Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


средних учебных заведений на патриотическую тему



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
82 
даусы  құлағыма  келгендей  болады. 
Ер елім, көрсет тағы еңбек күшін, 
Еңбекпен қас дұшпанның өрте ішін. 
Түр білек, түс еңбекке ту астында 
Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін, 
-  деп  халық  ақыны  Нұрпейіс  Байғанин  елді  майдан  үшін  еңбек  етуге 
үндегендей, тылдағы жұмысшылар 
Республикамыздың  ауыр  өнеркәсіп    саласында  да  адам  айтқысыз 
жетістіктерге қол жеткізді. 
Осындай  сұрапыл  жылдарда  да  қонақжай,  адал  ниетті,  ақкөңіл, 
меймандос  халқымыз  ізгілік  сипатын,  адами  қасиеттерін  жоғалтпады. 
Ресейден,  Украинадан,  Белоруссиядан,  басқа  да  республикалардан  келген 
баспанасыз миллиондаған адамдар мен жетім-жесірлерді халқымыз құшақ жая 
қарсы алып, шын жүректен бауырына басты. Босқындармен өз баспанасын да, 
қолындағы соңғы тілім нанын да бөлісіп жеді. Әрине, мұның бәрі де мақтан 
тұтарлық әрекеттер, Жеңіске жетуіміздің бірден-бір себепшісі. 
Балам, сенің бұл халқың-батыр халық, 
Батырлығын жауына татырды анық, - деп ақындар жырына арқау болған 
халқымыздың батырлығы, ерлігі қан майданда талай рет дәлелденді. 
Шынымен де, елін, жерін тебірене сүйген адам ғана батырға айналады!  
Көңілге көп тоқыған Кәрі-құртаң  ашынды.  
Қара  қағаз  оқудан    сауатымыз  ашылды,  -  деп  Қадыр  Мырзалиев 
жырлағандай, Ұлы Отан соғысы, ондағы Жеңіс талай адамдардың тағдырын 
күрт өзгертті, талай жанның өмірін үзді. Ал енді бүгін, 9 мамыр күні, осынау 
Ұлы  Жеңіс  күнінде  Отанымыз  үшін  өзінің  жанын  пида  еткен,  туған-
туысқандарына,  жақын-жарандарына,  тамыр-таныстарына  қайтып  оралмай 
қалған қаһарман ерлерді ел болып еске түсіреміз. 9 мамыр – фашизмді жеңген 
қаһарман  халқымыздың  мереке  күні.  Осынау  қуаныш  үшін  өмірлерін 
қиғандарды еске алу күні. Бұл күні жүрегіміз  осыдан  70 жыл бұрынғыдай 
сыздайды. Бүгін жеңімпаздардың  ұрпақтарының  жүрегі мақтаныш сезіммен 
лүпілдей соғады! Ешқашан  да жауынгер ерлігі мен жемісті еңбегімен соққан 
еңбекшінің  ерен  ерліктері  ұмытылмайды.  Сол  сұрапыл  соғыста 
батырларымыздың  сақтап  қалған  байтақ  жеріміз  бүгінгі  күні  дүние  жүзі 
таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, 
жетістік.  Қазір  Республикамыздың  дүние  жүзінің  алдыңғы  қатарындағы 
мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың 
өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы – тұңғыш 
президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  адал  да  ұтымды 
тактикасының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, 
ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз!  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
83 
Жауды жеңіп табанға сап, 
Жермен-жексен еткен ерім. 
Қуан,қуан, күлші сақ-сақ 
Шын жеңіске жеткен елім! 
Жақсыбаев Еламан 
№99 орта мектебі Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Ерліктері елдің есінде 
Бір кезде алып берген елге Жеңіс, 
Сабаздар бірте-бірте келмей тегіс, 
Жыл санап сирек тартып бара жатты, 
Сарқылып сабасынан бейнетеңіз. 
Ғафу Қайырбеков 
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен 
төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күн соғыстың алғы 
шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен 
ардагерлер  ерлігі.Бұл  атаның  қанымен,  ананың  жасымен  келген  жеңіс.    Біз 
Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы  Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін  ғажап  күшпен 
жеттік.  Ол  күш,  әрине,  «бірлік».  Қаншама  халық  бір  тудың  астына  бірігіп 
күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің 
ортақ мерейтойы. 
Неменеңежетістің бала батыр, 
Қарияларазайып бара жатыр. 
Бірі мініп келместің кемесіне, 
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, 
- деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз 
құндылық  ұрпақаралық  қимастық,  сыйластық  сезімдері  мөлдіреп  тұр. 
Қариялар  азайып  бара  жатқанын,  әсіресе,  олардың  ортасында  Ұлы  Отан 
соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 
барады  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 
күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 
жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 
туын жағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Біздің аталарымыз 
бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына 
деген  шексіз  сүйіспеншіліктері  Қазақстанның  бүгінгі  жауынгерлері  үшін 
мақтан  тұтарлық  үлгі  ғана  емес,  бұл  –  бірнеше  ұрпақты  байланыстыратын 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
84 
қоғамның  рухани  дамуы  мен  ұлттық  қайта  өрлеуінің  жоғары  адамгершілік 
негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен 
ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.  Адамзат 
тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл 70 жыл толады. Бірақ 
Ұлы  Жеңістің  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та  ұмытылмастай  ізін 
қалдырды.  Жеңіс  күні  –  бұл  сан  мыңдаған  ұрпақ  үшін  ортақ  мереке.  Бұл 
мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын 
қорғаған  жауынгер-солдаттар  мен  офицерлердің  айбыны,  тылдағы  Жеңісті 
жақындатқан  жұмысшылардың  ерлік  еңбектерінің  мәңгі  өшпейтіндігін 
дәлелдейтін белгі болып қалмақ.  
Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған 
күн. Сондықтан да, бұл – Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының 
аманатын  арқалап,  аман  оралған  ардагер  аталарымыздың  өздері  қорғап, 
қорған,  қамқор  болып  оралған  арттағы  қалың  елдің  қамығып  жеткен  Жеңіс 
күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. 
Москва, сенің іргеңді, 
Ел, ер болып сақтаймыз. 
Сенен аяр жан да жоқ, 
Барлығы да сен үшін, 
Саған қауіп төнгенде, 
Жау таянып келгенде, 
Қамсыз тыныш жатпаймыз. 
Алпыс ұлттың адамы
Қол ұстасып үн қосып, 
Қорғауға сені дайынбыз, 
-  деп  жазған  Нүрпейіс  Байғаниннің  өлеңінен  халқымыздың  Мәскеу 
қаласына деген ерекше құрметі байқалады. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа 
халқымен  бірге  жауды  талқандап,  жеңіске  жету  ісіне  Қазақ  халқы  да  өзінің 
лайықты  үлесін  қосты.  Қазақстандық  жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап 
Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, 
Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ 
ел  басына  күн  туғанда  толарсақтан  саз  кешетін  жауынгер халық.  Ұлы  Отан 
соғысының  қатпарлары  парақтарына  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың  қанды 
қырғынға  қаймықпай  соғысқанына  ашық  көзіміз  жетеді.  Оған  мысал  айқас 
алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры 
атағын алғанын айтсақ та жетеді.  Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің 
Отанына,  жеріне  деген  патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді. 
500-ден  аса  жерлестеріміз,  оның  ішінде  96  қазақ  Кеңес  Одағының  Батыры 
атағын  алды.  Олар:  Бауыржан  Момышұлы,  Талғат  Бигельдинов,  Сергей 
Луганский,  Иван  Павлов,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова  және  көп 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
85 
басқалар.  Жауға  қарсы  шайқастар  алдыңғы  шептегі  ұрыстарда  ғана  емес, 
алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан 
миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейірімімен  тартушы, 
эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-
түлік  жеткізуші  үлкен  арсеналға  айналды.  Ерен  ерлігімен  халық  арасында 
ерлігі ұранға айналған,Кеңес Одағының батыры атағын кеш алған Бауыржан 
Момышұлы  атамыздың  биыл  жүз  бес  жылдық  мерейтойы  Жеңістің  жетпіс 
жылдығымен  қатар  келіп  тұр.  Торқалы  тойдың  қуанышы  өзі  сүйген  халқы 
үшін  ерекше  болмақ.  Найзағайдай  жарқылдаған,  отты  ойы  бар  қаһарлы 
сөйлесе де, қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды 
қақ  жаратын  әділдіктен  жаралған  ойы  тұңғиық,  қимылы  қылыш  Бауыржан 
Момышұлы  есімі,  ерлігі  жадымызда  мәңгі  қалып,  өнегесі  болашаққа  күш, 
қайрат, рух береді.  
Жеңіс – қасиетiмен ауыр. 
Халықтарды нығайтады,көмектеседі және бiзге дейiн жетедi. 
Жеңіс – біздің ата-бабаларымыздың батырлығы. 
Жетістік, салтанат, мейрам. 
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! 
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! 
Барды  жоқ  ететін,  тауды  жер  ететінжер  бетіндегі  тіршілік  атаулының 
бәрін  жалмап  жұтатын  тажал.  Сол  қанды  кезеңді  еске  түсіріп,  елестететін 
газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін 
мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе 
де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. «Ер есімі – ел есінде»,- демекші, бізге жарқын 
болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі мен жеңісті еңбегімен 
соққан  еңбекшінің  ерен  ерліктері  ұмытылмайды.  Бүгінде  біздің  азаматтық 
міндетіміз  –  болашақ  ұрпақты  Отанын  сүюге,  елінің,  жерінің  адал 
патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке 
тәрбиелейді.    Солардың  қасиетті  рухы  бүгінгі  бейбіт  тірлігімізге  нұрындай 
мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің! 
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын! 
   Жақсылықова Айдана 
9 сынып, №57 Е.Көшербаев мектебі 
Арал ауданы,  Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Абатырова Г. 
 
Ер есімі   ел есінде 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
86 
Тарихымызда  өшпес  із  қалдырған  ең  сұмдық  соғыстың,  яғни  екінші 
дүниежүзілік соғыстың болып өткеніне де биыл 70 жыл. Қаншама адамзаттың 
өмірін  жалмаған,  қаншама  елдің  жағдайын  құлдилатқан  зұлмат  соғыста 
жеңіске жеттік. Бірақ төрт жылға созылған майдан біз үшін де оңай болмады, 
өз қиындықтарын ала келді.  
Жауға қарсы соғыстар тек майданда ғана емес, алыстағы ауылдар мен 
далаларда да жүріп жатты. Мұндағы тірлік те жеңісті бір табан жақындатты. 
Тылда ауылда қалған әйелдер мен балалар, шамасы келгенше қарт кісілер өз 
ерен  еңбектерін  көрсетті.  Күні-түні  мал  бағып,  егіс  даласында    тынымсыз 
жұмыс  жасап  жеңісті  шыңдады.  Қазіргі  кезде  тылдағы  жұмыскерлерді  тыл 
ардагерлері деп атаймыз. Соғыс ардагерімен қатар қойып, ардақ тұтамыз. 
1941  жылдың  22  маусымының  таңы  КСРО  үшін  қаралы  күн  болды. 
Германия әскерлері бір түнде тыныш жатқан кең байтақ даланы оққа борады. 
Суық  хабар  лезде жан-жаққа  тарады.  Қаралы  хабарды  есіткен  бойда,    қазақ 
даласынан сан мыңдаған азаматтар мен азаматшалар өз еріктерімен соғысқа 
аттанды.  Отан  соғысының  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ  барлық  майдан 
далаларында фашистерге қарсы ұрыстар жүргізілді. 
Майдан  даласында  ұрыс  салған  мыңдаған  жауынгерлер  отаншылдық 
пен  ерліктің  үлгісін  көрсетті.  Бес  жүзден  аса  жерлестеріміз,  оның  ішінде 
тоқсан  алты  қазақ    Кеңес  Одағының  батыры  атағын  алды.  Олар:  Бауыржан 
Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Мәншүк Мәметова, Әлия 
Молдағұлова және тағы да басқалар. Олар бізге яғни, кейінгі ұрпаққа үлгі бола 
білді.  Тарихта  есімдері  алтын  әріппен  жазылды.  Бұлардың    әрқайсысы  ұлы 
тұлғалар. Осы кісілер туралы айта кетсек: 
Талғат Бигелдинов – авиация генерал-майоры, «Барыс» орденінің иегері. 
Ол 1944 жылы қазан айында Знаменка және Кировоград қаласын азат ету үшін 
болған соғыста ерлік көрсетіп, жаудың төрт ұшағын атып түсіргені үшін Кеңес 
Одағының батыры атағын алды. 1945 жылдың маусымында Талғат ағамызға 
екінші рет Кеңес Одағының батыры атағы бұйырды. 
Кеңестік  Шығыс  әйелдері  арасынан  бірінші  болып  Кеңес  Одағының 
батыры  атағына  ие  болған  қазақ  қыздары  100-қазақ  ұлттық  атқыштар 
бригадасының  пулеметшісі  М.  Мәметова  мен  54-атқыштар  бригадасының 
мергені  Әлия  Молдағұлова  болды.  Олардың  екеуі  де  жүзден  астам  жауды 
жойып, шайқас үстінде қаза болды.    
Мәншүк Мәметова – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының батыры. 
Мәншүк  майданнан  анасына:  «Апа!  Отаным  маған  қару  берді.  Сол 
сенімді  ақтағым  келеді.  Көптен  ойлаған  ой  мақсаттарыма  енді  жетемін. 
Соғысқа  барғанда  фашистерден  кек  аламын.  Мақсатым  осы,  хош,  менің 
сүйіктім. Қатты қысып сүйемін. Қызың Мәншүк» - деп Алматыдан майданға 
жүрер алдында хатында жазған.  
Невель қаласы үшін болған шайқаста Мәншүк Мәметова табандылық, 
батырлық көрсетіп, ерлікпен қаза тапты. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
87 
Әлия Молдағұлова – қаһарман қыз Кеңес Одағының батыры, мерген. 
Әлия    1943  жылы  маусым  айында  2-Прибалтика  майданының  26-
атқыштар  дивизия  құрамында  үлкен  шайқастарға  қатысты.  1944  жылы 
Новосокольники станциясы маңындағы шайқаста қазақтың батыр қызы Әлия 
қаза тапты. Отан үшін көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағы 
батыры атағы берілді. 
Соғыс  жылдары  Қазақстан  миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына 
баса білді. Қазақ халқы өз жағдайларына қарамастан, қонақжайлылық көрсетіп 
, тағдырластарымен бір нанды бөлісе білді. Оларды еш кемсітпеді. Және де 
Қазақ  даласы  шикізат  көзіне  айналды.  Мұнда  керекті  оқ-дәрі,  киім-кешек 
алынып,  майданға  жеткізілді.  Тіпті  комсомол  жастары  аз  да  болса,  қаражат 
жинап, өз қамқорлықтарын көрсетті. 
Сол  сұрапыл  соғыстарды  еске  ала  отырып,  Кеңес  Одағының  батыры, 
жазушы Б.Момышұлы былай деп жазды: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ 
біздің  кек  отымыз  қандай  темірді  болса  да  ерітіп,  күйдіріп  жібере  алады... 
біздің  үрейді  жеңетін  ең  күшті  қаруымыз  бар,  ол  –  Отанға  деген 
сүйіспеншілік».  Иә,  расында  да  патриотизм,  фашистерге  деген  кек  оты 
жауынгерлеріміздің  соңғы  демі  қалғанша  күресуіне  жол  ашты.  Олар  Отан 
үшін, елде қалған отбасы, ата-атасы үшін кеудесін отқа тосты. Еш мойымады, 
жасымады. Шаршап қалжыраған, аш солдаттарымызды бір белгісіз күш алға, 
жеңіске  талпындырғандай.  Сол  уақыттағы  әр  адам  бар  жеткен  жетістігін 
алдағы жарқын болашаққа, жеңіске арнады. Бәрі жеңіс үшін деп ұрандатты. 
Және олар өз мақсаттарына жетті. Алда бізді, яғни Кеңестер Одағын жеңістің 
ақ  таңы  күтіп  тұрған  еді.  Қаншама  ата-баба  ,  аға-әпкелеріміздің  еңбегімен, 
ерлігімен келген жеңіс! Қаншама жасты қыршынынан қиған соғыстың жеңісі! 
Бұл жеңіс кімге де болса қымбат, ыстық естілді. 
Иә, төрт жылға созылған зұлмат соғыс неміс фашистерінің тізе бүгуімен 
аяқталды. Майдандағы жауынгерлер өз туған жерлеріне асыға оралып жатты. 
Бірақ та мұндай бақыт бұйырмағандары қаншама. Көптен күткен жеңістің ақ 
таңы тоғызыншы мамырда атты. 
Тоғызыншы  мамыр  –  бұл  мереке  ғана  емес,  бұл  ауыр  еңбек,  бұл 
халықтың  батырлығы.  Бұл  күн  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Бұл  күнді  ұрыс 
даласында  кеудесін  оққа  тосқан  жауынгерлер  тойлайды.  Бұл  мейрамды 
өздерінің  тылдағы  еңбектерімен  жеңісті  жақындатқан  тыл  ардагерлері 
тойлайды. Бұл мейрамды даңқты да аяулы аналарымыз, әпкелеріміз тойлайды. 
Себебі олар соғысқа кеткен ерлерінің орнын жоқтатпады. Оларды асыға күтті, 
төзімділік  танытты.  Бұл  мейрамда  Отанына,  туған-туыстарына  жете  алмай 
қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді.  
Кейінгі ұрпақтарына жеңісті ауыр жолмен әкелген ардагерлерді сыйлау 
– біздің азаматтық парызымыз. Олар бейбітшіліктің ақ таңын сыйлады. Сол
үшін де оларға алғыс  айтқымыз  келеді.  Қазіргі  тыныш  өміріміздің  тұнығын 
лайламауға сөз береміз! 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
88 
Жақсылықова Жадыра 
 9 сынып, №111 орта мектебі Алдашбай ахун ауылы  
     Қармақшы ауданы  Қызылорда облысы 
     Жетекшісі: Жақанова М. 
Батырлар қалмас беймәлім 
Тәуелсіз елім-арайлы таңым,асқағым, 
Ұлы Жеңіс күніне жырымды арнадым. 
Ес білген күннен өзіңді көрдім биіктен. 
Қазақты сүйіп тұрғандай болды аспаным. 
Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келген сәбилер қазіргі жігерлі 23 жасқа 
толды. Елімізді қорғаған Бауыржан Момышұлы атамыз бір сөзінде  
«Жиырма  үш  жас-тарихи  ерліктер  жасайтын  жас»  деген.  Міне, 
тәуелсіздіктің құрдастары ерлік жасайтын шақта болса,тіліміз әлі құрсақтағы 
сәби  қалпында  қалып  отыр.  Бүгін  –  Ұлы  Отан  соғысының  аяқталғанына  70 
жыл,  қазақстандықтардың  майдан  даласындағы  ерліктері  мен  тылдағы 
табандылықтары  ешқашан  да  ұмытылмайды!  1939  жылдың  дерегі 
бойынша,біздің республикамызда 6,2миллион адам тұрған. Қазақстан армия 
мен  флот  үшін  офицерлік  кадрлар  және  резервтік  күштер  дайындауға  да 
лайықты  үлес  қосты.  Біздің  жерлестеріміз  майдан  даласында  ерлікпен 
шайқасқан.  
Жауынгерлік  ерліктері  үшін  жүздеген  мың  қазақстандық  медаль-
ордендерімен  марапатталса,  500-дей  адам  Кеңес  Одағының  Батыры,100-ден 
астам    жас  қазақстандық  екі  мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры  атанды.  Олар: 
Талғат Бегелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Блда, т.б. 
Кеңес  Одағы  Батырларының  қатарында  қазақтың  екі  қызы  мерген  Әлия 
Молдағұлова апамыз бен пулеметші апамыз Мәншүк Мәметова да бар. Менің 
кейде  арманым    Әлия,  Мәншүк  апаларым  сияқты  елімді,  жерімді  қорғағым 
келеді. 
Сонымен  қатар  рейхстагқа  Жеңіс  туын  тіккендердің  бірі-қазақ  жігіті 
Рахымжан  Қошқарбаев.  Жаудың  тылында  партизандардың  қатарында 
қазақстандықтар да шайқасқан. Солардың бірі – Қасым Қайсенов. Ал танымал 
қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлы атамызды,  Волоколомск тас 
жолын  қорғаған 28 панфиловшылардың  ерлігін  білмейтін  қазақ  жоқ  шығар. 
Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Адамзат тарихындағы 
ең  сұмдық  соғыстың  болып  өткеніне  70  жыл  толды.  Бірақ  Ұлы  Жеңістің 
ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні-
бұл  сан  мыңдаған  ұрпақ  үшін  ортақ  мереке.  Бұл  мереке-бейбітшілік  пен 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
89 
қайырымдылықтың  мәңгі    жасампаздығын,  Отанын  қорғаған  жауынгер  – 
солдаттар  мен  офицерлердің  айбыны,  тылдағы  Жеңісті  жақындатқан 
жұмысшылардың  ерлік  еңбектерінің  мәңгі  өшпейтіндігін  дәләлдейтін  белгі 
болып  қалмақ.  Біздің  аталарымыз  бен  әкелеріміздің  батырлықтары  мен 
жанқиярлықтары,  олардың  өз  отанына  деген  шексіз  сүйіспеншіліктері 
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес. Бұл 
– бірнеше  ұрпақты  байланыстыратын  қоғамның  рухани  дамуы  мен    ұлттың
қайта өрлеуінің жоғарғы адамгершілік негізі. 
Жеңіс  күні-абыройымыз  бен  даңқымыздың  мерекесі.Табандылық  пен 
ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіскке жеткізді. Көрнекті 
қазақ ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтың ауыр тағдыры туралы өлең жазып 
қалдырған.  «Ленинградтың  өренім,  Мақтанышым  сен  едің!  Нева  өзенің 
сүйкімді,  Бұлағымдай  көремін».  Ақынның  бұл  өлеңі  Ленинградтты 
қорғаушыларға  үлкен  рух  беріп,  ірі  әріптермен  плакаттарға  жазылып, 
Ленинград  көшелеріне  ілінді.  9мамыр-бұл  мереке  ғана    емес,бұл  ауыр 
еңбек,бұл  халықтың  батырлығы.  Біздің  парызымыз  –  бұл  күнді  есте  сақтау. 
Бүгін шығарма жазып отырып,есіме өзімнің ағам түсіп отыр. 
Мен  Жақсылықова  Жадыра  №111  орта  мектептің  9-сынып 
оқушысымын. 
Ағам жайлы айтар болсам. Ағам 1993жылы 9 мамырда Алдашбай Ахун 
ауылында дүние есігін ашқан. Ағамның атын 9-мамырда дүние есігін ашқан 
ағамның Азан шақырып қойған аты – Жеңіс. Жеңіс сөзінің мағынасын ашар 
болсам.  Ұлы  Жеңіс  құрметіне  қойылған  есім.  Біз  Жеңіс  мерекесінде  Жеңіс 
ағамызды дүние есігін ашқан күнімен және жеңіс мерекесімен шын жүректен 
құттықтаймыз! Жеңіс күнімен ағамды құттықтап, өз өлеңімді ағама арнасам. 
Ұлы Жеңіс Құрметіне атын қойған, 
Әулетімде бар менің Жеңіс ағам. 
Ағамның ізіне ерген ізбасары
Жадыра болар есімім қандай жақсы. 
Кеңес  Одағының  Батыры,  талантты  журналист    Баубек  Бұлқышев 
майданда  жүріп жазған «Өмір мен өлім туралы» очеркінде: 
«Адам ұлы адамша өмір сүрсін, адам дүниесі шын мағынасында адам 
дүниесі  болсын.  Біз  осы  үшін  күресеміз,  осының  жолында  өмірімізді 
аямаймыз. Өмір үшін күресте біз өлім дегеннен сескенуден жиіркенеміз. 
Адам  бір-ақ  рет  туады,  бірақ-рет  өледі.  Өлім    әр  түрлі  болады:  біреуі 
суықтан өледі, біреу қыз үшін қырқысып өледі, енді біреулер аурудан өледі. 
Мұндай өлімдерді естігенде құр ғана ренжисің де қоясың. Ал істегеніңді үлкен 
құрметтеп, бас иетін өлім де бар. Ол майданда ерлерше өлу»-деп жазды. 
Отан жерін жау табанына бастырмау үшін қасық қанын аямай ерлікпен 
қаза тапқан Төлеген Тоқтаровтың: 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
90 
«Өлімге тіке қадала қара, сонда өлім сенен қашады,сен жеңесің»,-деген 
жалынды,жүрек  жарды  сөздері  де  ауыздан  ауызға  ауысып,сол  қалпында 
өзгермей бізге жетті. 
Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйініне  келер  болсақ.  Біздің 
ардагерлеріміз  кемде-кем  қалды. Күннен күнге азайып бара жатырған соғыс 
ардагерлерін лайықты сый – құрметке әрқашан бөлеп жүрейік.  Ұлы Жеңістің 
70 жылдық мерейтойы  құтты болсын дегім келеді.Тарихымызда қалған бұл 
сұрапыл  соғыстың  кеселінен  өткен  ата-апаларымыз  аман  болсын!  Келешек 
еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, 
білектей  біріккен  кеңпейіл  Қазақ  елі  жасасын!  Ешқашанда  жауынгер  ерлігі 
мен  жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің  ерен  ерліктері  ұмытылмайды! 
Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз-болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, 
жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отан 
сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ елі мәнгілік жасап, өркенін жая берсін!     

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет