Республикалық студенттік ғылыми конференция «алматы бизнес, білім және мәдениет орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет31/32
Дата06.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7745
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
-құты-көйлек немесе кішкене қара көйлек; 
-қарапайым  аяқ-киім:  бант,  жылтыр  моншақ  сияқты  әрлеуіш  бөлшектері  жоқ  жайпақ 
туфлилар, жеңіл аяқ-киім және қарапайым етіктер; 
-танымал сауда белгілердің сапалы киімдердің болуы [ 2]. 
Минималдық  бейне  бөлшктерге  көңіл  аударту  арқылы,  бейтарап  таңдалған  киіммен 
өзінді қоршаған ортаға тиім көрсетумен сәнқойларды тартады. Жакет пен шалбардан тұратын 
жиынтықтар тек  жұмыс кимі ғана емес, сонымен қатар іскерлік шараларда дрес-код  түрінде 
пайдаланады. 
«Кэжуал»  (ағылшынща Casual) – XX ғасырда Еуропада пайда болған, ыңғайлылық пен 
тиімділікке басты көңіл аударылған офистік киімнің стилі. 
«Кэжуал»  стилін бірнеше түрі бар. Сонымен қатар, әйелдерге арналған офистік киімде 
«Business-casual»  (бизнес  кэжуал)  классика  мен  демократияшылдықтың  үйлесуімен 
сипатталады.    Костюмде  әртүрлі  маталар  қолданылуы  мүмкін,  мысалы,  еркін  қиысындағы 
және  батыл  түстік  гаммалардағы  тоқыма  мата.  Іскерлік  кэжуалда  алқымы  ашылған 
жейделерге, галстуктың болмауына, классикалық емес бөлшектерге (жапсырма қалталар, екі 
қатар  тігімдер)  рұқсат  берілген.  Business-casual  стилінде  пиджактың  ішінен  жемпірлер, 
пуловерлер, свитерлер киюге болады. 
соңғы бірнеше маусымда сафари стилі әйелдер арасында кең қолданылады. 
«Сафари»  стиліндегі  киімдер  экзотикалық  ноталармен  беріледі,  бұл  бейне  күнделікті 
өмірмен  жақсы  үйлесіп,  офистік  сәнге  айқын  ерекшелік  ендіреді.  «Сафари»  -  тәжірибелер 
үшін  үлкен  жәрдем,  осыған  байланысты  отаршыл  бейне  сән  әлемінде  алдыңғы  орындарды 
алып  отыр.  «Сафари»  стиліндегі  әйелдер  киімдері  сәнгерлердің  жаңашылдықтары  мен 
өңдеулеріне қарамастан, өзінің алғашқы бейнесін сақтап қалды. «Сафари» стиліндегі әйелдер 
киімдерін  құм  түстес  реңктер,  күңгірт  сарығыш  түстер  бойынша  оңайтануға  болады.  Бұл 
бағытта  ойнап  тұратын  жылтыр  маталарды  табу  күрделі,  көбіне  ашық  зығыр,  табиғи  қоңыр 
және  бәсендетілген  жасыл  түстерді  табуға  болады.  Сары  түстің  барлық  нұсқалары  кең 
тараған:  қыша,  қоңыр  қызғылт,  зәйтүн  түстес  реңктер.  Бір  сөзбен  айтқанда  сафари  стилін 
таңдаған  әйел  өзінің  киім-кешегіне  байсалды,  күңгірт  киімдерді  ендіреді.  «Сафари»  
стиліндегі киім үлгісі ерекше ережеге бағынады, ол ыңғайлылыққа және қарапайымдылыққа 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
191 
 
бағынады,  қарапайымдылық  сәнгерлік  шешімге  емес,  пішімге,  үлгіге,  тігіске,  матаға 
байланысты [ 3]. 
Іскерлік  стиль  қызмет  ететін  әйелдердің  арасында  танымал.  Бұл  классика,  бірақ  жыл 
сайын  сәнгерлер  мен  стилистер  киімнің  барлық  бағыттары  мен  стильдерінде  жаңалықтар 
ұсынып отыр. 2015-2016 жылдың іскер сәнін де назарсыз қалдырмады. 
Жилет – іскерлік гардеробтың ең маңызды бөлшегінің бірі. Бұл тізеге дейінгі қарындаш-
белдемше, қырлы шалбарлар мен түзу белдемшелер. 
Іскерлік стильдегі суық маусымдағы негізгі түстер – қара, сұр, қоңыр, ал көктемде – ақ 
және сары. Қызғылт, жасыл, көк сияқты айқын түстер де сәнді болып табылады.  
Кез  келген  компанияда  өзінің  дресс-коды  болады.  Мұндай  жағдайда  футляр-көйлектер 
жақсы келеді. Көйлектердің ұзындығы тізеге дейін немесе одан сәл жоғары болу керек. Ұзын 
көйлектерді сүйетін нәзік жандар өзі үшін ұзын футляр-көйлектерді таңдай алады. Ал көйлек 
тым қысқа болса ол өзінің әсемдігін жоғалтады. Қажетті ұзындықтағы футляр-көйлек силуэтті 
ұзартып  көрсетеді.  Әсіресе  сіздің  аяқтарыңызды  биік  өкшелі  туфлилер  сәндей  түседі.  Іскер 
әйелдердің  көйлектері  ашық  мойынды  және  жабық  болуы  да мүмкін.  Кейбір  көйлектер  жең 
мен  және  жеңсіз  шығарылады.Ол  жұмыс  орынға  байланысты.  Іскер  әйелдерге  арналған 
көйлектерді  әртүрлә  сәнді  жакеттермен,  жилеттермен  үйлестіріп  киюге  болады.  Жакеттің 
классикалық пішімін қатты өзгертпей-ақ, дизайнерлер жең бойынша жұмыс істеді. Шынтаққа 
дейін қайырылған жең әсері қолдың әдемілігін айқындап, көзге иықты кең етіп көрсете түседі 
(DKNY, Christian Gota, Paul Costelloe, Ralph Lauren). 
"Үште  төрт  "  ұзындықтағы    әсем  жең  (Dolce&Gabbana,  Y-3,  Tommy  Hilfiger)  –  көрікті 
әйел білектерін ашады, соның арқасында сіздің кейпіңіз жеңіл, әрі жаздық болып көрінеді [ 4]. 
Осыған  байланысты,  әйелдерге    арналған  офистік  киімін  таңдау  барысында      әр  түрлі 
стильде  орындалған  тігін  бұымдарды  кездестірсе  болады.  Ол  әр  тұтынушының    талғамына 
байланынысты. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Ахметова Г.Н.  «Киімнің дизайн негіздері», Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007 – 
48 бет. 
2.  Интернет жүйесі. www.  fashion.net  
3.  Интернет жүйесі. www.  ftv.com 
4.  Интернет жүйесі. www. newlook.com 
 
 
ӘӨЖ 687.016.5(574) 
 
КИІМДІ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ӘРЛЕУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ 
 
Мәуленбай Л.Ә. - «Дизайн» мамандығының 2 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., қауымд.профессор Ералиева М.Ж. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Қазіргі заманғы киімде ұлттық киімнің элементерін қолдану үшін, ең алдымен дәстүрлі 
ұлттық киімді зерттеу аса маңызды. Жалпы, кез-келген халықтың киімінің түрінен, тігісінен, 
оның  безендірілуінен  сол  елдің  тұрмысының  жай-күйі,  мәдениетінің  даму  дәрежесі 
байқалады.  
Қазақтың  ұлттық  киімінде  ерекше  орын  алатын  ою-өрнектердің  негізіне  әлемдегі 
қоршаған заттар, ғарыш әлемі, өсімдіктер дүниесі мен жан-жануарлар алынған. Соған сәйкес 
ою-өрнектер  жануар  тектес,  өсімдік  тектес,  ғарыштық,  геометриялық  болып  бөлінеді  және 
олардың негізгі мәнерлері 1-кестеде көрсетілген. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
192 
 
Олар бір-бірімен жеңіл байланысып кетеді, кейде олардың байланысқаны соншалықты, 
жалпы  сипатты  белгілерін  айыру  қиындық  туғызады.  Жалпы,  қол  өнерінде  кездесетін  ою-
өрнек үлгілері мен элементтерінің ғылымға белгілі атауы 200-ден асады екен.  
Дәстүрлі    тігін  тігу  тарихында  ою-өрнектерді  киім-кешекке  салу  әдістері  де  бірнеше 
болған. Атап айтқанда, ежелгі тайпалар өнерінде негізгі техника болып табылатын жапсырма 
(аппликация)  –  біртегіс  боялған  матаға  түрлі-түсті  мата  не  түстері  бір-біріне  қарама-қарсы 
маталар  арқылы  ою-өрнек  салу  амалы  қолданылған.  Бұл  әдіс  салтанатты  киімдерді 
безендіруде, күнделікті қамзол, шапанда жиі қолданылған [1]. 
Ерлер, әйелдер және балалар киімін әрлеуде маңызды орын алатын дәстүрлі әдістердің 
бірі – бұл кестелеу әдісі. Осы әдіс арқылы көйлектердің желбіршектері, етектері, қамзолдың 
шеттері  және  тақия,  кимешек  сияқты  бас  киімдер  безендірілген.  Әсіресе,  кимешектің  ойық 
тұсы түгелімен, желке тұсы әйелдің жас шамасына қарай кестеленген. Ерлер киімінде күдері 
мен жібектен жасалған шапандар, күдері дамбалдар, киіз қалпақтар кестеленген.  
Жалпы,  киімде  кестелеудің  екі  түрі  қолданылған:  баспа  кесте  және  жиі  қолданылатын 
біз  кесте.  Киім  түріне  қарай  жүн,  мақта,  көбінесе  жібек  жіптері  қолданылатын  кестелеу 
әдісіне  жекелеген  өрнек  мәнерін  тұтастай  кестелеу  тән.  Тұтастай  кестелеу  кезінде  біз 
кестемен әуелі өрнектің шеті кестеленіп, содан соң өрнек суреті тұтас жабылғанға дейін кесте 
қаз-қатар түсіп отырады. 
Жоғарыда  аталған  дәстүрлі  көркеми-сәндік  безендіру  әдістері  жаңа  заманғы  сәндік-
қолданбалы  өнерімізде  өздерінің  лайықты  орындарын  алып,  қолданылуда.  Ғылыми-
техникалық жетістіктердің көмегімен бұл әдістер арнайы техника арқылы жетілдіріліп, жаңа 
киім үлгілерін даярлауда пайдаланылады [2]. 
 
1-кесте - Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің негізгі мәнерлері 
 
Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің негізгі мәнерлері 
 
жануар тектес 
өсімдік тектес 
ғарыштық 
геометриялық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
193 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Джанибеков У.Д. Казахский костюм. – Алматы.: Онер, 1996.– 189 с. 
2.  Ералиева  М.Ж.  Қазіргі  заманғы  киімді  жобалауда  композиция          құралдарының 
тигізетін  әсерін  зерттеу  //халықаралық  ғыл.-тәж.  конф.  материалдары:  Халық 
тұтынатын  тауарлар  мен  тағамдық  өнімдердің  қауіпсіздігі  және  сапасы.    -  Алматы,  
АТУ, 2011.  - Б. 165-166. 
 
 
ӘӨЖ 687.016.5(574) 
 
ТІГІН ӨНДІРІСІНДЕ ӘЙЕЛДЕР КИІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ТАЛДАУ 
 
Туғанбай А.Т. - «Дизайн» мамандығының 2 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., қауымд.профессор Ералиева М.Ж. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Адамзат  мәдениетінің  негізгі  элементтерінің  бірі  болып  табылатын    киім  сәндік-
қолданбалы  өнердің    нысанына  айналып,  оның  дамуы  мен  қолданылуы  тұрмыс  және  еңбек 
талаптарына  тікелей  байланысты  болды.    Киімнің  пайда  болуы  адамның  қоршаған  ортаның 
жағымсыз  факторларынан  (суықтан,  ыстықтан,  жауын-шашыннан)  қорғануымен  және 
механикалық  зақымданудан  қорғалуымен  түсіндіріледі  [1].  Сондықтан,  тігін  өндірісінде 
дайындалатын  кез
-келген  киім  белгілі  бір  талаптарға  сай  болуы  қажет.  Жалпы,  киімге 
қойылатын талаптар екі топқа бөлінеді: тұтынушылық және өндірістік талаптар.  
Тұтынушылық талаптар – бұйымның адамға маңызды  сапа көрсеткіштері мен талаптар 
жиынтығы. Бұл талаптарға жататындар: 
-    гигиеналық  талаптар  –  адам  денсаулығын  сақтауға  бағытталған,  бұйымның  ауа  мен 
ылғал өткізгіштігі, кір жұқтырмаушылығы, су сіңіргіштігі және жылу сақтағыштығы; 
-  эксплуатациялық  талаптар  -  бұйымның  тағайындалу  мақсатына  сай  болуы,  бұйымды 
пайдалануда қыртыстануға, жарық әсеріне, химиялық тазартуға, жууға төзімділігі;  
-  эстетикалық  талаптар  –  үлгінің  композициялық  және  түстік  шешімдерінің 
үйлесімділігі, пішіннің сыртқы түрінің әсемдігі. 
Өндірістік  талаптар  –  бұйымның  құрылысын,  технологиялық  әдісін,  бұйымды 
дайындауға кететін шығын көрсеткіштерінің жиынтығы. Бұл талаптарға жататындар: 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
194 
 
-  құрылымның  стандарттық  және  унификациялық  талаптары  –  жобаланған  бұйым 
құрылымының  технологиясы  мен  құрылымның  сабақтастық  деңгейін  анықтайтын 
көрсеткіштер; 
-  технологиялық  талаптар  –  құрылым  мен  технологияның  жетілу  деңгейін,  және 
бұйымды дайындауға қажет еңбек пен материал шығынын анықтайтын көрсеткіштер; 
-  экономикалық  талаптар  –  бұйымды  пайдалану  кезінде  кеткен  тұтынушының 
шығындары, сонымен қоса жобалауға, технологиялық дайындалуға арналғанқа, пішуге және 
бұйымды өндіруге кеткен шығындарды анықтайтын көрсеткіштер [2].  
Бұйымның тұтынушылық талаптарының кешені әр түрлі факторларға байланысты, олай 
болса,  зерттеу  жұмысында  жобаланған  әйелдерге  арналған  жеңіл  көйлекке  қойылатын 
талаптардың    маңыздылық  дәрежесін  анықтау  қажеттілігі  туындайды.  Зерттеу  нәтижесінде 
эстетикалық,  гигиеналық,  технологиялық  және  экономикалық  талаптардың    маңыздылық 
дәрежесі анықталып, гистограмма құрылды (Сурет 1): 
 
Сурет  1  –  Әйелдерге  арналған  жеңіл  көйлекке  қойылатын  талаптардың  маңыздылық 
дәрежесі 
 
1-cуретте  көрсетілгендей  бұйымның  эстетикалық  көрсеткіштері  қолданылатын  матаға 
байланысты оның кескіні, үйлесімділігі, бөлшектерінің пішіні және түсі сән бағытына сәйкес 
келуі керек. Бұл шарт заманауи бағыт нормаларының көркемдік әрлеу және тұтынушылардың 
қабылдау заңдарына модель құру жолдары арқылы шешіледі.  
Тұтынушылардың  эстетикалық  талғамын  қанағаттандыру  үлгінің  көркемдік  шешімі 
және  қолданатын  маталармен  қамтамасыз  етеді.  Эргономикалық  талаптар,  яғни    киімнің 
жайлылығы және пайдалану  кезіндегі ыңғайлылығы «адам-бұйым-қоршаған орта» жүйесімен 
сипатталады.  Бұған  киімасты  қабатының  микроклиматын  анықтайтын  гигиеналық  талаптар 
жатады.      Әйел  көйлегі  үшін  температурасы  33
о
С,  қажетті  ылғалдылық  35-41%,  көмір 
қышқылы 0,07%, ауа қозғалысы кем дегенде 2,0м/с болуы керек.   
Салтанатты  жағдайдағы  киімдер  үшін  пайдалану  кезіндегі  қолдану  ыңғайлылығының 
маңыздылығы  төмен  болғанымен,  оны  өңдеу  технологиясының  маңыздылығы  жоғары. 
Ұсынылып  отырған  әйелдерге  арналған  жеңіл  көйлекті  дайындауда  қолданылатын  бамбук 
матасы  сапасы  жағынан  жоғары  көрсеткіштерге  ие,  бірақ  оны  алу  технологиясының 
қарапайымдылығы  нәтижесінде  оның  өзіндік  құны  төмен.  Осыған  байланысты,  бұйымға 
қойылатын экономикалық талаптардың маңыздылық дәрежесі төмен болып табылады. 
 
 
0
1
2
3
4
5
6
эстетикалық
гигиеналық
технологиялық
экономикалық

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
195 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Ералиева М.Ж. Тігін бұйымдарының технологиясы  І. Оқу құралы,  Алматы, ЕТУ, 2015, 
102б. ISBN 978-80-87966-35-8. 
2.  Кокеткин П.П. «Одежда: технология - техника, процессы - качество».  Справочник. - М., 
2001г. – 554с.          
 
 
ӘЙНЕКТЕ ФЬЮЗИНГ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ  
 
Нәжімедин Н.Е.- «Дизайн» мамандығының 3 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі –оқытушы Джексембаева М.З. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Шыны  адам  қасиеті  үшiн  пайдалы  кешен  -  биiк  эстетикалық  және  экологиялық 
көрсеткiштерге,  мөлдiрлiк  пен  химиялық  табандылыққа  және  функционалдық  құрылманың 
сенiмдiлiкке  қамтамасыз  ететiн  жеткiлiктi  берiктiкпен  ие  болады.  Шыныны  құрылыста  да    , 
техникада  да  ,  көркем  бұйымдар  да,  тағы  басқа  өнiмнiң  сувенирлерiн  өндiрiсінде  де  кең 
пайдаланады.  Көркем  шыныны  әрлендiруде  және  ескi  технологияларды  қайта  өркендеуге 
итермелеген,    интерьердi  безендiру,  жаңа  шешiмдердi  шыныдан  декоративтiк  -  көркем 
бұйымдарын  өндiрiсте  iздестiруге  қазiргi  уақытта  қызығушылық  едәуiр  өстi.Соның  бірі 
Витражды,  Фьюзинг технологияларында дайындау.  Фьюзинг - әйгiлi технологиялардың бірі, 
шыныны өңдеу үшiн пайдаланады. 
Фьюзинг  (ағылшынша  fusing  -  қыздыру,  балқыту,  пісіру)  -  бiрнеше  шынының 
элементтері мен  тілімдерін қыздырып, бiр бүтiн етіп қосу. Фьюзинга технологиясы шынының 
өңдеуiнiң  ең  ежелгi  әдiстемелерiнiң  бiрi    болып  көрiнедi.  Ол  Ежелгi  Египетте  пайда 
болған.Алғашқы  рет  осы  технологияны  1990  жылы  Германиядағы    қалалардың  бiрінде,  
қазiргi түрде, қолданған. 
Фьюзинг технологиясында жұмыс жасаудың негiзгi құрылғысы - арнайы балқыту, пісіру 
пеші болып табылады. Пештiң таңдауына барлық жауапкершiлiкпен құптау керек, өйткенi ол 
өнiм сапасына бағынышты болады.Ең жоғарғы температурадағы (800 градустың  төңірегінде, 
цельсиндің  жылуымен)  әр  түрлi  түстегі  шынының  тілімдері  және  бірқилы  тақтаға,  бiртұтас 
көлемде    арнайы  пеште  пісіріледі.  Бұл  реттегi  орындаудың  нұсқалары  әр  түрлi  бола  алады. 
Фьюзинг  пен  витраж  технологиясының  айырмашылығы:  Фьюзингте  арнайы  салып  алынған 
эскизге  әйнекті  бөлшектеп  қойып,  пешке  балқытса,    ал  витражда  әр  шынының  бөлшектерін 
балқытпай  бір-біріне  арнайы  құралдармен  жабыстырылып  жасалынады.  Пісіру  басқа 
технологиялардан маңызы мен артықшылықтарын салыстыру. 
Күрделi түс - тондық өткелдермен айқындалып, бейненi жасауға мүмкiндiктері: 
1.  Түрлi  фактураның  алуы  және  сурет  бұйымның  бет  жағындағы  бедерi,  шынының 
макроқұрылымының өзгерiсi оның безендiруi. 
2.  Шыны емес элементтердi бұйымдарды безендiрудiң кең мүмкiндiгi. 
3.  Пайдаланудың мүмкiндiгi, ұсақ және күрделi бөлшектер. 
4.  Бұйым  өте  берiк,  себебi  бөлшек  бiркелкi  негiзi  бар  араласуды  есебiнен 
сабақтастырылады. 
5.  Қарапайым жабдықты қолдану және қымбат емес материалдар. 
6.    Басқа технологиялары бар тiркестiң мүмкiндiгi. 
 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
196 
 
 
  
Қолданылатын  бұйымдар:    шыны  кескіш,  қысқыш  заг-заг,  әйнекті  морт  кескіші, 
стеклорез, шыны үшін желім. 
Істі жүргізу технологиясы: маңыздысы әйнекті балқыту пеші. Шебер электрондық пешті 
басқарумен  көбiнесе  электр  қондырғышын  пайдаланады.  Оларды  қыздыру  барысы 
бiрқалыпты , сонымен бiрге жоғарғы дәлдiктi қамтамасыз етедi және  мұндай пештер жұмыс 
жасау  кезеңінде  пештің  бетін  тығыздап  жабылады.    Өтпелi  желдерге  жол  бермеу  керек. 
Шыны  бойымен  күйдiруiнен    шыққаннан  кейін,  оның  шеттерiн  егеулеп,  қырнау  жұмысы 
жүргізіліп,   қалыпқа келтіреміз.       
Көмекшi  материалдары:  Керамоқағазы  дөңкейген  жерлерін  тегiстеуге  көмектеседi  . 
Керамоқағазының  артықшылығы  бірнеше  рет  қолдануға  болады  .  Желiм  -  негiзде 
айшықтаудың    жеке  элементтерiн  белгiлейдi.Қылдырық,  фольга  қағазы  және  тор  витражға 
ерекше сәндiк әсер береді, шыны композициясын тұлдайды, ал олар тағы бұйымды қатайтады. 
Ағаш пiшiндері шыныларды орнықтыру және қалыпқа келтіру үшiн қолданады.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Литой  витраж  в  архитектурной  среде  и  его  технология  [Текст]:  Методическая 
разработка / Сост. С.С. Медведев. - Ижевск: Издательство УдГУ, 2001.-30 с. 
2.  Повитков,  Г.Ф.  Строительное  стекло:  свойства  и  применение  [Текст].  В  2ч.,  4.2. 
Строительные изделия из стекла: Учеб. пособие / Г.Ф. Повитков, Ю.Г. Саксонова. - 
Саратов:  Издательство  Саратовского  государственного  технического  университета, 
2006. - 86с. 
3.  Гулоян,  Ю.А.  Твердение  стекла  при  формовании  (обзор)  [Текст]  /  Ю.А.  Гулоян  // 
Стекло и керамика. - 2004. - №11. - С. 3 - 8. 
 
 
УДК 7.071.Т 505 
 
ТВОРЧЕСКОЕ ВООБРАЖЕНИЕ ПРОМЫШЛЕННОГО ДИЗАЙНА  
 
Крекотень М.В.- студент 5 курса специальности«Дизайн»  
научный руководитель –ст. преподаватель Тогабаева Г.Ш. 
Евразийский технологический университет, г. Алматы 
 
Сегодня  главной  задачей  промышленного  дизайна  становится  рождение  потребностей, 
открытие новых направлений. Дизайн уже перестает быть проектированием окружающего нас 
предметного мира, его компетенции становятся существенно шире. Развитию промышленного 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
197 
 
дизайна в Казахстане будет способствовать государственная поддержка, которая заключается 
в  разработке  единой  промышленной  политики,  включающая  в  себя  создание  правовой 
системы  деятельности  в  сфере  промышленного  дизайна,  а  также  определение  общих 
тенденций и направлений в развитии данной отрасли в стране[1]. 
Поэтому  исходя  из  системного  похода  к  организации  как  к  открытой  системе, 
действующей  во  внешней  среде,  рассмотрим,  прежде  всего,  именно  влияние  факторов 
внешней  среды  на  производительность  и  эффективность  производственной  деятельности 
предприятия.  Для  анализа  можно  воспользоваться  опубликованными  результатами  анализа 
влияния  ряда  факторов  внешней  среды  на  производительность  в  американской 
промышленности,  начиная  с  70-х  годов  прошлого  столетия.  В  основном  эти  же  факторы 
внешней  среды  оказали  и  продолжают  оказывать  в  последние  годы  влияние  на 
производительность в промышленном комплексе РеспубликиКазахстан[2]. 
В  связи  с  этим  необходимы  исследования  в  этой  области,  особенно  в  промышленном 
дизайне,  ведь  от  него  зависит  процветание  страны,  нужно  восстанавливать  высокий 
теоретический  уровень  исследования  дизайна  в  нашей  стране  и  искать  способы  разрешения 
проблем  дизайнерской  деятельности  для  гармоничной  жизни  человека  в  природе,  Космосе, 
мире. 
Промышленный дизайн это не только искусство сочетания дизайна с технологиями, но и 
маркетинговый инструмент.  
Промышленный  дизайнер  занимается  художественным  проектированием  объектов 
массового  промышленного  производства,  куда,  в  частности,  можно  включить  следующие 
категории изделий: 
- бытовые приборы (посуда и иная кухонная утварь, радио- и электрооборудование); 
- автомобили и другие транспортные средства; 
-  технологическое  оборудование  для  промышленного  производства  (станки  и  другая 
техника); 
- инженерные устройства и сооружения; 
- визуальные коммуникации; 
- элементы интерьера (мебель) [3]. 
Искусство промышленного дизайна на самом деле имеет глубокие исторические корни, 
хотя  окончательно  оформилось  это  направление  только  в  XX  веке.Одним  из  ярких 
представителей  области  промышленного  дизайна  начала  XX  столетия  был  архитектор  
П.Беренс, который разработал собственные интересные формы электрических светильников, 
электрической посуды и вентиляторов – то есть тех видов продукции, которые на ту пору еще 
не  имели  какого-либо  конкретного  визуального  осмысления.  Пользуясь  принципами 
«эстетического  функционализма»,  Беренс  сделал  эту  продукцию  узнаваемой  и  по-своему 
уникальной [4]. 
В  1919  году  в  Веймаре  была  создана  целая  школа  промышленного  дизайна  под 
названием  «Баухаус»,  основателем  которой  выступил  немецкий  дизайнер  и  архитектор 
Вальтер Гропиус. Девизом этой школы стало «Новое единство искусства и технологии» [5]. В 
«Баухаусе»  были  разработаны  принципы  художественного  конструирования  как 
комплексного подхода к проектированию вещей. 
Мы живем в век высокой конкуренции, поэтому для того, чтобы выделиться на рынке и 
привлечь  внимание  потребителей,  производителям  приходится  изощряться.  Одним  из 
способов  привлечь  внимание  целевой  аудитории  является  качественный  и  интересный 
промышленный дизайн 
Для  того  чтобы  получить  на  выходе  грамотный  продукт,  необходимо,  чтобы 
профессионал,  создающий  дизайн,  был  и  художником  и  инженером-технологом,  и 
конструктором. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
198 
 
Сегодня промышленный дизайн широко применяется в самых разных областях, начиная 
от  деревообрабатывающей  промышленности  и  металлургии  и  заканчивая  сферой  высоких 
технологий.  В  целом,  в  широкий  круг  услуг,  оказываемых   профессиональными 
промышленными  дизайнерами,  может  входить  как  разработка  домашней  посуды,  так  и  
создание концептов автомобилей или формы мебели. 
 
 
Рисунок 1.-
Современная мебель
 
Некоторые  считают,  что  промышленным  дизайном  в  Казахстане  никто  не  занимается. 
На  самом  деле  это  далеко  не  так.  Опыт  работы  с  предприятиями  пищевой,  легкой  и 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет