Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Әбдіқалық Әсел 
10 сынып, №12 І.Қабылов атындағы орта мектебі 
Қызылорда қаласы 
Жетекшісі: Нұрманова Ө. Е. 
Мен атамды майдангер деп танимын 
Осы шығарманы жазу барысында Ережеге назар аударсам, тылда еңбек 
еткен адамдар туралы жазуға болады деген бөлігі бар екен, соны басшылыққа 
алдым. 
Атам  дегенде,  анамның  нағашы  атасы.  Есімі  –  Суханов  Маханбетияр 
Суханұлы.  Бұл  әңгімелердің  барлығын,  әрине,  анамнан  естігендерімді  еске 
түсіре  отырып,  жазбақшы  болып  отырмын.  Менің  атам  соғыста  болмапты. 
Бірақ ерлік істерді, соғыста ерен ерлігімен танымал болған тұлғалардың ерлік 
істерін  шежіре  ғып  айтып  отыруда,  өнегелі  сөз  өрнегінің  барлығын  жатық 
тілмен немересінің құлағына құйып отырыпты.  
Соғысқа  қатыспады  деген  мен  үшін  бекер  сөз  сияқты.  Себебі  не 
дейсіздер  ғой,айтайын.  Ол  кісі  ұзын  бойлы,  ат  жақты,  бұйра  шашты,  өте 
сымбатты жігіт болыпты. Қызылорда облысы, Қазалы қаласында сол кездегі 
үлкен  абақтының  бастығы  болып  қызмет  атқарады.  Сол  кездің  тілімен 
айтқанда, Совет Одағының батырлары Үрмаш Түктібаев, Шаляпиндермен дос 
болған, берік қарым-қатынаста болған екен. Ешқандай өсекке, артық әңгімеге 
,артық  іске  жоқ  атам  тәртіпке  мейлінше  берілген  кісі  еді  дейді.  Оны  неден 
көруге  болады  десеңіз,  Новосибирь  деген  жерде  әскери  борышын  өтеп 
қайтады. 
Содан  зейнеткерлікке  шыққанға  дейін  әскери  қызмет  атқарады.  25 
жылдан  аса  көзі  көрмей,  суқараңғы  ауруының  құрсауынан  шығы  алмапты. 
Әскерилігі сол, ешқашан сағат 6-дан кейін ешқандай тамақты аузына татып 
алмайтын, әрбір қойған затын ұқыптап қоятын қасиетінің өзі мен үшін аңызға 
бергісіз. Қасында әжеміз болды, бірге тату-тәтті 50 жылдан аса ғұмыр кешті. 
Сөйте  тұра,  ешкімге  салмақ  салмайтын  сол  кісінің  анам  жазған  естелік 
кітабынан  білетінімдей,  үкімет  марапаттары  да  жетерлік  екен.  Осы  Ұлы 
мерекеде  атамның  аруағы  ырза  болса  екен  деген  балалық  тілек  бар  менде, 
артында  менің  әжемнен  басқа  ұрпақ  қалмаған  атамды  еске  алып  отыратын 
біздер боламыз ғой, енді. Осы жұмысым жазылып жатса, мен әжеме де, анама 
да үлкен сыйлық сыйлаған болар едім. Жеңісті күндерде жолыққанша! 
70 жыл ұлы Жеңіс мерекеге! 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
24 
Әбдіқалық Бексейіт 
11сынып, №5 И. В. Панфилов атындағы мектеп-лицейі 
Қызылорда каласы 
Бола ма соғыс? –  
Біздікі – жеңіс 
Бірақ та соғыс болмасын деңіз!     
Соғыстың құны – кесілген  тілек, 
Соғыстың құны – тесілген жүрек! 
Соғыстың құны –қираған жанбас, 
Соғыстың құны –қуарған мың бас! 
Соғыстың құны –лаулаған орман, 
Соғыстың құны –уланған арман! 
Бола ма соғыс? –  
Біздікі – жеңіс 
Бірақ та соғыс болмасын деңіз!   
Внимание!  Говорит  Москва!  Передаем  важное  правительственное 
сообщение. Граждане и гражданки Советского Союза! Сегодня в 4 часа утра 
без  всякого  объявления  войны  германские  вооруженные  силы  атаковали 
границы Советского Союза. Началась Великая Отечественная война... 
Осы бір дауыс, осы бір сөздер есіңізде болар, оқырманым? Қай жерде 
есіттіңіз, кімнің даусы? Иә, иә, дәл өзі. Юрий Левитанның даусы. Ендеше, мен 
әлі 17 жаста ғанамын. Бірақ соғыс басталған күн мен Жеңіс күні немесе арнайы 
әзірленген  хабарларда  осы  бір  ерекше  дауысты  естігенде,  төбе  шашым  тік 
тұрардай, болмаса патриоттық сезімге сәуле шашқандай, тіпті болмағанда өне 
бойымнан  тоқ  жүріп  өткендей  әсер  алатыным  рас.  Бұл-сөздің  құдіреті, 
дауыстың  құдіреті.  Оның  орыс  тілінде  таратылғанына  қарамастан, 
жауынгерлер  мен  қарапайым  халыққа  соншалықты  күш  пен  рух  сыйлағаны 
үшін,  өзіндік  дауыс  иесі  болғандығы  үшін,  жеңісті  жақындатуға  жігерлі 
айтылған әр сөзі үшін,елді ұйыта алғандығы үшін басымды иіп, рахмет айтқым 
келеді. Бұл-аңыз адам. Керемет даусымен Сталинді таңғалдырып, Гитлердің 
«менің  нөмірі  бірінші  жауым»  деп  қабылдаған,  болмыс,  бітімі  бөлек 
тұлға.Тіпті,оны  аңдуға  арнайы  неміс  күші  жұмылдырылғандығын, 
торуылдауға қатаң тапсырма  берілгендін, оның басы үшін 100000 марк, кей 
деректе  200000  марк  деп  көрсетіледі,  ақша  тігілгендігін  тарихтан  оқып, 
білудемін. 
Соғыс  жаңғырығы  жылдан-жылға  алыстап  барады...  Ол  туралы 
үлкендерден,  көнекөз  қариялардан  естіп  жүреміз.  Кинолардан,  деректі 
фильмдерден  көреміз.  Әйтсе  де  өткенге  көз  жүгіртпей,  болашаққа  бағдар 
жасау  мүмкін  емес.  ХХ  ғасырдың  орта  кезінде  болған  алапат  соғыс  Екінші 
дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
25 
Ұлы  Отан  соғысы  болды.  Бұл  соғыс  кезінде  әрбір  бесінші  қазақстандық 
майданға  аттанып,  Отан  анасын  қорғауға  атсалысты.  Қаншама 
қазақстандықтар  ұрыс  даласында  мерт  болды.  Жеңіс  бізге  миллиондаған 
адамдардың  төгілген  қанымен  келді.  Соғыс  салған  қасірет  әрбір  жанұяның 
тарихында  із  қалдырып  кетті.  Ұлы  Отан  соғысы  тарихы  туралы  қаншама 
шығарма  жазылып,  қаншама  кино  түсіріліп  жатса  да  оның  тарихына  еш 
уақытта  нүкте  қою  мүмкін  емес.  Ерлікпен  шайқасып  лайықты  бағасын 
алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да, қазір санамызға қайта оралып, 
жатқан тұлғалар аз емес.  
Содан бері 70 жыл. Біреуге аз, біреуге көп уақыт,әрине. 
Осы  жылдар  туралы  қаншама  естелік,  роман-дастандар  жазылып, 
қаншама кино түсірілсе де, адамзат тарихында бұрын – соңды болып көрмеген 
бұл  жойқын  шайқастың  тарихы  түгел  жазылып  нүктесі  қойылған  жоқ.  Ол 
мүмкін  де  емес.  Отан  соғысының  ізінде  әлі  де  ашылмай  жатқан  ақиқаттар, 
еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?! Оны ашып анықтау 
белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып, елге танытып, лайықты атаққа ие 
болғызу, оларға қамқорлық жасау – кейінгі ұрпақ,біздің, қасиетті парызымыз. 
Жауынгерлік  ерліктері  үшін  жүздеген  мың  қазақстандық  медаль-
ордендермен марапатталса,  500-дей    адам  Кеңес Одағының Батыры, 100-ден 
астам адам – Даңқ орденінің толық иегері атанған екен. Төрт қазақстандық  екі  
мәрте    Кеңес Одағының  Батыры  атанды,  олар – Талғат Бигелдинов, Сергей 
Луганский, Иван Павлов  және Леонид Беда.  
Соғыс жылдары майданға шамамен 1,2 млн. қазақстандық аттанды. Бұл 
республикадағы халықтың 19 пайызы  болатын. Туған жеріне, үйіне соғыстан 
әрбір үшінші қазақстандық оралмады деген сөз.  
Біздің жерлестеріміз  майдан даласында ерлікпен шайқасты, соңғы демі 
қалғанша жау алқымына жармасып отырып, жан тапсырды..     
Еңбек майданындағылардың да  жеңіске қосқан үлесі зор болды. Өйткені 
Қазақстан территориясына 220 зауыт пен фабрика көшірілген болатын. Жер 
қойнауынан  көмір,  марганец,  қорғасын,  басқа  металдардың  да  басым  бөлігі 
өндірілетін. Еліміз майданды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, сондай-ақ қару-
жарақ пен оқ-дәрі жіберген еді.  
Соғыс  халыққа  қасіретпен  қоса  шығын  әкелді,  басқыншылық  сипатта 
болды.  Соғысты  бастаушы  ел  Германия,  жеңілген  ел  де  Германия  мен 
одақтастары. 
Сондай-ақ  өз  халқымыздың  ұлы  перзенті,  дара  тұлға  Жамбыл 
Жабаевтың өлеңдері де соғыс жылдарында қаншама рух пен патриоттық сезім 
сыйлады емес пе!? Менің есіме бір жерде оқыған мына мәлімет түсіп отыр. 
Бұл  құжат  соғыс  жылдарында  ел  Үкіметін  басқарған,  яғни,  ең  ауыр 
кезеңде  Қазақстан  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  болған  Нұртас 
Оңдасыновтың  айтқан  бір  әңгімесін  тірілтіп  тұрды.  Естелігінде  ол  былай 
депті: ...Неміс басқыншылары Ленинградты қоршап алды. Сыртпен байланыс 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
26 
үзіліп, 90 тәулік қала қоршауда тұрды. Ладога көлінен өтетін бір ғана соқпақ 
арқылы  кең  байтақ  Кеңестер  Одағынан  жиналған  азық-түлік,  киім-кешекті 
бораған  оқтың  астынан  амалдап  өткізіліп,  қала  тұрғындарына  жеткізілді. 
Содан бұл соқпақ-«өмір жолы» деп аталып кетті. 
Қазақстан  тез  арада  ленинградтықтарға  ұзын  саны  140  вагоннан 
тұратын, екі теміржол составын жасақтады. Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитеті  бұл  сәлем-сауқатты  оларға  Жоғарғы  Кеңестің  Төрағасы  Әбсемет 
Қазақбаевтың  бастап  баруын  ұйғарды.  Менің  көкейімнен  материалдық 
көмекпен қоса қоршауда қалған қала жұртшылығына моралдық күш беретін, 
рухын  көтеретін  бір  сәлем  сөз  арнау  кетпей  қойды.  Бұл  ойымды  Орталық 
Комитеттің отрысында  айтып  едім,  көпшілік қолдады.  «Сөз  анасы  –  сәлем» 
демей ме қазақ, сол асыл сөзді кімге жаздыруды ойлаған кезде аузыма Жәкең-
Жамбыл Жабаев түсті. 
Содан Орталық Комитеттің тапсыруымен 1941 жылдың күзінде қасыма 
ақындар  Әбділда  Тәжібаев,  Ғали  Орманов,  тағы  да  біраз  адамдарды  ертіп 
Жәкеңнің  аулына  келдік.  Бір  топ  адам  сау  етіп  ертемен  келгенге  ауыл 
адамдары  елеңдесіп  қалды.  Онсыз  да  соғыстың  суық  хабары  жүректерін 
шайлықтырып қойған ғой. Жәкең ауыл сыртында ат үстінде жүр екен. Бәріміз 
сол  кісіге  қарай  жүрдік.  Амандық,  саулықтан  соң  келген  мақсатымызды 
айттық, жеткіздік. Жәкең біздің сөзімізді ат үстінде отырып тыңдады да, үнсіз 
қалды. Бір мезетте еңсесін көтеріңкіреп, қызылға түсер қырандай қомданып, 
қапталда  жатқан  ақ  басты  Алатауға  қарап  қойды  да,  ишарамен  «үйге 
жүріңдер»  дегенді  білдіріп,  өзі  жол  бастады.  Міне,  тарих.  Ол  өлең  осылай 
туған екен ғой деп ойлап отырмын.    
Ленинградцы, дети мои! 
Ленинградцы, гордость моя! 
Мне в струе степного ручья 
Виден отблеск невской струи. 
Если вдоль снеговых хребтов 
Взором старческим я скользну, - 
Вижу своды ваших мостов, 
Зорь балтийских голубизну, 
Фонарей вечерних рой, 
Золоченых крыш острия... 
Ленинградцы, дети мои! 
Ленинградцы, гордость моя! 
Қаншама ақын-жазушыларымыз да майдан даласын көзімен көріп, қиян-
кескі  шайқастың  ортасында  жүре  отырып,  келер  ұрпаққа  оның  сипаты  мен 
маңызын публицистикалық тұрғыда да, өлеңмен де, көркем мәтінде де, әнмен 
де  қалдырып  кетті,  кейбірі  кешегі  күнге  дейін  ғибратқа  толы  өнегелі  өмір 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
27 
жолынан  ұмытылмас  мұра,  өшпес  із  тастап  жатты.  Олар:  Әзілхан 
Нұршайықов,  Қасым  Қайсенов,  Ӏлияс  Есенберлин,  Тахауи  Ахтанов,  Әбілда 
Тәжібаев,  Бауыржан  Момышұлы,  Жұбан  Молдағалиев,  Қалижан  Бекхожин, 
Қасым Аманжолов...  
Внимание! Говорит Москва!...Работают все радиостанции  Советского 
Союза!...Не верится! Хотя так ждали Польная капитуляция врага. Фашистская 
Германия  повержена.  Каждое  слово  как  удар  набата.  Мир!  Свобода! 
Справедливость! 
Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,  
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін. 
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,  
Құрметтеп  қарсы  алды  Жеңіс  күнін  -деп  ақын  жырлағандай,  біз  үшін 
Жеңіс  күнінен  асқан  қымбат  мереке  жоқ.  Ешқашан  ешбір  елде  соғыс  өрті 
тұтанбасын деп тілейтін жас ұрпақтың өкілімін мен! Осынау Ұлы мереке, 70 
жылдық Жеңіс көктемі сіздерге де құтты болсын, оқырманым! 
Әбдісадықова Меруерт 
    10 сынып, №19 орта мектебі Жақсықылыш кенті 
Арал ауданы Қызылорда облысы
Жетекшісі: Көшекова Қ. 
Ата  даңқы – ұрпаққа  үлгі 
Өлмейді ісі мәңгілік 
Өшпейді абзал есімдер. 
Ұрпаққа жетіп мәңгілік 
 Кетпейді естен асыл ер. 
Ж. Молдағалиев 
Ұлы Отан соғысы...   Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер 
бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал, күйретуші күш.  
Біз  соғысты  көрген  жоқпыз,  бірақ  оның  қандай  суық,  қандай 
қорқынышты  екендігін  тек  қана  теледидардан  берілетін  кинофильмдер, 
радиотелехабарлар,  Ұлы  Отан  соғысы  туралы  жазылған  көркем  әдебиеттер 
және аталарымыз айтқан естеліктер арқылы ғана білеміз. 
Иә, сол Ұлы Отан соғысының аяқталып, халқымыздың бейбіт өмір сүріп 
жатқанына да, міне, 70 жылға таяу уақыт болды. Бірақ сол кезеңде өмір сүрген 
қай  ұлттың,  қай  шаңырақтың  болмасын  әрқайсысында  сұрапыл  қанды 
соғыстан қалған жара мәңгілікке жазылмастай өзінің ізін қалдырды. 
Ұлы  жеңістің  тойланғанына  70  жыл  уақыт  өтсе  де,  ешнәрсе  де 
ұмытылған  жоқ.  Бұл  Ұлы  Жеңіс  сол  кездегі  түрлі  ұлт  өкілдерінің,  кеңес 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
28 
халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын 
күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп, 
ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.  
Ұлы Отан соғысы уақытында ауданнан соғысқа 11 мыңнан астам адам 
кетіп, оның 6038-і елге оралмай, майдан даласында қалды. 2005 жылы Арал 
боздақтарының  рухына  арналып  аудан  орталығының  орталық  алаңында 
Тағзым  алаңы  орнатылды.  Біздің  ата-бабамыз  түрлі  қанқұйлы  соғысты 
басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың 
соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір 
сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, 
түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. 
Уақыт  өткен  сайын  аталарымыз  сыйлаған  Жеңістің  маңызы  артып 
келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет 
әркезде  де  қастерлеуге  тұратын  қасиеттердің  бірі.    Осы  ұғым    біздің  үлкен 
құндылығымыз  болуы  керек  деп  ойлаймын.  Тек  майданда  ғана  емес,  тылда 
жұмыс істегендердің де еңбегі  жоғары ілтипатқа лайық. Себебі ,олар соғыс 
кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап 
шекті.  Ашаршылық  пен  ауыртпалықты  бастан  кешкен  олар  да  Жеңісті 
жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе 
бүкпей  жұмыс  істеген  сол  бір  қайратты  да  қайсар  жандарға  да  бүгінгі 
ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек.Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен 
қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. 
Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл 
тарихқа  алтын  әріптермен  жазылды.  Соғыс  кезінде  қаншама  жастар 
қыршынан  қиылды.  Олар  Отан  үшін  жанын  пида  етті.Ал  олардың 
әрқайсысының  анасы,  баласы,  сүйген  қыздары,  үлкен-үлкен  армандары  бар 
еді. Бірақ олар елге қауіп төнген кезде барлығын да құрбан етті. 
Неменеңе жетістің бала батыр, 
Қариялар азайып бара жатыр. 
Бірі мініп келместің кемесіне, 
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, 
-деп  М.Мақатаев  ағамыз  айтқандай,  сол  келместің  кемесіне  мініп, 
өмірден өткен менің атам Ахметов Әбдісадық Ұлы Отан соғысының ардагері
еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз еді. 
Атам  Әбдісадық  туралы  айтылған  естеліктер,  ол  кісінің  адамгершілік 
қасиеттері туралы айтылған әңгімелер мені көп толғандырды. Ең өкініштісі, 
атам мен дүниеге келмей тұрып өмірден өткен екен. 
1922 жылдың қоңыр күзінде Қазалы қаласында колхозшылар отбасында 
өмірге  келген  атам  1941  жылы  осындағы  №17  Молотов  атындағы  орта 
мектепті  үздік  бітіріп  шығады.  1942  жылдың  қаңтарында  Қызыл  Армия 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
29 
қатарына алынады. Самарқан қаласында екі ай әскери дайындықтан өткен соң, 
көгілдір көктемнің алғашқы күндері осында жасақталған 103 – атқыштар полкі 
құрамында батысты бетке алып, қан майданға аттанды.  
Ташкент-Мәскеу бағытымен тек шағын разъездерге ғана аздап аялдап, 
он күн бойы тоқтаусыз жүрген эшелон Ресейдің Ворошиловград облысындағы 
жүдеулеу  стансаға  кеп  маңдай  тірейді.  Жолсоқты  болып  әбден  шаршаған, 
үстерінде  «Қорғаныс  қорына»  деп  елден  жинап  алынған  құранды  киім,ал 
қолдарында қарулары жоқ олар баратын жерлеріне жаяулап тартады.Тек түн 
мезгілінде  ғана  жол  жүретін  жауынгерлер  межелі  жерге  жақындаған  сайын 
немістердің ұшақтары бомбаларды бірінен соң бірін тоғытып,пулеметтерінен 
оқ жаудырып,үрейлендіре түседі. 
Сәуір  айының  он  бірі  күні  әскери  құрамалар  бір  қалың  тоғайдың 
ойпаңдау  алаңына  келіп  тоқтайды.Осы  жерде  оларға  қару-жарақтар 
таратылады. 
Түнімен  тыныстап,  таңертеңгі  тамақтарын  ішіп  болған  оларға  екі 
шақырымдай  жердегі  елді  мекенді  жаудан  тазартуға  тапсырма  беріліп 
жатқанда,  немістер  жағынан  қып-қызыл  атыс  басталып  кетті.Тіпті  бұрын 
кейбіреулері қолдарынақару алып көрмеген жалынды жастар осылайша жан 
беріп,жан  алысқан  сүрапыл  соғысқа  алғаш  рет  қоян-қолдық  араласып  кете 
барады.Олар  осы  шайқаста  Харьков  қаласын  екі  рет  алып,екі  рет  беріп 
қояды.Оққа  ұшып,жараланғандарынан  аман  қалғандары  қанша  мәрте  жау 
бекіністерін  бұзып  өтпекші  болғанымен,оқсыз  қару,снарятсыз  артиллерия 
дәрменсіздік  көрсетіп,  әскерлер  босқа  қырылады.  Осындай  ауыр    жағдай 
кезінде  Оңтүстік  –  Батыс  майданның  басшылығы  Харьковті  қоршап  алу 
әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдайды. 
Ұлы  Отан  соғысының  төрт  жылдық  ұзақ  жолында  Әбдісадық  атам 
автоматшы,  пулеметші,Балқан  жерлерінде  партизан  отрядында,Броз  Тито 
басқарған  Югославия  халық  азаттық  армиясында,одан  әрі  XI  Македония 
бригадасының  3-батальонында  взвод  командирі  болып  неміс-фашист 
басқыншыларына  қарсы  ұрыстарға  қатысты  1945  жылдың  басында  аман 
қалған  жауынгерлерімен  Венгрия  жерін  неміс  басқыншыларынан  тазарту 
жолындағы  ұрыстардың  бірінде  ауыр  жараланып,Астрахань  қаласындағы 
соғыс  госпиталына  жеткізіледі.Сол  госпитальда  ұзақ  емделіп,  бір  аяғынан 
айырылған  атам  Ұлы  Отан  соғысының  екінші  топтағы  мүгедегі  болып  елге 
оралады. 
Ұлы  Отан  соғысының  отты  жылдарында  елімізді  жаудан  азат  ету 
жолында  көрсеткен  ерлігі  үшін  Әбдісадық  атам  Отанымыздың  жоғары 
дәрежелі ордендерімен және медальдарымен марапатталды. 
Елге  оралғаннан  кейін  арада  бір  ай  өткесін-ақ  атам  өзінің  соғыстан 
бұрынғы мұғалімдік қызметіне қайта оралады. Еңбек пен білімді ұштастыра 
білген ол математика мамандығы бойынша жоғары білім алады. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
30 
Жарты ғасыр бойы өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берген 
қарт майдангер атам зейнетке шыққанға дейін де ұстаздық жолында сіңірген 
белсенді  еңбегі  үшін  құзырлы  орындардан  көптеген  жоғары  дәрежедегі 
марапаттауларға ие болады. 
Атам Әбдісадық ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, өзі ұзақ жыл еңбек 
еткен ұжымы мен кент тұрғындарының арасында сыйлы, беделді болды. Ол 
11 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан немере-шөбере сүйген бақытты ата еді. 
Осы бір мен үшін өте қымбат асыл адам жетпіс жасында дүние салыпты. 
Қазақ халқы ел басына күн туғанда, толарсақтан саз кешетін жауынгер 
халық емес пе? Сондай жауынгер, қайсар халықтың бір бөлшегі ретінде Ұлы 
Отан соғысында аянбай күрескен жандардың бірі менің аяулы атам Ахметов 
Әбдісадықтың өткен өмірі мен үшін де және мен сияқты қазақ жастары үшін 
де  үлгі-өнеге  болатыны  анық.  Біз  ардагер  аталарымыз  бен  апаларымыздан 
туған  Отанымызды  сүюді,  оны  құрметтеуді,  қорғауды,  қиыншылыққа  төзе 
білуді үйренеміз.  
Ерлерді ұмытса да ел,сел ұмытпас, 
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. 
Ел үшін жаннан кешіп,жауды қуған 
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас, 
– деп  М.Жұмабаев  айтқандай,  біздің  қазіргідей  бейбіт  өміріміз  үшін
күрескен және бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымыз 
бен апаларымыздың ерлік істері ешқашан ұмытылмақ емес. Сол аталарымыз 
бен  апаларымыздың  қасиетті  рухы  біздің  бүгінгі  бейбіт  өмірімізге  күн 
нұрындай мәңгі шуағын шаша берсе екен деп тілеймін. 
Әбжапбар Ұлпан 
10 сынып, №54 орта мектебі 
Жаңақорған ауданы Қызылорда 
облысы Жетекшісі: Шынтемирова Ж

 
Ер есімі – ел есінде 
Ешкім  де  ұмытылмайды,  ешнәрсе  де  ұмытылмақ  емес.  Адамзат 
тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл толды. Бірақ, Ұлы 
Жеңістің  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та  ұмытылмастай  із  қалдырды. 
Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік 
пен  жасампаздықтың,  қайырымдылықтың,  Отанын  қорғаған  жауынгер-
солдаттар  мен  офицерлердің  айбыны,  тылдағы  Жеңісті  жақындатқан 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
31 
жұмысшылардың  ерлік  еңбектерінің  мәңгі  өшпейтіндігін  дәлелдейтін  белгі 
болып 
қалмақ. 
Біздің 
ата-бабаларымыздың 
батырлықтары 
мен 
жанқиярлықтары,  олардың  өз  Отанына  деген  шексіз  сүйіспеншіліктері 
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл 
бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта 
өрлеуінің  жоғарғы  адамгершілік  негізі.  Тылда  жанкешті  тірлік  жасаған 
батырлар «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранды ұлық етті.  
Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, әлемге алақұйын жалын шашып, 
жан біткенді жалмауға жанталасқан, адамзат жүрегіне айықпас жара салған, 
отты  жылдардың  елесі  әлі  күнге  дейін  халық  жүрегінен  өшпегені  анық. 
Өйткені, адамзаттың бүгінге дейінгі сапарындағы ең сұрапыл қырғын да Ұлы 
Отан  соғысы  екені  әлемге  аян.  Елдің  елдігін,  ердің  ерлігін  сынайтын  нағыз 
тарихи аласапыран кезеңде: 
Қасиетім менің, адалдығым менен ақтығым, 
Жаныма қуат жүрегімнің таза пәктігі. 
Тәңірімнен күнде көз жасыммен тілеймін
Өтсем екен деп тірі жанға болмай жаттығым, 
-деп ақын Әбділда Тәжібаев жырлағандай, әр шаңыраққа парасаттылық, 
адалдық, жүрек пәктігі сияқты ізгі қасиеттерді биік ұстап өткен Қазақ халқы 
ел  басына  күн  туған  қасіретті  шақта  Отанын  қорғауға  аттанды.  «Адал  адам 
Отанын  сүйеді,  адал,  ақ  анның  дегенін  істеу  –  қуаныш,  мақтаныш.  Отанға 
деген махаббатты бжүрекке Отан анасындай. Отізде  өлшеуге болмайды»,-деп 
Баубек  Бұлқышев  айтқандай  ,  жаратылысынан  ақкөңіл,  ақжүрек,  батыр, 
намысты халық өз мүддесінен  Отан  мүддесін артық қойған, өмірін құрбан 
етуден  асқан  асыл  мұрат  жоқ  екенін,  Отанымыздың  абыройын,  бостандығы 
мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай Отанға деген махаббатын осылай дәлелдей 
білген.     
«Балам, 
сенің 
бұл 
халқың 

батыр
халық, 
Батырлығын  жауына  татырды  анық»,-деп  ақындар  жырына  арқау  болған 
халқымыздың  батырлығы,  ерлігі  қан  майданда  талай  рет  дәлелденді. 
Жауынгер  қаламнан  шыққан  жалынды  үн  жерлестерінің  жанын  тебірентіп, 
отты  жылдарда  өз  рөлін  атқарды,  болашақ  ұрпаққа  айнымас  ұран  болып 
қалды. «Біз – Кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек 
отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... Бідің үрейді 
жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік»,-деп еліне, 
жеріне деген шексіз махаббатын, құрметін майданда дәлелдеген , бүкіл әлемді 
шошытқан  халқымыздың  біртуар  азаматы,  қайталанбас  тұлға  Бауыржан 
Момышұлының ел үшін еткен еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Ел алдындағы 
биік  бағасы,  сіңірген  еңбегі,  өнегелі  өмірі,  қатал  да  суық  мінезі,  алмас 
қылыштай қиып түсер өткірлігі, айта берсек таусылмайтын, қайта жыл өткен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет