Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
196 
елімізде әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар 
азаматтар  білімді  болса,  олар  барлық  қиыншылықтарды  ақылмен  шеше 
алатын болады.  
Ерлік  рухын  жалғастырушы  болашақ  ұрпақ.  Бүгінгі  бейбіт  күннің 
астында,  тәуелсіз  еліміздің  төсінде  асыр  салып  емін-еркін  жүрген  жас 
жеткіншектеріміз  еліміздің  бүгінгі  мен  кешегісіне  көз  жүгірте  отырып, 
ойларын електен өткізіп, кешегі Ұлы Отан соғысында зардап шеккен, жанын 
Отаны үшін қиған аға –апаларымыздың өжеттіліктері мен батырлықтарын үлгі 
етіп өсу керек деп ойлаймын.  
Біз, халықтың арқа сүйер тірегі 
Біз арқылы орындалар тілегі 
Ей,жас ұрпақ, сендерсіңдер қазақтың 
Тыныс алар тіршілігі, жүрегі 
-дей  отырып,  еліміздің  жарқын  болашағы  жастар  біздің  қолымызда. 
Елімізді қорғап, мақтан тұтып, елдігіміздің еңсесін тік ұстап, қазақ деген елдің 
мәртебесін көтеріп, бейбітшіліктің нышаны болып жүрейік. 
Барша халық жеңіс күнін тойлайды, 
Жас сәбилер думандатып ойнайды. 
Ардагерлер көздеріне жас алып, 
Ұрпақтардың амандығын ойлайды. 
Биыл жеңіске 70 жыл. Көгімізде жеңіс туы мәңгі желбіресін! Келешек 
еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, 
білектей біріккен кең пейіл Қазақ елі жасасын! 
Рзахан Азиза 
    9 класс, № 90мектебі, Қазалы ауданы 
        Қызылорда  облысы 
      Жетекшісі: Шілдебаева Ү.  А.  
Ұлы    Отан    соғысы    қазақ    ұлтын    ауыр    жағдайларға    ұшыратқан 
соғыстың бірі. Бұл  кезде  бірнеше  бала  жетім, біраз аяулы аналарымыз жесір 
қалды.Төрт  жылға  созылған  қатыгез  соғыс  ұлтымызды  берекесіз  етті. 
1941жылы Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес–герман шартын 
бұзып    неміс  армиясы  соғыс  жарияламастан    КСРО  аумағына    баса–көктеп  
кірді. Көп ұлтты  кеңес халықтарының тарихындағы  зұлмат сынақ – Ұлы  Отан  
соғысы жер бетінде болып өткен ең ауыр, әрі қатал соғыс басталды. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
197 
Қатарында  мыңдаған  Қазақстандықтар   да  болған  кеңес  жауынгерлері 
Ұлы  Отан  соғысының  алғашқы  күндерінен  бастап    барлық  майдандарда 
фашистік  басқыншыларға  қарсы  қиян-кескі  шайқастар  жүргізді.  Ауыл-
ауылдан  ерлер  әскерге  шақырылды.  Бәрі    өз  Отаны  алдындағы    борышын  
өтеуге  аттанды .Қазақстанда армия  қатарынан 1 миллион 200мыңнан артық 
Қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. 
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар 
мен  бөлімдер  құрыла  бастады.  Соғыс  жылдарында  көптеген    азаматтар  өз 
отбасынан айырылды. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты 
сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам 
болғалы  осылай.  Талай  рет  үстемдік,  байлық  үшін  адам  қаны  суша  аққан. 
Кімге  қажет  болып,  не  мақсатты  көздеп  еді  сол  соғыс?  Әдетте,  соғысты 
әділетсіздік,  жауыздық,  қанішерлік  бастайды  ғой.  Ол  сонысымен  лағынетті. 
Қарапайым  халыққа  қасірет  туғызған,  қарғыс  арқалаған  соғыс  ешқашан 
жеңбек емес. Жарты әлемді қамтыған  алапат зұлмат талай шаңыраққа қасірет 
әкелді.  Таң  алдында,  тәтті  ұйқыда  жатқан  Отанымыздың  шекарасынан 
ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат 
соғыс  басталды.  Сол  күні  жау  тәтті  ұйқыңды  ғана  бұзған  жоқ.  Зұлым  жау 
бейбіт өмірге бүлік әкелді. Ел ер-азаматтарынан, бала әкеден айырылды. Қыз 
жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы 
таяғын  винтовкаға  айырбастады.  Ойда  диханшы  трактордан  түсіп,  танкіге 
отырды.  Ол  кезде  бүкіл  ел  солдат  болды.  Сол  жылдардың  бозбала, 
бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған 
еді... 
Соғыс  жылдарында    көптеген  азаматтар  өз  отбасынан  айырылды. 
Үйіндегі  отбасы    түздегі  отағасын  сағынып    хат  күтетін.  Ауыл  тұрғындары  
пошташы  келсе    хат  алуға  жүрексінетін.  Себебі,  сол  кезде    қаза  тапқан 
майдангерлердің отбасына қаралы  хат арқылы баяндайтын. Сондықтан  сол 
кезде  тұрғындарға қаралы  хаттан өзге хат-хабар келмейтін. Кейбір жандар  
хат танымайтындықтан  хабарды  өзгеден еститұғын кез еді. 
Балалар  оқу-білім  дегеннен  құр  қалды,әйел  адамдар,  аяулы  ана,  сұлу 
қыздарымыз  ауыр  жұмыстарға  салынды.  Ірі  өнеркәсіптерде  жұмыс 
істеді.Көптеген 
кен 
орындары, 
зауыттар 
мен 
ет 
комбинаттары 
жұмысшылармен  қамтылды.  Ауылшаруашылығында  да    елеулі  өзгерістер 
болды. Еңбекке жарамды  адамдардың  жұмысқа қатысы барған сайын арта 
түсті.  Соғыстағы  майдангерлеріміз  түгелдей  дерлік  азықпен,  қару-жарақпен 
қамтамасыз етілді. Олар майдан қажеті үшін шығаратын бұйымдар жоспарын 
үнемі  артығымен орындап отырды. 
Осы  бір  Лининград  үшін    соғыс  елдің  бүкіл  солтүстік-батыс  бөлігін 
қамтыды. Барлық   ұлттардың жауынгерлерімен  бірге қазақ жауынгерлері  де 
Лининград    майданында    нағыз  өрттің  ортасында  қолына  қару  алып    неміс 
фашистерімен  күресті.  Жойқын  соғыс  кезінде  көптеген  жауынгерлер  қаза 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
198 
тапқан.  Жаудың  қоршауында  қалған  қалаға  Қазақстаннан    азық-түлік,  қару-
жарақ пен әскери құрал-жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді. 
Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі 
мәңгі қалады. Әлия  сынды батыр қыздар терезесі тең басқа шығыс елінде жоқ. 
Ержүрек  батыр, мерген қызды ІІІ дәрежелі  Даңқ  орденімен марапаттады, ал 
қаза тапқаннан кейін 1944 жылы шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы 
берілді. Тек  Әлия ғана емес 12 қазақстандық дивизияға  құрметті  атақ  берілді. 
Олардың  бесеуі    бір  орденмен,  төреуі  екі  орденмен,  екеуі  үш  орденмен 
марапатталды.  Бес  дивизия  гвардиялық  дивизияларға  айналды.  Әскери 
ерліктері үшін жүздеген  мың  қазақстандықтар ордендер мен  медальдар  мен 
марапатталды. Төрт жүз тоқсан жеті Қазақстандық  Кеңес  Одағының  Батыры 
атанды. Бұл атақты тоқсан жеті қазақ иеленді. Олардың  ішінде  қазақ қыздары 
– Әлия Молдағұлова  мен  Мәншүк  Мәметова  бар. Төрт қазақстандық ұшқыш
– Талғат  Бегелдинов,  Леонид  Беда,  Иван  Павлов,  Сергей  Луганов  Кеңес
Одағының  Батыры    атағына  екі  мәрте  ие  болды.  Бәрі  де  жанқиярлықпен 
соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. Содан бері 
зымырап  70  жыл  өте  шықты.  Отанын  жаудан  қорғау  үшін  көп  ұлтты  кеңес 
халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы 
тұрды.  Халық  жадында  сапында  30  ұлттың  өкілі  бар  бұлардың  3  мыңдайы 
қазақстандықтар  Брест  қорғаушыларының  өшпес  ерлігі  мәңгі  сақталмақ. 
Қазақстан  жерінде  жасақталған  И.В.Панфилов  атындағы  8-гвардиялық 
дивизия  Москваны  қорғауда  тарихта  болып  көрмеген  теңдессіз  ерліктің 
үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік 
пен ер жүректілік көрсеткен, өз заманында-ақ аты аңызға айналған Бауыржан 
Момышұлы  да  бар  еді.  Көрнекті  қолбасшы  Бауыржан  Момышұлына    да 
құрметті атақ берілді. Соғысты лейтенант шенінде аяқтады.  
1943  жыл  халқымыз  бен  армиямыздың  жеңіске  жете  бастаған  жылы 
болды. Кеңес Армиясы кең көлемде майданда шабуыл жасай отырып, жайды 
батысқа  қарай    қуа  бастады,  қалалар  мен  ауылдар  жаудан  азат  етіле  берді. 
Қазақ  ұлты  мен  өзге  ұлттар ерен  ерлікпен жеңіске  жетті. Осы  жеңістен  соң  
көптеген  отбасы  қайта  толықты.  Ұлы  Отан  соғысын  жеңіспен  аяқтағаннан 
кейін  халық  шаруашылығын  бейбіт  өмірге  сай  қайта  құру    жолында    күрес 
басталды. 
Міне,  қазіргі күнде Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 
жыл толуда. Ұлтымыздың ерліктері  мәңгі есте қалмақ  Ерен ерлікпен көзге 
түскен  қазақ  батырларын  дәріптеу  біздің міндетіміз. Бұл  сол кездегі кеңес 
халқының  ержүректілігі  мен  төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгілік 
қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас 
жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды 
өздерінің  тылдағы  қажырлы  еңбегімен  жеңісті  шыңдаған,    егін  даласында, 
күні-түні  мал  бағып,  тынымсыз  жұмыс  істеген  жұмысшылар,  ауыл 
аклдамдары  тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  әкелері  мен  ағалары  қанын 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
199 
төгіп,  жанын  қиып  бақытты  өмірін  қамтамасыз  еткен  Ұлы  жеңістің  
құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, 
туған-туысқандарына,  жақын-жарандарына,  туған  жеріне,  ауылына  оралмай 
қалған  қаһарман  ерлерді  бүкіл  елі  болып  еске  түсіреді.  Сондықтан      Ұлы 
Жеңістің  шаттығын  сезіне  отырып,  әлемдік  алапаттың    қасіретін  ойлап 
күрсінеміз. 
Ұлты 
үшін 
көз 
жұмған 
 
әкелеріміз, 
ағаларымыз, 
бауырларымыздың  рухы  бізді  мәңгі  желеп  жебеп  жүрсін  деп  тілеймін 
Олардың қанымен, жанымен жасалған Ұлы ерлік ешқашан да ұмытылмайды, 
ол мәңгілік болып қала береді. 
Ақын  Әбзәли  Егізбаев    жыр    жолдырымен  қорытындылаймын.  Ақын 
жауға қарсы  шабуылға шығып ,ел үшін , отан үшін жанын пида етуге дайын 
екендігін былай жырлайды. 
Қызыл  әскер біз болдық, 
Егескен жауды алатын. 
Қайғырма, ана, қайғырма, 
Жасыма, ойлап жабықпа . 
Туып өскен халыққа, 
Күн туар біздер баратын. 
Қайыр қош ана, аман бол! 
Тартатын тарту сізге мол. 
Сау көріссек арман жоқ
Тілек пенен мақсат мол. 
Жеңіспен елге жетерміз, 
Қиратып жауды қолма-қол. 
Көргенді соңғы –бұрынғы, 
Жазуға барлық шынымды, 
Аяқтауға жырымды, 
Уақытым кеміс, ұзақ жол! 
Сағындық Айжан 
 10 сынып, №269 орта мектебі Төретам кенті
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Тлеуова Г.  
Ұлы Жеңіс – ұлы тарих іздері 
Ұлы тарихқа шолу. Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл. 9 мамыр – Жеңіс күнінің 
қарсаңында Ұлы Отан  соғысының тарихына шолу жасайық. 30-жылдардағы 
әлемдік  дағдарыс  көптеген  мемлекеттердің  экономикалық,  әлеуметтік  және 
халықаралық  қатынастарын  шиеленістірді.  Бұл  жағдай  әлемдік  билікке 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
200 
талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі 
ең  қауіптісі  –  Германияда  орнаған  фашистік  тәртіп  еді.  Батыс  мемлекеттері 
тарапынан  ұйымдасқан    қарсылықтың  болмауы  фашистік  агрессияның 
күшеюіне  жол  ашты.  1937  жылы  фашистік  мемлекеттер  –  Германия  мен 
Италияның  милитаристік  Жапониямен  әскери-саяси  одақ  құруы  екінші 
дүниежүзілік  соғыстың  басталуына  алып  келді.  Екінші  Дүниежүзілік  соғыс 
1939  жылы Германияның  Польшаны  жаулап  алуымен  басталды.  Осылайша, 
Англия  мен  Франция  Германияға  соғыс  жариялағанымен,  батыс  майданда 
белсенді  іс-қимыл  танытпады.  Бұл  жағдайды  Германия  өз  мүддесіне 
пайдаланып,  1940  жылы  Дания,  Норвегия,    мемлекеттерін  еш  қарсылықсыз 
жаулап  алды.  Бельгияны  жеңгеннен  кейін,  негізгі  күштер    талқандалды. 
Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-
тан  көмек  сұрауға  мәжбүр  болды.Сонымен  Батыс  Еуропадағы  әскери  іс-
қимылды  аяқтаған  фашистік  Германия  Кеңестер  Одағын  басып  алуға  
дайындықты бастайды. 
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына 
тұтқиылдан,  соғыс  жарияламастан  басып  кірді.  Кеңес  халқының  Ұлы  Отан 
соғысы,  яғни  Отанын  шетел  басқыншыларынан  азат  ету  соғысы  басталды. 
Кеңестік  әскери  күш  бейбіт  уақыт  жоспарына  сай  орналасқандықтан,  соғыс 
қимылдары  басталған  территорияға  тартылуы  барысында,  жау  соғыстың 
алғашқы  бес  айында  мемлекеттің  5%  халқы  тұратын  аудандарын  жаулап 
алды.Осыған  қарамастан  шекарашылар,  олардың  қатарында    Брест 
қорғаушылары  алғашқы  ұрыстың  өзінде  теңдесі  жоқ  ерлік  көрсетті.  Брест 
шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына 
А.Мүсірепов,  В.Лобанов,  К.Абдрахманов,  К.Иманқұлов,  А.Наганов, 
Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық 
жауынгерлер  қарсылық  көрсетіп,  айрықша  ерлікпен  көзге  түсті.  Біздің 
мақтанышымыз Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі 
шайқаста  өз  батальонымен  жау  қоршауын  үш  рет  бұзып  шықты.  Соғысты 
Б.Момышұлы  полковник  лауазымымен,  9-шы  гвардиялық  атқыштар 
дивизиясының  командирі  болып  жүріп  аяқтады.  Белгілі  орыс  жазушысы 
А.Бектің  “Волоколамское  шоссе”  повесі  Б.Момышұлының  соғыс 
жылдарындағы  ерлігіне  арналды.  Сөйтсе  де,  Б.Момышұлының  соғыс 
жылдарындағы  ерлігі  өз  дәрежесінде  мойындалмай,  тек  1990  жылы 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  тікелей  араласуымен,  оған  Кеңес  Одағының 
Батыры атағы берілген еді. 
Қан  майдан  соғыс.  Ұлы  Отан  соғысы  майдандарында  қаза  болған 
қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы 
мәліметтерде соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін 
жетіп  отыр,  оның  350  мыңнан  астамы  қазақтар.  Бұл  қолға  қару  алып,  ұрыс 
даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны 
мен  соғыста  қаза  тапқан  өкілдердің  санына  шағатын  болсақ,  қазақтардың 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
201 
шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. 
Бұл  пайыздық  шығын  жағынан  қазақ  халқы  өз  жерінде  соғыс  қимылдары 
болған  орыстармен,  украиндермен,  белорустермен  деңгейлеседі.Кеңестер 
Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен 
ерлік  көрсетіп,  жеңіс  күнін  жақындатуға  өз  үлестерін  қосты.  Майдандағы 
ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес 
Одағының  Батыры  атағын  алуы  –  ортақ  Отанын  қорғауда  қазақ  ұлтының 
суырылып алға шыққанын көрсетеді. 
Соғыстың  зардаптары.  Бұл  соғыс  ешкімге  оңай  тиген  жоқ.  Аяулы  ана 
баласыз,асыл  жар  қорғансыз  қалып,ел  нар  түйе  ұлдарынан  айырлыды.Түрлі 
зорлық зомбылық көрді. Тіпті арнайы лагерь басқармаларына апарып,аштан 
қатырып,ауыр  тыл  жұмыс  истеуге  мәжбүрледі.  1947  жылы  желтоксанда 
карточкалық  жүйе  мен  республика  еңбекшілерін  азық-түлікпен  және 
өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша 
реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін 
тағамдарға,  етке,  өнеркәсіп  тауарларына  деген  баға  төмендетілді. 
Кооперативтік  сауданың  дамуы  нәтижесінде  базардағы  баға  да  төмендеді. 
Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. 
Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын 
арттыру  жүргізілді.  Ұлы  Отан  соғысы  мүгедектерінің,  майданда  қаза 
тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, 
асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға 
зейнетақы  тағайындалды.  Көп  балалы,  жалғызбасты  аналар  талай  жәрдем 
алды.  
Ұлы  Жеңіс-ұлы  тарих  іздері.  Дегенмен,  бұл  қиын-қыстау  заманды  да 
артқа қалдырдық, беріспедік, мойын сұңбадық! Елің қорғаған ер жүрек апа-
ағаларымызды,  қоғам  қайраткерлерімізді  ақтап  алдық.Біз  оларды  ешқашан 
ұмытпаймыз.  Олар  бізге  жарық  күн  көруімізге,  осы  күнгі  жер  басып 
жүруімізге, ел тыныштығы мен  тәуелсіздігіне қан мен терің төккен жандар. 
Сұрапыл  соғыстың  соңы  бізге  тәтті  Жеңіспен  бітті.  Бірақ,  біз  қаншама  ер 
азаматтарымыздан айырылдық. Ел қорғаны ардагерлерімізді жоғалттық.  Аға-
апаларымыздың шат күлкі бейнесің көрмедік. 
Бейбіт елге бір зұлмат басталды күн. 
Сұм фашистің тарихтан білеміз ғой, 
Қырық бірде соғысты ашқандығын. 
Және біздер білеміз қырық бесте 
Бас сауғалап олардың қашқандығын. 
Жаулап алам деп келіп
Бабамыздың 
Жеңе алмаған рухының асқарлығын. 
Отан үшін от кешкен батырлардың, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
202 
Ерліктері өшпейтін дастан бүгін. 
Даңқтарын олардың тілеймін мен, 
Ғасырлардан ғасырға асқандығын. 
Байқап тұрсаң сол жылдар келісті кім? 
Қазанынан қайғының ел ішті мұң. 
Жарылған бомбалардың әсерінен, 
Сорпасы қайнап жатты жер үстінің. 
Батыс жақтан бір қауіп төніп келді, 
Тарылтам деп Кеңестің кеңістігін. 
Ақырында бабалар Берлинді алып, 
Біржолата құлатты неміс туын. 
Есепсіз ерліктердің арқасында, 
Тойлап жүрміз біз бүгін Жеңіс күнін. 
Сұм соғыстан аман сау қалған ерлер
Отан үшін отқа да жанған ерлер, 
Бәріңіз де біздерге қымбатсыздар, 
Құрметті де қадірлі ардагерлерім! 
Садық Ақпейіл 
6 сынып, №31 орта мектебі 
Жалағаш ауданы Қызылорда облысы  
Жетекшісі: Жалиева Т.Б. 
 
Бабалар ерлiгi өшпек емес 
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне де 70 жыл 
толды.  Бұл  соғыста  біздің  аталарымыз  бен  әкелеріміз  Отан  үшін  жандарын 
қиды. Миллиондаған адамның өмірін жалмаған соғыс әлі де ұмытылған жоқ.  
Бойларын рух пен намыс кернеген абзал азаматтар ел басына күн туған, ауыр 
кезде от пен оқтың ортасында жүрiп, Отан үшiн отқа түстi. Қанша азап тартса 
да, келер күннен үмiт үзбей, жеңiске, азаттыққа ұм¬тыл¬ды. Қазақстандықтар 
Ұлы  Отан  соғысының  шешуші  шайқастарында  ерлікпен  соғысты.  Батыр 
жерлестеріміз  қасық  қаны  қалғанша  дұшпанмен  алысты.  Қазақстандықтар 
Ұлы  Отан  соғысының  тарихына  талай  қаһармандық  беттер  қосты.  Батыр 
ағаларымыз  бен  аталарымыз  ержүректік,  ерлік  және  жоғары  жауынгерлік 
шеберлік көрсетті. Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталды.  
Өткенді  еске  түсірсек,  1941  жылы    22  маусымда  Гитлер  бастаған 
Германия  фашистері  келісімді  бұзып,  соғыс  жариялап,  басып  кірді.  Мiне, 
осылай Ұлы Отан соғысы басталыпты. Бұл аяқ астынан басталған соғыс қазақ 
халқына ауыр тиді. Соғысқа бесіктен белі шықпаған баладан бастап, еңкейген 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
203 
шалға  дейін  қатысты.  Соғыс  ешкiмге  де  қуаныш  пен  күлкi  әкелмейдi.  Тек 
қайғы-қасiрет, азап-қиындық...  
1942 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда әскер қатарына 300 мыңдай, ал 
соғыс кезінде 1 млн  200 мыңдай әскери міндеттілер шақырылды. Майданда 
ата-әкелеріміз  Отан  үшін  күресіп  жатса,  аналарымыз  егін  басында  жұмыс 
істеп, киім тігіп, соғысқа керек- жарақтарды қамтамасыз етіп отырды. Соғысқа 
аттанған  әкесін,  ағасын,  бауырын,  сүйген  жарын,  бауыр  еті  баласын  күткен 
тылдағы жас балалар мен әйелдер күн-түн демей еңбек етті.      
Ұлы Отан соғысында жеңіске жетудің ең негізгі себебі – Отаншылдық 
болды. Ел үшiн күресте ерлiкпен қаза тапқан ағалар мен батыл апаларымыз 
бұл соғыста: «Өз Отанымызды жау шеңгелiне бермеймiз!» - деп алға ұмтылды. 
Соның  iшiнде  «жаным  –  арымның  садағасы»  және  «халқым  үшiн  қасықтай 
қаным  пида»  деп  ұрандаған  қазақ  батырларының  бiрi  –    Бауыржан 
Момышұлы. Ол қазақ халқының тарихында ержүрек, батыр, патриот ретiнде 
баршаға мәлiм.     
 «Шығыстың қос шынары» атанған Әлия мен Мәншүк апаларымыздың 
соғысқа  баруының  себебі  неде  еді?  Себебін  сол  кезеңнің  ұрпақтарының 
патриоттық    сезімдерінің  күштілігінен,  отаншылдығынан  іздеймін.  Псков 
облысының  Насва  деревнясының  түбінде  18  жасында  қыршын  кеткен, 
ерлікпен  қаза  тапқан  қазақ  қызы  Әлия  Молдағұлованы,  сол  жерден  60 
шақырым  жердегі  Невель  қаласында  мәңгілік  мекенін  тапқан  Мәншүк 
Мәметованың  есімін  қастерлемейтін  қазақ  жоқ  шығар,  сірә?  Олар  біздің 
жарқын болашағымыз үшін күресті. Қаншама жылдар өтсе де олардың ерлік 
істері ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.  
Иә,  адамзатқа  соғыс  үлкен  апат  әкелдi.  Оның  зардабы  тым  қымбатқа 
түстi.  Ананы  –  баласынан,  баланы  әкеден  айырды.  Сүттей  ұйыған  қаншама 
отбасының жылуын жұтты бұл сұрапыл соғыс! Ал әке мейiрiмiне  жарымаған, 
балалығын соғыс жалмаған балалар тағдыры тiптi аянышты. Ауылдан келген 
жас жігіттер кешегі қырмандағы жұмыстан бірден майданның алдыңғы шебіне 
түссе де, қазақ баласына сай ерліктерімен көзге түсті.  
Жеңiс  бiзге  оңайлықпен  келген  жоқ.  Ел  басына  қиын-қыстау  күн 
туғанда, азаматтар соғысқа  аттанды. Дәл сол саптың iшiнде менiң  атам да 
болған. Менің атамның  Әбдіхан Әлиұлы да Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол 
1923 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Әбдіхан  ата бала кезiнде 
алғыр, ширақ, елгезек болып өсiптi. Мектепті бітірген соң, он сегіз жасында 
әскерге аттанады. Соғыс басталған соң, оларды соғысқа алып кеткен. Содан 
қайтып  еліне  оралмаған.  Жас  болса  да,  соғыс  ширатып,  жiгерлендiрiптi. 
Ұрыста  ерлiк  көрсеткен.  Атамның  аңызға  айналған  ерлiктерiн  ауыл 
тұрғындары жиi айтып жүредi. Атамның батыр болғанын, өмiрi ұрпақтарына 
үлгi  екенiн    мақтаныш  тұтамын.  Ел  басына  қауiп  төнген  кезде  өрiмдей  жас 
болған атамның қолына қару алып, жауға қарсы аттанғаны бүгiнде ұрпақтары 
бiзге үлгі-өнеге. Шындап келгенде, бүгiнде тәуелсiз мемлекеттiң ұланы болып 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
204 
жүргенiме атамның да үлесi зор. Ас-панымыз ашық болуына ол кiсiлер жастық 
ғұмырын сарп еттi, қаншамасы қыршынынан қиылды. Ең бастысы, ендi ондай 
зұлмат болмаса екен! 
Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажайып күшпен 
жеттік.  Ол,  әрине,  бірлік.  Қазақ  халқы  соғыста  бірігіп,  ұлы  жеңіске  жетті. 
Біздің осы күнге жетіп отырғанымыз – ата-бабамыздың арқасы.       Жалағаш 
ауданынан да соғысқа аттанған азаматтар көп болды. Бүгiнде олардың тiзiмi 
аудан  орталығында  бой  көтерген  «Тағзым  алаңы»  ескерткiшiнiң  тақтасына 
жазылған. 
Жеңіс  күні  соғыстан  оралмай  қалған  ерлеріміздің  рухына  бас  иіп, 
арамызда  жүрген  соғыс  ардагерлеріне  құрметпен  қарап,  олардың 
қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?!      
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан 
тарихының  жарқын  беттерінің  бірі.  Бұл  –  қан  майданда  от  кешкен  соғыс 
ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, 
құлақтары  жастыққа  тимеген  тыл  ардагерлерінің  мейрамы»  деп  атап  өткен 
болатын.  
Сұрапыл  соғысты  басынан  өткеріп,  жеңіс  үшін  жанын  берген 
аталарымызды,  сол  жылдарда  қиындыққа  төзіп,  тылдағы  ауыр  жұмыстарды 
атқарып,  сонысымен  Жеңіс  күндерді  жақындатқан  апаларымыз  бен 
әжелерімізді  мақтаныш  етеміз.  Осы  орайда  ел  намысы  мен  Отан  абыройы 
жолында от кешіп, кеудесін оққа тосқан қандастарымыз бен жерлестеріміздің 
есімін жаңғыртып, жас буын санасына сіңіре түсу – біздің басты борышымыз. 
Біз  әрқашанда  Жеңіс  күнін  аға  буынның  Отанға  деген  сүйіспеншілігінің, 
жастарды патроиоттық сезім мен  ерлікке  тәрбиелейтін өлшеусіз өнегесі деп 
білеміз.    Өкінішке  қарай,  жыл  сайын  ардагерлердің  қатары  азайып  бара 
жатқандығы  көңілге  қаяу  түсіреді.  Бірақ  көзден  кетсе  де,  олардың  ерлігі 
көңілден кетпесі анық. Олар тек жеңіс әкеліп қана қойған жоқ, сонымен қатар 
ел еңсесін көтеруде аянбай еңбек етті. 
Елiмiздiң  намысы  мен  батылдығын  паш  еткен  ұлы  Жеңiске  биыл  70 
жыл!  Бiз  үшiн  бұл  күн  тарих  бетiнде  алтын  әрiптермен  жазылған,  қазақ 
батырларының ерлiгiн еске алатын ерекше күн!    
Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Сол бір сұрапыл 
жылдары  қазақ  халқының  өз  Отанына,  жеріне  деген  патриоттық  сезімін, 
ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  Отанға  деген  сүйіспеншілік  қатал  соғыста 
жеңіске  жетті.  Бүгінде  Жеңіс  күні  мерекесі  адамдардың  ұлтына,  дініне,  тілі 
мен  мәдениетіне  қарамастан  ортақ  қуаныш  күні.  Бұл  қастерлі  мейрамның  
мән  мағынасы  уақыт  өткен  сайын  еш  өшпек  емес,  себебі  оның  құндылығы  
ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы 
күн! Қазақ халқы ата-бабасы қорғап, келер ұрпағына мұра ретiнде қалдырған 
дарқан даласында қанат жайып, өркендеп, өсiп келедi. Бабалар ерлiгi өшпек 
емес.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет