Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Нұрлан ерімбетов



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата31.01.2017
өлшемі3,64 Mb.
#3072
  1   2   3   4   5   6   7

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, 

саясаттанушы:

– Қазір 90 жастағы кемпір 

зей  нетақысынан құрап, өзіне үш 

қабатты үй сатып алады екен, ал 

18 жастағы бозбала үнемдеген 

ақ  шасына «Порше» джип сатып 

ала  ды. 

(Табыс декларациясын 

жариялау қажеттігі жөнінде 

айтқаны. www.time.kz сайтынан)

№92 (544) 

31 мамыр

сейсенбі


2011 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

2-бет

3-бет

4-бет

Көмусіз қалған 

арыстарымыз 

экспедицияны күтіп жатыр

Қуғын-сүргін 

құрбандарына арналған 

мемориалдық кешендер 

неге жоқ?

Саяси қуғын-сүргіннен 

зардап шеккендерге 

берілетін өтемақыны 

өсіру керек пе? 

АҚТ

АҢДАҚ 


ДАТ!

6-б

етте

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ:

Жалпыхалықтық 

қасіретті естен 

шығару қоғамның 

өзі үшін де қауіпті

ЖЕЛТ


ОҚСАН – 25 ЖЫЛ

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

145,34

207,60

5,18

22,42

1,41

12441,58

1863,96

1617,38

114,93

1536,2

ОЙ-КӨКПАР 



Қуғын-сүргін ақиқатының толық ашылмауы тарихымызға енжарлығымыздан емес пе? 

ИӘ

– Негізі, қуғын-сүргінге байла-

нысты зерттеу еңбектер жазылып, бұл 

тақырыпта деректі, көркем фильмдер де 

түсіріліп жатыр. Яғни бұл арада мәселе 

басқада. Бізде Алаш зиялыларының 

қазақ ұлтын еңселі ел, іргелі мемлекет 

етіп қалыптастыру жолындағы айтулы іс-

терін, мақсат-мұратын әйгілеп көрсетуге 

деген енжарлық бар, дәлірек айтқанда, 

ынта-ықылас жоқ. Бұл, әсіресе, билік 

тарапына қатысты ма деймін. Әйтпесе 

бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп көрсететіндей 

қаншама игілікті істер бар. Мәселен, 

бір ғана Ахаңның өлермендігі болмаса, 

Қостанай облысы да кезіндегі Орынбор, 

Омбы тағы басқалары сияқты басқаның 

иелігінде кететін еді. 



3-бетте

Смағұл ЕЛУБАЙ, 

жазушы: 

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, 

журналист: 

Ұлтымызды үлкен зұлматқа душар еткен сталин-

дік репрессия жөнінде білу және оны жадында ұстау 

бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін аса маңызды. 

Қуғын-сүргін жалыны сол тұстағы әрбір отбасын 

шарпыды, еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін 

сталиндік қызыл қырғынның азабын арқалауға, ел 

ішін жаппай жайлаған қайғы-қасірет пен үрейді 

жан-жүрегімен сезінуге мәжбүр етті. Осы тұрғыдан 

алғанда, қуғын-сүргін нәубетін жалпыұлттық, 

жалпыхалықтық деңгейде ашып көрсету, жан-жақты 

саралап, салмақтау аса қажет. Ендеше, бұл істе біз 

қаншалықты қайрат таныта алдық? Қуғын-сүргін 

ақиқаты толық ашылды ма? Көп шындықтың әлі де 

жабулы күйінде қалып келе жатқандығы тарихымызға 

енжарлығымыздан емес пе?

ЖОҚ

– Жалпы, өткен ғасырдың басында 

халқымыздың басынан кешкен нәу-

бетті жылдары жөнінде Т.Омарбеков, 

М.Қой  гелдиев,  Б.Қойшыбаев  сияқты 

басқа да бірқатар тарихшылар, жа-

зушылар зерттеулер жүргізіп, құнды 

мәліметтердің бетін ашты. Яғни ол 

тарихқа көңіл бөлмей отырмыз, ұмы-

тып кеттік деп айта алмаймыз. Бір ақ 

соған қарамастан, біз қазақ тари хын-

дағы үлкен саяси апатқа күні бүгінге 

де йін лайықты баға бере алмай ке ле 

жатырмыз. Бұған, біріншіден, құжат-

тар дың толық ашылмауы, екіншіден, 

Компартияның тарих алдында еш-

қашан ақталмайтын қылмысын мық-

тап жасыруы себепкер болды. 



Гүлнар МІРЖАҚЫПҚЫЗЫ: 

 – 1936 жылы мен студент едім, демалыс 

үйіне барғанымда бірде Телжан Шонанұлының 

жұбайы Шахзада апайды көргенім бар. Бір 

көрмекке керемет сұлу, өзі оқыған, білімді, Халық 

комиссариатында қызмет істейтін апай да сол 

жерде демалып жатса керек. Мені көргеннен 

жанына жақын тұтқан сол кісі бір күні: «Жүр, 

екеуміз саяхат жасайық», – деді. Сол серуенде 

екеуміз тау басына шықтық. Әлден уақытта үлкен 

бір жартастың жанына жете бергенімізде, 

Шахзада апай жартасқа сүйеніп тұрды да, бір 

керемет өлеңдерді бірінен соң бірін оқуға көшті. 

Таңдана қарап қалған маған кенет: «Бұл сенің 

әкең жазған «Бақытсыз Жамалда» жазылған 

өлеңдер емес пе?» – деді. Сөйтіп, мен «Бақытсыз 

Жамалды» бірінші рет Шахзада Шонанованың 

аузынан естідім...

Ату жазасына 

кесілген жалғыз 

қазақ қызы кім?

«Е-е, Шұға десе, Шұға еді-ау...» деген 

күрсініспен басталатын Бейімбет Майлиннің 

«Шұға» әңгімесін оқымаған жұрт жоқ шығар. 

Сол секілді есімін күрсініспен еске алатын 

қазақтың қыршын ғұмыр бір қызы бар – 

Шахзада Шонанова. Мен бұл есімді алғаш 

рет Алаш арысы Міржақып Дулатовтың қызы 

Гүлнар әжейдің аузынан естіген едім. 

Жалғасы 7-бетте 

Түрмеде қиылған некелер 

Қаймана қазақты қырып өткен ашар-

шы лық туралы айтылып та, жазы-

лып та келеді. Әйтсе де қолдан ұйым-

дастырылған нәубетке әлі де бірегей, 

ұлт тық деңгейдегі көзқарас қалыптасқан 

жоқ. Тауқымет тартып, тағдырлас болған 

Украина халқы ашаршылықтың қасақана 

ұйымдастырылғанын ашық айтып, бұл зұл-

мат ты кезеңді кеңестік билік тарапынан бол-

ған геноцидке балады. Дәлірек айтқанда, 

Виктор Ющенконың қамшының сабындай 

қысқа президенттік өкілеттілігі кезінде Ук-

раина Радасы ашаршылықты «геноцид» деп 

танитын заң жобасын қабылдаған болатын. 

Көзқарастың ұлттық деңгейде екеніне тағы 

бір дәлел – саяси жүйе ауысса да, билік басына 

өзге адам келсе де, украин халқы нәубетті жыл-

дарды ұмытпай, тарихи сананы жыл санап жаң-

ғыр тып келеді. Бұл елде жыл сайын зерттеулер 

жүр гізіледі. Биылғы жылы жергілікті «Рейтинг» 

әлеу  меттік тобы жүргізген сауалнама нәтижесі 

халық  тың 58 пайызынан астамы ашаршы лықты 

ген оцид деп білетінін көрсетті. Украина басынан 

өт керген ашаршылықты айтып, тарихи әділ ба-

ғасын алуға ниет та нытып келеді. Қазір бұрынғы 

пре 

зидент Вик 



тор Ющенко осы мәселеге тү-

бегейлі кі ріс кен. Украинаны мысал етуіміз бекер 

емес. Қазірдің өзінде халқының саны 46 млн-ға 

жуық бұл елдің ұлтшыл-патриот тары «егер ашар-

 шылық геноциді болмаған да, демография лық 

жағдайымыз әлдеқай да қуатты болар еді» дейді. 

Энциклопедиялық деректерде украин 

дар 


дың 

3-3,5 миллионы қырылғаны туралы мәлі мет тер 

бар. Ал отандық тарихшылар мен де мограф тар 

біздің елде 1919-1922 жылдар ара 

 

лығын 


да 

1 млн, ал 1931-1933 жылдары 2,4 млн адам ға 

де йін аштан қырылғаны туралы ай тады. 

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Жалғасы 2-бетте 

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің бүгінгі 25 жылдығында жадымызда 

мақтанышпен сақталатын әрі қазіргі жас ұрпақ үлгі тұтатын тағылым аз емес. 

Соның бірі – Желтоқсан шырғалаңында жазықсыз сотқа тартылып, отқа түсіп, 

итжеккенге айдалған сүйіктілерінің артынан іздеп барып, түрменің кермек дәмін 

бірге татысып, некелерін тар қапаста қиған қазақ қыздарының асқақ рухы. 

Әрине, мұндай жайттардың бас қа елдердің та-

ри хында кездес кенін білеміз. Дегенмен Ресей де ка-

бристерінің әйелдері ит тұм сығы өтпес, сұры сұсты, 

табиғаты суық Сібірдегі ерлерінің артынан ба  рып

ауыртпалығын бөліскені – бөлек әңгіме. Се 

бебі 

ғашық жі 



гіті әділетсіздіктің салдарынан сот 

та 


 

лып 


кетіп, әрі-сәрі күй кешкен, он екіде бір гүлі ашыл-

маған қазақ қыз 

дарының тағдыры тіптен басқа. 

Бұл жер 


дегі таңдау да өте қиын соқ 

қаны анық. 

Сүйген жігі 

тіне деген ің 

кәр 

ліктен бұрын махаббат 



пен ғадауат, ада лдық пен арамдық, ұят пен ар қатар 

шарпысып, қиын тү йін шешілген іспетті. Таңдау қате-

лес тірмепті. Кү ні кеше ешкімнің сөзіне қа рамастан, 

тек өздерінің ақы 

лына жүгінген аруларды бүгінде 

қалай мақтасақ та жарасады. 

Бес жылға сотталған ғашығы Ра сылхан Құдай-

бер геновті сонау Ресей дің қияндағы Чита қаласына 

іздеп барып қосылған Роза Арипова және үш жарым 

жылға сотталмай тұрғанда сөз байласқан Бақтыбек 

Иманқожаевпен Қызылжардағы түр 

 

меде некесін 



қиған Сапаргүл Құл дәулетова, ал төрт жылға сот -

та 


лып, жазасын Ресейде өткерген жолдасы Құр-

манғазы Айтмұрзаевтың жанын 

да болып, екінші 

ұлдарын түрмеде босанған Алма Ашықбаева және 

14 жылға сотталған сүйіктісі Жамбыл Тайжұмаев 

түрмеде отыр са да, оның ауылы – Жамбыл об лы-

сы, Жамбыл ауданы, «Пионер» кеңшарындағы 

Тай 


жұмаевтар әу 

ле 


тінің босағасына келін болып 

тү сіп, дәстүр бойынша бетін ашып, со с ын Жамбыл 

Тайжұмаевпен Қос та найдағы Құсмұрын түрмесінде 

неке сін қиған Шолпандар – өс келең ұр паққа шын 

мәнінде өнеге. Енді осы өнегені қысқаша өрнектеп 

көрсек.


РАСЫЛХАН МЕН РОЗА

Расылхан Омарұлы Құдайбергенов 1964 жылы 5 

сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге 

келген. Аудандағы мектеп-интернатты бітірген соң, 

Алматы кино техникумына оқуға түседі. Желтоқсан 

көтерілісі кезінде аталған оқу орнының ІІІ курсында 

оқып жүреді. Алаңға шығып, тоталитарлық жүйеге 

қарсылық білдіргені үшін бес жылға бас еркіндігінен 

айырылған. Кейіннен ақталды. Қазір Алматыда 

тұрады. Расылхан Құдайбергенов басқа 

ра 

тын 


«Азамат-құрылыс» компаниясы Жел тоқсанның 20 

жылдығына орай Алматы қаласындағы Желтоқсан 

және Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы «Тәуел сіз-

дік таңы» ескерткіш кешенін тұрғызған. Ол Желтоқсан 

кө терілісінен кейін қатты қысымға ұшырап, нақақ 

жазаланғанымен, еліміздің ертеңгі күндері бәрібір 

Тәуелсіздікке жеткізетіндігіне үміттенгендігін айтады. 

Әрі сол бір қиын-қыстау  шақта сүйген қызының 

қасынан табылып, жігер лендіргені «селкеу түскен 

көңілге сенім ұялатып, үлкен демеу болды» дейді 

ол.

– Желтоқсан менің жап-жас өмірімді мүлдем 



күтпеген әрі күрделі соқпаққа бұрып жіберіп, бұла 

тағ дырымды ылаңға түсіріп, тәлкекке ұшыратқаны-

мен, шүкір, мұқалта алмады. Ең бастысы – түбі әді-

леттіліктің салтанат құратындығына деген сенімімді 

жоғалтуға күші жетпеді, кемел келешекке деген 

үмітімді ұрлай алмады. Бұл жолда сол кездегі сүйген 

қызым, бүгінде аяулы жарым Розаның соншалықты 

қиындықтар мен көптеген кедергілерге қарамастан, 

қасымнан табылып, қазақ қыздарына тән қайсарлық 

танытып, кіршіксіз махаббатқа деген адалдығы мені 

сол бір тар жол, тайғақ кешуден адастырмай алып 

шықты десем, ешқандайда артық айтпаған болар 

едім.

1986 жылы ойымызда ештеңе жоқ, өзіммен бір 



курста оқитын сүйген қызым Роза Ариповамен отау 

құрмақ болып уағдаласып, әке-шешем келін түсіру 

қамымен дайындалып жатқан еді. Алайда Желтоқ-

сан аласапыраны – «байтал түгіл, бас қайғы» деген 

жағ дай бұл ойымызды кейінге шегергенімен, одан 

бас тартқыза алмады. Роза мені Читадағы түрмеге 

іздеп келіп, екеуміз сол жерде некемізді қидық. 

Жалғасы 3-бетте 

Суре


т Қазақс

тан Мемлек

еттік ор

талық мұр

а

ж

айынан алынды



Қазақстандағы ашаршылық 

нәубетін геноцид деп танымайынша, 

тарихи әділеттілік қалпына келе ме?

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№92 (544) 31.05.2011 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ТАРАЗЫ


Репрессияға ұшырағандардың балалары репрессия 

құрбандары болып саналады



Коммунистік саясат салдарынан саяси репрессияға ұшырағандардың 

балалары да саяси репрессия құрбандары болып санала ма? 

Әлімбай МАТАЖАНОВ, Қарағанды облысы

Психикалық мекемелерге бас бостан-

дығынан айырылып жабылған немесе 

мәж бүрлеу жұмыстарына жүктелген не-

гізсіз реп рессия тұлғалары саяси репрессия 

құр бандары  болып  саналады.

1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан 

Рес пуб ликасының «Бұқаралық саяси реп-

рес сия құрбандарын ақтау туралы» Заңына 

сәйкес, саяси репрессия құр бандарының 

сол сәтте жасы 18-ге жет пеген балалары 

да ата-ана қарауынсыз қал ғандықтан, сая-

си репрессия құр 

бан 


дары болып та-

былады.


Аталмыш заң бүгінгі күні Қазақстан 

Рес публикасы азаматы болып саналатын 

бұ рын ғы Кеңестер Одағы территориясында 

орныққан саяси репрессияның құрбан-

дарын ақтауға арналған.

МӘСЕЛЕ


ОЙТҮРТКІ

Екі елді салыстырып қарағанда, аш-

тықтан көз жұмғандардың саны бірдей 

болғанмен, жалпы халықтың санына 

шаққанда, қазақтың қасіреті ауыр тартады. 

1897 жылы Ресей империясы жүргізген 

са нақта қазақтардың жалпы саны 4 млн

 84 139 адам болған екен. Осы халық тың 

жартысынан көбі қырылып, аман қал ғаны 

атамекенін тастап кетуге мәжбүр болған. 

Осындай қасіретті кезеңдерді бас 

тан 


кешсек те, ашаршылыққа тарихи әділ 

бағасы берілмей келе жатқаны жасырын 

емес. Мысалы, бізде бірді-екілі қоғамдық 

ұйымдар болмаса, бұл мәселеге бас 

ауыртып жүрген жанды байқамайсыз. Ақ-

па рат құралдарында ауық-ауық айтылып 

қалғанымен, нәтиже жоқ. Жылына бір рет 

көктемнің соңғы күні айтып қана қоя 

салғаннан ештеңе шықпайтынына нақты 

мысал көп. Бір ғана ескерткіш мәселесінің 

өзі сиырқұйымшақтанып кеткеннен кейін, 

басқасынан қайыр күтудің өзі артықтау. 

Кез келген мәселе бойынша қоғамда талап 

болмаса, билік те мойнын бұрмайтыны 

саяси ғылымдағы аксиома десек болады.

Ал халық саны бойынша әлемде 28- 

орын алатын Украина ашаршылыққа деген 

шынайы көзқарасты қалайша ұлттық дең-

гейге көтере білді? Украинада республика-

лық, облыстық, қала берді аудан деңгейін-

де ашаршылықтың себеп-салдарын зерт-

теу мен айналысатын қауым бар. Олардың 

ақ 

параттық ресурстары да жоқ емес. 



Украинадағы аштық туралы шынайы де-

ректерді, фотосуреттерді біздегідей тек 

тарихшылар ғана емес, әрбір ынталы 

азамат біледі. Себебі арнайы интернет 

сайт тар да ашылған. Халық санасын мани-

пуляциялаудың ең жаңа, заманауи құралы 

– ғаламтордағы әлеуметтік желілер дейтін 

болсақ, бұл елде ашаршылық шындығы 

туралы «в контакте», facebook сияқты сайт-

тарда арнайы аккаунттармен жұмыс қызу 

жүргізіледі және әлеуметтік желілердегі 

қызу-пікірталастар мен ұсыныстар тиісті 

мін берлерден айтылады. Желілердегі қа-

уым 


дастыққа мүше жеке азаматтардың 

са 


ны да едәуір көп. «Анти-Голодомор-

Гено цид» атты фанклуб та тұрақты түрде 

жұ мыс іс тейді. Яғни қоғамда осы мәселені 

кө теруге де ген ынта бар. Қоғамдық пікір 

қалып тас қан. Тіпті Сталин бастаған КСРО 

көсемдеріне жергілікті сот шешім шығарып, 

айыптағаны да бар. Сондықтан да шығар, 

елдің ең жоғарғы заң шығарушы органы 

– Жоғарғы Рада «ашаршылық – геноцид» 

ұғымын білдіретін заң жобасын қабылдап, 

Біріккен Ұлттар Ұйымына Украинадағы 

ашар шы лық ты геноцид деп тану туралы 

ұсыныс жол да ған-ды. Егер елдің ішінен 

осындай ынта-жігер байқалса, сол елге 

сыйластықпен қа райтын сырт көз де сол 

елмен сана са тынына көз жеткіздік. Мы-

салы, украин дер дің осынау талабы халық-

аралық қауым дас тық мүшелерін де бей-

жай қалдырған жоқ. Әлде «Өзіңді-өзің 

сыйласаң, жат жанынан тү ңілер» дегенге 

келе ме, Украинадағы ашаршылықты 

әлемдегі беделді деген 28 мемлекет 

геноцид деп ресми түрде таныды. Олардың 

арасында Батыс және Шығыс Еуропа, 

Солтүстік Америка, Латын Амери 

касы, 


Австра лия құрлығындағы өркениетті, да -

мы ған мемлекеттер бар.



Кәмшат САТИЕВА

ДЕМОГРАФИЯ



Бүгінде қазақ

30 миллионға жетер еді, әттең...

Қазақ әдебиетінің тау тұлғасына ай нал-

ған Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақ пын 

мың өліп, мың тірілген» деп тебі ре не жыр-

лағанындай, біз талай-талай отар шылыққа 

тап болып, бодандықты бас тан өткізсек те, 

ғасырлар бойы көксеген, тәу еткен 

Тәуелсіздік байрағымызды қайт сек те көктен 

көрсетуге тырыстық, оған қол жет кіздік те. 

Ұлт-азаттық қозғалысының тео 

риялық 

негізін салушы Әлихан Бөкей 



ха 

новтың 


«Алаш 

тың баласы бұл жолы бол 

маса, 

жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет 



болар» деп нық сеніммен әрі көрегендікпен 

айтқан асыл арманы, әй теуір, орындалды. 

Бірақ тізгінді өз қо 

лы 


мыз 

ға алу оңайға 

соққан жоқ. Ақ білектің күшіне, ақ найзаның 

ұшына сыйынуға тура келді. Қаншамыз 

өліп, қаншамыз тентіреп кеттік. Тарихты 

түбінен қопармай-ақ, бері де гі ашаршылық 

пен саяси қуғын-сүргін ке зеңдерін алға 

тартсақ, қазақта адам шы ғы ны аз болып 

па?! «Ашаршылық пен саяси-қуғын сүргін 

құр бан дарын еске алу» күні аталып жатқан-

да бұл тақырып та өз алдына өзекті.

«Ашаршылық жылдары, – дейді сол 

кезеңге «Мешін жылғы демографиялық 

апат» деген атау беріп отырған белгілі де-

мо граф-ғалым Мақаш Тәтімов, – қазақ 1 

мил  лион 910 мың адамынан, яғни 42 па-

йы  зынан  айырылған».  Ғалымның  ай  туына 

қарағанда, жалпы, 1916-1945 жыл  дары 

қазақ 3 миллион 865 мың адам ға азайған. 

Ал саяси қуғын-сүргінге ұшы ра  ғандар саны 

100 мыңнан асса, соның 25 мы ңы атылып 

кеткен. Осылай иісі қазақ бау 

 

дай түсе 



жаздады. Осы тұста айта ке тейік, зұлмат 

пен зобалаңға дейінгі кезеңде қазақтың 

жалпы саны 5 миллионға жуық та ған екен. 

Нақтырақ айтсақ, елдің ішінде 4 миллион 

200 мыңдай болса, қалғаны сырт 

тағы 


қазақтар саны есебінен.

Қолдан жасалған жұт пен орны толмас 

опат обалын, әрине, қызыл империяның 

мой нына жүктейміз. Бұл – жала емес, ай ғақ. 

Тарихтың  наласына  қалғандар  қа зақ   тың 

мәйегін орып, жантағын қалдыр 

мақ 

қа 


тырысты. Әйтпесе Әлихан Бөкей ха нов, Мір-

жақып Дулатов, Жүсіпбек Ай мауы тов, Ахмет 

Байтұрсынов,  Сма ғұл  Сәдуа қас ов,  Мұхтар 

Әуезов сынды басқа да дара тұлғалы аза -

маттарымыз елдегі ашар шы лықпен күресіп 

жатқанда, қылышынан қан тамған дардың 

«ашаршылық туралы қауесетті та ратып жүр-

гендер – ұлтшылдар. Олар қара па йым шар-

уаның  мұң-мұқтажын  жоқ та ған сып,  еңбек-

шілердің назарын өз 

де 

ріне аудару үшін 



қасақана байбалам са лу да» деп салуларын 

басқаша қалай тү сінуге бо лар екен?

Мына бір тарихи дерек кім-кімді де ой-

лант пай қоймайды: 1897 жылы жүргізілген 

санақта өзбек 1 миллион 690 мыңды құ ра-

са, қазақ 4 миллионнан асқан. Енді тұп-тура 

жүз жылдан кейінгі статистикаға көз жү -

гіртейік: өзбек – 25 миллион, қазақ – 9 

мил лион. Демографиялық өсімнің әупі рім-

деп қалуына ашаршылық пен саяси қуғын-

сүргін кезіндегі өлім-жітім мен қызыл табан 

босқындықтың кері әсері аз ти ген жоқ. 

Егер «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ 

қал масын» саясаты жүргізілмегенде, қарға 

та мырлы қазақ шетелдерде тұрып жат қан-

дар мен қоса есептегенде, 30 миллионға 

жетуі ықтимал екен. Бұл – М.Тәтімовтің 

бол жамы. 



Мақаш ТӘТІМОВ, демограф ғалым:

– Дүниедегі ең қиыны, адам сана-

сын дағы тылсым күш – құлдық пси хо-

ло гиядан құтылу дейді ғой. Ғасырлап 

жоғалтқан өр кеуде мінезімізді, ел шіл-

дік, мемлекетшілдігімізді ондаған жыл-

да толықтай орнына келтіру мүмкін 

емес. Мен ылғи да қайталаудан жа лық-

паймын: бізге керегі – сан. Сан болса, 

сапа да, сана да өз орнын та 

ба 

ды 

(ғалымның «Елбасы және ел саны» кі-

табынан, авт.)

Ләззат БИЛАН

Жер шарын мекендеген әрбір ұлттың Ата Заңының «Ең басты байлық 

– адам, оның өмірі мен құқығы және бостандығы» деп басталуының мән-

мағынасы тереңде. Әр елдің ұлт болып қалыптасуы, оның түлеп-өркендеуі, 

керегесінің кең, терезесінің тең болуы халық санының өсіп-өнуінде.

Қазақстандағы ашаршылық нәубетін геноцид деп 

танымайынша, тарихи әділеттілік қалпына келе ме?

Қазақ даласына қасірет төндірген Голощекин кім болған? Қазақстанға келмей 

тұрып ол қандай қызметтер атқарған?

Мекен, Ақтөбе қаласы

Голощекин – жеті рет сотталған адам

Қазақты қынадай қырған Филипп 

Исаевич Голощекин (Шая Ицкович) 1876 

жылы 26 ақпанда (ескіше 10 наурызда) 

Витебск губерниясындағы Невель деген 

шағын қаладағы ұсақ буржуаға жататын 

отбасында дүниеге келген. Ол 1903 жылдан 

бастап саяси ұйымдармен етене араласа 

бастады. Небәрі алты жылдың ішінде жеті 

рет түрмеге отырып шығады. 1918 жылдың 

ақпанынан бастап Орал әскери комиссары 

болады. Сол жылы Орал облыстық кеңесінің 

құрамындағы солшыл революционерлер 

Романовтар билігін құруды талап етеді. 

Олардың қатарында Голощекин де болды. 

Осы кезде Орал облыстық кеңесінің шешімі 

бойынша 17 шілдеде Ипатьев үйін де қамал-

ған ІІ Николай патша атылды. Го ло щекин 

1929 жылдың сәуір-маусым ай 

ла 

рында 


Түркістан әскери-революциялық кеңесінің 

мүшесі, ал тамыздан бастап Че лябі губерния-

лық ревкомының төрағасы бол ған. 1920-22 

жылдары Башқұртстанда, Кос тромада түрлі 

шаруашылық қызметін ат қар ды. 1923 жыл-

дың қыркүйегінен Қа зан ға келгенге дейін 

Сама ра губерниялық ат қа ру комитетінің төр-

ағасы болып жұмыс іс те ді. Кейін Қазақ станға 

келе сала, Голо ще кин бірден өзінің жымысқы 

саясатын жал ғас тырды. Оның командалық-

әкімшіл 

ік жұмыс әдісі етек алып өрістей 

бастаған кезде республикалық қарсылық та 

көбейе бастады. Міне, осы тұста Голощекин 

оппо зи ция қанатын бірден қырқу үшін жаңа 

сая си бағытты дәлелдеп, Ста линге хат жол -

дайды. Көп ұзамай Сталин оның аран-

датушылық саясатына тоқтаусыз жол ашып 

бере ді. Міне, осы тұстан бастап Голощекин нің 

саясатына қарсы шыққандарға неше түр лі 

жала жабылып, ауыр жазалар қолда ны ла 

бастады. Алаш қайраткерлерінің со 

ңы 

на 


шам алып түсушілер көбейді. Елдегі жағ дай 

ауырлап, ашаршылықтың зарда бы нан ха-

лық тың үштен екі бөлігі қырылып қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет