Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Нұрлан ерімбетов



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата31.01.2017
өлшемі3,64 Mb.
#3072
1   2   3   4   5   6   7

экономикалық және тарихи 

өзгерістердің басы-қасында 

болған ірі тұлға еді.

ТҮЙІН

Кеңестік тоталитарлық жүйе қазақ зиялыларының «бір тудың астына бірігу» 

идеясынан қорықты. Қазақтың кіл мықтылары надандықты жойып, ұлттық қазақ 

мектебін ашып, білім беріп, жаппай сауаттандыру арқылы «қараңғы қазақтың 

көгіне Күн орнататынын» сезді. Сол идеяны тамырымен жұлып, жою үшін жазық-

сыз жандарға «Халық жауы» деген күйе жағып, атып тынды. Сол зұлматты жыл-

дар да қазақ сахарасы арыстарынан айырылып, зар еңіреді. «Алаш» көсемінің 

біре гейі, жетекшісі Байтұрсыновтың алысты болжайтын білгіштігі «Екеудің» бірі 

– Мұхтар Омарханұлын ажал аузынан алып қалды. Сол кісінің ақылымен саяси 

көз қарастан бас тарып, Мұхтар атамыз таза әдебиетке кетпегенде, қазақ әде-

биетінің талай классикалық туындыларын тудырмас та еді... Өзі өлсе де, өлмейтін 

із қалдырған қайраткерлердің бір-бірін демейтін кісілігінің бүгінде қажет боп тұр-

ғаны-ай...

Әйеш ҚҰЛЫМБЕТОВА



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№92 (544) 31.05.2011 жыл, сейсенбі           



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Мұрағат деректеріне қарағанда, 

1930-53 жылдары КСРО-да ұлттық 

ерекшелік бойынша 6,4 млн-нан астам 

адам жер аударылған. Бұл кезеңге дейін 

шұрайлы жерлерінен айырылып, 

переселендерді қабылдаған қазақ еліне 

қуғын-сүргін заманында түрлі этникалық 

қауымдар тағы да қоныстанды. 1936 

жылы Совнаркомның арнайы қаулысы 

бойынша Қазақстанға Украинаның 

шекаралық аймақтарынан 70 мың поляк 

пен неміс келді. Бұдан соң 1941 жылы 

соғыс басталғаннан кейін Еділ бойы 

немістері автономды республикасы 

таратылып, оның 606 мыңнан астам 

халқы түгел елімізге жер аударылды. 

Отан соғысы кезінде КСРО-ның Еуропа-

мен шекаралас өңірлерінен түрлі 

ұлттарды депортациялау одан әрі 

жалғасқан болатын.

Сталиндік репрессия жылдары Қазақстанға өзге ұлттардың жер 

аударылғаны белгілі. Елімізге сол кезеңде неміс халқының өкілдері қай 

жақтан келді?

 

   

Айбек 

ОРЫНБАСАРОВ, 

Алматы қаласы

Репрессия жылдары елімізге 

қанша неміс келді?

«Гаранинщина» деп нені айтқан?



Сібірде айдауда болған қазақтар әңгіме арасында «Гаранинщина» деген сөзді көп 

айтқан. Бұл не?

  

 

Ғарифа 

ШЫРБАЕВА, 

Қызылорда облысы

Саяси қуғын-сүргін жылдары кейбір «бас ал 

десе шаш алатындар» науқанды сылтау етіп, 

жазықсыз адамдарды негізсіз айыптаумен 

айналысқан, тіпті айуандықпен азаптап өлтіру 

әдістері де қолданылған. Сондай негізсіз 

репрессиялардың бірі – «Гараниншілдік». Ол – 

1937-38 жылдары Солтүстік-Шығыс еңбекпен 

түзеу лагеріне бастық болып келген полковник 

Степан Николаевич Гаранин қолданған саясат. 

Бұл жылдары Сібірде КСРО-ның түкпір-

түкпірінен, әсіресе Қазақстан мен Орталық 

Азиядан ең ауыр жаза арқалаған адамдар 

айдауда болды. «Гараниншілдік» деген термин 

Колыма түрмесіндегі озбырлық шектен шыққан 

кезде пайда болып, қолданысқа енді. Мұрағат 

деректеріне қарағанда, Гаранин сотталғандарға 

айуан ретінде қарап, оларды аштан қырған, 

аязға тоңдырған, ауруларды қиналтып өлтірген, 

ешқандай құжаттық негізсіз, жаппай атқан. 1938 

жылдың қыркүйегінде Гараниннің қылмысы 

әшкереленіп, өзі «халық жауы» ретінде ұзақ 

жылға түрмеге қамалды, ақыры Печора абақ-

тысында өлді. Бірақ 1990 жылы репрессия 

құрбандарымен бірге ақталған.

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Біз бір нәрсені анық түсінгеніміз жөн. Саяси репрессия тарихы – бұл жас 

ұрпақты отансүйгіштік, мемлекетшілдік рухта тәрбиелеуге тікелей қатысы 

бар тақырып. Кезінде, яғни 1941 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық 

Комитетінде «История Казахской ССР» кітабының мазмұнын талқылауға 

түскенде мәжіліске қатысқан ағаларымыздың бірі «Кенесары хан бастаған 

ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбын енгізбеу туралы ұсыныс айтты, сонда 

М.Әуезов «егер бұл кітапқа Кене хан көтерілісі енбейтін болса, ондай 

тарихтың кімге керегі бар?» деп қарсы сұрау қойып, бұл тақырыпты қорғап 

қалған екен. Сол сияқты Алаш туралы тарихи шындықты халыққа бермесек, 

енді қашан бермекпіз, оны қазіргі буын тарихшылары біз айтпасақ, кім 

айтады? Әрбір буынның өзінің айтар сөзі, көтеретін жүгі болмақ. Өзіміз 

бүгін орындайтын міндетті ертеңге қалдырмайық. Мен Ұлттық қауіпсіздік 

комитетінің мұрағатқа жауапты азаматтарын осы жағдайға бет бұруға 

шақырамын. Ұлы Абайдың: «Бір жанға екі өлмек әділет пе?» деген сөзі бар.

– Мемлекет басшысының 1997 

жыл ғы 5 сәуірдегі Жарлығымен «31 

мамыр – Саяси репрессия құрбандарын 

еске алу күні» болып белгіленгені 

мәлім. Елімізде саяси репрессия және 

ашаршылық құрбандарына тағзым 

етіп, атап өту дәстүрге айналды. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында, 

тарих шы ғалымдардың ғылыми ең-

бек 

терінде кезінде сталиндік билік 

тара пынан қазақ қоғамына жасалын-

ған адам айтқысыз қиянат, зорлық 

жөнінде жантүршігерлік мәліметтер аз 

жазылып жүрген жоқ. Дегенмен бұл 

күрделі тақырып түбегейлі зерттелді 

деу қиын. Саяси репрессия тақырыбын 

көп жыл 

дан бері зерттеуші ғалым 

ретінде осындай жалпыхалықтық 

қасіретке алып келген себептер жөнінде 

не айтқан болар едіңіз?

– Қоғамды мұндай терең қасіретке 

алып келген жағдайлар жөнінде аз жазыл-

ған жоқ. Әлі де көп жазылатын болады. 

Өйткені халықтың өткен XX ғасырдағы 

сталиндік билік тұсында басынан өткізген 

трагедиясы әлі есінде және оны ұмытпақ 

емес. Ондай жалпыхалықтық қасіретті ес-

тен шығару қоғамның өзі үшін де қауіпті 

болар еді. Ұмытылған тәжірибенің қайта-

лануы әбден мүмкін ғой. Сондықтан да 

болар, мәселен, Ресей және Украина сияқ-

ты бұрынғы кеңестік, қазіргі дербес мем-

лекеттерде саяси қуғын-сүргін тарихы ең 

өзекті ғылыми-зерттеу тақырыптары са-

натында. Бұл мәселені арнайы мем лекеттік 

тапсырыс арқылы зерттеу дәстүрге айнал-

ған. Осы мақсатта Ресейдің өзінде, Украи-

нада, Балтық жағалауы сияқты елдерде 

ғылыми орталықтар құрылған, олардың 

зерттеу жұмысына батыстық ғалымдар 

белсенді түрде атсалысуда. 

Тақырыпты зерттеуге, әсіресе, батыстық 

ғалымдардың тартылуы пайдалы әрі 

нәтижелі болды. Батыстық зерттеушілер 

бұл мәселені талдау ісіне, біріншіден, тың 

да жаңа көзқарас, жаңаша зерттеу әдіс-

құралдарын ала келді, екіншіден олардың 

жұмысы зерттеу ісіне тиесілі екпін, қарқын 

берді. 


Кеңестер Одағындағы саяси репрес-

сияның себептері жөнінде де аз айтылған 

жоқ. Кеңестік ұстанымдағы зерттеушілер 

кезінде, мәселен, алғашқы социалистік 

мемлекеттің капиталистік қоршауда қал-

ғандығына, жаңа қоғамдық құрылысқа, 

ішкі және сыртқы жаулардың қарсылығына 

баса назар аударды. Бұл ұстанымдағылар 

қоғам неғұрлым социалистік қатынас-

тардың жеңісіне жақындай түскен сайын, 

тап жауларының қарсылығы да соған 

сәйкес күшейе түспек деген сталиндік тұ-

жы 

рымға сүйенді. Яғни мәселені тым 



саясаттандыруға, идеология 

ландыруға 

басымдылық берілді. Мұндай тұжырым 

билік тарапынан алып империяда жүр-

гізілген саяси репрессияларға теориялық 

негіз болды. 

Қазіргі зерттеулерден ғалымдардың 

біршама тарихи шындыққа жақындай түс-

кенін аңғару қиынға түспейді. Жаңадан 

ашылған тарихи құжаттар Кеңестер 

Одағында 1920-50-ші жылдардағы саяси 

репрессиялардың басында Сталин құрған 

пирамидалық биліктің мақсатты түрде 

жүргізген саяси курсы екендігін, оның 

алдымен сталиндік басшылықтың ұстаны-

мымен келіспеген елдің саяси басқарушы 

тобына (элитаға), содан соң экономикалық 

тұрғыдан үстемдік құрып келген әлеуметтік 

(буржуазия, бай, кулак, ж.б.) күштерге 

және патриоттық ұстанымдағы ұлттың бел-

сенді тұлғаларына қарсы бағытталған 

заңдық негізі күмәнді, шектен асқан зорлық 

пен қиянатқа толы шаралар болғандығын 

айғақтап отыр. 

Билікті сталиндік басқарушы топтың 

курсымен келіспеген саяси «элементтер-

ден» (сталиндік емес) «тазарту» шаралары 

оларды басқа ұстанымдағы, яғни жастау, 

білімдірек, саяси және идеологиялық тұр-

ғыдан айтқанға көнгіш элитамен ауыс-

тырумен аяқталды. «Әлеуметтік тұрғыдан 

зиянды» бай-кулактарды жою шаралары 

қоғамды экономикалық және кәсіпкерлік 

белсенділігі жоғары тұлғалардан айырды, 

ал үзіліссіз жүргізілген «ұлтшылдармен» 

күрес науқандары ұлтсыздануға, ұлттық 

нигилизмге жол ашты. 

ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН 

САЯСИ РЕПРЕССИЯ САЯСАТЫН 

АРНАЙЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ӘРІ 

ТЕРЕҢ ЗЕРТТЕУ ІСІ ӘЛІ ҚОЛҒА 

АЛЫНҒАН ЖОҚ

– Қазіргі кезде күрделі тақырып – 

саяси репрессия мәселесін жүйелі 

зерттеуге мемлекет тарапынан ынта-

ықылас, қолдау бар ма? Қазақстан 

ауқымындағы жалпы саяси репрессия 

тарихын қандай кезеңдерге бөлуге 

болар еді? 

– Қазақстанда жүргізілген саяси 

репрессия саясатын арнайы жан-жақты әрі 

терең зерттеу ісі әлі қолға алынған жоқ. Бұл 

үшін жабулы жатқан мұрағаттық қорларды 

зерттеуші ғалымдардың қолына беру 

қажет. Сонда ғана, мәселен, ресейлік дең-

гейдегі зерттеу жұмыстарына қол жеткізе 

аламыз. Ресейде бұл тақырыпты арнайы 

мемлекеттік тапсырыстар беру арқылы 

талдауға алу жолға қойылған. Мақсатты 

және бағдарламалық негізге қойылған бұл 

шаруа өз нәтижесін беруде. Бізде әлі 

«әліптің артын бағу» ұстанымы басымдылық 

алып келе жатқан сияқты. Дегенмен қолда 

бар азын-аулақ құжаттық материалдарға 

сүйене отырып, елімізде жүрген репрес-

сияның мынадай кезеңдерін бағамдауға 

болады. 

Бірінші кезең (1918-1920 ж.ж.) ша-

мамен революция және азамат соғысы 

жылдарын қамтиды. Репрессиялық шара-

лар большевиктер партиясы орнатқан 

саяси жүйеге қарсы шыққан экономикалық 

тұр ғыдан үстем таптарға, сондай-ақ кеңес-

тік емес, ұлттық негіздегі мемлекеттік құ-

рылымды талап етуші азаттық ұстаным дағы 

күштерге бағытталды. 

Екінші кезең шамамен 1923 жылдан, 

яғни И.Сталиннің жоғары билікке келген 

мезгілінен басталып, 1932 жылмен аяқ-

талады. Бұл кезеңде бұдан бұрын да жүр-

гізілген репрессиялық шаралар өз жалғасын 

тапты. Дегенмен бұл кезеңнің мынадай 

ерекшеліктері байқалды. Мәселен, бай-

кулактарды тап ретінде жою билік тара-

пынан мақсатты түрде жүргізілген шаралар 

арқылы осы мезгілде біржола аяқталды. 

Қазақстанда басталып, Мәскеуде аяқталған 

екі бірдей сот процестері нәтижесінде 

сталиндік басшылықтың Қазақ ұлт-азаттық 

қозғалысының басшылары және бел-

сенділерімен «есеп айырысу» ісі аяқталды. 

Осы жылдары мемлекеттік аппаратта, 

партия қатарында жүргізілген кадрлық 

«тазартулар» басқарушы элитаның «жаңа 

генерациясының» билікке келуін қам-

тамасыз етті. 1920-шы жылдардың соңы 

және 1930-шы жылдардың басында 

жүргізілген сот процестерінде тергеушілер 

ұлттық саяси элитаның шетелдік эмигра-

цияға кеткен М.Шоқай және З.У. Тоған 

сияқты саяси тұлғалармен, басма шылар 

қозғалысымен өзара байланысын анық-

тауға көп күш жұмсады. Бұл фактілер им-

периялық орталықтың өзінің ұлт істерінде 

жүргізіп отырған саясатының әділетсіз 

екендігін іштей сезінуінің бір көрінісі еді.

Үшінші кезең шамамен 1933 жылдан 

басталып, 1937-1938 жылдары өзінің ша-

рық тау шегіне жетті. Құжаттық мәліметтер 

ОГПУ орындарының 1933 жылы Қазақ-

станда оннан астам «контрреволюциялық 

ұлттық ұйымдарды» әшкерелеп, жой ған-

дығы жөнінде мәлімет береді. Олар дың 

арасында, мәселен, Алматы және басқа 

қалалардағы Ы.Мұстамбаев бас 

қарған 


«Түріктердің халық партиясы» (бұл іс 

бойынша 12 адам сотталған), Оңтүстік 

Қазақстан облысы Қармақшы ауданындағы 

(қазіргі Қызылорда облысындағы) «Қызыл 

кедей» ауылында 53 адамнан тұрған (бұл 

іс бойынша бес адам атылып, 48-і сот-

талған), «Қарағандыкөмір» тресіндегі 12 

адамнан тұрған Н.Кодаленко бастаған 

(бәрі де сотталған), Оңтүстік Қазақстан 

облысы Әулие Ата ауданында 21 адамнан 

тұрған (бәрі де түрлі мерзімге сотталған) 

және басқа халық шаруашылығына 

«қаскүнемдік» жасаушы топтар бар-тын. 

Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, бұл 

«контрреволюциялық» ұлттық ұйымдар 

есебінде «әшкереленген» топтардың қа-

лыптасу барысын, бағыт-бағдарын (жарғы, 

бағдарлама), нақты қызметін айғақтайтын 

құжаттық материалдар, әрине, мүлдем 

жоқ-тын. Тергеу ісінде қатталған материал-

дар, негізінен, тұтқынға алу ордерлерінен, 

тергеу хаттамаларынан, айыптау қоры-

тындыларынан, сондай-ақ тұтқындардың 

арыз-тілектерінен құралған. Басқаша 

айтқанда, тергеу істерінде саяси тұтқын-

дарды айыптауға негіз боларлық «дәлел 

материалдар» тергеу барысында оларға 

жасалған адам жаны төзгісіз түрлі қиянат-

тардан соң алынған «көрсетулер» ғана еді. 

Сондай-ақ бұл «көрсетулер» алғашқы тер-

геуде емес, тұтқындардың абақты каме-

расында айлап-жылдап көрген түрлі зор-

лық-зомбылығынан соң алынған «фак-

тісы мақтар» болатын. Сонымен бірге үшін-

ші кезеңге тән мынадай бір ерекшелікті 

айта кеткен жөн. Егер екінші кезеңде тер-

геушілер қоғамнан социалистік құрылысқа 

қарсы зиянкестік әрекеттерді жүргізуші 

«элементтерді» неғұрлым көбірек тауып, 

өздеріне жүктелген жоспарды асыра орын-

дауға тырысса, ендігі уақытта тұтқын дар-

дың арасынан шетелдік, негізінен, Герма-

ния мен Жапония сияқты мем ле кеттердің 

кеңестік қоғамдағы «агент терін» көбірек 

табуға күш салды. Өйткені Екінші дүние-

жүзілік соғыс жақындап келе жатты. Кеңес-

тік бақылау орындары қазақ сияқты ұлт-

тарға капиталистік мемлекеттердің «агент-

тер» жасақтайтын базасы есебінде қарады. 

Бұл да метраполиялық орталықтарға тән 

мінез-тін. Аз халықтарға жасаған қиянаты 

оларға еш уақытта ішкі тыныштық пен 

сенімділік берген емес. 

Төртінші кезең соғыстан кейінгі мезгілге, 

яғни 1940-шы жылдардың соңы, 1950-ші 

жылдардың басына тән. Бұл жыл 

дары 

саяси репрессия құрбаны болған саяси 



элита немесе халық шаруашылығына 

зиянкестік пиғылдағы «элементтер» емес, 

соғыс жылдары белсенді шығармашылық 

қызметі арқылы патриоттық ұстанымын 

ашық білдірген ғалымдар мен ақын-жазу-

шылар еді (Е. Бекмаханов, Б.Сүлей менов, 

Е.Исмайылов, Ш.Әбенов ж.б.). Кеңестік 

билік жүргізген саяси репрессиялар бары-

сында қиянатты тек жеке тұлғалар ғана 

көрген жоқ, сонымен бірге әділетсіздік оғы 

ресми идеология ұстанымына қайшы ке-

летін идеяларға да жұмсалды. 1943 жылы 

мәскеулік және жергілікті ғалымдар мен 

жазушылардың ортақ еңбегі «История 

Казахской ССР с древнейших времен до 

наших дней» атты кітабы жарық көрді. 

Кітапта патшалық биліктің Қазақстанды 

отар лау және қазақ қоғамын орыстандыру 

саясаты тиянақты түрде талдауға алынып, 

бұл әрекетке жауап ретінде көрінген қазақ 

халқының өз тәуелсіздігі үшін күресіне, 

түрлі аймақтарда жүрген аза 

маттық 

қарсылыққа жеке тараулар арналды. 



Ұлттық қоғамдық ойдағы «Зар заман» 

ағымына тиесілі көңіл аударылды. Осының 

бәрі Мәскеудегі ұлыдержавалық ұстаным-

дағы ортада «бұл қазақ деген қандай 

«таңдаулы халық» (избранный богом 

народ) еді» деген пікір тудырды. Кітап тез 

арада айналымнан алынып таста лынды.

Саяси репрессияның кезеңдері жөнінде 

айтқанда, әрине, оның 1985-1991 ж.ж. 

жүргізілген соңғы кезеңін атамау әділет-

сіздік болар еді. Бұл кезеңде орталық билік 

өзінің бастапқы жолына қайта оралды, 

яғни 1980-ші жылдары бой көтерген қазақ 

«ұлтшылдығы» үшін кінәні тағы да Д.А. 

Қонаев басында тұрған саяси басқарушы 

топқа артуға даяр екендігін көрсетті. «Қазақ 

ісі» («Казахское дело») деген атпен жүрген 

сот процестері соның көрінісі еді. Нағыз 

репрессиялық шаралар 1986 жылғы Жел-

тоқ 


сан көтерілісіне қатынасқан қазақ 

жастарына да байланысты жүргізілді. Жел-

тоқсан көтерілісі кеңестік биліктің терең 

жүйелік дағдарыста екендігін анық көр-

сетумен бірге, перманентті репрес сиялық 

шараларсыз бұл биліктің өмір сүре ал-

майтындығын да байқатты. 

ТАРИХИ ШЫНДЫҚ 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ, ҚОҒАМДЫ, 

БИЛІКТІ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

– Өзге мемлекеттер саяси қуғын-

сүргін мен аштық құрбандарын егжей-

тегжейлі зерттеп, том-том еңбектер 

жариялап үлгерді. Ресейдің өзінде 

қуғын- сүргін тарихын зерттеу ісі 20-30 

жылдан бері іргелі де мақсатты зерттеу 

обьектісіне айналған. «РОССПЭН» және 

«Алгоритм» сияқты баспа орындары 

том-томдап кітаптар шығарудан тан-

бай келеді. Репрессия тарихына қа-

тысты әртүрлі ұстанымдағы пікір лерге 

толық мүмкіндік беріліп қана қоймай, 

көп елдер батыл түрде мем 

лекеттік 

ұстанымын білдіріп, саяси баға беріп, 

айыптап жатыр. Бізде репрессия 

мәселесін жүйелі түрде зерттеу үшін не 

істеу керек? 

– Өте орынды сұрақ. Тарихи шындық 

жеке тұлғаны, қоғамды, билікті тәрбие-

лейді. Шындық айтылмаса, түрлі әділет-

сіздіктерге жол ашылады. Ресей қоғамы 

осы ойды түсінгендіктен репрессия туралы 

шындықтың айтылғанын қалап отыр. Біздің 

де осы ұстанымда болғанымыз жөн. 

Репрессия туралы шындық, біріншіден, 

қоғамдық және ұлттық сананы бүгінгі мем-

лекеттік дербес өркендеуімізге сәйкес-

тендіру үшін (модернизация) қажет. Қоғам, 

әсіресе, жас ұрпақ біздің қандай терең 

рухани дағдарыс және құлдыраудан шығу 

жолында тұрғанымызды дұрыс түсінуге 

тиіс. ХХ ғасырдың басында жаңғыру, өсіп-

өну жолына түскен қазақ ұлты қандай 

себептерге байланысты жантүршігерлік 

трагедияларды басынан кешірді. Алғашқы 

және екінші буын ұлттық басқарушы топтың 

және шығармашылықтағы зиялылардың 

түгелдей дерлік репрессия құрбаны бол-

ғаны, солармен бірге ұлттық идеяның да 

қуғын-сүргінге ұшырап, жеңіліс табуы, бұл 

– жеңіл-желпі нәрсе емес. Меніңше, ХХ 

ғасырдағы қуғын-сүргін, аштық және басқа 

жалпыұлттық трагедияны айғақтайтын 

тақырыптар арнайы мемлекеттік тапсырыс 

негізінде іргелі зерттеу объектісіне айналуға 

тиіс. Мемлекеттік-қоғамдық бағдарлама 

негізінде жұмыс жасайтын арнайы орталық 

немесе ғылыми топ құрылып, ол топ Пар-

ламент алдында есеп берсе, біраз шаруа 

атқарылған болар еді. Ондай күнді өз 

басым армандаймын. Осы деңгейде жүр-

гізілген жұмыс өткен аға ұрпақтар алдында 

берген есебіміз де болар еді. Ал әзірге осы 

мазмұнда жасалған әрекеттерден көңілге 

қонымды нәтиже шықпай тұр.

– Жалпы, тарих ғылымында осы 

күрделі тақырыпты зерттеуде қандай 

да бір кедергілер бар ма? ҰҚК мұ-

рағаттарындағы шаң басқан құпия 

құжаттарға қол жеткізу қиындық 

туғызып отырған жоқ па? 

– Мен Қазақстан тарихшылары қауым-

дастығы атынан, міне, бірнеше жылдан 

бері еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті 

басшылығының атына хат жазып, Алаш 

қозғалысы қайраткерлері мен белсенділері 

үстінен жүргізілген сот процестері ма-

териал дарын көптомдық түрінде даярлау 

үшін осы мекеменің мұрағат қорларындағы 

құжаттық материалдардың көшірмесін 

алуға рұқсат сұрап келемін. Шынын айту 

керек, комитет басшылығы мұрағат 

материалдарымен жұмыс істеуге рұқсат 

берді. Ол үшін рақмет! Дегенмен көп-

томдыққа енуге тиіс материалдардың бәрін 

қолмен көшіріп отыруға біраз уақыт және 

күш керек. Бір-екі адам ол шаруаны атқара 

алмайды. Ал мұрағат қызметкерлері 

жоғарғы басшылықтан рұқсаттың жоқ-

тығын айтып, құжаттардың көшірмесін 

бермейді. 

Осы ретте мынадай жағдайды айтуға 

тиістімін. Біз сұрап отырған мазмұндағы 

материалдарды Ресей зерттеушілері 

баяғыда-ақ жариялап қой 

ған. Толық 

заңдық негізде. Ондай заңдық актілер 

біздің елде де қабылданған. Мәселен, 

Закон Республики Казахстан «О госу-

дарственных секретах». Алматы, 2009. 24 

с. Өкінішке қарай, Ұлттық қауіпсіздік 

комитетіндегі мұрағат қорларына жауапты 

басшылар қабылданған заңдық актілерге 

назар аударатын емес. 

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағ дар-

ламасы бойынша Үкіметтің 2009 жылғы 

16 ақпанда (№ 158 қаулысымен) бекіткен 

іс-шаралар жоспарында «Алаш қозғалысы: 



алаштықтарға жасалған сот процестерінің 

материалдар жинағы» (3-том) және «Қа-

зақстандағы 1920–1950 жылдардағы 

саяси репрессиялар» (3-том) атты көп-

томдықты даярлап, баспадан шығару 

белгіленген. Осы көптомдық екінші жылы 

тендерге шығарылып келеді. Бір қызығы 

сол, бұл кітаптарды баспадан шығаруға 

қаржы бөлінеді де, ал оларды мұрағаттан 

тауып, ғылыми басылым ретінде даярлау 

(табылған құжаттарды оқу және 

сұрыптаудан өткізу, компьютерлік мәтінін 

даярлау, ғылыми-анықтамалық аппаратын 

жазу, т.б.) ісіне жұмсалатын қаржы 

қарастырылмайды.

Япыр-ау, әуелде кітаптарды даярлап 

алу, яғни ғалымдардың жұмысын қаржы-

ландыру қажет емес пе?

Өткен жылы Қазақстан Республикасы 

Орталық мемлекеттік мұрағатында респуб-

ликалық «Әділет тарихи-ағарту қо ғамы-

ның» және «Қазақстан тарихшылары 

қауым дастығының»  ұйымдастыруымен 

«Қазақстандағы сталинизм» тақырыбында 

ғылыми конференция болып өтті. Осы 

сияқты бірлі-жарым ғылыми жиындар 

өткізу арқылы мұндай ауқымды мәселені 

еңсеру, әрине, мүмкін емес.

Міне, осы келтірілген фактілер біздің 

саяси репрессия тарихына қатысты көп-

томдық құжаттық материалдар даярлау-

дан, сондай-ақ іргелі ғылыми-зерттеулер 

жүргізу ісінен алыс тұрғандығымызды 

байқатса керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет