Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне



Pdf көрінісі
бет13/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
99 
тағдырын  ойлаған,  алтынның  сынығындай  болып  арамызда    жеңіс  күнін 
тойлауға ерекше ықыласты соғыс ардагерлеріне мәңгі бас иеміз 
Ұлы Отан соғысы елге де, ерге де сын болды. Отан алдындағы сертін 
адал  орындаған    сарбаздар  неміс  фашист  басқышылары  мен  жапон 
империалистеріне  қарсы  соғыста  жанқиярлық  ерліктерімен  жеңіс  күнін 
жақындатты.  Осы  қырғын  соғысқа  біздің  облысымыздан  150  мыңдай 
азаматтарымыз аттанып, Отан үшін қан төгіп, жан беріп аяусыз күресті. Содан 
30  мыңнан  астам  арыстарымыз  елге  қайтып  оралмай,  майдан  даласында 
ерлікпен  қаза  тапты.Олардың  есімі  ұмытылмақ  емес.  Туған  халқының 
жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ерліктері аңыздай айтылып, тарих 
бетінде  есімдері  қашалып  қала  бермек,  Отан  соғысы  жеңісі  ерліктері  мен 
қаһармандықтары  үшін  кеңес  Одағының  Батыры  атағына  ие  болған  21 
қызылордалықтардың даңқын шырқау биікке көтерді. Кімде кім оларға құрмет 
көрсетіп,  басын  жерге  иеді.  Ерлік  пен  жасампаздықтың  үлгісін  көрсеткен 
соғыс батырларын мәңгі есте сақтап қастерлейді. Олардың жауынгерлік пен 
еңбек жолдары халқының жадында. Батыр бабаларының рухы туған жерінің 
түлектеріне  жігер  беріп,    егеменді  еліне  адал  еңбек  етуге  баулып, 
патриоттықсезімін оятып, Отансүйгіштікке тәрбиелейді. Қазір біз өз алдына 
тәуелсіз мемлекетпіз. Осы тәуелсіздікке жетіп отырғанымыз – ел үшін күресте 
ерлікпен қаза тапқан бабалар мен батыл батыл апаларымыздың арқасы. Олар 
бұл соғыста: «Өз Отанымызды жау шеңгеліне бермейміз!» - деп алға ұмтылды. 
Соның  ішінде  «жаным  –  арымның  садағасы»  және  «халқым  үшін  қасықтай 
қаным  пида»,  «Біздің  жүрегіміз  темір  емес,  Бірақ біздің  кек  отымыз  қандай 
темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті 
қаруымыз  бар,  ол  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік»  деп  ұрандаған  қазақ 
батырларының бірі – Бауыржан Момышұлы. Ол қазақ халқының тарихында 
ержүрек, батыр, патриот ретінде баршаға мәлім. Бауыржандай батыр бабамыз 
бар біз бақытты ұрпақпыз. Еліміздің намысы мен батырлығын паш еткен Ұлы 
Жеңіске биыл 70 жыл!  Осы бір даңқты Жеңіс күні  – 9 мамыр тарихымызға 
неғұрлым тереңдей еніп, алыстаған сайын оның ұлылығы мен мән – мағынасы 
дараланып,  маңызы  арта  береді.  Қан  майданда  ажалмен  арпалысып  жүріп, 
ғажайып  ерлік  жасаған  аға  ұрпаққа  деген  құрмет  сезіміміз  еселене  түседі. 
Елдігіміз  бен  ерлігімізді,  Отансүйгіштігімізді  паш  етті.  Олар  жасаған  Ұлы 
ерлік ешқашан да ұмытылмайды, ол мәңгілік есте қалады.  
Біз  үшін  бұл  күн  тарих  бетінде  алтын  әріптермен  жазылған,  қазақ 
батырларының ерлігін еске алатын күн.  
Жұмабекова Ақерке 
8 сынып, №99 орта мектебі Ақай ауылы, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Садықова Л. С. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
100 
Ұлы Жеңіске мың тағзым 
70 жыл – біздің Ұлы Жеңіске, 
Оқ пен отты бағындырған ер іске! 
Майдангерлер, ардагерлер – батырлар, 
Жеңіс – солар, мәңгі өлмес періште! 
Қ.Әбілдәқызы 
Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті.Бұл 
сол  кездегі  кеңес  халқының  ержүректілігі  мен  төзімділіктерін  паш  ететін, 
тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде 
қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлер 
тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  тылдағы  қажырлы  еңбегімен  жеңісті 
шыңдаған, станоктың қасынан тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл 
адамдары тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және 
сүйіктілерін күткен аяулы да даңқты әйелдеріміз, қыздарымыз тойлайды.Ұлы 
Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен туған-туысқандарын, ауылына 
оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. 
Бүгінгі  тәуелсіздігіміз,  бейбіт  өмір  –  осының  барлығы  Ұлы  Отан 
соғысындағы  жеңістің  арқасы.  Біз  басымызды  тік  ұстап,  кеудемізді  көтеріп 
жүретін  еңселі  елге  айналдық.  Бұл  ата-баба  ерлігінің,  сұрапыл  соғыста  қаза 
болған азаматтарымыздың аруағының шапағаты. 
Бұл мереке халқымыздың батырлығы мен батылдығының, ерлік-жігері 
мен  рухының  символына  айналды.  Сұрапыл  соғыс  майданында  өз  Отаны, 
отбасы мен болашақ ұрпағы үшін аянбай айқасқан Әке мен Ата асқақ ерліктер 
жасады.  Бауыржан  батырдың  «Отан  үшін  отқа  түс  -  күймейсің»  деген  сөзі 
соғыс  жылдарында  жауынгерлердің  ұранына  айналды.  Өмір  мен  өлім 
арпалысқан  майдан  даласында  әр  түрлі  ұлт  пен  діннің  өкілдерінен  тұратын 
Отан қорғаушылар иық тіресе жаумен жағаласты, жарты құмыра су мен жарты 
жапырақ нанды бөлісіп, көзсіз ерліктер жасады. 
Рухани  бірліктің  арқасында  ардагерлер  болашақ  ұрпаққа Ұлы  Жеңісті 
сыйлады.  Олар  майдан  даласында  жанқиярлық  ерлік  жасап,  туған  жерге, 
Отанға адалдықтың озық үлгісін көрсетті. 
Ұлы  Отан  соғысы  халқымызға  төнген  ең  ауыр  күндер  болды.Төрт 
жыл,1418 күн мен түн  бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан 
қилы  соғыс  жүріп  жатты.  Бір  күшке  жиналған  орыс  пен  тәжік,  грузин  мен 
белорусь, қазақ пен украин алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды.  
Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап, 
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық 
жауынгерлер  Брест  қамалынан  Берлинге  дейін  барды.Ұлы  Отан  соғысында 
біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір шайқас болмады. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
101 
Тарихи  деректерге  сүйенсек,  соғыс  жылдары  Қазақстан  жерінде  12 
атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы 
мен 50-ге жуық әр түрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанған. 
3,5 мыңдай қазақстандық партизан отрядының құрамында болған. Жан 
қиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше 
дүркін  орден-медальдармен  марапатталды.  497  жерлесіміз  Кеңес  Одағының 
Батыры атанды. Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің 
иегері болды. 
Қазақстан  еңбекшілері  майданға  25  миллион  дана  жылы  киім,  Отан 
қорғау қорына 4 миллиард сомнан астам қаражат берді. 
Ұлы Отан  соғысына барлығы 35 миллион адам қатынасты. Орта Азия 
республикаларынан  3  миллионға  жуық  адам  қатысса,  соның  1  миллион  366 
мыңы – қазақстандықтар. 
Бұл  Жеңіс  оңайлықпен  келмеді.  КСРО-ның  1710  қаласы  күл-талқан 
болды,  70  мыңнан  астам  село  мен  деревняны  өртеп  жіберді.  Қаншама  ана 
баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам 
адам қайтқан жоқ, ал оның ішінде 350 мыңы қазақ болатын. 
Бұл – соғыстың қысқаша ғана тарихы. Адамзат тарихындағы ірі де ең 
қасіретті соғыс ретінде тарихқа өшпес ізін қалдырды. Соғыс оты шарпымаған 
бірде-бір отбасы, соғыс қасіретін тартпаған бірде-бір бала болмады. Қаншама 
жас қыршынынан қиылды. Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай 
көктей қырқылған сол жастардың ішінде,әттең, дариға-ай, қанша Абай, қанша 
Шоқан кетті екен... 
Қазақ  ел  басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген 
жауынгер  халық  болған.Ұлан  байтақ  даласының  бір  тұтам  жері  үшін  қорқу 
деген  сезімді  жүрегінен  жұлып  алып  тастаған.Тіпті  арыға  бармай-ақ  кешегі 
Ұлы  Отан  соғысының  қанды  қырғынында  қазақтардың  қаймықпай 
соғысқанына анық көзіміз жетеді.Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ 
пен  қарша  бораған  бомбаның  арасында  олардың  нәзік  жүректері  тасқа 
айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті. 
Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 
патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Жауға қарсы шайқастар 
алдыңғы шептегі ұрыста ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да 
жүріп  жатты.  Ешқашан  да  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан 
еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз 
– өз  Отанымызды  сүю,  туған  еліміздің  адал  патриоты  болу,  Тәуелсіз
Қазақстанның бір кірпіші болып қалану. 
Мың  жылда  бір-ақ  көрінетін  кометалардай  сыры  да,  сезімі  де  терең, 
тұңғиық  дана тұлғаларымыз өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр.Әйтсе 
де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қуаныш пен 
Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабиттердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
102 
ұрпаққы өнеге. Олардың өнегелі өмірлерін ұлықтау, жан-жақты насихаттау, 
біздің міндетіміз. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа –ұран болып қалады. 
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс 
атаулы  адамзатты  қырып-жоюға  бағытталған.  Адам  адам  болғалы 
осылай.Талай  рет  үстемдік,  байлық  үшін  адам  қаны  суша  аққан.  Алысқа 
бармай-ақ,  50  миллионнан  астам  өмірді  жалмаған  соңғы  соғысты  алайық. 
Кімге  қажет  болып,  не  мақсатты  көздеп  еді  сол  соғыс?  Әдетте,  соғысты 
әділетсіздік,  жауыздық,  қанішерлік  бастайды  ғой.  Ол  сонысымен  лағынетті. 
Қарапайым  халыққа  қасірет  туғызған,  қарғыс  арқалаған  соғыс  ешқашан 
жеңбек емес. 
Фашистік  Германия  тізе  бүкті...  Бірақ,  сол  соғыс  өзімен  бірге  10 
миллионнан астам немістің өмірін алып кетті.Оны жеңген Кеңестер Одағы 27 
миллион адамның өмірін берді.Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық 
және мәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелген қасіреті.  
Адамзатқа  әрқашан  соғысты  тоқтататын  жеңіс  керек.  Осыдан  70  жыл 
бұрынғы жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, 
кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті.  
Ардагерлердің  ерліктері  жас  ұрпақтар  жүрегінде  мәңгі  сақталады, 
Төлеген мен Талғат, Әлия мен Мәншүк, Рақымжан мен Қасым, Нүркен мен 
Бауыржан т.б. батырлардың ерліктері мен өшпес даңқы жас ұрпаққа шуағын 
шашып келеді. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран болып қалады. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзімен  айтсақ,  «Біз  –  Жеңіске  жеткен  аға 
толқынның  ұрпағымыз.  Отан  үшін  өмірін  қиған  әрбір  азаматтың,  қазіргі 
уақытта арамызда жүрген ардагерлердің Даңқы арта берсін!». 
Жыл  өткен  сайын  сұрапыл  соғыстың  куәгерлері  –  ардагерлеріміздің 
қатары  сиреп  барады.  Бүгін  біз  жойқын  соғыста  жеңіске  жеткен 
Жауынгерлерімізге басымызды иіп, тағзым етеміз, үлкен алғыс білдіреміз. 
Ерлік ешқашан ұмытылмайды, соғыс ерлерінің аты мәңгі жасап, даңқы 
мәңгі арта береді. 
Жеткізіп ұрпағыңа Жеңіс күнін, 
Әкелдің кең далама шаттық үнін. 
Қорғаған ел мен жерді сұм апаттан, 
Алдыңда қарыздармыз біздер бүгін. 
Жұмажанова Дильназ 
6 сынып, Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназиясы Әйтеке би кенті, 
Қазалы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Пірманова Ш. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
103 
Жеңіс күні – адамзат аңсап өткен, жеңістің туын тіккен күн. Әлемді дүр 
сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі 
Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы  9 мамырда бұл 
оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, 
қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға 
сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер 
жетімдіктің зарын тартты. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті.  
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-
ақ  Кеңес  халқы  жан  тәнімен  Отанын  қорғады.  Әрбір  село,  әрбір  қала  үшін 
кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары 
аянбай шайқасты. Осы соғыста Кеңес Одағының басқа  республикаларымен 
бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы 
күштердің және еңбек армиясының құрамына миллиондаған қазақ болды. Ат 
ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге  
қолдарына  қару  алып,  Отанын  қорғауға  біздің  батыр  апаларымыз  шығыс 
жұлдыздары  Әлия  Молдағұлова  мен  Мәншүк  Мәметова  ерлік  көрсетіп, 
батырлықпен  қаза    тапты.  Қасым  Қайсенов,  Талғат  Бигельдинов,  Нүркен 
Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан 
Момышұлы,  Төлеген  Тоқтаров,  Рақымжан  Қошқарбаев  сияқты  аты  аңызға 
айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды. 
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен 
қаза  тапқан  ағаларымыз  бен  апаларымыздың  рухына  бас  иеміз!  Ұлы  Отан 
соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза 
тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп отыру біз үшін міндет. Жеңіс бізге 
атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Ер елсіз болмайды, ел ерсіз 
болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын 
жауға таптатпаған батырларға қазірде арналатын әнде көп. Жауынгерлерді ән 
алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс 
дабылын қаққан. Ұлы Жеңістің 60 жылдығында 6 мың боздақтың, 2 мың кеңес 
Одағының Батыры, 16 Еңбек Ерінің есімдері алтын әріппен жазылды. 
Осыдан бес жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев Аралға келгенде «Тағзым» 
алаңын  ашып,  алғаш  гүл  шоғын  қойды.  Жеңістің  61  жылдығында  «Алып 
анаға»  арналған  ескерткіш  тұғырына  «Ұлы  Жеңістің  100  жылдығында 
болашақ  ұрпақ  ашып  оқысын»  деген  мақсатта  хат  жазып  қалдырылған. 
Осының бәрі жеңіске деген көрсетіліп жатқан құрмет. Осындай бақытты күнді 
елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер 
ұрпақ  үшін  сыйлады.  Сондықтан  да  барлығымыз  Отан  үшін  мерт  болған 
қаһармандардың  ерлік  рухына  бас  иіп,  көзі  тірі  ардагерлерге  құрмет 
көрсеткеніміз  жөн.  Біз  үшін  Жеңіс  күнінен  асқан  қымбат  мереке  жоқ.  Отан 
алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына 
бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс.  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
104 
Ананы  баласынан,  ағаны  бауырынан  айырып,  мыңдаған  боздақтарды 
жер  жастандырып,  бөтен  елдің  топырағын  бұйыртқан  зұлмат  соғыстың 
өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің 
аяқталғанына 70 жыл. Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына 
бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетуіміз керек. Бақытты күнді аңсап, 
елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз ардагерлерімізге көрсетілер 
құрметіміз шексіз. Төнген қауіп-қатерді сейілтіп, жау атаулыны жеңуде басты 
күш халық бірлігінде еді. 
 Ата-бабаларымыз  жауды  жеңуде  халықты  бірлікке  шақырып,  басын 
қосты.  Ол  соғысқа  тартылмаған  жан,  отбасы  жоқ.  Соғыстың  от  жалынынан 
өтіп,  өліммен  бетпе-бет  кездесіп,  адамзат  қасіретін  көзімен  көріп  елге  аман 
оралған майдангер аталарымыздың еңбегі зор. Тарих парағы үнемі жаңаланып 
отырады.  Десе  де  ұмытылмайтын,  ескірмейтін  тарихи  оқиғалар  болады. 
Соның ішінде Ұлы Жеңістің қасиетін  батыр ағаларымыз бен апаларымыздың 
ерлігін  ешкім  де  ешқашан  да  ұмытпақ  емес.  Бүгінгі  жастардың  болашағы, 
бақыты үшін қан төккен әскер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді.  
Ұлы  Отан  үшін  жанын  қиған  ержүрек  батырлардың  қаһарман  ісі  еш 
уақытта  ұмыт  болмайды,  мәңгі  есте  сақталады.  Қазақстан  да  бұл  сұрапыл 
соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қастерлі Отан үшін 
жан  беріп,  жанын  пида  еткен  шейіттерді  жыл  сайын  еске  алып,  олардың 
рухына тағзым ету – біздің, кейінгі ұрпақтың ең басты парызы. Егер де ойлап 
қарасақ,  халқымыздың басына  түскен 30-шы  жылдардағы  зұлматтан  кейінгі 
қазақтың  басына  түскен  екінші  бір  сұрапыл  қырғын  Ұлы  Отан  соғысы 
болғандығы  ақиқат.  Бұл  соғыста  біздің  азаматтарымыз  ерлік  пен 
қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетті.  Сондықтан да оларға 
басымызды  иеміз.  Мұның  өзі,  әсіресе,  биылғы  жылы  өз  тәуелсіздігінің 
жиырма үш жылдығын атап өтетін жас мемлекетіміз үшін өте маңызды. Бір 
құптарлығы, аға ұрпақтың ұланғайыр жеңісі мен еліміздің бүгінгі жеңісі бір-
бірімен тығыз байланысты. Егер де жеңімпаз әкелеріміздің ерлігі болмағанда, 
біз мұндай мемлекетті құра алмас едік.  
Туған  Отанының  бостандығы  мен  азаттығы  үшін  ауызбен  айтып 
жеткізгісіз  қиындыққа  төзіп,  Ұлы  Жеңіске  қол  жеткізген  майдангерлерден 
қалыспай, тылда қажырлылықпен еңбек еткен, сөйтіп, Жеңісті жақындатуға өз 
үлестерін  қоса  білді.  Тек  қан  майданда  ғана  емес,  тылда  жұмыс  істеп, 
ашаршылықты,  ауыртпалықты  бастан  кешіп,  таңның  атысынан  күннің 
батысына  дейін  тізе  бүкпей  жұмыс  істеген  сол  бір  қайратты  да  қайсар 
жандарға  көпшіліктің,  анығырақ  айтқанда,  бүгінгі  ұрпақтың  ризашылығы 
шексіз,  –  деп  Елбасымыз  айтқандай  соғыс  жылдары  елдің  мерейі,  біздің 
халқымыздың беделі үстем болды. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезеңде әлемде 
қолайсыз  жағдайлар  орын  алғанына  қарамастан,  бүгінгі  күнге  дейін  бейбіт 
аспан  астында,  бейбітшілікті  көзіміздің  қарашығындай  сақтап  келеміз.  Ең 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
105 
бастысы, көп ұлтты халқымыздың арасындағы достықтың нәтижесінде тату-
тәтті тіршілік жалғасуда.  
Қазақстанның  бүгінгі  жетістігі,  әлемдік  деңгейдегі  абырой-беделі 
халқымызбен  қоса    ардагерлерді  де    қуантады  деп  ойлаймыз.  Тәуелсіздік 
алғанына небәрі жиырма үш жыл ғана толатын жас мемлекеттің аз ғана мерзім 
ішінде  экономикасының  қарыштап  дамып,  әлемде  танымал  мемлекетке 
айналуы осы уақыт ішінде атқарылған орасан еңбектің нәтижесі. Халықтың 
әлеуметтік ахуалы айтарлықтай жақсарды. Қасиетті Отанның бостандығы мен 
тәуелсіздігі  жолында  сұрапыл  да  жойқын  соғыста  қыршынынан  қиылған 
жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады. Елдің басына үлкен қауіп  пен 
қатер, алапат қайғы мен қасірет төнген сол бір ауызбен айтып жеткізгісіз ауыр 
уақытта  оттан  да  ыстық  Отан  үшін  от  кешкен  майдангерлердің  көрсеткен 
өшпес  ерлігін,  қаһармандық  өнегесін  жас  ұрпақ  бойында  қалыптастыру  ең 
басты мақсатқа айналып отыр. Біз бүгін Қазақстанда мақтаныш етіп отырған 
экономика  да  ардагерлеріміздің  көмектеріменбен,  тікелей  ықпалдарымен 
жүзеге  асырылды.  Жас  қазақстандықтардың  аға  ұрпаққа  деген  құрметі  мен 
терең түсіністігі, туыстық рухы қаншалықты күшті екендігін көрініп-ақ тұр.  
Бір  құптарлығы,  біздің  елімізде  бейбітшілік,  тыныштық,  тұрақтылық 
салтанат құрған, әрине, онда сонымен қоса соғыс ардагерлерінің де үлесі зор. 
Өз еңбектерімен, өз сөздерімен жас ұрпаққа бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін 
қажетті  патриоттық  рухта  тәрбиелеудің,  баулу  мен  өзара  құрметтің  үлгі-
өнегесін көрсете берсін, өйткені бұл күллі әлемге қажет құндылықтардың бірі 
болып табылады. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы 
да,  еліміздің  өркендеуі  мен  елордамыздың  гүлденуі  де  –  осынау  мерекенің 
жемісі.  Бүгінгі  ұрпақ  аға  буын-ардагерлер  танытқан  қаһармандық  пен 
қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың 
мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Жыл сайын мәңгілік алауы 
жанына  Отан  қорғаушыларын,  батырларды  еске  алып,  гүл  шоқтарымен 
рахметін  айта  келгендер  жиналады.  Біздер  де  қадірлі  ардагерлерге  бейбіт 
өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!  
Отан  қорғаушылар  жасаған  ерліктер  мәңгілік  және  уақыт  ағысымен 
жоғалып  кетпейді.  Сол  бір  қаһарлы  соғыс  жылдары  алыстаған  сайын  оның 
маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы 
Жеңісті  жақындатуда  майданда  да,  тылда  да  жанқиярлықпен  күреске 
түскендердің  барлығы  айрықша  құрметке  ие,  қаза  тапқандардың  рухына 
тағзым етеміз. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге 
жігерлендіреді,  жанымызға  қуат  береді,  қиындықтарды  жеңіп,  алға 
ұмтылуымызға  көмектеседі.  Біздің  парызымыз  –  бұл  алапат  соғыстағы 
Жеңістің  бізге  қалай  келгендігін  ұғыну,  қаза  тапқандарды  қадір  тұтып, 
арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс 
ардагерлерінің  алдында  мәңгілік  қарыздар.  Ұлы  Отан  соғысы  біздің 
халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
106 
биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс  болса, 
Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған 
ең  қастерлі  мереке.  Бұл  –  аға  буынның  жанқияр  ерлігі  мен  еселі  еңбегінің 
жеңісі.  Қаһарман  қайсарлықтың  хас  үлгісін  көрсеткен  қайтпас  рух  пен 
жалынды жігерлерінің жемісі. Өзінің қайғы қасіреті мен зардаптары жөнінен 
бұл соғыс күллі адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды.  
Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болып, біз бұл жеңісті 
қимас  боздақтарымыздың,  әкелеріміз  бен  аталарымыздың  өмірімен  өтедік. 
Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл 
соғыста  жеңіске  жол  ашты.  Егер  ардагерлеріміздің  сол  зұлмат  соғыстағы 
жеңістері болмаса, бүгінгі таңда жарқын болашаққа қарай батыл адамдап келе 
жатқан  Тәуелсіз  Қазақстан  болмас  еді.  Биылғы  Ұлы  Жеңіс  мерекесі 
тәуелсіздіктің жиырма үш жылдық белесімен орайлас келіп отыр. Жеңіс пен 
жетістік  ұғымдары  еліміздің  даму  қарқынымен  қашанда  қанаттас  келеді. 
Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлеріміз аман болғай! Біз олар сияқты 
жеңген,  жеңімпаз  әкелердің  ұрпағы  екенімізді  әрдайым  мақтан  етеміз.  Біз 
халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы 
екеніміздің мақтан етеміз. Біз соғыс ардагерлеріміздің сол сұрапыл соғыстан 
аман  шығып,  бүгінгі  ұрпақты  береке-бірлікте,  тату-тәтті  тірлікке  тәрбиелеу 
ісіне  ат  салысып  жүргендеріңізді  мақтан  етеміз.  Біз  бүгінгі  ұрпақ  өкілдері 
олардың  өлмес  рухына  әрқашан  да  бас  иеміз.  Жыл  өткен  сайын  біздің 
ардагерлеріміз  жасаған  ерліктің  даңқы  сөнбейді.  Уақыт  бізден  бұл  оқиғаны 
алыстатқан  сайын,  жарқын  болашақ  үшін  қасқайып  тұра  білген  Жеңіс 
солдаттары  атқарған  тарихи  оқиғаның  мән-маңызы  да  соғұрлым  жарқырай 
бермек. Біз жеңімпаз қаһармандарға сөзбен ғана емес, нақты іспен де құрмет 
көрсетуге,  соғысқа  қатысушылар  мен  тыл  еңбеккерлерін    қамқорлыққа 
бөлеуге, оларға көңіл бөліп, жайлы тұрмыс жағдайларын жасауға шақырамыз. 
Кейінгі  ұрпақ  ағалары  мен  аталарының,  апаларының  ерлік 
отансүйгіштік дәстүрін лайықты жалғастыруда. Біз есімдері тарихтың бетінен 
мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Ұлы Жеңіс мерекесі 
қарсаңында  біз  Отан  соғысының  оқ  бораған  даласында  қаза  тапқандардың 
рухтарына бас иіп, тағзым етеміз. Соғыс ардагерлерінің теңдессіз ерліктері – 
біздің  жүрегімізде  мәңгі  сақталады,  фашизмді  жеңген  батырлардың  өшпес 
даңқы мәңгі шуақ шашатын болады. Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның 
Отанға  деген  шексіз  сүйіспеншілігінің,  жастарды  ерлік  пен  патриот 
тәрбиелеудің  өлшеусіз  өнегесі  деп  білеміз,  бұл  күнді  қазақтардың  әлі  талай 
буыны мерекелейтін болады. Қан майданда парыз бен намысты алға қойған, 
елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қара ниет жауға төтеп берген, 
табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек 
еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі. 
Олар  бейбіт  өмір  үшін,  ұрпақтың  бақытты  болашағы  үшін  отқа  түсті, 
қайғы-қасірет  шекті,  адам  төзбес  ауыртпалық  көрді.  Бірақ,  бәрін  де  жеңді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет