Республикалық студенттік ғылыми конференция «алматы бизнес, білім және мәдениет орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет27/32
Дата06.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7745
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
ізгіліктері бала кезден бастау алмаса, кейін өте қиынға соғатыны – дәлелдеуді қажет етпейтіні 
ақиқат. 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Пірәлиев С. Ұлттық тәрбие және жаһандану // «Егемен Қазақстан». 
2.  Қапалбеков Б. Ұлттан тілді алса... – Алматы, 2006.  
3.  Бурбаев Т. Ұлт мәдениеті. Астана: Елорда, 2001.  
 
 
 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
165 
 
ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ- ӨМІР КІЛТІ 
Еркін А- №139 мектеп-гимназияның 7 «а» сынып оқушысы  
Ғылыми жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Толқынбекова Г.С. 
А.Байтұрсынов атындағы  №139 мектеп-гимназия, Алматы қ. 
  
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  айтылғандай,  білім  берудің 
маңызды мақсаты- адамды әдеттегі үйреншікті сана- сезім шеңберінен алып шығып, еңбектің 
биік  деңгейіне  көтеру,  өз  еңбек  қабілетін,  адамзат  табыстарына  негізделген  өзіндік  сенім 
көзқарастарын  қалыптастыруға  мүмкіндік  тудыру,  оқушының  еңбек  тәрбиесін  өркениетті 
көтеру  көзделеді. 
Еңбек  тәрбиесі-  өмір  кілті,  бақыттың  тұтқасы.  «Еңбексіз  адам  өзінің  бар  адамдық 
қасиетінен  және  барлық  құнынан  айрылады.  Адам  өзінің  жеке  еңбегінсіз  бір  адамда  алға 
ілгерілей алмайды; бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері кетеді», 
- дейді К. Д. Ушинский. 
Мектеке  еңбекке  тәрбиелеу-  тәрбиенің  жалпы  жүйесінің  құрамды  бөлігі.  Еңбекке 
тәрбиелеу,  баулу  және  кәсіптік  бағдар,  мектеп  оқушыларының  қоғамға  пайдалы,    өнімді 
еңбекке  тікелей,  қатысуы  оқуға  деген  саналы  көзқарасты  тәрбелеудің,  азамат  болып  өсудің, 
жеке адамның адамгершілікке және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі, болып 
табылады.  Осымен  қатар  мұны  еңбек  тәрбиесінің  мақсаты  деп  түсінуіміз  қажет.  Қоғамда 
болып  жатқан  әлеуметтік-  экономикалық  және  саяси  өзгерістер  барысында  еңбек  тәрбиесі 
мәселесі  ең  негізгі  көкейкесті  проблемаға  айналып  отыр.  Оған  сабеп-  адам,  қоғам,  табиғат 
заңдылығымен санаспау салдарынан туған келіспеушілік.  
Адамзат  дамуының  қай  кезеңінде  болмасын  тәрбиенің  тиімділігін  жетілдіру  ісі  жүзеге 
асырып келді. 
Тәрбие-  халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтап,  іріктеп  алған  озық  тәжірибесі  мен  ізгі 
қасиеттердің  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  баланың  қоршаған  ортадағы  қарым-  қатынасын, 
дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез- құлқын қалыптастыру. 
Мәшһүр-Жүсіптің  көркем  шығармаларының  негізіне  адамгершілік,  рухани,  еңбек 
тәрбиесі  жөнінде  педагогикалық  идеялар  қойылған.  Ол  еңбектерінде  еңбек  сүйгіштікке 
маңызды  орын  береді.  Ойшылдың  педагогикалық  тұжырымдарында  «еңбек»    деп  аталатын 
ұғым  ерекше  орын  алады.  Оның  ойынша  еңбек  тек  адамды  өмірге  дайындап  қоймай,  оның 
ақыл-  ой  күші  мен  адамгершілігін  дамытуға  ықпал  етеді.  «Адал  еңбек  мал  таппақ,  жұртқа 
жақпақ», - деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы 
еңбектің  адам  өміріне  зор  орын  алатындығын  қозғамайтын  шығармасы  жоқ  деп  айтуға  да 
болады.  Өйткені,  ол  еңбек  адамның  азамат  ретіде  қалыптасуы  үшін  рухани  тұрғыдан  да, 
парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай- ақ  ақын еңбек 
кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді ал, оның қадірін білмейтін жалқаулар көбіне теріс 
қылықты болып келеді деген  тоқтамаға келеді.  
Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс- тәсілдері еңбек тәрбиесінің құралы болып 
табылады.  
Еңбек-  жеке  адамның  өркендеуіне,  санасы  мен  қайратының    қалыптасуына  әсер  етеді. 
Еңбек адам баласының рухани байытып, оның өмірінің мол қазынасын жасайды. 
«Еңбек  етпеген  ішіп-жемейді»,  «Еңбек  түбі  береке»  деп  халқымыз  еңбек  ету  арқылы 
мәнді  де  сәнді  өмір  сүруге  болатынын  ескертеді.  Сондықтан  еңбекке  деген  қажеттілекті. 
Дағды  мен  іскерлікті,  еңбекқорлықты,  өзгенің  еңбегін  құрметтеуге  тәрбиелеуге  бастауыш 
сыныпта үйретіп бастау керек.  
Тәрбие  бағыты  жөніндегі  Руссоның  негізі  педагогикалық  талаптары-  баланы  қадірлей 
отыра,  оның  қызығушылықтары  мен  тікелей  талаптарын  зерттеу.  Еріктілік,  баланың 
табиғатын  білу,  баланың  өзіндік  әрекетін  дамыту  тәрбиенің  негізіне  айналуға  тиіс.  Ал 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
166 
 
тәрбиеші  баланың  дамуын  ұқыпты  түрде  дұрыс  бағыттайтындай,  ойланып,  толғануына  жөн 
сілтейтіндей жағдайлар жасай білуі ғана тиіс. Адам баласы қоғам дамуының қандай кезеңінде 
де өмір сүрмесін азық- түліксіз, киім-кешексіз т.б. материалдық игіліксіз күн кеше алмайды. 
Сол себептен адамдар ерте кезден- ақ өмір сүру қажеттілігі үшін керекті заттарды тек еңбек 
ету арқылы ғана игілікке асыратындығын түсінген. 
Еңбек тәрбиесі мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу 
жатады.  Ол  үшін  балалардың  ата-анасына,  үйіне,  туған-туысқандарына,  дос-  құрбыларына, 
бала-шағаға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу қажет. Сондай- ақ еңбек тәрбиесінің мазмұнына 
баланың  адамгершілік  қасиеттерін  тәрбиелеу  де  жатады,  әсіресе  олардың  үлкенді  сыйлау 
сезімін  тәрбиелеу  сәбилік  шықтан  басталады.  Үлкенді  сыйлау-  асыл  сезім.  Үлкендердің 
беделін мойындау, көңіл бөлу, құрметтеу, қамқорлық жасау сияқты балалардың іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру, бұл сезімнің көрініс табуы- жақсы тәрбиенің белгісі. 
Жас ұрпақ бойында өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда көркемдік білім беру 
жүйесінің  заман  талабына  сай  педагогикалық,  әдістемелік  бағыттарын  жасау,  оқу-тәрбие 
мазмұнын  жаңарту  қазіргі  кездегі  бастауыш  мектептің  аясына  атқарылатын  өзекті  істердің 
бірі. 
Еңбек  тәрбиесін  педагогикалық  негіздерін  зерттей  келе  алғашқы  қауымдық 
құрылыстағы  қарапайым  еңбек  құралдарынан  бастап,  қазіргі  кездегі  жетілген  өндіріс 
құралдары мен технология жабдықтарының жасалуы және қолданыста болуы дәлелденеді. 
Сондықтан  да  ең  алдымен,  адамның  еңбек  тәрбиесін,  адамгершілік  парызын 
қалыптастыру келесі мәселелердің бірі болып саналады. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы. – Алматы, 1998. 
2.  Қоянбаев Р. М., Ыбрайымжанов Қ.Т. Педагогикалық сөздік.- Түркістан, 2006. 
3.  Асенова  Н.  Мәшһүр-  Жүсіп  Көпейұлының  педагогикалық  Мұрасындағы  еңбек 
тәрбиесі мәселелері//Бастауыш мектеп.- № 11- 12. 
4.  Жұмахан  К.  Еңбек  тәрбиесі-  адам  өмірінің  дамуының  басты  құралы//Бастауыш 
мектеп.-2005. - № 3. – 15б. 
5.  Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. – Алматы, 1998. 
6.  Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы, 2003. 
  
ӘӨЖ 004.3 :378 
 
12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ 
 
Даулетканова С.- «АЖ» мамандығының магистранты 
Ғылыми жетекшісі – п.ғ.к. қаудастырылған профессоры, Балабекова М.Ж. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Мақалада 
оқу 
процессінде 
ақпараттық 
каммуникациялық 
технологияларды 
пайдаланудың мүмкіндіктері жайлы жазылған. 
Негізгі  сөздер:  ақпараттық  технологиялар,  компьютерлік  сауаттылық,  оқытудың  жаңа 
технологиялары. 
Қазақстан  Республикасында  2015-2016  оқу  жылынан  бастап  жалпы  білім  беретін  орта 
мектептер  12  жылдық  мектеп  болып  оқу  мерзімі  ұзартылатындығы  белгілі.  Соған  орай 
мектепте  оқытылатын  сабақтардың  саны  көбейеді,ал  «саннан  сапаға»-деген  философиялық 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
167 
 
заңдылық бойынша сабақ сапасы да ерекше назарға алынады.Қазіргі таңда сабақ өтудің тиімді 
құралы ретінде компьютерлік технологиялар кеңінен пайдалануда. 
Оқу  үрдісінде  компьютер  оқып-үйрену  нысаны  ретінде.  Сонымен  бірге 
оқыту.тәрбиелеу.дамыту  мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде 
әрекет етеді.Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін 
анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бірінші  бағыт  тұрғысынан  алып  қарасақ,  ақпараттық 
технологиялар білім,білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың 
саналы тәрбие,сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық 
технологиялар  оқу  тәрбие  үрдісінен  ұйымдастыру  тиімділігін  арттырудың  қуатты  құралы 
болып табылады. 
Бүгінгі  таңда  мектептің  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  жағдайында  өзіндік 
қайшылықтардың  да  орын  алып  отырғанын  айту  қажет.  Мәселен,  мектептерде  әлі  де  болса 
компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдердің бағдарламашыларымен тікелей 
жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, 
оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған,3 ақпараттық технологияларды пайдалану 
арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де  болады.Сондықтан білім 
беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық 
техгологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру 
керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі: 
-оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен,компьютер оқытуды нақты біравторлық бағдарлама 
бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді; 
-нақты  әрекетке  негізделген  кері  байланысты  қамтамасыз  етеді.  Мәселен,  компьютер 
арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады; 
-материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады. 
Ғылыми  педагогикалық-психологиялық  әдебиеттерді  және  мектеп  тәжірбиесін  оқып-
үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін 
кешенді  ақпараттық  білім  беру  жүйесін  құру  қажеттілігі  туындады.  Бұл  жүйенің  негізін 
ақпараттық  технологиялар  құрайды.  Енді  оқытудың  ақпараттық  технологияларының    мәнін 
ашып көрсетейік. 
1.  Компьютерлік 
және 
ақпараттық 
сауаттылық. 
Компьютерлік 
сауаттылыққа 
электрондыесептеуіш  техникасымен  жұмыс  істеу  билігін  жатқызуға  болады.  Ақпараттық 
сауаттылық  ақпаратты  алудың,  қайта  жасаудың,  жеткізудің,  сақтаудың  және  пайдаланудың 
негізгі ережелерін білуді көздйді. 
2.  Оқу  үрдісінде  компьютерді  пайдалану  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарын  ақпараттық-
әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге деелеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай 
жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтармен  қатар 
оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді. 
Бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере 
отырып,”Жас  балаларға  компьютердің  қанша  қажеті  бар?”  деген  сұрақты  айналып  өту  үшін 
мүмкін емес. Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатар педагогтар кіші сыныптағы 
компьютер  тек  балалардың  назарын  басқаға  аударады  деп  санайды.  Ал  екіншілерді 
компьютерді  тұрақты  пайдалану  бара-бара  оқушылардың,  егер  компьютер  қастарында 
болмаса, екі санды қоса алмайтын, қарапайым мәтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деп 
негіз  бар  қауіп  білдіреді.  Компьютер  мектептегі  лингафон  кабинеттері  немесе  сыныптығы 
теледидар сияқты дүниелер, сондықтан да білім беру мен оқу үрдісіне айтарлықтай зияны жоқ 
деген пікірлер де бар. Компьютерлерді мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы салмақты 
аргументтің  бірі-ақпараттық  технологиянвң  екпіндеп  дамуы  мектеп  бағдарламасының  үнемі 
жаңартылып  отырғанына  қарамастан,  оның  созылмалы  аурудай  артта  қалуына  әкеп 
соқтырады деп санайды. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
168 
 
Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн: тек компьютермен қарым-
қатынаста  болған  балалар  гуманитарлық  қызмет  түрлеріне  аса  қажет  сезімталдық  пен 
мейірбандылықты жоғалтып алып, дәлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарым қатынасқа 
бас ұрулары әбден мүмкін. 
Біз  мектептің  ақпараттық  ғасырға  бейімделуден  басқа  жолы  жоқ,  ал  есептегіш 
техникалармен танысу соның бір ғана бөлігі деушілерге толық қосыламыз.  
А.Ершова  және  басқа  авторлардың  еңбектерінде  көрсетілгендей,информатиканың 
мынадай:  процедура,  функция,  рекурсия,  тармақталу,  цикл,  мәліметтер  құрылымы  деген 
сияқты  негізгі  ұғымдарды  меңгеруді  операциялық  деп  аталатын  қазіргі  ойлау  стильн 
қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Осының  өзі-ақ  оқу  пәні  ретінде  информатиканы  мектепке 
енгізудің  алғышарттарын  жасады.Сонымен  қатар,  оқытылатындардың  жас  кезеңі  жөніндегі 
мәселелер де көтерілді. 
Ойлау  стилі  балаларда  кіші  сыныптарда  басталатыны  белгілі.Бұл  балалардың  ойлау 
қабілетіне  ықпал  ететін  іргелі  бірқатар  математикалық  ұғымдарды  бастауыш  мектепте 
меңгерумен  түсіндіріледі.Базалық  сапа  ретінде  қарастырылуы  тиіс  оқушылардың  ғылыми 
дүниетанымын  қалыптастыруды  сөз  етсек,  информатиканың  негізгі  ұғымдарын  ерте  бастап 
оқытудың  қажеттігін  мынадан-ақ  көруге  болады:  білім  берудың  алғашқы  кезеңінде 
информатиканың  әдістерін  меңгерген  оқушы  мектептің  қалған  сатыларындағы  білім алуда  ( 
атап айтқанда, түрлі пәндердегі сабақтарда) адам қызметінің түрлі салаларында компьютерді 
пайдалану дағдысын меңгереді. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы»  Заңында  еліміздің  білім  беру 
жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі- білім беру жүйесін ақпараттандыру, 
оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу. 
Білім  беруді  тез  қарқынмен  ақпараттандыру  қажеттілігі  мына  факторлармен 
түсіндіріледі: 
1.  Оқушыны  қазіргі  қоғам  сұарамына  сай  өзінің  өмірлік  іс-әрекетінде  дербес 
компьютердің  құралдарын  қажетті  деңгейде  пайдалана  алатындай  жан-жақты  дамыған  дара 
тұлға ретінде тәрбиелеу; 
2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика 
мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру; 
3. Оқушының шығармашылық қабілетін  экспериментальды іскерлігін дамыту; 
4.  Оқу  –тәрбие  процесінің  барлық  деңгейін  жетілдіру,  тиімділігі  мен  сапасын  
жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану. 
Оқытуды ақпараттандыруда келесі негізгі сәттерді ескеру қажет: 
1.  Оқыту  процесін  ақпараттандыру  кезінде  тек  бағдарламалау  тілін  немесе  дербес 
компьютердің  ақпараттық  құралдарын  емес,  компьютерді  белгілі  бір  үрдістерде, 
құбылыстарда , экономикалық жағдайларда модельдеуге үйрету. 
2.  Компьютерлендіру  мұғалімді  оқыту  процесінен  шығарып  тастамай,  керісінше 
оқушымен  неғұрлым  тиімді  жұмыс  жасауңына  жағдай  жасау  қажет.Осылайша  білім 
негіздерін  топтық  түрде  бере  отырып,  оқытуды  даралауда  да  күшейтіп  оқушылардың  білм 
сапасының көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады. 
3.  Компьютерді  алға  қойылған  педагогикалық  мәселені  сапалы  және  тез  шешуге 
көмектесетін  жағдайда  ғана  пайдалану  қажет,  яғни  мақсатқа  сәйкестікұстанымын  ескеру 
қажет. 
4.  Оқытуды  компьютерлендіру  оқушы  өз  бетімен  ойлап  шығармашылық  белсенділік 
танытып , дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп ойластырған жөн. 
5.  Қазіргі  кезде  жекелеген  пәндер  үшін  педагогикалық-психологиялық  талапқа  сай  ана 
тілінде электронды оқулықтарды жасау қажеттігі туды. Бұл оқулықтарда теориялық материал 
, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тесттері, анықтамалықтар, т.б. болуы тиіс. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
169 
 
Ақпараттық  технологияның  қарқынды  дамуына  сәйекс  электрондық  оқыту  деп 
аталатыноқытудың  жаңа  технологиясы  қалыптасып  нығая  түсуде.  Сондықтан  педагогика 
ғылымының  алдында  электрондық  оқытудың  жүйе  құраушы  факторлары  мен  негізгі 
педагогикалық  ұстанымдарын  анықтау  және  айқындауға  байланысты  бірқатар  міндеттер 
қойылды. 
Сонымен  қатар  электрондық  оқыту  құрылымы  мен  мазмұнына,  оқыту  әдістеріне, 
оқытудың  формасына  және  құрамына  қойылатын  кешен  талаптарды  анықтау  қажеттігінен 
электрондық  оқытудың  әдістемелік  жүйесін  қалыптастыру  мақсаты  туындап  отыр. 
Әдістемелік жүйенің бөліктерін электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырсақ. Оқыту 
мақсаттары  мен  міндеттерінің  білім  беру,  біліктілік  пен  дағдыны  қалыптастыру,  тәжірбие 
алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Жанасбаев 
К. 
Математика 
сабағын 
информатикамен 
кіріктіре 
оқыту. 
//Математика,2003ж. № 6. 
2.  Ким  Н.А.,    Коробейникова  Г.Ф.,  Камышева  В.А  Занимательная  информатика  для 
младших школьников // Информатика и образование. 1997.№2,б,13. 
3.  Мәлібекова  М.С    Бағдарламалап  оқытудың  педагогикалық-психологиялық  негіздері 
//Автоматика. Информатика .1998ж,№1,б 75-77. 
4.  Монахов  В.М.  Перспективы  разработки  и  внедрения  новой  информационный 
технологии обучения на уроках математики. // Математика в школе ,1991№3,б.58-62. 
5.  Мұхаметжанова  С.,  Қоланова  Ж.,    Мұхаметжанова  Ж.  Оқушылардың  танымдық  іс-
әрекеттерін қалыптастыру // Информатика. Математика.Физика.-1997№4,б.64  
 
 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – КӘСІБИ БІЛІМ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА 
ҚАЛЫПТАСТРЫУДЫҢ НЕГІЗІ 
 
Аманкелдіқызы А.- магистрант  
Ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., қауым. профессор Қамақ Ә.О. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ. 
 
Елімізде  қазіргі  таңда  қалыптасқан  еңбек  нарығы  білімді,  шығармашылық  деңгейі 
жоғары,  әрекеттің  сан  түрлі  саласында  өз  кәсіби  біліктілігін  қолдана  алуға  қабілетті 
мамандардың даярлығының деңгейіне және сапасына қойылатын талаптарға әсерін тигізуде. 
Осы  орайда  жоғары  оқу  орындарының  үлкен  жауапкершілікті  сезініп,  білікті,  өз  ісінің 
шебері,  бәсекеге  қабілетті,  кең  ауқымды,  жан-жақты  дамыған,  кәсіби  құзыретті  маман 
дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі қоғам 
өзінің  әлеуметтік-экономикалық  және  рухани  дамуының  мазмұны  мен  сипаттарының 
өзгеруіне  және  еңбек  сапасына  талаптың  жоғарылауына  байланысты  өз  ісін  жетік  білетін, 
кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді [1]. 
«Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2015  жылға  дейінгі 
тұжырымдамасында»  қазіргі  заманғы  жоғары  білімнің  мақсаты  мен  басты  стратегиялық 
бағдары, білімге бағытталған құзыретттілік термині айқындалған [2]. 
«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебе иесіне байланысты 
қолданылады  және  оның  сол  істі  атқарудағы  түсінігі,  білімі,  білігінің  орындалуға  тиіс 
мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.  
«Құзыреттілік»  терминін  ХХ  ғасырдың  ортасында  Н.  Хомский  енгізген  болатын, 
алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер ұғымын 
берген.  

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
170 
 
Ғалым  А.В.  Хуторской  білімнің  тұлғалық  әрі  әлеуметтік  мәні  арасындағы  және  білім 
берудегі  дағдарыстан  шығудың  бір  жолы,  жеке  тұлғаның  өзара  байланысты  сапаларының 
үйлесімі ретіндегі құзыреттіліктің маңыздылығына тоқталды [3]. Ал ғалымдар И.А. Зимняя 
мен  Дж.  Равеннің  еңбектеріне  сүйенсек,  бұл  ұғымның  мазмұны  бір-біріне  байланыссыз, 
біреулері когнитивтік, біреулері эмоционалдық салаға жататын көптеген құзыреттіліктерден 
тұратынын  анықтйды  [4-5].  Ал,  Б.Т.  Кенжебеков  құзыреттілік  жөнінде:  «Құзыреттіліктің 
бар-жоғын  адам  еңбегiнiң  нәтижесiне  қарап  пайымдау  кажет.  Кез  -  келген  қызметкер,  өз 
әрекетiмен  кәсiби  iс-әрекеттiң  түпкi  нәтижесiне  сай  талаптарға  жауап  беретiн  жұмыстарды 
орындаса ғана, кәсiби кұзыреттi болып        саналады»-, деп, анықтама береді [6].    
Қазіргі  қоғам   жеке  адамнан  прогрессивті  ойлай  алатын  белсенді  әрекетті,  жан-жақты 
болуды  талап  етеді.  Өйткені  адамның  қоғамда  алатын  орны,  қазіргісі,  болашағы  үнемі 
толғандыратын  мәселелер қатарына жатады. Бұл  қоғамның   дамуымен тікелей байланысты. 
Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің 
ең негізгі  мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда 
«орындаушы»  адамнан гөрі  «шығармашыл»  адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі 
өмір талабы дәлелдеп отыр. 
Шығармашылық  қабілет  жайындағы  жазылған  ойларды,  тұжырымдамаларды, 
еңбектерді  талдай  келе,  адам  бойындағы  табиғи  мүмкіндіктер  болады,  олар  тек  белгілі  бір 
әлеуметтік  жағдайларда  байқалып,  әрі  қарай  дамиды,  әр  адам  басқа  адамнан  табиғи 
психологиялық жағынан ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз [7].  
Шығармашылық қабілет бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен 
бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. 
Еліміздегі  жаңа  білім беру  реформасы  12  жылдық  білім беруге  көшу  шығармашылық 
пен  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  жаңа  ұлттық  үлгіні  жасауды, 
«жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Олай 
болса, қазіргі кезеңдегі оқытушының міндеті – оқытудың шығармашылық сипатын күшейту 
және  мақсатты  білім  беру.  Қазақстан  әлемнің  дамыған  елдерімен  дүниеде  даралануы  тек 
білімді,  жігерлі,  сапалы  білім  алған,  құзыретті,  бәсекелестіктің  небір  мықты  істеріне  төтеп 
бере  алатын  жас  ұрпақ  арқылы  жүзеге  асады.  Ал  ұрпақ  тәрбиелеуде  студенттерді  бүгінгі 
заманның  талабына  сай  оқытудағы  басты  мақсат:  жан-жақты  жетілген,  өз  тарихының 
өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын ұлтжанды, патриот 
азаматын  қалыптастыру  [8].  Қазіргі  ұстаздардың  басты  міндеті,  қоғамның  өркендей  даму 
талаптарымен  ұштастыра,  өмір  сүруге  икемді,  алдына  қойған  міндеттерді  толық  жүзеге 
асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті  және бәсекеге қабілетті тұлғаны 
қалыптастыру.  Бұл  міндетті  тек  кәсіби  білімі  жетік,  құзіретті,  бәсекеге  қабілетті  ұстаздар 
ғана  атқара  алады.  Мұғалімнің  кәсіби  құзіреттілігі  оның  білімінің  жан  -  жақтылығы, 
ұстаздық  шеберлігі,  оқытудың  жаңа  әдістерін,  инновациялық  технологияны  меңгеруімен 
өлшенеді.  Мұғалім  қаншалықты  білімді  шығармашыл  болса,  оның  құзіреттілік  қабілеті  де 
кең болмақ. 
Қорыта  келе,  әрбір  ұстаз  өзінің  тиімді  әдіс-тәсілдерін,  жаңа  технологияларын 
пайдалану  арқылы  болашақ  мамандардың  бойында  құзыреттілік  қасиетін  қалыптастыра 
алады.          
 
Әдебиеттер тізімі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет