Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет15/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
115 
кісі болып еді, маған «кішкене жылжы»-деді де, батыр екеуміздің ортамызға 
сығылысып  отыра  кетті.  Батыр  жақтырмады  білем,  тұрып  кетпек  болып 
жатқанда  суретші  түсіріп  үлгеріпті.  Орнынан  тез  тұрып  жүре  берген  батыр 
кілт тоқтады. Маған қарап «Еліңе сәлем айт,»-деді де кете берді,-деп көкем 
марқұм күліп айтып отыратын. Сол сурет үйде әлі сақталулы. 
Калажова Мадина 
6-сынып, №107 орта мектебі Жаңажол аулы
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Нұрымова М. С. 
 
Өтеген Ерқожаұлы – ақын, басшы, майдангер 
Ел басына күн туса, 
Ер етікпен су кешер. 
1941  жыл  22-маусым...Бұл  күнде  тарих  бетіндегі  ең  қаһарлы,  жер 
бетіндегі бейбіт өмір мен тыныш тіршіліктің шырқын бұзған күн. Осы күннен 
басталған соғыс Қазақстан халқына қисапсыз қайғы-қасірет әкелді. Ел басына 
күн  туған  қатерлі  шақта  кеуделерін  оқ  пен  отқа  төсеген  ер  жүрек  ерлеріміз 
ортақ  Отанымыз  болған  Кеңес  елінің  бостандығы  мен  тәуелсіздігін 
қаһармандықпен қорғады. Қаншама азаматтар жандарын пида етті. Қаншама 
бала  әкенің  аялы  алақан  жылуын  сезінбей,  қаншама  ана  тағдыр  тауқыметін 
жалғыз көтерді.  
Ұлы  Жеңіс  қаншама  құрбандықтарды  талап  етті.  Осы  Ұлы  Жеңіске 
Қазақстандықтар  қосқан  қомақты  үлесте  Сыр  елінің  лайықты  сыбағасы  бар 
екені белгілі. Сыр елінің әрбір төртінші адамы қару асынып майданға аттанса, 
тылдағылардың көрген азабы майдандағылардың ерлігінен жеңіл болған жоқ. 
Адамзат тарихында теңдесі жоқ  1418 күн мен түнге созылған соғысқа 
менің туған ауылым – Жаңажол ауылынан 286 азамат аттанды. Ел басына күн 
туған қатерлі шақта кеудесін оқ пен отқа тосқан қанша ерлеріміз туған жерге 
оралмады. Солардың бірі – азамат, басшы, майдангер – Өтеген Ерқожаұлы. 
Көрнекті Кеңес жазушысы Илья Эренбург «Қазақтар» деген очеркінде 
қазақтарды  алған бетінен  қайтара  алмайтын  батыр  халық екенін  айтқан.  Ал 
батыр ер Тарғын алты кез алдаспанын қолына алып, алты мың жауға жалғыз 
өзі қарсы шабуылға шығып тұрып: «Маған бәрінен де арым қымбат»-деп айғай 
салған  екен.  Ер  тарғынның  арды  ту  еткен  батыр  бейнесі  дем  берген  болар, 
жаңажолдық жауынгерлер Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсетті.  
Өтеген  Ерқожаұлы  1941  жылы  майданға  аттанады.  Қанқұйлы  жаумен 
шайқаса  жүріп,  ол  алғашқы  шегініс  зардабын  тартқанмен  ауылға  Жеңіске 
деген  сенімі  мол  жігерлі  хаттар  жазып,  елді  қарқынды  еңбек  етуге  үндейді. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
116 
Әсіресе, сүйікті жары Тынымшаға жазған хаттары елге деген сағыныш, туған 
жерге деген ыстық ықылас, бесікте қалған кішкентай сәбиі Зинаға деген әкелік 
махабатқа толы.  
1942 жылы 15-қарашадағы жазған хатында ол Тынымшаға: 
Қарғаның қара түнек бүлтын құрап, 
Қайғырма, қапаланба елден жырақ. 
Өткен іс жүз мәртебе өкінгенмен 
Орнына өркен жайып келмейді бірақ 
Жақсылап анамды күт, жақсы сыйла 
Керегесін үй-ішінің теріп жина. 
Әйтеуір екі жарты бір бүтін боп, 
Күн көріп, күнелтіңдер етіп ала. 
Анамның ол-пұл сөзін бөтен көрме. 
Адасып ақылыңнан ашуға ерме 
Мұншама неге хатты жылайсың деп, 
Шапаттап ақ Зинамды ұрып жүрме, 
- деп жазады. Бұл сөзден жарға деген қамқорлық, анаға деген асыл сезім, 
сәбиге деген жылы жүрек төгіліп тұрған жоқ па?      
Тағы бір хатында былай дейді. 
– Кел, Тыным, тәуекел деп белді байла
Толықсып толқығанмен болмайды айлы. 
Қайғыға қарсы тұрып күресе біл 
Сыр бермей ағайынға гүлдей жайна, 
Бұл  бүкіл  ауылдағы  жары  жауға  аттанған  жас  әйелдерге  қуат  беретін 
жыр-хат  еді.  Соғыста  жүрген  Өтеген  Мәдірәйім  әулиенің  рухына  сиынып, 
одан медет тілеген екен. Оны мына өлең жолдарынан білеміз. 
   Еліме хат 
Қош, сау бол, туған елім, аға-інім, 
Кездесіп көрісерміз туса күнім. 
Сіздерден көп өтініш кешіріңдер, 
Өрескел өте бұзық болса мінім. 
Ғажайып бір сапарға қадам бастым
Белгісіз не болары мүшкіл бастың. 
Ой менен ақылымды егестіріп, 
Қайғыға қарсы тұрып қайнап тастым. 
Таихтың ақтарсақ та құпиясын. 
Көрмеген ешкім мұндай қан ұясын 
Білмейді ешқандай жан не боларын 
Кезсең де тау, даланың не қиясын 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
117 
Өтеген Ерқожаұлының 1943 жылы 28 шілдеде жазған соңғы хаты елге 
«Полевая  почта  №30763»  деген  дерекпен  келген.  Содан  кейін  одан  хат 
болмаған.  Есіл  азамат  майдан  даласында  Отанын  жаудан қорғап  жүріп  қаза 
болды.  
Міне, азамат, басшы, майдангер Ө.Ерқожаұлының қысқа өмірі осындай 
қажырлы  күрес,  қызу  еңбекпен  өткен.  Оны  ауыр  жұмыс  па,  от  жалынға 
оранған майдан өмірі де жасыта алмады. Оның өмірі 31 жасында қиылды. 
– 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күні.
– Бұл күн – ерліктің сан үлгісін көрсеткен соғыс ардагерлерінің мерекесі.
– Бұл күн – тылдағы қажырлы еңбегімен жеңіске үлес қосқан еңбекшілер
мерекесі. 
– Бұл  күн  –  бейбітшілік  орнаған  елде  өмір  сүріп  жатқан  жас  ұрпақ
мерекесі. 
– Бұл Жеңіс – халқымыздың ерлігі мен даңқы.
Кенжебекова Алтынай 
9 сынып, № 109 орта мектебі Ақтөбе ауылы
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы         
      Жетекшісі: Қаниева Б. 
Бізге қымбат, туған елдің бағасы 
Шыққан жерім Қармақшының қаласы. 
Отан үшін, халық үшін қисақ жан, 
Жоян болар, сұм дұшпанның қарасы 
А.Қожахметұлы 
Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы  жеңісіміз  достықты  шыңдаған,  бірлікті 
жырлаған, ер намысы болып атылған, ел дауысы болып шақырған жеңіс. Арын 
жалау етіп жауға аттанған ел ұрандары Отанымыздың байтақ жерін қорғады,ақ 
сүт  берген  анасын  қорғады,  пәк  күлкі  шашақан  баласын  қорғады.  Олардың 
өздері  де  жас  еді,  көпшілігі  тіптен  жар  құша  алмай  қиырдағы  қара  жерді 
жастанды. Олар өмірден қартаймай өтті. Өздері тындыра алмаған жұмыстары 
мен армандарын артындағы ұрпаққа мирас етіп қалдырды. 
Сол бір қанды соғыстың өрті шарпыған сұрапыл жылдарда Сыр бойынан 
аттанған  ер-азаматтар  қас  дұшпанмен  қаһармандықпен  шайқасты.  Олардың 
көпшілігі  қан  майданнан  қайтпады.  Тіпті,  хабар-ошаршыз  кетіп,  кейінгі 
тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес еді. Болашақ үшін қасық 
қандары  қалғанша  күресіп,  жандарын  пида  еткен  боздақтардың  қатарында 
Ақтөбе  ауылынан  322  адам  аттанып,  оның  210-ы  қан  майданнан  оралмады, 
өзінің  туып-өскен  жерінен  әкесі  мен  анасынан,  баласы  мен  жарынан,  апасы 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
118 
ман  қарындасынан,  ағасы  мен  інісінен  мәңгілікке  айырылды.112-сі  елге 
оралып,шаруашылықтың  әр  саласында  еңбек  етті.Сол  кісілердің  ішінен 
соғысқа қатысқан  Бисенбай Қасқырбайұлына тоқталып өтпекпін. 
От ауызды, орақ тілді, суырып салма, төкпе ақын, сыр сүлейлерінің бірі 
Бисенбай  Қасқырбаұлы  атамыз  1904жылы  бұрынғы  Қазалы  уезі,  Қармақшы 
ауданындағы  қазіргі  Ақтөбе  ауылында  дүниеге  келген.Әкесі  Қасқырбай 
баласы  Бисенбайдың  алғыр,  зеректігінен  үміт  күтіп,  оны  ауыл  молдасына 
оқуға  береді.  Оқуда  алғыр  шәкірт  атанып  білімге  құмарта  бастаған 
Бисенбайдың 12 жасында әкесі қайтыс болады да, ол оқуын тастап, күн көріс 
үшін  жалшылық  ғұмыр  кешті.14  жасында  Қармақшығы  келіп,  бұрынғы 
қазақша-орысша  түземдік  мектепке  оқуға  қабылданады.  Тұрмыстың 
қиыншылығынан  жүк  тасушы,теміржолшының  көмекшісі  болып  жұмыс 
істеген. 
1919 жылы Қармақшыда құрылған комсомолдар ұйымына мүше болған 
кезінде Ғани Мұратбаев Бисенбайдың қабілетін танып, оны Ташкенттегі №14 
балалар  үйіне  орналастырып,оқуға  кіргізеді.  1922жылы  Ғани  Мұратбаевтың 
ұсынысы  бойынша  Москвадағы  Шығыс  университетіне  жіберіліп,онда 
1925жылдың  ақпанына  дейін  оқиды  да,ол  кезде  сауатты  мамандардың 
аздығынан  Қазалы  уезінің  басшысы  Университет  ректорына  өтініш 
жазып,шақыртуына байланысты Бисенбай атамыз елге оралып,Қазалы уездік 
халық  ағарту  бөлімінің  меңгерушісі  болады.Одан  1928  жылы  Қарақалпақ 
автономиялық облысының оқу комииссарның орынбасары,1930-36 жылдары 
Қармақшы  ауданында  мектеп  директоры,оқу  инспекторы,1936-41  жылдары 
Шымкент қаласында,Тереңөзек ауданында ағартушылық қызметтер атқарады. 
1941жылы  Бисенбай  Қасқырбайұлы  Ұлы  Отан  соғысына  аттанады. 
Соғыс даласында жүріп «Майданнан хат» деген өлеңінде былай деп жырлаған: 
Мен бірақ жебірлерді жексен етіп
Сермедім ақ алмастың салып дағын. 
Ант үшінбірнеше рет жорық шегіп, 
Ағыздым жаудың қанын судай ағын. 
Мер болдым антым үшін арпалысып, 
Қиратып қылышымның ұстап сабын. 
Ант түгіл қаруымды қолдан бермей, 
Болмадым қол кессе де жауға бағым. 
Алданбан,алданбадым арым үшін, 
Шындықтың адал ұстап ақ балдағын. 
Уа, тәңірі қай мүскінге азап беріп, 
Дүние үшін жалған сөйлеп кімді алдадым. 
1943  жылы  Белгородты  қорғау  шайқасында  ауыр  жараланпы,  оң 
қолынан айырылды. Сол кезде жазған өлеңі «Қош бол, қолым» 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
119 
Қош бол, қолым, сүйегім, 
Жасымнан тәнді сүйедім. 
Алтын топшы оң қанат, 
Өмірге жеміс тиедім. 
Епсекті сұлу бес саусақ, 
Қимайды көзім күйемін. 
Сестраға асылып, 
Басымды тасқа сүйедім. 
Қапысын тауып зұлым жау, 
Оң қолым сенен айырды. 
Ең сенімді тірегім. 
Ол кетіп денем,қансырап, 
Дірілдеп барып жығылды, 
Иекке тимей иегім. 
Бірақ фашист масайрап, 
Мұқаттым деме Советтің, 
Жауынгер туған бір ерім. 
Әлі-ақ менде жазылып
Ойрандауға шебіңді, 
Бел будымқайта тиермін. 
Қош бол қолым,саламат, 
Ұмытпан сені әр уақыт, 
Жалғанның бассам жиегін, 
Алмасамда автомат, 
Қаламмен жауды мен соғып, 
Алармын қолдың бір кегін. 
Қосылармын қатарға, 
Есен-аман сау болса, 
Партия меннен өз елім. 
Жауынгер, ақын, әйгілі ұстаз, халқымыздың нағыз азаматы 1958 жылы 
мәңгілік ұйқығы көз жұмды. 
Жырлары бар емес пе қолымызда, 
Жігер берер әлі де жанымызға, 
Жағаласып ажалмен туған дүние, 
Жасай бермек өлшем боп арымызға 
–деп Ұлы Отан соғысында қан майдан мен тылда ерен ерліктің үлгісін
көрсеткен,  жүрегімен  жыр  жырлаған  майдангер  ұстаз  Бисенбай 
Қасқырбайұлының есімі біздің есімізде мәңгі сақталмақ. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
120 
Кеңесова Айдана 
  7 сынып, № 99 орта мектебі Ақай ауылы, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Аяғанова Г. А. 
Еңсесі биік – ұлы Жеңіс 
Мінеки, «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» да таяп келеді. Бұл сұрапыл соғыс 
әсіресе ардагерлердің есінде өшпес із болар?! Ұлы Жеңіс! Қаншама боздақтар 
өмірін  қиған,  талай  шаңырақты  ортасына  түсірген  соғыс  өртінің  өшкеніне 
жетпіс  жыл  толмақ.  Бірақ,  оның  жарасы  жазылды  ма  екен?  Әрине,  жоқ. 
Өйткені,  осы  күнге  шейін  соғыстан  хабар-ошарсыз  кеткен  әкесін,  атасын 
іздеген ұрпақ қаншама? Немесе майдан даласынан  «қара қағазы» ғана жеткен  
жауынгерлердің  қазіргі  үрім-бұтақтары  енді  олардың  қайда  жерленгенін 
білгісі  келеді,  басына  туған  жердің  бір  уыс  топырағын  апарып  тәу  етуді 
армандайды. 
Бұл  сұрапыл  соғыс  кенеттен  басталғанымен,  Қазақстан,  бүкіл  Кеңес 
Одағы сияқты алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың 
түкпір-түкпірінде  әскери  комиссиариаттарға  еріктілер  ағылды.  Кеше  ғана 
мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл 
тұрғындары  да  соғысқа  сұранды.  Біздің  жерлестерімізде  майдан  даласында 
ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық 
медаль-ордендермен  марапатталса,  500-дей  адам,  Кеңес  Одағының  батыры, 
100-ден астам адам-«Даңқ» орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық 
екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар-Талғат Бигелдинов, Сергей 
Луганский,  Иван  Павлов  және  Леонид  Беда.  Кеңес  Одағы  Батырларының 
қатарында  қазақтың  екі  қызы-мерген  Әлия  Молдағұлова  мен  пулеметші 
Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі-қазақ жігіті 
Рақымжан  Қошқарбаев.  Жаздың  тылында  партизандардың  қатарында  да 
қазақстандықтар  шайқасқан.  Солардың  бірі-Қасым  Қайсенов.  Ал  танымал 
қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлы мен 28 панфиловшылардың 
ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, 
тылда  да  жүргені  мәлім.  Ұлы  Отан  соғысы  4  жылға  созылды.  Майдан 
даласында  600  мыңнан  астам  қазақстандық  қаза  тапты.  Соғыста  қаза 
тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген 
мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 млн-нан 
астам  Кеңес  азаматтарының  өмірін  қиды.  1710  қала  және  70  мыңнан  астам 
село-деревнялар, 31850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 
4100 теміржол стансасы, 36 мың пошта, телеграф мекемесі, телефон стансасы 
және  басқа  да  байланыс  бекеттері  жермен-жексен  болған  немесе  жартылай 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
121 
қираған.  40  мыңдай  аурухана  немесе  басқа  да  емдеу  мекемелері,  74  мың 
мектеп, техникум, жоғарғы оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары, 42 мың 
кітапхана  және  басқа  да  көптеген  нысандар  жойылып  жіберілген,  тоналған. 
Бүгінде  Қазақстанның  барлық  қалалары  мен  ауылдарында    «Даңқ» 
монуметтеріне,  Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің 
ескерткіштеріне  гүл  шоқтарын  қою  рәсімдері  өтуде.  Бұл  соғысты  ешкім  де 
ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек. 
Әр соғыс өз батырын тудырады деп жатады. Ал батырлық-ол халыққа 
ортақ қазына. Ондай атақ-даңқ елдің, ұлттың мақтанышы ретінде ғасырларға 
қызмет жасайды. 
Елбасымыз  өзінің  Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлерімен  болған 
кездесуінде:«Біз-жауын  жеңген  жеңімпаз  әкелердің  ұрпағымыз.  Осыны 
қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны ешқашан естен шығармай, әрдайым 
мақтан етуі керек»,-деген еді. Біз де адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысқа 
қатысып, елін жаудан қаһармандықпен қорғаған ардагер ағалардың алдында 
басымызды иіп, олардың мәңгі өлмес биік рухына тағзым етеміз. 
Қазби Айзат 
  8 сынып, №99 орта мектебі    Ақай ауылы
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы  
Жетекшісі: Садыкова Л. С. 
Бұл күн ешқашан да ұмытылмайды 
Бабалардың  ерлігін,  бүгінгі  буынның  ерен  істері 
және  жас  ұрпақтың  жасампаздығы  арасында 
сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз. 
 Н.Назарбаев  
Әрбір адам «соғыс» деген сөзді естігенде, әрине, ойына ең бірінші Ұлы 
Отан соғысы түседі. Өйткені азамзат тарихындағы небір сұрапыл соғыстардың 
ішіндегі қаншама адамның өмірін жалмаған, қаншама үйдің түтінін өшірген 
бұл соғыс ең қанқұйлы соғыс, ең қасіретті соғыс ретінде тарихта қалған. 
Ұлы Отан соғысына біздің кішкентай ғана ауылымыздан 60-70-ке жуық 
адам  барыпты.  Аман-сау  елге  келген  ардагерлеріміз  жылдан-жылға  азайып 
барады. Мемлекет тарапынан ардагерлерімізге үлкен құрмет, көмек жасалуда. 
Олар мұндай құрметке лайық. 
Қазіргі таңда ардагерлерден ауылымызда жалғыз Жарманов Қалмырза 
атаның көзі тірі. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын қарсы алғалы отыр. Біз жыл 
сайын  мектебімізде  Қалмырза  атамен  кездесу  өткіземіз.  Ол  кісі  бізге  соғыс 
туралы басынан кешкен оқиғаларды әңгімелеп береді. Кейінгі ұрпағының сұм 
соғысты көрмеуін тілейді. Атаның жастық шағының сұм соғыспен қатар келіп, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
122 
ерте  есейгенін,  келер  ұрпақ  үшін  өз  жанын  шүберекке  түйіп  жаумен 
шайқасқанын  естігенде,    ақын  Қайрат  Жұмағалиевтің  мына  өлең  жолдары 
еріксіз ойға оралады: 
Мен соғысты жек көрем! 
Көкем айтып отырса
Кім қасірет шекпеген, 
Кім көз жасын төкпеген. 
Талай өткен ғасырлар, 
Еш соғыссыз өтпеген... 
Міне, адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 
де  70  жыл  толып  отыр.  Ұлы  Жеңістің  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та 
ұмытылмастай  ізін  қалдырды.  Біздің  аталарымыз  бен  әкелеріміздің 
батырлығы мен жанқиярлығы, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі оларды 
көзсіз ерлікке ұмтылдырды, Жеңіске жеткізді. 
Елде  арулар,  қарт  аналар,  қариялар,  сәбилер  мен  жас  балалар  қалды. 
Олар өмірдің барлық қиынына көнді, өйткені ел қорғаны болған ерлерге сенді. 
Сондықтан бірлікті ұран етіп, терді төгіп еңбек етті.  
Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  қазақ  халқы  туралы  нақыл  сөздеріне 
жүгінсек, құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер 
берген, асты-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, 
жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. 
Өліге де тіріге де бар жанымен беріліп, қызмет көрсететін мұндай халық: 
ер мінезді, ақ көңілді, қолы ашық халық дүние жүзінен табыла қояр ма екен?! 
Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өн бойында өзге халықтар 
түсінде көрсе шошып оянатындай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен 
халқымның қажыр-қайратынан қуат аламын. 
Өзін-өзі сақтап қалған халық – өте талантты халық. 
Біз  қашанда  өткенге  салауат  айтып,  жарқын  болашақтан  жақсы  үміт 
күткен халықпыз. 
Жеңіс  күні  –  абыройымыз  бен  даңқымыздың  мерекесі.  Ешқашан  да 
жауынгерлер ерлігі ұмытылмайды. 
Елдің елдігін, ердің ерлігін сынайтын нағыз тарихи кезеңде: 
Қасиетім менің, 
Адалдығым менен ақтығым. 
Жаныма қуат 
Жүрегімнің таза пәктігі. 
Тәңірімнен күнде 
Көз жасыммен тілеймін, 
Өтсем екен деп 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
123 
Тірі жанға болмай жаттығым
 -  деп  ақын  Әбділдә  Тәжібаев  жырлаған  еді.  Парасаттылық,  адалдық, 
жүрек пәктігі сияқты ізгі қасиеттерді биік ұстап өткен қазақ халқы ел басына 
күн туған қасіретті шақты сол кезеңде де жеңе білді. Соның арқасында елге 
Жеңіспен оралды. 
Ұлы күндер тарихтың тізбегінде, 
Жарық ізі кез келер іздегенде. 
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, 
Ұлы жеңіс мәңгі есте сақталады. 
Жер  шарындағы  адамзаттың  басты  тілегі  –  әр  күнін  соғыссыз  өткізу, 
елімізде бейбіт, тату-тәтті өмір сүру. Біз – бақытты халықтың ұрпағымыз. Осы 
өмірді  ата-бабаларымыз  бізге  аманат  етіп  қалдырып  кетті.  Ендігі  біздің 
мақсатымыз – бейбіт күннің қадірін біліп, елге адал қызмет ету, ардагерлерді 
мәңгілік құрметтеп өту. 
Жас ұрпақ ерлікті шырқайды ән қылып, 
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік! 
Қазиев Жеңіс 
11  сынып, №80 мектеп-гимназиясы Төретам кенті, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Файзуллаева К. Ж. 
 
Қандарын сарқып берген бабаларым, 
Улаудан қорғап ұрпақ саналарын. 
70 жыл демде зулап өтсе – дағы, 
Ұмытпас өздеріңді балаларың! 
Соғыс  пен  Жеңіс!  Не  еткен  бір  –  бірімен  тығыз  байланысты  сөздер 
десеңізші?! Мағыналары бір – біріне қаншалықты керағар болса, соншалықты  
халық санасына егіз ұғымдай сіңіп қалған сөздер. Бірін айтуға аузың бармай, 
атын естігенде, көкірегіңе қорқыныш ұялап, денең дірілдесе, екінші «Жеңіс!» 
сөзі  жүрегіңе  қуаныш  сезімін  ұялатып,  үнемі  әнге  қосып  айқайлап  айтып 
жүргің  келетін  ұлы  сөз  десем,  артық  айтқандық  емес.  Бұл  сөз  –  бізге 
майдандағы    аталарымыздың  қанымен,  ауылдағы  әжелеріміздің  маңдай 
терімен  келген  қасиетті  сөз.  Иә,  расында  да  осы  сөздің  артында  майдан 
даласында шейіт болған қаншама аға-апаларымыздың қыршынынан қиылған 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
124 
өмірлерін шертіп беретін тарихтың ізі  жатыр емес пе?!  Сол тарихтың мәні 
мен  мағынасын  сезіне  білу  мен  ұлы  жеңістің  қадір  –  қасиетін,  баға  жетпес 
құнын қадірлей білу – біздің, кейінгі жас ұрпақтың, басты міндеті. Осындай 
тәуелсіз де егемен  күнге жеткізіп отырған ата-бабаларымыздың мұң мен зарға 
толы  тарихынан бастау алған бейбіт күннің біз үшін маңызы зор. Соғыстың 
ащы да кермек дәмінен соң, жеңістің таңдайдан кетпес тәтті дәмін татқызған 
қайсар  да  қайтпас  батырларымыздың  ұлы  ерлігі  болатын.  Осы  күні  аталған 
ерлеріміздің  ерлік  істерін  бағалай  білуіміз  бен  оларға    ерекше  құрмет 
көрсетуіміз де тегіннен – тегін емес. Бұл – еңбегі ерен, ерліктері ешкіммен тең 
келмейтін  аға-апаларымыздың  қадір-қасиетін  терең  сезінуден  туып  отырған 
әрекет.    
Иә, олар қай кезде де, қай жерде де құрмет пен қадірлеуге лайықты. Біз 
ардагерлерімізбен мақтанамыз. Қалай десек те, бізге жеңіс туын алып берген 
ұлы тұлғалар мақтануға да, мақтауға да тұрарлық.  Өйткені олардың ерлігі – 
ешкімнің  қолынан  келе  бермейтін,  қайталанбас  ерлік.  Әрине,  бұл  –  менің 
пікірім.  Менің  бұл  ойыммен  қатар  –  құрбыларымның  да  ойларының  дөп 
келетініне сенімім мол.  
Біз  –  бақыттымыз!  Балалықтың  бал  дәмін  тата  отырып,  бейбіт  күнде 
еркін өмір сүрудеміз. Қажеттіліктеріміз де  – қол жетімді. Ал, бізге осындай 
бақытты  да,  бейбіт  күнді  сыйлай  білген  аға-апаларымыз  үшін  мұндай  күн 
арман  ғана  болатын.    Олардың  балалық  шағы  тұрмақ,  нағыз  бақытты 
кезеңдерін бастан кешетін жастық кезеңдерінің өзі де болмаған. Ел басына күн 
туып,  ат  ауыздығымен  су  ішіп,  азаматтарымыз  етігімен  су  кешкен  уақытта 
ауылдағы ауыр жұмыстың бел ортасында жүріп  балалық шақтарының қалай 
өтіп  кеткенін  де  аңғармай  қалған  емес  пе?!  Өз  өмірлерінде  бір-ақ  мәрте 
берілетін  нағыз  қызықты  жастық    шақтарында  қолдарына  қару  алып,  Отан 
үшін жандарын шүберекке түйіп, майдан даласына аттанды. Сол бір – ақ ауыз 
сөз соғыстың кесірінен қаншама бала әкесіз қалып, жетім атанса, қаншама ана 
сүйгендерінен  айырылып,  жесір  атанды.  Қаншама  қандастарымыз 
бауырларынан  айырылды.  Міне,  ол  кезең  осындай  ауыр  да  қайғылы  кезең 
болатын.  Майданға  кеткен  мыңдаған  адамнан  елге  аман-сау  оралғандары 
саусақпен санарлықтай ғана еді. Міне, менің елімнің батырлары осындай қиын 
– қыстау кезеңдерді де бастан өткерген болатын.
 Біз  ше?  Бейбіт  күнде  өмір  сүріп  жатырмыз  деп  мақтанамыз.  Алайда, 
осындай еңбек пен бейнет нәтижесінде келген Жеңістің құнын бағалай алып 
жүрміз бе деген сұрақ мені көп мазалайды. Бейбіт күннің бағасын білу үшін 
дәл  сондай  күнді бастан  кешіру  қажет  емес  шығар  деп  те  ойлаймын.  Біз  де 
Отан  алдында  борыштармыз.  Бірақ  та,  біздің  борышымыз  –  қарумен  емес, 
қаламмен,  ерінбей-жалықпай  оқу  нәтижесінде  ғана  өтелетін  борыш.  Осыны 
менің достарым жақсы түсінсе деп ойлаймын. Кейбір я қоғамға, я қара басына 
пайдасы жоқ босқа жүрген адамдарды кездестірсем, бала жүрегім мұздап қоя 
береді. Сол жандар өз өмірлерінің бостан – босқа өтіп жатқанын түсіне ме екен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет