биіктей беретініне сенемін.
– Енді өзіңіздің болашақ жоспар-
ларың ызбен бөліссеңіз.
келеді» деп жауап бермейтінім анық. Мен
бағыштар едім. Өйткені ғылым мен білім
да!» – деген болатын. Қазіргі кезде жас тар-
кіндіктер ашып берді. Осылайша отандық
ғылымда серпіліс пайда болды. Енді
жоспарлап отырмын. Мемлекетіміз бізге
кін дікті жасап жатыр. Жақын арада білі-
үшін құжаттарымды дайындап жүрмін.
– Біздің қоғам қазір көбінесе өнер
саласында жүрген әнші, биші, сықақ-
шы ларды «жұлдыз» деп қабылдайды.
Осы орайда, ғылым саласында нәти-
желі ғылыми еңбектер беретін із де-
нім
паз жандарды да өз саласының
жұл дыздары қатарына жатқызуға
болатын сияқты. Бұған қалай қарай-
сыз?
болатыны анық. Әртүрлі салада ғылымды
шына айналған ға лымдар бар. Ғылым ұлт
пақ тан-ұрпаққа мәңгі жасай бермек. «Ға-
шы раққа айналады. Сондықтан Тәуелсіз
дегім келеді.
– Әңгімеңізге рақмет. Ғылым жо-
лын дағы ізденістеріңізге табыс тілей-
мін.
Сұхбаттасқан Алмат ИСӘДІЛ
отыр. Онда әзірге қазба жұмыстарымен
айна лы суда. Бірінші кезекте алғашқы қа-
баты қазылуда. Қолға түскен құнды жә ді-
сөзсіз. Жұ мыс шылар саны да артатын бо-
лады. Әзірге өз еркімен келіп жұмыс істеп
жатқан ма ман дар да бар. Жергілікті тұр-
дарды шақырту да жос пар да бар. Әлкей
болмақ. Онда аспан асты музейі жа-
болады деген жоспар бар.
ды. Енді институттың іскерлік кеңістігі ұлғая
түспек. Оған Қ.И.Сәтбаев атындағы ЕИТИ-
қа сапары ықпал етті.
бас қару. АҚШ тәжірибесі» атты арнайы
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№187 (639)
21.10.2011 жыл,
жұма
www.alashainasy.kz
5
e-mail: info@alashainasy.kz
«Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап
бере алады. Сондықтан білім сапасы — елдің ертеңін айқындайтын, оның
бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала».
(Елбасының республика ұстаздарының жыл сайын атап өтілетін төл
мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты қабылдау барысындағы
құттықтау хатынан. 4 қазан, 2011).
ТӘУЕЛСІЗДІК АЙНАСЫ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Еліміздегі орта білім ошақтарының саны қанша?
Еліміздегі орта білім ошақтарының саны қанша және оларда қанша
жеткіншек білім алуда? Тағы менің білгім келгені, бүгінгі таңда еліміздің қанша
мектебі заман талабына сай жабдықталған?
Мелдехан ФАЗЫЛОВ, Жамбыл облысы
Білім және ғылым министрлігінің мәлі-
метінше, елімізде 7576 мемлекеттік күндізгі
жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді
екен. Онда 2,5 млн-ға жуық оқушы білім
алады. Мектептердің жалпы санының 64,6
пайызы – үлгілік, 35,4 пайызы ыңғайлас-
тырылған ғимараттарда орналасқан, 201
мектеп – апатты жағдайда. Мектептердің
37,4 пайызы тасымалданатын суды пайда-
ланады. 70 мектеп – үш ауысымда, бір мек-
теп төрт ауысымда жұмыс істейді. Мектеп-
тер дің 25,1 пайызы күрделі жөндеуді қажет
етеді. Республиканың негізгі және орта мек-
тепте рінің 47,4 пайызы жаңа үлгідегі физи-
ка кабинеттерімен, 13,2 пайызы – химия,
16,3 пайызы – биология, 46,7 пайызы лин-
га фон дық мультимедиалық кабинет термен
жаб дықталған. Әрбір бесінші мектепте ас-
ха на мен буфет жоқ. Мектеп асханалары
жаб дық тарының ескіруі 80 пайызы құрай-
ды. Мектептердің 26,4 пайызы спортзал-
дармен қамтылмаған.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Алаш айнасының» арнайы жобасы
Білім саласында бағындырған биіктер
Сөз жоқ, білім беруді дамыту оны
қаржыландыруға тікелей байланысты
екені анық. Осыған орай соңғы он жыл
көлемінде білім беруді дамытуға жұмсал-
ған қаржы он есеге артып, қаржыландыру
көлемі ЖІӨ-нің 4,2% пайызын құрап,
бірқатар еуропалық елдердің деңгейіне
жет ті. Ал биылғы жылы 2011-2015 жыл-
да ры білім саласын қаржыландыруға тек
республикалық бюджеттің өзінен бөлінетін
қаражат көлемі 461 миллиард теңгені құ-
ра
ды. Қосымша жергілікті бюджет пен
жеке секторлардан да қаражат тарту көзде-
луде.
Үдемелі дамудың даңғыл жолына түс-
кен Республикамызға заманауи ілімдерді
игерген мамандар қажет. Сапалы біліммен
сусындаған шәкірт тәрбиелеу – басты
мақ сат. TIMSS ұйымының халықаралық
салыстырмалы зерттеулеріне сүйенсек,
елі міз математика пәнінен мемлекеттер
арасында 5-орынға, жаратылыстану пән-
де рі бойынша 11-орынға көтерілген. Оқу-
шыларымыз халықаралық олимпиада лар-
да жүлделі орындардан көрініп, ел ай-
бынын асқақтатуда. Бұл Тәуелсіз ел оқу-
шыларының алған білімінің қандай дәре-
жеде екенін дәйектейтін мысал деуге бола-
ды. Ата Заңымызда көрсетілгендей, аза-
мат тардың білім алу құқығының мүлтіксіз
орындалуын қамтамасыз етіп, Мемлекет
басшысының ұлттың интеллектуалдық
әлеуетін дамыту жөніндегі бағдарының
іске асып жатқанының айғағы осы болса
керек.
Білімнің алтын ұясы саналатын оқу
ғима
раттарын салу жөніндегі Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 мектеп»
бағдарламасы шеңберінде елеулі істер
атқарылып, жүздеген мектеп пайдала-
нылуға берілді. Мәселен, 2004 жылы мек-
тептердегі орын тапшылығы 200 мыңнан
астам болса, бүгінде бұл көрсеткіш 100
мыңға төмендеп, екі есеге азайған. Еліміз-
дегі мектептердің заманауи жабдықтармен,
пәндік және интерактивті кабинеттермен
Ел мұратына сапалы
білім, орнықты ғылым,
білікті де білімді маман
арқылы жетуді көздеген
Елбасымыз Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарынан бастап
білім мен ғылым мәселесін
алдыңғы орынға қойды.
Заман талабы мен уақыт
өлшеміне сай қабылданған,
білімді дамытуға арналған
бағдарламалар мен жобалар
өз кезегінде оң нәтижелер
беріп, жыл өткен сайын білім
саласындағы жетістіктер
айқындалып келеді.
жабдықталуы да өсіп, 9 мыңға жуық соңғы
үлгідегі құрал-жабдықтар оқушылар мен
ұстаздардың қолданысына берілген. Бүгінгі
таңда еліміздің мектептерінің компьютер-
мен жабдықталу деңгейі 18 оқушыға 1
ком пьютерден келсе, дамыған елдердің
деңгейіндегі 1:1 сәйкестікке жету үшін
жарты миллион компьютер және 8 мыңнан
астам сервер алу қажеттігі туындап отыр.
Осы орайда қазіргі заманға сай мәтінді,
кескінді, әуенді, бейнені т.б. қамтитын
интерактивті оқыту, оқушылар мен ұстаз-
дар дың сапалы оқулықтар мен әдістемелік
ресурстарға, ал білім басшыларының
автоматтандырудың қазіргі заманғы желі-
лік құралдарына қол жеткізу мақсатында
нақты жұмыстар атқарылуда. Дамыған
елдердегідей білім сапасына қоса, оқушы-
ларға дер кезінде бағдар беріп, болашақ
өміріне жол сілтеу мақсатында 12 жылдық
білім беруге көшу жайы да бүгінгі таңда
бі лім саласының басты мақсатына айна-
лып, 2015-2020 жылдар аралығында
бар лық орта білім мекемелері 12 жылдық
оқу моделіне көшеді деп жоспарлануда.
Орта білім берудің қазақстандық жүйесін
жетілдіру үшін Назарбаевтың интеллектуал-
дық мектептерінің санын көбейте беру де
жолға қойылған. Ол білім ұясы арқылы
алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибе меңге-
рі
ліп, жаңа әдіснамалар әзірлеу мен
жинақталған білімді басқа да білім беру
ұйымдарына тарату дәстүрі қалыптасты-
рылуда. Әлемдік білім берудің сатысына
көтерілу мақсатында атқарылып жатқан
бұл істер алдағы уақытта білімді болашақ
арқылы нәтижесін көрсетеді деп күтілуде.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индек-
сіне қарайтын болсақ, еліміз жоғары білім-
ге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша
әлемде 51-орынға табан тіреп отыр. Жыл
сайын үш мыңға жуық қазақстандық жас-
тар Президенттің «Болашақ» бағдарла-
масы бойынша өркениет жолында келе
жатқан мемлекеттердің беделді универси-
тет терінде білім алу мүмкіндігіне ие болуда.
Бұл игілікті шараның жүзеге асып келе
жатқанына да Тәуелсіздікпен қатар 20
жыл ға жуықтап қалды. Атап айта кетер
жайт – болашақ жастарды шетелде оқыту
арқылы білімін көтеру бағдарламасы
әлем дік тәжірибеде некен-саяқ.
Білім сапасын көтеру мақсатында елі-
міз дегі маман даярлайтын ЖОО-лар да
сара
лаудан өтуде. Соның дәлелі ЖОО
әлем дік тәжірибеде кеңінен таралған кадр
даяр
лаудың үш деңгейлі моделіне:
бакалавр – магистр – философия докторы
(PhD) толығымен көшті. Және олар ұлттық
зерттеу университеттері, ұлттық жо ғары
оқу орындары, зерттеу университет тері,
университеттер, академиялар мен инс ти-
тут тар болып жіктелу арқылы ғылым мен
оқу процесінің біріге отырып дамуына жол
ашады деп күтілуде.
Білім беру сапасы ұстаздарға тікелей
байланысты. Осы орайда ел тарихында
бірінші рет мемлекеттік бағдарламаға
арнайы «Педагог мәртебесі» бөлімі қосыл-
ды. Осының аясында еңбекақы төлеудің
мүлдем жаңа моделі қолданысқа енгізіліп,
нәтижесінде 2015 жылға қарай педагог-
тар дың орташа еңбекақысы жеке сектор
жалақысының деңгейіне жеткізіледі деп
күтілуде.
Елбасы назарында тұрған тағы бір
мәселе – еліміздегі бүлдіршіндердің бала-
бақшамен қамтылуы. Ең алғаш Тәуелсіздік
алған жылдары қайта құруларға байланыс-
ты мектепке дейінгі мекемелердің 80 па-
йы зы жабылған еді. Кері кеткен бұл мәселе
былтырғы жылы қабылданған «Балапан»
мемлекеттік бағдарламасы аясында қар-
қын
ды түрде жақсарып келеді. Соның
дәлелі – соңғы бес жыл ішінде 4 мыңнан
астам балабақша мен шағын орталықтар
ашылып, балалардың балабақшамен қам-
тылуы 20 пайыздан 41 пайызға дейін өсті.
2020 жылға дейін балабақшаға мұқтаж-
дық 100 пайыз шешіледі деп күтілуде.
Бұл Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жыл
ішінде еліміздің білім саласында жеткен
жетістіктерінің бір парасы ғана. Әлемдегі
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына же-
ту ді көздеген еліміз бұл мақсатқа жетудің
бір жолы білім беруді жетілдіру деп біледі.
Осы орайда еліміз білім мен ғылым сала-
сында әлі талай жетістіктерге қол жеткізері
сөзсіз.
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ТҮЙДЕЙ ҚҰРДАС
«Қызылжардың өркендеуіне үлесімді қосамын!»
Алайда отбасындағы қуаныштың
еліміздің егемендік алған сәтімен тұспа-тұс
келуі ата-ана үшін жақсылықтың айрықша
нышаны екені ақиқат болды. Рассвет
селосындағы орта мектепті бітірген соң
Аман М.Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университетіне
грант негізінде оқуға түсті. Мамандығы –
бағдарламашы. Талаптың тұлпарын мінген
Аманның «Дискретті математика және
математикалық логика» атты ғылыми
мақа ласы Ресейде шығатын ғылыми басы-
лымдардың бірінде жарияланды. Интел-
лек туалды ойындардың жас шебері шах-
мат, дойбымен бірге футбол да ойнайды.
Бірақ қазір бос уақытының көбін тек қана
сабаққа жұмсайды. Келешекте бар білімі
мен кәсіби тәжірибесін Қызылжар өңірінің
өркендеуіне арнағысы келеді.
Аман БІРІМОВ, М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінің 3-курс студенті:
– Тәуелсіздік – біздің халықтың
қолы жеткен ең зор жетістік. Әрине, бұл
– Президентіміздің арқасы. Тәуелсіздік
бізге жаңа мүмкіндіктер берді. Қоғам-
дық өмірдің барлық саласының дамуы
үшін мүмкіндік ашылды. Бүгінде Астана
мен Алматы қалалары қарыштап даму
үстінде. Бірақ келешекте еліміздің басты
назарында осы екі қала ғана болып
қал мауы керек, орталықтан басқа өңір-
лерге де көңіл бөлінуі тиіс. Мен бола-
шақта өзімді жеке компанияның немесе
басқа да бір мекеменің менеджері
ретінде көремін. Өзімнің жеке кәсібім
болғанын қалаймын.
Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ
Аман Бірімов 1991 жылдың 16 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан
облы сы Қызылжар ауданы Семиполатное селосында дүниеге келді.
Ауыл дың қарапайым механизаторы мен мұғалімінің отбасында
болашақта ғы лым ға бейімі бар талапты бала өмірге келгенін ол кезде
ешкім сезген жоқ еді.
Кешегі күн
– бүгінгі тарих
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Индикатор
2010ж
2015ж
2020ж
Педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы
біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі
42%
47%
52%
Білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында
біліктілігін арттырған және қайта даярлаудан өткен
29%
50%
100%
Орта білім беру ұйымдарында электрондық оқу жүйесі
пайдаланылады
0%
50%
90%
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен
және оқытумен қамтамасыз ету
40% 1
шілдеде
73,5%
100%
2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге
асырылған
0
1,5,11
сыныптар
1-10-12
сыныптар
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі «Назарбаев зияткерлік
мектептері» жобасының шеңберіндегі мектептердің саны
6
20
20
Мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін
жағдайлар жасалған мектептердің үлесі
10%
30%
70%
ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды
бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен қамтылған және
жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі
68,5%
78%
80%
ЖОО-да мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектердің
ЖОО-ны бітіргеннен кейін бір жыл ішінде мамандығы бойынша
жұмысқа орналасқандардың үлесі
50%
78%
80%
Әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген
Қазақстанның ЖОО-ның саны
0
1
2
Халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық
институционалды аккредиттеуден өткен ЖОО-ның үлесі
16%
50%
65%
Отандық ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің
негізінде білім мен ғылымды кіріктіру жолымен инновациялық
қызметті жүзеге асыратын ЖОО-ның үлесі
0%
2%
5%
Бүгінгі таңда елімізде қанша жоғары оқу орны бар?
Кейінгі жылдары елімізде бірнеше жоғары оқу орындарының
жабылғанын білеміз. Осы орайда, менің білгім келгені, осы уақытқа
дейін қанша жоғары оқу орны жабылды? Бүгінгі таңда елімізде
қанша жоғары оқу орны бар?
Мейірхан РЫМБЕКОВ, Шығыс Қазақстан облысы
ҚР Білім және ғылым министрі
Бақытжан Жұмағұловтың сұхбаты-
нан:
– Қазақстан мемлекеттік емес сек-
торға кең жол ашты. Алайда оның
келең сіз тұстары болмай қоймады.
Жоғары оқу орындарының саны күрт
артып, білім сапасы төмендеді, халық
арасында «сәнге айналған» заңгер,
экономист мамандықтарымен шек-
телу үрдісі белең алды. 1992 жылы
жоғары оқу орындарының саны 60
болса, 2005 жылы 185-ке бір-ақ
көтерілді. Сөйтіп, саңырауқұлақша
көбейген ЖОО-лар енді өздерінің
практикалық тиімсіздігін көрсетті. Қа-
былданған шаралар нәтижесінде
148-ге дейін қысқартуға мүмкіндік
туды. Тексеріс көрсеткендей, біршама
жоғары оқу орындары талапқа сәйкес
келмейді. Сондықтан жекеменшік
қана емес, сонымен қатар мемлекеттік
жоғары оқу орындарына да қатаң
талап қойылады. Оларды аккредиттеу
жүйесі барынша күшейтіледі. 2012
жылдан бастап коммерциялық не
үкіметтік емес тәуелсіз аккредиттеу
агенттіктері жүргізетін болады. Олар
халықаралық стандарттар бойынша
әрекет етеді және уақыт өте келе
сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің
еуропалық тізіліміне енеді.
Алдағы уақытта да талапқа сай
болмаған жоғары оқу орындары
қысқартуға ұшырайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: