

ұрпақтарды тәрбиелеуге өз үлесімді қоса 

беретін боламын. 



М. СЕРІКҰЛЫ,

Ақпараттық технологиялар 

факультетінің 3-курс студенті

Филология факультеті шетел 

тілдерінің теория 

сы мен тәжірибесі 

кафедрасының екінші курс магистранты 

Әсия Әбітова академиялық ұтқырлық 

аясында Питтсбург мемлекеттік 

университетіндегі (Пит тсбург қ., Канзас 

штаты, АҚШ) оқуын сәтті тәмамдады. 

АҚШ-тың ұлттық рейтінгісі бойынша 

Питтсбург мемлекеттік университеті 

елдің ең үздік жүз университетінің 

қатарына кіреді, ал педагогика  және 

білім  беру,  бизнес  пен мейірбике ісі 

саласындағы магистрлік бағдарламалары 

АҚШ-та үздіктердің қатарында. 

Әсия академиялық ұтқырлық 

бойынша білім алу үшін Питтсбург 

университетін таңдады, өйткені, ол 

6М011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» 

мамандығының ғылыми-педагогикалық 

бағыты бойынша білімін жетілдіріп, 

болашақта ағылшын тілінің оқытушысы 

болуды жоспарлайды. Ол Питтсбург 

мемлекеттік университетінің білім беру 

факультетінде «Ағылшын тілін екінші тіл 

ретінде оқыту» мамандығында білім алды. 

Кредиттік жүйенің икемді ережелері оған 

тек білім беру факультетінің ғана емес

сонымен қатар шетел тілі және әдебиеті 

факультетінің пәндерін оқуға мүмкіндік 

берді, осылайша тек шетел тілін 

оқытудың әдістемесі бойынша ғана емес, 

сондай-ақ, теориялық және қолданбалы 

лингвистика бойынша өзінің білім қорын 

молайтты. Жалпы алғанда, Питтсбург 

университетінде білім  алу қызықты әрі 

танымды болғанын 

Әсия ерекше атап өтті. 

Сонымен 


қа тар 

Питтсбург мемле-

кеттік  уни верситетінің 

зерттеу жүргізуге 

қажетті мол ақпа 

рат 


жинақтауға  мүм кіндік 

беретін ауқымды 

кітапханасы бар. 

Атап өтетін жәйт, 

рейтингтік бақылау 

мен сессия уақытында 

кітапхана ерекше тәр-

тіп бойынша түнгі 

сағат  бірге дейін 

жұмыс жасайды, 

студенттерге тегін 

тамақ пен сусын 

беріледі. Қалған 

уақытта кітапхана 

кешкі сағат он бірге 

дейін жұмыс істейді 

Жақында  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығына 

орай «Гумилев» атриумында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен белсенді жастар 

арасында тоғызқұмалақтан турнир болып өтті. 

Турнирдің салтанатты ашылуына  Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор 

Дихан Қамзабекұлы, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, ҚР Мәдениет қайраткері, 

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, әнші Досымжан Таңатаров қа-

тысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – балалар санасына ұлттық 

тәрбиені сіңіріп, олардың спортқа деген бейімділігін және құлшынысын арттыру; ба-

лалардың бір-бірімен жақын араласып, алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста болуы-

на ықпал жасау. 

Барлығы 32 адам қатысқан турнир соңында жеңіске жеткен жас жеткіншектер ар-

найы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

және академиялық ұтқырлық бойынша 

оқуға келген көп 

теген шетелдік сту-

денттердің ең басты «мекендерінің» бірі 

болып табылады.

Атап өтсек, Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті мен 

Питтсбург мем 

лекеттік университеті 

арасында бұрын да орнатылған 

серіктестік байланыстар бар. Бірнеше 

жыл бойына ЕҰУ-дің студенттері  мен 

магистранттары академиялық ұтқырлық 

аясында өз білімдерін жетілдіру үшін 

Питтсбург мемлекеттік университетіне 

келуде, өздерін ең жақсы жағынан 

көрсетіп үлгерді. 

ЕҰУ-ден бөлек, Питтсбург 

мемлекеттік университетінің әлем 

бойынша «ағайын-университеттері» 

өте көп. Әр жартыжылдық сайын 

Питтсбургке әртүрлі елдерден саны 

бойынша орасан    зор шетелдік 

студенттер келеді: Германия, Парагвай, 

Венесуэла, Финляндия, Ресей, Қазақстан, 

Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд 

Арабиясы, Үнді және т.б., нәтижесінде 

кішкентай оқу қалашығы шетелдік 

сөйлеу мен көпұлттылықтың айқын 

көрінісін береді. Оқудың бір ғана 

жартыжылдығында әртүрлі ұлттар мен 

діндердің студенттері өмірлік достарға 

айналады, әлемдегі әртүрлі мәдениеттер 

жанасуының баға жетпес тәжірибесін 

алады.


Баспасөз қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет