Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет26/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
214 
Иықтарына  үлкен  ауыртпалық  түскен  еңбек  даласында  миллиондап  жұмыс 
істеген әйелдердің, жасөспірімдер мен қарттардың жеңіл күнін көзге елестету 
мүмкін бе еді?! 
Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс  қорына  «Советтік  Қазақстан»  танк 
колоннасы мен авиақұрамаларын жасауға 1942 жылы 18 ақпанына дейін, яғни 
соғыстың басталғанынан бері сегіз ай ішінде 437 миллион 422 мың сом ақша 
жиып өткізді.  
Халықтан жиналған осындай мол қаржылардың нәтижесінде 1942 жылы 
қараша  айында  Кеңестер  одағы  6014  танкті  майданға  шығаруға  мүмкіндік 
тапты.  Бұл  1941  жылдың  соңғы  айларымен  салыстырғанда  Кеңес  Одағында 
танктер  саны  төрт  есеге  жуық  өсті  деген  сөз.  Қазақстанның  жинаған 
қаржысына жасалған танк колонналары1942-1943 жылы Сталинград, Курск, 
1944  жылы  Беларусь,  кейін  Висла-Одер,  Берлин  операцияларында  ерлік 
көрстекені 1941-1945 соғыс жылдарының шежіресінде жазылды. Қазіргі қолда 
бар  деректерге  сүйенсек,  тек  Қазақстан  халқының  жинаған  қаржысынан 
әртүрлі атауларымен 17 самолет құрамасы эскадрильясы, звенасы құрылған. 
Сұрапыл соғыс жылдары Кеңестер Одағының жау тылында қалған және 
фашистер тасы қалған аймағынан Қазақстанға 142 ірілі-ұсақты кәсіпорындар 
көшіріліп әкелініп, жұмыс істей бастады. 
Жеңіске  Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы  да  өз  үлесін  қосты.  Атап 
айтқанда еліміз 30,8 миллион пұт астық картоп және көкөніс 15,8 миллион пұт 
ет, 3194мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді. Бұл соғысқа дейінгі бес 
жылдағы  көрсеткіштен  бірнеше  есе  көп.  Ер  азаматтардың  бәрі  армия 
қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек 
етті, еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық 23 
сағаттық  жұмыс  күні  бекітілді,  демалыстар  тоқтатылдв.  Бірақ  ешкім 
қынжылған жоқ. 
Қазақстанда  «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!» деген ұрандар 
тасталды.  
Москва сенің іргеңді 
Ел, ер болып сақтаймыз, 
Сенен аяр жанда жоқ, 
Барлығы да сен үшін, 
Саған қауіп төнгенде 
Жау таянып келгенде, 
Қамсыз тыныш жатпаймыз 
Алпыс ұлттың адамы
Қол ұстасып үн қосып, 
Қорғауға сені дайынбыз, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
215 
-деп  жазған  Нұрпейіс  Байғанидың  өлеңінен  халқымыздың  Мәскеу 
қаласына деген ерекше құрметі байқалады. 
Ұлы  Жеңістің  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та  ұмытылмастай  ізін 
қалдырды. Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке-
бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған 
жауынгер-солдаттар  мен  офицерлердің  айбыны,  тылдағы  Жеңісті 
жақындатқан  жұмысшылардың  ерлік  еңбектерінің  мәңгі  өшпейтіндігін 
дәлелдейтін  белгі  болып  қалмақ.    Біздің  аталарымыз  бен  әкелеріміздің 
батырлықтары  мен  жанқиярлықтары,  олардың  өз  Отанына  деген  шексіз 
сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық 
үлгі  ғана  емес,  бұл-бірнеше  ұрпақты  байланыстыратын  қоғамның  рухани 
дамуы  мен  ұлттық қайта  өрлеуінің  жоғары  адамгершілік  негізі.  Жеңіс  күні-
абыройымыз  бен  даңқымыздың  мерекесі.  Қазақстандық  жауынгерлер  Брест 
қамалынан  бастап  Берлинге  дейін  барды.  Олар  Сталинград  түбіндегі 
шайқаста,  Днепр  өткелінде,  Москва  мен  Ленинград  үшін  болған  ұрыстарда 
ерен  ерліктер  көрсетті.  Ұрыс  алаңдарында  өшпес  ерлік  жасаған  бес  жүз 
қазақтың  Кеңес  Одағының  батыры  атағын  алғанын  айтсақ  та  жетеді. 
Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, 
өз  мүддесін,  ұрпақ  мүддесін  ойлаған,  қара  қылды  қақ  жаратын  әділдіктен 
жаралған  ойы  тұңғиық,  қимылы  қылыш  Бауыржан  Момышұлы  есімі,  ерлігі 
жадымызда мәңгі қалып, өнегесіболашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі-
ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, 
апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт 
тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. 
Қорыта  келгенде,  Ұлы  Жеңістің  қуанышы  мен  салтанатынан  кешегі 
қайғысы  мен  қазасы  анағұрлым  ауыр.  Сондықтан,  күші  аса  басым  жауды 
жеңіп  шыққан  ұрпақтар  өкілдерінің  еңбегі  тарихтан  өзінің  лайықты  орнын 
алды. Тәуелсіз Қазақстан халқның тарихын әр уақыт қастерлеп есте сақтауға 
тиіспіз.  Соғыс  жылдарындағы  Қазақстандықтардың  ерлік  салты  бүгінгі 
Қазақстанның қарулы күштер қатарында қызмет етіп жүрген жас ұландардың 
азаматтық  ары  мен  асыл  арманында  мәңгілік  жаңғырып  тұратын  болады. 
Осынау  сұрапыл  шайқаста  елім,  жерім  деп  қасық  қаны  қалғанша  шайқасып 
қаза тапқан азаматтарды біз ешқашан ұмытпаймыз.   
Соғыс бұлты тұр менің жүрегімде, 
Бейбітшілік, тыныштық тілегім де 
Отан үшін откешкен бабаларым 
Ұмытпаймыз сендерді бұл өмірде 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
216 
Тажимбетова  Арайлым 
11 сынып, Арал  қалалық №83 орта  мектебі 
Арал ауданы Қызылорда  облысы 
Жетекшісі: Жарылқапова  П. 
Менің  атам 
9  мамыр  –  Ұлы    Жеңіс  мерекесі.  2015  жылы  Ұлы  Жеңіске  70  жыл  
толады. Екінші  дүниежүзілік  соғыста  елдік  ерліктің  хас  үлгісін  көрсеткен  
майдангерлерге  құрмет  көрсету – бүгінгі  ұрпақтың  бұлжымас  парызы.  
Адал  жарды  аяулысынан,  ананы  жалғызынана,  бесіктегі  баланы  
әкесінене    айырып,  жетімдік  күйін  кешірген  бұл  соғыс  сол  кездегі  Кеңес  
үкіметін  ғана  емес,  бүкіл  дүние  жүзін  дүр  сілкіндірді.  Бұл  соғыс  Кеңес  
Одағының  отансүйгіш,  қайсар  ұлдарының  арқысныд  жеңіспен  аяқталды. 
Жеңіс  үшін    қан    төккен,  ұрыс  даласында  тайсалмай  елін  жаудан  қорғаған  
батыр аталарымыздың ерлігі еш уақытта ұмытылмайды.   
Менің  де  атам  Тәжімбетов  Жұпан  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері  
болғандығын  мақтанышпен  айта  аламын.  Атам  туралы  төмендегі  естелік  
әңгіме менің жадымда мәңгі сақталады. 
Менің атам 1942 жылы 24 мамыр күні Арал қаласынан эшалонға мініп 
майданға  аттанған.  3  ай  бойы  Челябі  қаласының  жанында  дайындықтан 
өткізіп, әр фронтқа бөліп жіберген. Олар мінген вагон толы әскерлер Красный 
Куттан Астрахань арқылы Сталинград бағытына жүріп келе жатып, жаудың 
ұшақтарының бомбалауына ұшыраған. Жауынгерлер дереу жерге түсіп, Волга 
өзенін жағалай өскен ағаштар арасымен біршама жер жүріп, бір өткелден арғы 
бетке баржамен жеткен. Сол жерде 38-атқыштар дивизиясының қарамағына 
қабылданған.  Дивизия  бөлімдері  Сталинградқа  таяу  орналасқандықтан 
қаланың  түтінмен  жалынға  оранып  жатқаны  алыстан  көрініп  жатады. 
(Сталинград 
шайқасы- 
Екінші 
дүниежүзілік 
соғысындағы 
басты 
шайқастардың  бірі.  Ол  қорғаныс  [  1942  жыл  17  шілде  -  18  қараша]  және 
шабуыл [ 1942 жыл 19 қараша- 1943 жыл 2 ақпан ] кезеңдерінен тұрады. Жау 
1942  жылы  27  тамызда  қалаға  келіп  тірелген.)  Алғы  шепке  1942  жылдың  8 
қыркүйек  айында  баруымен  фашистермен  кескілескен  айқасқа  түскен.  Жау 
жағының  ұзақ  атқылауынан  көптеген  шығындар  болып,  біршамасы  ауыр 
жараланып кейін қайтарылған. Бірақ біздің әскерлер олардың көптеген ауыр 
шабуылдарын тойтарған. 30 қыркүйек күні таңертең ракета белгісімен қарсы 
шабуылға  бұйрық  берілген.  Әуелі  артиллерия  дайындығы  аяқталысымен, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
217 
қапталдан  танкілер  алға  шығып,  соңынан  жаяу  әскерлер  ұрандата  түрегеліп 
алға ұмтылған. Төбеден төмен түсе жазық дала басталып, немістер оқ боратып, 
жүруге  мүмкін  болмай,  шегінуге  жол  жоқ,  жау  қалдырып  кеткен  окоптарға 
жатуға тура келген. Окоптар таяз, әрі мылтық оғы мен миномет снарядтарынан 
әскерлерден  шығын  бола  бастаған.  Тереңдетіп  қазуға  бұрын  өлген  жау 
солдаттары жатқандықтан мүмкін болмаған.  Үш  күнге  созылған  ұрыста 
взводтан үш адам қалған. Келе жатқан жауларды танктерді тасалап атыңдар 
деген бұйрық алғандықтан жүгіріп келе жатқанда сүрініп құлағандай болған. 
Есін жинаса санитаркаларды көрген, сөйтсе бір оқ  сол саннан кіріп оң санды 
айырып шыққан екен. Көмекке жаңа солдаттар келе бастапты. Олар жарасын 
таңып, ауыр науқастардан көлік ауыспайды кейін жаяу жылжи беріңдер деп 
кете  берген.  Кеш  дегенде  бір  селоға  әзер  жетіп,  сол  жерден  көлікпен 
Камышинге барып, кемемен Қазан қаласындағы госпитальда 3 ай емделген. 
Госпитальдан  соң  Мәскеу    аумағындағы  Торжок  станциясында  қайта 
жабдықталып  жатқан  33-бригадаға  88мм  миномет  көздеушісі  болып 
қабылданып,  ақпан  айында  алғы  шепке  жаяу  жылжып,  алғашқы  шабуылда 
Жуков  деревнясын  азат  еткен.  Одан  әрі  Калинин  облысында    Калинин, 
Солтүстік  -  Батыс  фронтарындағы  ұрыстарға  қатысып,  жауларды  қуалай 
соғысқан.  Жерлер  көбіне  батпақ  болғаннан  кейін,  ағаштардан  әскери 
техникалар  жүретін  жол  салуға  көп  еңбек  етілген.  33-бригададан  319-
дивизияға ауысып 2- Прибалтикалық фронт қарамағында елін қорғаған.  
1944 жылы 24 сәуір күні екінші мәрте оқ тиіп, сол иығынан жауырынын 
тесіп  өткен.  Фашистерді  қуып  келе  жатқан  соң,  дала  госпиталында  4  ай 
емделіп,  319-дивизияның  1344-полкінің  1-миномет  ротасына  келеді.  Қазан 
айында дивизия 1-Прибалтика фронтының қарамағына енгізіледі.  Сол кездегі 
жақсы  көрсеткіштері    үшін  әуелі  партияға  кандидат,    1944  жылы    партияға 
мүшелікке қабылданады.  Екі рет «За отвагу» медальдарымен награтталады.  
«Неміс жеріне де жақындап келеміз. Дегенмен олар әр метр үшін қатты 
қарсыласты. Соғыстың алғашқы жылдарындай емес совет елінде артиллерия, 
самолеттер көбейіп, әсіресе «Катюша» атты далалық реактивті атыс құралы 
жаудын зәре-құтын қашырды. 1944 жылы желтоқсан айының ортасына таман 
Неман өзенінен өтуге дайындық жасалып жатты. Біз жағадан 1-1,5 км жерде 
орналастық.  Рота  командирі  аға  лейтенант  Симонов  дереу  арғы  беттегі 
мынандай ориентрге оқ жаудыр деген бұйырғанда  сол сәтте үш мина қатар 
жіберіп,  орындап  үлгірдім.  Сөйтсем  бақылаушылар  пулеметшілерді  көріп 
хабарлаған екен. Нысанаға дөп тиді деп хабар келді. Кешке  қарай  сол жерде 
тағы  қозғалыс  пайда  болды,  сол  жерді  көзде  деді.  Мен  дайын  тұрған  
дәлдікпен бірнеше минаны жібере салдым. Ертеңіне полк командирі Хамраков 
мені  шақырып,  кешегі  жерде  жаудың  көпшілігінің  құрбан  болғанын,  мені 
«Қызыл  Жұлдыз»  орденіне  ұсынғанын  хабарлап,  10  күн  демалыс  орнына 
жіберді.  Майдан  газетіне  мақала  шықты.  1945  жылы    армия  генералы 
Черняховский  басқарған  3-Белорус  фронтына  ауыстық.  Әскер  Балтық 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
218 
жағалауымен  ұрыс  жүргізе  отырып  Пилау  қамалымен  көнеден  келе  жатқан 
қорғаны  мықты  Кенигсберг  қаласына  жақындадық.  6  сәуір  күні  ертесіне 
шабуыл  басталды.  Біздің  самолеттер  келіп  қаланы  бомбалағанда,  олардың 
көптігінен  аспан  көрінбеді  деуге  болады.  Немістер  де  қатты  қарсыласты,  6 
ұңғылы минометтерді даусы жер жарып атқылап отырды. Сол  қарудың бір 
снаряды  біздің  қасымызға  жарылып,  5-6  адамды  лақтырып  жіберді. 
Жарқыншағы менің полевой сумкамды тесіп өтіп, ішкі мүшемді жарақаттаған. 
Лезде  дәрігерлер  кейін  алып  кетіп  жатты.  Госпитальға  келген  соң  санбат 
бастығы  дереу  операцияға  апару  керек  деп  шешкен.  Операциядан  кейін 
ертеңіне  сол  жақ  бүйрек  пен  қарынның  үштен  бір  бөлігін  алып  тастағанын 
хабарлады. Сол жерде 10 күннен астам жатып қалдым, жолға жарамайсың деп 
кішкентай  самолетпен  Инстербург  қаласындағы  госпиальға  жеткізді.  Жеңіс 
мерекесін - 9 мамырды сол жерде қарсы алдық. Айнала у да-шу, қуаныш, бір -
бірін құшақтап жылағандар, кейбірі бастарын ұстап сенбегендей еңірейді. Сол 
жерде наградаларымызды тапсырды. Жарамызды толық жазылмаса да поезбен 
Мәскеу  қаласына  жеттік.  Одан  Горький  қаласындағы  Ленин  атындағы 
мәдениет  үйінде  қайта  операция  жасап,  9  қыркүйек  күні  еліме    ІІ  топтағы 
мүгедек  болып  оралдым.  Сол  жақ  қабырғамның  астында  соғыстан  мәңгі 
ескерткіш болып миномет жарқыншағы әлі жүр» - деген  атамның  естелігін  
оқыған  сайын  көз  алдыма  тек  суреттен  ғана көрген  атамның  бейнесі  келіп, 
атама  деген  сағыныштан  көзіме  жас  үйіріледі.  
Атам    туралы    естеліктерді    оқып,    майдан    даласында    көрсеткен  
ерліктері  үшін  алған  бірнеше  орден,  медальдарын қарап,  осындай  батыр  
атаның  ұрпағы  болғандығымды  мақтан  етемін.   
Талғат  Гүлханым 
5 сынып, №104орта мектебі Өркендеу аулы 
Қазалы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Орынбасар Ғ.А. 
Ата, біз сізді табамыз! 
Ата, сізге хат жазып отырған сіздің жиеніңіз Гүлханым деген қыз мен 
боламын. Сіз бұл өмірде жоқсыз, сіз түгілі, сіздің балаңыз менің нағашы атам, 
Аман Орынбасарұлы да 78 жыл жасап бақилық болған. Бірақ анам Ғалия, сізді 
аузынан тастамай құран оқытқан сайын қосып отырады. Соңғы кезде -атамның 
жатқан  жерін  тапсам,-дейтінді  шығарды.  Өлген  адам,  оның  үстіне  соғыста 
хабар  ошарсыз  кеткен  адам,  қалай  табылады?  Басында    ең  болмаса  белгісі 
болса екен-ау, деймін. -Іздеймін деп шықсаң, өлі әруақтардың өзі жол ашады, 
табылады, сенің ниетіңді түсініп, көмекке келеді,- дейді анам. Анам діндар да 
емес,  бірақ  ашаршылықта  Қарақалпақстанға  кетіп  жоғалып  кеткен  қайын 
атасының,  (менің  атам  Қарудың  әкесі  Әнестің  )    жерленген  жерін 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
219 
Қарақалпақстанның 
«Беруни»  деген  қаласының  маңынан  барып  тауып 
қайтты.  Ұрпақтарының  іздеп  баруына  мұрындық  болды.  Қару  атам  үш 
жасында  жетім  қалып,  анасының  басын  да  білмей  қалған  екен,оны  да 
«Үйрек»деген жерден тауып, белгі қойғызды. -Мама, сіз келін емессіз бе, неге 
іздейсіз,өз  балалары  бар  емес  пе  деймін  мен.  –  Қызым-ау,  мен  осы 
шаңырақтың  анасы  емеспін  бе,  мен  іздесем  балаларымның  бақытты  болып 
жолдары  кедергісіз  болуы  үшін  іздеймін.  Қазақта:-«Өлі  риза  болмай,  тірі 
байымайды»,  деген  сөз  бар.  -Ата-бабаң  ұрпағына  риза  болатындай  іс 
істемесең,  ұрпағы  қиыншылыққа  душар  болады,-  деген  тәмсіл  тағы  бар, 
қорқамын ғой,-дейді. Енді қайын атаң мен қайын енеңнің қабірі табылғаннан 
кейін  белгі  берді  ме?-  десем,  -Иә,  түсіме  енем    кіріп,  -Мен  сенің  бақшаңды 
егемін!-деді  бақшамның  егілгені  сол  емес  пе,үш  балам    бірдей  мемлекеттік 
білім    грантын    жеңіп  алды,жоғарғы  оқу  орнына  іліксіз  түсіп  кетті.  Ағаң 
жұмысқа  да  орналасып  кетті,  мұның  бәрі  менің  бақшамның  егілгені  –дейді 
жүзі жайраңдап.-Мен үйдің кенжесімін, мектепте оқимын, мені анам 43 жасқа 
келгенде  дүниеге  әкелген.  -Балалардың  барлығы  сыртқа  кеткенде  көмекші 
болсын ,қасында жүрсін ,- деп сені бергені үшін  аллаға  мың ризамын,-деп 
қояды  мені қолтығына қыса құшақтап. 
Анам  алдына  міндет  қойса,  жетпей  тынбайды.-Ата,мамам  сізді  табам 
деп аузына алды ма,  табады. -Әкесін өзінің баласы неге іздемеген?-деймін ғой 
мен шиқанша шықпайтын жерге шыққандай қазбалап. - Әкем Аман шиеттей 
балалы-шағалы  болды,оларды  жеткізу  де    оңайға  түспеді.  Оның  үстіне 
оқыдық.  Оқу  қай  заманда  да  ақша  ғой.  Жүріп  тұруыңның  өзі,  киім  мен 
тамағыңның  өзі  -қып-қызыл  ақша.  Әке-шешеме  сегіз  баланы  жеткізу  оңай 
болған  жоқ.  Оның  үстіне  әкесін  іздейтін  ақшасын  мен  де  аз  шашқан  жоқ 
шығармын.  Алматыда  оқыдым.  Жыл  сайын  туристік  саяхатқа  жіберіп 
отыратын.  Бірде  жұмыс  істеп  жүріп  ГДР-ға  бардым.  Немістердің 
«Заксенхаузен»    деген  тұтқындарды  ұстаған  лагері  бар  екен,  соған  бардық. 
Өліктердің  сүйегін  өртейтін  крематориге    көзім  түскенде,жаным  ышқынып 
кетті,  -өрімдей  жастардың  талайы  кеткен  шығар,  күлге  айналып.  Арасында 
менің атам болмады ма ,-екендеген ойдан қорықтым. Бауырластар зиратына 
соқтық.Өзім  де  атамның  аты  кездесіп  қалар  ма  екен  ?-деп  зираттардың 
жазуларын оқып жүрмін  ғой.  Келген  соң  әкем :-Атаңның атын кездестірген 
жоқсың ба ?-деп сұрады. –Жоқ, деп жауап бердім.  Ол кезде  жаспын ғой,  -
Атаңның атын кездестірген жоқсың ба?- деген сұраққа  онша мән бермеппін.-
Сенің  орныңда  мен  болсам,  сол  жердің  әскери  комиссариатына  барып 
сұрастыратын  едім ,-дегісі келген шығар, бірақ менің көңіліме тиеді,-деп айта 
алмай  отырдың ба ,-қайран әкем,-деп анам көзіне жас алды.-Жас адам қызыл-
жасыл дүниеге тоя ма, әкелген джинсі шалбарымызға,көйлегімізге  мәз болып 
өте  шыққан  қайран,  дәурен!-Сосын  қайта  жігерленіп,  жоқ,  табамын,  осы 
Россияның  жерінде  жатқаны  шын  болса,  іздеймін,  онсыз  менің  әкемнің 
алдындағы перзенттік парызым өтелмейді. Өз мойнымдағы қарызды сендерге 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
220 
қалдырып ауыртпашылыққа жібере алмаймын, - деп алды да атасы Орынбасар 
туралы айтып кетті. 
- Мына біз тұрған Жанкент, қазіргі Өркендеу аулына 30-жылдары менің 
атам  жер  аударылып  келіпті.  Кешегі  кеңес  саясатына  қарсы  шыққандардың  
бірі  –  Қазалы  Асандар  көтерілісінің  басшысы    Орынбасар  атамның  ағасы 
Арзақын  Нұрымбетов.  Көтеріліс  талқандалып,  Арзақын  атам  атылғаннан 
кейін  ,бүкіл  мал  мүлкі  тәркіленеді.Біраздан  кейін    Орынбасар  атам  колхоз 
басқармасының төрағасы болса, біреулер: -жаудың құйыршығы неге басқарма 
болады,  -деп  арыз  жазып  атамды  ауданға  айдап  кетеді.Атамның  жеңгесі  
Ұлтуған, Арзақынның  атамның әйелі, қасқыр бет, туымды адам екен, «Бөген» 
деген  жердегі  қайнағасы  Бекбосын  сұпының  баласы  Бақбергенге  барып 
(Қазалы ауданына белгілі әулие Светаның нағашысы), түйемен Қазалыға қайта 
келеді. Қазалы аудандық атқару комитетінің төрағасы Бегімбай Қосаевқа мән 
жайды түгел жеткізеді. Сонда Бегімбай айтыпты:-Қазір Сталиннің әкесі үшін 
туысқандары жауап бермейді,- деген жарлығы шықты, сені босатамын, бірақ 
өз  аулың  «Қостамға»  жібере  алмаймын,  Жанкентке  колхоз  төрағасының 
орынбасары  болып  барасың,-  дейді.  Атам  соғысқа  дейін  осы  біз  тұрған 
«Жанкент »жерінде қызмет істеген. Тағдырға қараңыз, атам Орынбасар жер 
ауып келген Жанкент жеріне 55 жыл уақыттан кейін менің келіншек болып 
түсуім  тегін  бе?  Мен  архивті  аударып,атамның  ізін  шығару  үшін  келген 
шығармын.  Ал  сен  қызым,  менің  43  жасқа  келгенде  көрген  перзентім, 
Гүлханымым, осы шығарманы жазып көрші, биыл ақ түйенің қарны жарылып, 
атаңның  жерленген  жері    табылатын  жыл  шығар.  Өйткені  әжем  Нұржамал, 
Орынбасар атамның жесірі айтып отыратын:-1943 жылы жасы 43 келгендерді 
соғысқа ала бастады, бұл ең соңғы шақыру еді, сол соңғы шақырылымға  атаң  
ілігіп  кетті  ғой,  содан  Сталинград  түбіндеміз,  ұрысқа  түскелі  тұрмыз,-деген 
бір  хаты  келді  де,  хабар  ошарсыз  кетті.Қызым,  Гүлханымым,  43  жас  та  бір 
белес  қой,  кез-келген  адам  43-те  перзент  көре  бермейді.  Сенің  киіммен 
туылған ерекше бала екеніңді білемін. Менің соғыста хабар ошарсыз кеткен 
атам Орынбасарды бірігіп іздейік.Сен дүниеге келерде түсімде ақ көйлек алып 
едім, ақ жарылқап күн туып, нағашы атаңның жерленген жері табылып жатса, 
қуаныштан құстай ұшар едім. Қазір, жасы тоқсаннан асқан, соғыс ардагерлерін 
ғана    ғана  дәріптейтін  бір  ауру  шықты  ғой.  Хатсыз-хабарсыз  орыс  жерінде 
қалған әруақты аталарымыздың жазығы не? Соғыс болған соң өлім болады. 
Жұрт ұмытса да мен атамды ұмыта алмаймын, табамыз, қызым, атаңның өзі-
ақ, көмекке жететіне мен кәміл сенемін,-деп анам сөзін аяқтады. Ендігі жұмыс 
ғаламтордан  бауырластар зиратын іздестіру.  
Сен  табыласың,  Орынбасар  ата!  Өйткені  сіздің  балаңыз  Аман  жылда 
жеңіс  күні  жылайды  екен.  Алпыс  бес  жыл  төгілген  көз  жасының  қайтадан 
қуаныш  жасы  болып  ақтарылатынына  сенемін.Анам  қуанса  екен,  мен  үшін 
анамның қуанғаны-әлемнің қуанғаны.  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
221 
Таңатар Қарлығаш 
 11 сынып, Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназиясы 
Әйтеке би кенті, Қазалы ауданы     Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Оразбаева З. М. 
 
Болмасын соғыс, болмасын... 
Балам, сенің бұл халқың- батыр халық, 
Батырлығын жауына татырды анық,-деп ақындар жырына   арқау  болған 
халқымыздың  батырлығы, ерлігі қан  майданда  талай рет  дәлелденді. 
Соғыс...Ия,  адам  баласы  үшін  осы  5  әріпті  сөз  -ең  қорқынышты,ең 
қайғылы да үрейлі сөз. Себебі, сұм соғыс қаншама жастың өмірін қыршыннан 
қиды, қаншама ана ерсіз, қаншама бала әкесіз қалды. Отанын қорғау  үшін олар 
қасық  қаны, шыбын  жаны қалғанша күресті. Қазаққа тән  болаттай беріктік 
пен  ержүректілік  көрсетті.  Жеңіс  үшін  өмірін,жастық  шағын  қиған, 
тағдырдың  ауыр  да  азапты  тауқыметінен  өтіп,  Отанға  деген  махаббатын  от 
басып,  су  кешіп  жүріп  дәлелдеген  ардагерлеріміз  жылдан-жылға,  күннен-
күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп жеңістің тәтті дәмін 
татып жүргендері  саусақпен санарлықтай. Міне, адамзат тарихындағы  осы 
бір  сұм соғыстың болып өткеніне  биыл 70 жыл толады. Жыл сайын 9 мамыр 
күнін атап өтеміз, ерекше ерлік көрсеткен ардагер әкелеріміз бен батыр аға-
апаларымызды  еске аламыз. Расында, бұл жеңіс бізге  оңайлықпен келген жоқ. 
Ия, қазақ  деген- батыр халық. Ол еңкейгенге еңкейеді,шалқайғанда шалқаяды. 
Шірене  қалса,  асқар-асқар  тауларына  сүйенеді,еңкейе  қалса  азаматтығына  
өзінің  парасаттылығына  сенеді.  Осынау  қиын  күндерді  қазір  сексеннің 
сеңгіріне келген, атамның  айтқан  әңгімелерінен де естіп, заманның сыры мен 
үнін көз алдыма  елестетемін. 
Қанша үйдің  ұрлап  адамын, 
Қанша үйде сөніп калды оттары,-деп ақын  аталарымыз  жырлағандай, 
әр  шаңыраққа,  әр жүрекке салған  жара  70  жыл  өтсе  де  әлі  жазылып қойған 
жоқ. Олар  жеңіс үшін  аянбай күресті және де жеңіс туын көкте желбіретті. 
Елі мен жері үшін өз  ұрпағының, халқының амандығы үшін жанын пида етті. 
Отанын жаудан қорғау үшін  асқан ержүректілік пен батырлық көрсетіп, аты  
аңызға    айналған    батыр  атамыз    Бауыржан  Момышұлы  да  бар.  Осы  тұста 
Баукен атамыздың мына бір ғибратты сөзі ойыма оралып отыр: 
 «Отан  үшін отқа түс күймейсің, 
  Арың үшін алыссаң өлмейсің».... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет