10
личность
валерий
Абисалович
ГерГиев
дирижер
неустанный пропагандист русской
культуры, русской не в смысле
национальной принадлежности,
а в понимании того огромного
пласта духовного наследия, с
которым мы все так или иначе
связаны давними глубинными
узами.
День концертов в Алматы
совпал с днем рождения самого
Гергиева. Маэстро принимал
подарки и щедро раздавал их
сам. Студентам и педагогам
Казахской консерватории
он подарил полноценный
благотворительный (!) концерт,
т.к. знал, что далеко не все
желающие смогли попасть в
оперный театр.
В Большом органном зале
Валерия Гергиева и Министра
культуры Казахстана Мухтара
Кул-Мухаммеда встретил
студенческий симфонический
оркестр консерватории
исполнением увертюры к
оперетте Й.Штрауса «Летучая
мышь». Публика восторженно
приветствовала прославленного
музыканта. Поднявшись на
сцену, маэстро сказал: «Я
поздравляю оркестр и дирижера.
Если бы я знал, что у вас есть
такой замечательный коллектив,
то не приглашал бы их сюда», –
пошутил он, указывая на
рассаживающихся на сцене
артистов Мариинского оркестра.
Ректор консерватории Народная
артистка РК Жания Аубакирова
с большим волнением и
искренностью поздравила
маэстро с присуждением ему
почетного звания «Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері»
и с днем рождения, а также
сообщила, что решением Ученого
совета консерватории В.Гергиеву
присуждено звание почетного
профессора КНК им.Курмангазы.
– Я очень рад, очень
благодарен, что Вы приняли
меня в свою семью. Надеюсь, что
это станет началом нашей долгой
дружбы и сотрудничества.
Мы знаем, что ваш ректор
Жания Аубакирова не только
прекрасный организатор, но и
великолепный пианист, и сейчас
мы попробуем вместе вам
сыграть. Мы не репетировали,
это исполнение и будет нашей
репетицией, – сказал перед
началом В.Гергиев. Жания
Аубакирова исполнила 1-ю
часть концерта Ф.Шопена
для фортепиано с оркестром
ми минор в сопровождении
оркестра Мариинского
театра. Присутствующие стали
свидетелями чудесного мига
вдохновения и творчества.
Нужно сказать, это единственный
случай на протяжении всего
фестиваля, когда маэстро Гергиев
экспромтом выступил в тандеме
с музыкантом принимающей
стороны. Неустанная
просветительская работа ректора
казахской консерватории
Ж.Аубакировой известна далеко
за пределами нашей страны,
отмечена наградами Казахстана
и зарубежных стран. Так же,
как и Валерий Гергиев, Жания
Аубакирова принадлежит к
формации музыкантов нового
типа, сочетающих в себе
талант артиста и менеджера.
Своим примером они
доказывают, что сочетание это
не противоречит, а, напротив,
дает максимальный эффект
от творческой деятельности,
переводит искусство в плоскость
общественную, позволяет ему
занимать лидирующие позиции
в наши дни, а людям искусства
преуспевать.
Буквально через полчаса
после концерта в консерватории,
оркестр Мариинского сидел на
сцене ГАТОБ им. Абая. Всемирно
известный пианист и друг
Гергиева Денис Мацуев блестяще
сымпровизировал на рояле
Happy Birthday в стиле джаз.
Валерий Абисалович скромно
стоял сбоку сцены, где позже
выстроилась огромная очередь
из желающих подарить цветы
музыкантам. Маэстро не остался
в долгу, и свыше заявленной
программы прозвучало
великолепное пение примы
Мариинского театра меццо-
сопрано Екатерины Семенчук,
исполнившей арию Далилы.
Как сказал в одном из
интервью В.Гергиев, почетные
награды и звания, присуждаемые
ему, он воспринимает очень
серьезно и ответственно. Еще
известно, что маэстро слов
на ветер не бросает, а потому
надеемся, что продолжения
творческих контактов с великим
Гергиевым не придется ждать
слишком долго.
нАШе досье
валерий абисалович гергиев – российский дирижер осетинского происхождения,
один из ведущих деятелей мировой культуры. с 1988 г. – главный дирижер,
с 1996 г. – генеральный директор и художественный руководитель мариинского
театра. с 2007 г. – главный дирижер лондонского симфонического
оркестра, дирижер венского филармонического оркестра, нью-йоркского
филармонического оркестра, оркестра ла скала и роттердамского
филармонического оркестра. создал и руководит международными
музыкальными фестивалями гергиев-фести¬валь в миккели (Финляндия),
гергиев-фестиваль в роттердаме (нидерланды), Фестиваль классической
музыки на красном море (Эйлат), московский пасхальный фестиваль, «звезды
белых ночей» (санкт-петербург). возглавляет еще четыре международных
фестиваля, которые проводятся в мариинском театре – «новые горизонты»,
«масленица», «брасс-вечера в мариинском» и фестиваль балета «мариинский».
художественные достижения принесли ему многочисленные звания и награды,
в т.ч. звание народного артиста россии, Украины, северной осетии.
11
№4
/ 2011
Ә
лемнің әр қиырындағы
40 елінде тұратын
5 миллионға жуық
қазақтардың сағынышын
арқалаған азаматтар Дүниежүзі
қазақтары ІҮ Құрылтайында
бас қосты. 680 делегаттың
қатарында шығармашылықтың,
ғылым, педагогика, зияткерлік,
бизнес, спорт салаларының,
мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдардың, бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері бар.
Делегаттар арасында Чехияның
экс-министрі Жәмила Стехликова,
Чувашияның экс-министрі
Гүлмира Әкімова, Моңғолияның
Оқу-ғылым және мәдениет
министрінің орынбасары
Чоной Күләнда, Ресейдің
Түмен мемлекеттік Думасы
іс басқармасы бастығының
орынбасары Кенесары Қойше,
Мирный қаласы әкімінің
муниципалдық саясат, әлеуметтік
мәселе және кадр жөніндегі 1-ші
орынбасары Гүлсім Бейсенбаева
бар. Ал шетелден келетін 50
ғалым және 12 академиктің
ішінде аса көрнекті тарихшы
Ермұхан Бекмахановтың қызы,
мәскеулік профессор Нәйла
Ермұханқызы Бекмаханова,
«ҚАзАҚстАнҒА не АлАм деП емес,
не Берем деП КелІҢІздер»
12
БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР
·
Астана
·
Құрылтайдан кейін
қазақтан шыққан тұңғыш
теміржол инженері, Алашорда
көсемдерінің бірі Мұхамеджан
Тынышпаевтың ұлы мен
немересі академик және техника
ғылымдарының докторлары
Дәулет Мұхамеджанұлы мен
Асқар Дәулетұлы болды.
1992 жылдан бастау алған
құрылтайлар жер шарының әр
түкпірінде тұратын этникалық
қазақтардың бас қосу, тілқатысу
жөніндегі ерекше алаңына
айналды. Құрылтай қазақ
халқының ұлттық тарихына,
мәдениеті мен дәстүлеріне
жаңаша қарап, оны байытуға мол
мүмкіндіктер сыйлайды. Сонымен
бірге ол сырттағы отандастарды
өз еріктерімен елімізге қоныс
аударуға жаңа мүмкіндіктер
ашады. Аталған іс-шаралар көші-
қон саясатымен айналысатын
мемлекеттік органдар үшін тарихи
отанына қоныс аударушылар
проблемаларына, этникалық
көші-қон мәселелеріне терең
бойлап, көші-қон заңдарына жаңа
уақыт талаптарына сай өзгерістер
енгізуге мүмкіндік береді.Ресми
мәліметтер бойынша, соңғы 20
жылда Қазақстанға 800 000 қазақ
көшіп келген екен.
Алыстан сағынып жеткен
ағайындардың бір ауыз сөзін
оқырман назарына ұсынамыз.
Еуропадағы Қазақ қоғамдары
федерациясы төрағасының
орынбасары, Норвегия қазақтары
қоғамының төрағасы Махмұд
Башташ мырза: – «Қазақстан
тәуелсіз ел болмай тұрғанда
Еуропадағы қазақтар бір-бірімен
хабарласа алмайтын. Әркім өз
күнін өзі күйттеп жүрген еді.
Қазақстан өз алдына дербес
мемлекет болғаннан кейін 1992
жылғы Дүниежүзі қазақтарының
алғашқы құрылтайынан соң
бәрі оянды. Түрлі қоғамдар
құрылды. Мәселен, 2002 жылы
10 мемлекеттегі қазақ қоғамы
Германияның Кёльн қаласында
Еуропа қазақтарының 1-ші
құрылтайын өткізді. Құрылтай
қазір дәстүрлі түрде жыл сайын
өткізіліп тұрады. Биыл бұл шара
10 маусымда Швецияда болады.
Жалпы, Еуропа қазақтарының
құрылтайы елден жырақта
жүрген қазақтар бір-бірімізбен
жақынырақ танысайық, жастар
бір-бірін көріп-білсін деген
мақсатпен өткізіліп тұрады.
Оған жастар көп келеді. Сол
себепті жылына бір-екі мәрте
жастар конференциясын
ұйымдастырамыз. Оның бәрі
жастар ата жұртын, елін, тілін
танып, ауызбіршілігін сақтасын
деген мақсатты көздейді».
Ресей қазақтарының
федералдық ұлттық-мәдени
автономиясының төрағасы
Тоқтарбай Дүйсенбаев: «Қазір
Ресей қазақтарының федералдық
ұлттық-мәдени автономиясының
төрағасымын. Бұл атқарып
отырған қызметімнің өзі алып
империяда жұтылып бара жатқан
1 миллионнан астам қазақтың
14
БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР
·
Астана
·
Құрылтайдан кейін
Қ
ырғ
ыз
ст
анн
ан к
ел
ге
н б
ау
ыр
ла
р
15
№4
/ 2011
16
БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР
·
Астана
·
Құрылтайдан кейін
мұңын мұңдап, жырын жырлатып
отыр. Ресейде қазір 89 облыс болса
соның 26-сында қазақтар тұрады
екен. 1992 жылғы халық санағында
қазақтардың саны
1 миллион 150 мың адам болған
еді. 2002 жылғы санақта 686 мың
деп көрсетілді. Меніңше онда
қазақтардың саны дәл көрсетілген
жоқ. Өйткені санақ парақшасында
ұлттық графа болмады. Қазіргі
кезде 2010 жылғы халық
санағының қорытындысы
шығарылып жатыр. Біз одан үлкен
үміттер күтіп отырмыз. Өйткені
онда 2002 жылғы олқылықтар
жойылып, барлық азаматқа өзінің
және ата-анасының ұлтын жазуына
мүмкіндік берілді. Сондай-ақ осы
уақытқа дейін Қазақстанға қоныс
аударғандар қандастарымыздың
саны онша көп емес. Сол себепті
соңғы Ресейдегі қазақтар 10 жылда
10-15 пайызға өсті деп ойлаймын.
Олардың отбасында 5-6 бала
болмаса да орта есеппен бәрінде
2-3 бала бар».
Ресей федарациясының
Алтай өлкесінің Құлынды
қаласынан келген Нұрғайша
Баринова: «Тұрақтылық пен
берекенің мекені аталған ұлы
отанымыз Қазақстан ТМД
аумағында жақсы дамып келеді.
Қазақстанның әрбір жетістіктерін
Ресейдегі бір миллионға жуық
қазақтар мақтаныш санайды.
Соңғы жылдары тұрлі мәдени
орталықтар ашылып жатқанымен
бізде де проблемалар жетерлік.
Мысалы, бүкіл Ресей бойынша
екі-ақ қазақ мектебі бар. Оның
өзі ауылдық жерде. Түрлі
қиындықтарға қарамастан
ана тілімізді сақтап қалуіға
тырысудамыз. Егерде қазақ
еліне келіп орын тапса оның
пайдасы мол болар еді. Және де
көші қон мәселесі де жақсарар
еді. Енді отандастарыма
айтарым Ресейдегі қазақтар көп
шоғырланған өңірлерде қазақ
мектептерін ашу керек».
Дәулетбек Байтұрсынұлы,
ақын, ҚХР дан келген: «Қытай
қазақтарында мәселе өте
көп, қысқаша айтар болсақ,
көш негізінен тоқтады, оған
Қазақстаннан да Қытайдан да
белгілі себептер бар. Енді осы
17
№4
/ 2011
Тү
рк
ияда
н к
ел
ге
н ж
анкү
йе
рл
ер
«
Ас
та
на қ
анда
й т
ам
аш
а!»
Ресейдің қазақтары
БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР
·
Астана
·
Құрылтайдан кейін
Ба
с жүл
де – Р
ес
ей қ
аз
ақ
та
рында
Бо
ла
ш
ақ ч
емпи
онда
р
19
№4
/ 2011
жолы елбасының баяндамасы,
сондай-ақ басқа да айтылған
пікірлерден кейін бір жақсылық
болар деген үмітім бар. Көші-
қон түгіл туысшылап келудің
өзі мұң болып барады.
Бұдан сырт қазақ мектептері
жабылып жатыр, ұлттық
салт-сана, дәстүр дегендер
ақырын-ақырын жеміріліп кетіп
барады. Жаңағы Қытайдан
келген баяндамышының
сөзінде олардың ешқайсысы
айтылған жоқ. Қалың қазақтың
құрамдас бөлігі өзгеріп барады.
Қысқасы Қытай қазақтарының
ассимилияциялануы басталды».
Монғолияның Ұланбатыр
қаласындағы қазақ мәдени
орталығының бастығы, медицина
ғылымдарының докторы Асай
Рәбіш: «Біз бүгін ұлтымыздың
бірлігі жолында 4-ші рет бас
қосып отырмыз. Бұл құрылтай
күллі қазақтың осыдан 20
жылдың алдындағы біз ел болар
ма екенбіз деп алаңдап түрған
шағында емес, қайта жан-жақтан
жиналып биік мақсат, ортақ
мүдденің жолында бірге бола
алатындығымызды өзіміз де
танып, өзгеге де мойындатқан
кезеңде өтуде. Отанымыздың
барша жетістіктеріне біздер
алыста жүріп қуанамыз».
Түркияда тұратын
Мимар Синан атындағы
университеттің профессоры,
тарих ғылымдарының докторы
Әбдіуаһап Қара: «Құрылтайға
үлкен үмітпен келдік. Бұдан
бұрынғы өткен құрылтайлар
Қазақстанның енді ғана аяққа
тұрып жатқан кезі еді. Қазір
оған қарағанда Қазақстанның
халыкаралық аренада үлкен
абыройға жеткен, экономикасы
оңалған тұсына тура келіп тұр. Өз
басым президенттің сөздерінен
үлкен әсер алдым. Ендігі жерде
шетел қазақтарының тағдырында
ІҮ-құрылтайға дейін және
одан кейін делінетіндей үлкен
бетбұрыстар болады деп сенемін.
Себебі елбасының «бұдан
кейін өтетін кіші құрылтайларға
«Самұрық- Қазына» қаражат
бөледі» дегені қуантады, бұл
дегеніңіз отанымыз ендігі
жерде шетелдегі қандастарына
рухани жақтан да, материялдық
жақтан да көмек көрсетеді
дегендік. Әрине, мұндай
қолдаулар болмаса, сыртта
жүрген бауырларымыз, мынадай
жаһандану кезеңінде ұлттық
болмыстарынан көз жазып
қалады. Бұған дейін Қазақстан
диаспора саясаты дегенде тек
қана көшіріп алуды ойлайтын.
Ендігі жерде орнын да сақтау
саясаты қолданылатын болды.
Қазір көп айтылатын бір сөз
бар. «Қазақстанға не алам деп
емес, не берем деп келіңіздер!»
деген. Ол дұрыс сөз. Бірақ жеке
адамдар өз бетінше ештеңе
істей алмайды. Бұлардың басын
біріктіріп, тура бағыт сілтеп
отыратын мемлекеттік саясат
керек».
20
БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР
·
Астана
·
Құрылтайдан кейін
Бастама қалай туды?...
Кең-байтақ қазақ елі тәуелсіздік
алған небәрі 20 жыл ішінде
адам нанғысыз жетістіктерге
қол жеткізді. Мысал керек
пе, олар жеткілікті. Нарықтың
өтпелі кезеңінен сүрінбей өтіп,
ел экономикасын біртіндеп
түзей бастадық. Ірі зауыттар
мен өндіріс ошақтарының
«екінші тынысын» ашу оңайға
соқпағаны белгілі. Тар жол,
тайғақ кешуден әупірімдеп өтіп,
алға қарай жылжи бастадық.
Елбасы Н. Назарбаевтың кемел
басшылығы нәтижесінде
Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Күні кеше Астанада өткен
Саммит, ЕҚЫҰ-на төрағалық
жасау, Азия ойындарын ел
есінде қалатындай мәнді өткізу
еліміздің абыройын асқақтатты,
қазір бүкіл әлем жұртшылығы
бізді таныды, мойындады
Тәуелсіздіктің 20 жылында,
қысқа мерзім болса да биік
белестерге жеттік. Жан басына
шаққандығы табыс ТМД елдері
бойынша алда тұр. Адамдардың
әл-ауқаты жақсарып келеді.
Биыл мерекелі де берекелі
жыл. Астықтан бұрын болмаған
нәтижеге қол жетті. Ендеше ел
ертІсКе есІл КелІП ҚосылҒАндАЙ...
Шығыс Қазақстан
облысында Астана
қаласының
мәдени күндері үш күн
бойы дүркіреп өтті.
тәуелсіздігін есте қалатындай, кейінгі ұрпаққа сабақ боларлықтай атап
өтсек, абырой емес пе!
Осыдан бір жарым ай бұрын Астана қаласында Шығыс Қазақстан
облысының мәдени күндері өтті. Кендіалтайлықтар жергілікті жерде
өндірілген көкөніс, ет, сүт өнімдерін саудалап ғана қоймай, Алтайдың
табиғаты, қазба байлықтары, балы, басқа да жетістіктері көрмесін өткізіп,
ән мен жырдан шашу шашты. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бастап
барған делегация білім ордаларында болып, еліміздің бас қаласында
білім алып жатқан жастармен жолығып, мектептерде кездесулер
өткізді. Астанадағы Шығыс Қазақстан облысының күндері мәнді де
сәнді өтті. Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Астана қаласының әкімі
Иманғали Тасмағамбетов, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
бастығы Дархан Мыңбай, «Егемен Қазақстан» республиқалық газеті АҚ»
президенті Сауытбек Абдрахмановпен емен-жарқын әңгімелесіп, пікір
алмасқан кезде өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлы еліміздің жүрегі
Астана қаласының күндерін Шығыс Қазақстан облысында өткізсек,
еліміздің қол жеткен табыстарын насихаттаумен бірге, кейінгі ұрпаққа
тамаша үлгі-өнеге болар деген ойын білдірді. Мемлекеттік хатшы мен
Астана қаласының әкімі бұл ұсынысты қызу қолдады...
Астананың өркендеуі – өңірлердің дамуы
Жұма күні Астана қалалық мәслихатының хатшысы Е. Оспанов, қала
әкімінің орынбасары Қ. Сұлтанбеков бастап келген қонақтарды облыс
әкімі Б. Сапарбаев әуежайдан қарсы алды. Қонақтардың ішінде өнер
және мәдениет қайраткерлері, халық қалаулылары, еңбек озаттары
бар. Мемлекеттік сыйлықтарың лауреаттары, белгілі қаламгерлер Әнес
Сарай, Төлен Әбдік, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл,
талантты ақындар, «Алаш» сыйлығының лауреаттары Несіпбек Айт,
Серік Тұрғынбекұлы, «Егемен Қазақстан» газеті АҚ-ының президенті,
филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі публицист
Сауытбек Абдрахманов, белгілі ғалымдар, ғылым докторлары Дихан
Қамзабекұлы, Нәубет Қалиев, Марал Хабдуллина, Аманжол Чиканаев,
тағы басқалар өздеріне құрмет көрсетіп, шақырғандары үшін өңір
оңдасын елуБАЙ
Қр мәдениет қайраткері
22
БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР
·
Шығыс Қазақстан облысы
басшысына алғысын білдіріп,
Өскемен мен Астана қаласының
бұл ынтымақтағы байланыстары
жемісін береді деген ойларын
жеткізді.
Бұдан кейін қонақтар Д.
Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік
техникалық университетінің
технопаркіндегі «Астананың
өркендеуі – өңірлердің дамуы»
тақырыбындағы ғылыми-
тәжірибелік конференция
жұмысына қатысты. Оны
Гумилев атындағы Еуразия
университетінің проректоры
Д. Қамзабекұлы жүргізіп,
сөзді облыс әкімі Бердібек
Мәшбекұлына берді.
– Астана – ол біздің
жүрегіміз, Қазақстанның
имиджі. Адамдарды
достық пен татулыққа,
бірлікке шақыратын
Астана қаласының
мәдени күндерінің
Өскеменде өтіп жатқаны
тарихи оқиға. Біздің
шақыруымызды қабыл
алған қала әкімі иманғали
тасмағамбетовке
алғысымыз шексіз. мына
бір жағдайға ерекше
тоқтағым келеді. Астана
қаласының мәдени
күндері тұңғыш рет
жақында ғана Қытайдың
Бейжің қаласында өткен.
Ал өңірлер арасында
астаналықтар мәдени
күндерін алғаш рет
көне түріктердің отаны
өр Алтайдың төрінен
бастап отыр. ендеше
сіздерге, елбасына,
бүкіл астаналықтарға,
қазақстандықтарға
мықты денсаулық,
амандық тілеймін, деді
өңір басшысы салтанатты
жиынды ашып тұрып.
Л. Гумилев атындағы ұлттық
университеті тележурналистика
кафедрасының меңгерушісі,
профессор Ғадылбек
Шалахметовтың «Алтай —
Еуразия» цивилизациясының
алтын бесігі» атты баяндамасын
жиналғандар ынта қоя тыңдады.
Қарымды қаламгердің Алтай
туралы түсінігі терең болумен
бірге, ол өзінің жастық шағында
осы мекенде болып, талай
зерттеулер жасаған екен. «Алтай-
көк түріктердің Отаны. Ал бүгін
астаналықтар өздерінің ата-
бабалары мекендеген қасиетті
де киелі Алтай топырағына аяқ
басып тұр. Ендеше сіздерге
табыс, сәттілік тілеймін»
деп ойын аяқтады белгілі
тележурналист.
Парламент Мәжілісінің
депутаты болған, Семей өңірінің
проблемаларын шешуде талай
батылдық танытқан, қазір Еуразия
университетінің профессоры
Нәубет Қалиевтың баяндамасы
23
№4
/ 2011
да тартымды болды. Ол Кенді Алтайдың кешегі қиындықтарды жеңу
кезіндегі батыл іс-қадамдары, қазіргі қол жеткен табыстары жайлы айта
келіп, Астана қаласының экономикасы жайлы да тың ойлар білдірді.
«Астана қаласы күндерінің көне түріктердің алтын бесігі Алтайдан
басталуында үлкен мән-мағына, астарлы ой бар. Елбасының кемеңгерлік
басшылығы нәтижесінде еліміз алға батыл қадам жасауда. Қазір бүкіл
Әлем жұртшылығы Елбасын, Астананы жақсы біледі. Күні кеше 56
мемлекет басшылары Астана Саммитіне қатысқан кезде Қазақстанның
қол жеткен табыстарына, ару Астананы өз көздерімен көріп, таңғалды.
Қысқа мерзім ішінде бой көтерген ғаламат кешендер мен ғимараттарды
салу шын мәнінде ерлік, өрлік» деді ғалым.
Профессор Марал Хабдуллина, экономика ғылымдарының кандидаты
Мерхат Айдарханов, ҚР Президенті жанындағы архитектуралық кеңестің
мүшесі, профессор Аманжол Чиканаев XXI ғасырдың туындысы әсем
Астананың бой көтеруінде Елбасының табындылығы мен біліктілігі
жатқанына баса тоқталып, алдағы уақытта еліміздің бас қаласында бой
көтеретін көрікті кешендері мен әсем ғимараттары жайлы айтып берді.
– Құрметті шығысқазақстандықтар! Биыл ел тәуелсіздігінің 20
жылдық мерейтойы. Осындай мерейлі бағдарлама аясында ел бірлігін
еселеуге арналған ауқымды шаралар көптеп атқарылып жатыр. Бұл
ретте, сіздердің Астанаға тарту еткен мазмұнды мәдени бағдарлама мен
сапалы өнімдер жәрмеңкесі Елорда жұртшылығының айрықша құрметіне
бөленді. Шығыс аймағы ежелден өнімді өндірісі мен тындырымды
тірлігі жоғары бағаланып, өнері мен мәдениетінің өзіндік сипатымен
ерекшеленеді. Ал Астана – еліміздің жүрегіне, тәуелсіздіктің тірегіне
баланатын, өңірлерге – өнеге, аймақтарға—үлгі болып саналатын
айшықты қала. Бүгінде қаламыздың өнер саласы өрге жүзіп, мәдениет
мазмұны дара сипатта дамып келеді. Бұл ретте, осындай игі шаралар
ел өңірлерінің өзара берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын еселеп,
қарымын арттыра береді деген сенімдіміз. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық
мерекесі құтты болсын! – деген Астана қаласының әкімі Иманғали
Тасмағамбетовтың құттықтауын қалалық мәслихаттың хатшысы Е.
Оспанов оқып берді. Бұдан кейін делегацияны бастап келген. Е. Оспанов
Астана қаласының қол жеткен
табыстары жайлы қысқаша
деректер келтірді.
меморандум – табысқа
жетелейді
Ғылыми-тәжірибелік
конференция аяқталған соң
келген қонақтар агроөнеркәсіп
және азық-түлік тауарларының
жәрмеңкесін тамашалады.
Алтайдың балы, омарта
шаруашылығы, панты
дәрілері, басқа да өнімдер
жиналғандардың назарын
аударды. Бұдан кейін Е.
Оспанов пен өңір басшысы
тауар-экономикалық, туризмді
дамыту, жылына екі рет осындай
мазмұнды кездесулерді өткізу
жөніндегі меморандумға қол
қойды.
– Басты мәселе—бұл
экономиканы өрге бастыру, екі
өңірдегі кәсіпкерлердің бірлескен
кәсіпорындарын құру, оларда
Отандық өнімдерді шығару, –
деді өңір басшысы баспасөз
өкілдерімен кездесуінде.
– Келешекте денсаулық
сақтау, білім беру, мәдениет
пен өнерді дамыту, ұстаздар
мен ғалымдар, студенттер
арасында қарым-қатынасты
жақсы жолға қою нәтижесін
бермек. Мәселен шәкірттер
бір-бірімен білім саласындағы
қол жеткен жетістіктерін
анықтайтын олимпиадаларды
жиі өткізсе қандай тамаша болар
еді. Қариялар мен балалар
табиғаты тамылжыған Алтайда
демалыстарын мәнді өткізіп,
денсаулықтарын түзесе оң емес
пе. Ал спорт бәсекелері де елдің
қарыштап алға басуына оң ықпал
етері сөзсіз. Алтайдың туристік
бағыттары бойынша сіздер
жиі келіп, оны жетілдіруге үлес
қоссаңыздар, алғыстан басқа
айтарымыз жоқ. Медицина
саласында да пайдалы істер
атқарылмақ. Бүгін Астананың
білікті хирургтері оннан астам
бірнеше күрделі операция
Достарыңызбен бөлісу: |