Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,91 Mb.
#90009
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Дидактикалық ойын: «Ғажайып сандықша» 
Ойын шарты: Балалар ғажайып сандықшадағы заттарды сипап сезу арқылы табады 
Негізгі бөлім: Тақырыппен таныстыру 
- Балалар, біз «Көкөністер айтысы» ертегісін білеміз бе? 
- «Көкөністер айтысы» ертегісін орыс халқының Ю.Тувима деген жазушысы жазған 
екен. 
(Видеороликтен ертегіні тыңдату) 
- Ал, бүгін осы ертегіні келген қонақтарымызға сахналап берейікші 
Тәрбиеші: Өнім биыл тамаша, 
Көз тоймайды қараса. 
Сәбіз, картоп, кәдеш пен 
Қып-қызыл піскен қызанақ. 
Қырыққабатқа қарашы 
Көкөністер бір кезде 
Жиыла қалып дауласты 
Көкөністер: Жиылып қаппық бәріміз, 
Қайсымыз ең дәмдіміз 
Ішімізден адамға 
Тиеді көп пайдамыз 
Бұршақ: Кішкене түймедеймін мен 
Ұнаймын мен бәріне 
Дәмді тағамдарыммен 
Сый жасаймын бәріңе 
Қызылша: Менде бір сөз айтайын 
Мақтанайын сіздерге 
Менсіз борщ болмайды 
Винегрет те үстелде 
Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда 
Менсіз дәмді ши қайда 
Мені қосса самсаға 
Жейді бәрі тамсана 
Қияр: Дәмім тілді үйірген 
Мен тұздалған күйімде 
Жаңа піскен кезімде, 
Жейді бәрі сүйсіне 
Қызанақ: Піскен кезде қызанақ 
Көз тартар қызыл түсімен 
Бар ма адам сүйсінбей 
Томат шырыш ішпеген? 
Пияз: Боламын мен дәмдеуіш
Барлық барлық тағамға 
Көкөністер ішінен 
Мен пайдалы адамға 
Картоп: Мен ұялшақ картоппын, 
Мен емеспін мақтанар. 
Мені жақсы көреді, 
Үлкендер мен балалар 
Қарбыз: Мен қарбызбын, қарбызбын 
Күннің көзін сүйемін. 
Ауырса бүйрек, бауырың 
Көмегімді беремін 
Асқабақ: Асқабақтың дәмі 
Таңдайымда әлі 
Кептірілген дәмі, 
Таптырмайтын дәрі. 
Сәбіз: Сары дәмді ұзынмын, 
Жер астына тығылдым 
Күзде қазып аласың 
Тамаққа да саласың 
Егер мені көп жесең 
Биік,ұзын боласың 
Тәрбиеші: Бос айтысты қояйық 
Дауласуды тоқтатайық 
Көкөністің бәрі де 
Денсаулыққа пайдалы 
Мұны жатқа біліңдер, 
Оларды жақсы көріңдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет