Дидактикалық ойын: «Ғажайып сандықша»
Ойын шарты: Балалар ғажайып сандықшадағы заттарды сипап сезу арқылы табады
Негізгі бөлім: Тақырыппен таныстыру
- Балалар, біз «Көкөністер айтысы» ертегісін білеміз бе?
- «Көкөністер айтысы» ертегісін орыс халқының Ю.Тувима деген жазушысы жазған
екен.
(Видеороликтен ертегіні тыңдату)
- Ал, бүгін осы ертегіні келген қонақтарымызға сахналап берейікші
Тәрбиеші: Өнім биыл тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Сәбіз, картоп, кәдеш пен
Қып-қызыл піскен қызанақ.
Қырыққабатқа қарашы
Көкөністер бір кезде
Жиыла қалып дауласты
Көкөністер: Жиылып қаппық бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз
Бұршақ: Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе
Қызылша: Менде бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде
Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда
Менсіз дәмді ши қайда
Мені қосса самсаға
Жейді бәрі тамсана
Қияр: Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне
Қызанақ: Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырыш ішпеген?
Пияз:Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға
Картоп: Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар
Қарбыз: Мен қарбызбын, қарбызбын
Күннің көзін сүйемін.
Ауырса бүйрек, бауырың
Көмегімді беремін
Асқабақ: Асқабақтың дәмі
Таңдайымда әлі
Кептірілген дәмі,
Таптырмайтын дәрі.
Сәбіз: Сары дәмді ұзынмын,
Жер астына тығылдым
Күзде қазып аласың
Тамаққа да саласың
Егер мені көп жесең
Биік,ұзын боласың
Тәрбиеші:Бос айтысты қояйық
Дауласуды тоқтатайық
Көкөністің бәрі де
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер