Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата08.01.2017
өлшемі0,95 Mb.
#1420
1   2   3   4   5   6

Мешитбаева Мадина  

8 сынып,  Күйкен орта мектебі Маңғыстау облысы  

Жетекшісі: Есназарова Л. Д. 

 

Ұлы жеңіске мың тағзым 

 

9  –  мамыр  Жеңіс  күні...  Бұл  соңғы  кезде  ұмытылып  бара  жатқан 



мерекелердің бірі. Дұрыс, мерекелейміз, тойлаймыз бірақ, ол қандай мереке, 

қандай қанды азаппен келгендігін біз біле бермейміз-ау осы? Соғыстыың бізге 

тигізген зардаптарын таразылай келсек, шаш етектен. Сол соғыс нәтижесінде 

адамдар қырылды, балалар жетім, әйелдер жесір, ал ақжаулықты аналарымыз 

бен  аталарымыз  бауыр  еті  баласынан  айырылып,  қабырғасы  қайысты, 

жүректері  қан  жылады.Соғысқа  аттанғандар  оралды.  Сұмдық-ай, 

оралмағандары қаншама?! Үйде қалған балалар мен әйелдер соғыс үшін таң 

атқаннан  қара  кешке  дейін  аянбай  еңбңек  етті.  Көптеген  балалар  соғысқа 

кеткен  әкелерін  сағынып,  жүрегіндегі  ыстық  сағынышын  өздерінің  өлең 

шумақтары арқылы сыртқа өзегін өртей шығарды. Елге соғыстан қара хаттар 

келіп жатты. Қара хат келгені бұл – қаза болды дегені. Қара хат келді дегені- 

сол үйдің басына қара бұлт үйірілгенмен бірдей болды дегені. Тіптен мүлдем 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

34 



 

хабарсыз кеткендері ше қаншама дерсіз? Оларды әлі күнге дейін іздеу салып, 

ең болмаса қабірін тауып алсам болды дегендерді де құлағымыз жиі шалып та 

қалады.Үй  іші  олардың  не  өлі,  не  тірі  екенін  біле  алмай  қиналды,  жандары 

күйзеліске ұшырады. Аналары болса, баласын соңғы демі үзілгенше зарығып, 

аман  сау  екенін  көруді  армандап  өтті.  Бірақ,  бұл  тілектердің  кейбіреуі  ғана 

жүзеге  асты.  Осы  соғыстың  басталу  тарихына  үңілсек,  Германия  мемлекеті 

1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірумен Екінші дүниежүзілік 

соғыс басталды. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында фашисттік 

Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына  баса-көктеп кірді. Ең алдымен 

жау шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылары болды. Гитлердің соғыс 

жоспары  «Барбаросса»  деп  аталды.  Ол  сол  бойынша    қысқа  мерзім  ішінде 

жаулап  алып  оны  шикізат,  адам  қоры  көзіне  айналдырмақшы  болды.  Кеңес 

халқы  тарапынан  әділетті  бұл  соғыс    тарихи  әдебиеттерде    «Ұлы  Отан 

Соғысы» деп аталды. 

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақтардың ұлттық рухын көтеру үшін 

батырлық  эпостарды  басып  шығарып,  майдангерлерге  жазылған  хаттарда 

қазақ  хандарының  аты  атала  басталды.Бұл  кезде  лагерлер  мен  партизан 

отрядтарында  болған  жүз  мыңдаған  тұтқындар  қуғын-сүргінге  ұшырады. 

Қазақ жауынгерлерін жігерлендіру үшін соғыс уақытында жариялана бастаған 

тарихи  шығармаларға  қайтадан  тыйым  салынды.  тарихшы  және  әдебиетші 

тұлғаларының еңбектерін сынап-мінеу, оларды қуғындау басталды. 

Соғыс даласында Қазақстан үшін ерлігімен көзге түскен батыл да өжет 

аға-әпкелерімз  бар:  Бауыржан  Момышұлы,  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк 

Мәметова,  Талғат  Бигельдинов,  Жәнібек  Елеусізов  т.б.  Соғыс  десе  көз 

аалдымызға қызыл қанға боялған сұрықсыз дала, зеңбіректер менмылтықтар 

дауысы,  жау  оғына  жасқанбай  қарсы  тұрып  жанын  ерлікпен  қия  білген 

ержүрек  солдаттар,  екі  көзі  төрт болып,  жанарлары  мөлтілдеп асыға  күткен 

балалар  мен  аяулы  арулар  елестеп  көз  алдымызға  еріксіз  жас  келеді.Еліміз 

тәуелсіздік  алған  сәттен  кейін  де  Ұлы  Жеңіс  күні  жыл  сайын  атап 

өтіледі.Мемлекетіміз  соғыс  ардагерлеріне  қаржылай  көмек  беріп,  және 

олармен сұхбат жүргізеді. Бір қынжылтатыны, қарияларымыздың азайып бара 

жатқаны  сияқты  оларға  деген  мейірім  мен  құрмет  те  соңғы  кездері  мүлдем 

көрінбей  бара  жатқан  сияқты.Оларға  қалған  өмірінде  өздері  жан  беріп,  жан 

алып  күрескен  Отан  құшағынан  құрметке  толы  назар  мен  мейірім  деп 

ойлаймын.Біз өскелең ұрпақ ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпай оны мәңгі 

бақи  есімізде  сақтауымыз  керек!  Олардың  кім  үшін  жандарын  қиғанын 

ұмытпауымыз керек! Біз қазір сол ата-бабаларымыздың тарту еткен тәуелсіз 

мемлекетіміздің  әр  жерін  адымдап  басқан  сайын  оның  санын  емес,  қадірін 

түсінейік! 

 

Бабаларға иіліп тағзым еттім, 



Бейбіт болсын мәңгілік құтты қоныс. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

35 



 

Ұмытпайды ұрпағың ешқашан да, 

Күркіреп, күзгі күндей өтті соғыс. 

 

 



Молдабекова Айзада 

10 сынып, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейі 

Түпқараған ауданы Маңғыстау облысы 

Жетекшісі:Тахтабекова Б.С 



 

Биыл,  біз  Ұлы  Жеңіс  мерекесінің  70  жылдығын  тойлағалы  отырмыз. 

Жеңіс...  Ия,  оны  сан  миллиондаған  адамдар  төрт  жыл  бойы  минуттап, 

сағаттап,  сарыла  күтті  емес  пе?  Ақыры,  олардың  үміті  мен  сенімі  ақталды. 

Тілектері  орындалды.  Бірақ,  сол  жеңіс  оңайлықпен  келген  жок.  Жеңіс 

жолында  Отан  үшін  от  кешіп  миллиондаған  асыл  азаматтар  мерт  болды. 

Жаумен  жан  аямай шайқасып,  ерліктің ерен  үлгілерін  көрсетті.  Ана, жарын 

жоғалтып  жесір,  бала  әкесінен,  анасынан  айырылып  жетім  атанды. 

Фашистердің  түтқын  лагерінде  қаншама  ана  мен  бала  айуандықпен  азаптап 

өлтірілді.  Ал,  тылда  қалған  қарттар,  аналар  мен  бесіктен  белі  шықпаған 

балалар соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай 

жұмыс  істеді.  Бірақ  ешкімнің  сағы  сынбады.  Жігері  жасымады.  Олардың 

бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт 

өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. 

Соғыстың  адам  баласына  әкелер  зардабы  мен  қасіреті  шексіз  екенін 

баршамыз  білеміз.  Соғыс  зардабы  көпке  дейін  оңалмады,  әсіресе  адам 

жанында  ауыр  жарақат  қалдырды.  Ұлы  Отан  соғысы  елдің  елдігін,  ердің 

ерлігін  сынға  түсірді.  Қазіргі  біздің  сәулетті  өміріміз  үшін    жанын  қиып, 

кеудесін  оққа  тосқан  батырлар  ерлігін  жас  ұрпақ  есінде  қалдыру  бәріміздің 

азаматтық борышымыз.  

Жеңіс күні – ерлік пен елдіктің, батырлық пен өжеттіктің мейрамы. Отан 

үшін от кешкен қадірлі қарияларымыздың қатары уақыт озған сайын азайып 

бара жатқаны өкінішті.  

Ұлы  Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен 

төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Сол сұрапыл соғыста 

батырларымыздың  сақтап  қалған  байтақ  жеріміз  бүгінгі  күні  дүние  жүзі 

таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, 

жетістік.  Өткен  соғыс  әрбір  адамның  жүрегінде  өшпес  із  қалдырды, 

миллиондаған  адам  өмірін  сұмдық  қанды  қырғынға  ұшыратып,  жер  бетін 

жайлап  өткен  соғыс  дауылының  сол  бір  алапат  кезеңін  бүкіл  адамзат  үнемі 

еске  алумен  келеді.  Бұл  жылдары  жүрегі  Отаным  деп  соққан  әр  азамат 

барынша күресе білді.  



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

36 



 

Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз 

мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. 

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің 

әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге 

танытқан  қасиетті  соғыс  болса,  Ұлы  Жеңіс  аға  ұрпақтың  Ұлы  ерлігін 

мәңгілікке  ел  жадында  сақтауға  арналған  ең  қастерлі  мереке  .  Отан 

қорғаушылар  жасаған  ерліктер  мәңгілік  және  уақыт  ағысымен  жоғалып 

кетпейді. 

Аға  ұрпақ  алып  берген  Жеңіс  бүгінгі  күні  де  бізді  жетістіктерге 

жігерлендіреді,  жанымызға  қуат  береді,  қиындықтарды  жеңіп,  алға 

ұмтылуымызға  көмектеседі.  1945  жылдың  9  мамыры...  Жылдан-жылға 

алыстап  бара  жатқан  мерзім.  Дей  тұрғанмен,  Ұлы  Жеңістің  маңызы  біздің 

жадымызда  мәңгі  орын  алған  деуге  болады.  Ұлы  Жеңіс  тойы  –  бұрынғы 

кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке – ерліктің, 

еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік 

тұғырының  берік,  еңсеміздің  биік  болуы  да,  еліміздің  өркендеуі  мен 

елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Осындай айтулы күні 

біздер құрметті ардагерлеріміздің алдында ерекше бас иеміз. Жыл өткен сайын 

біздің ардагерлеріміз жасаған ерліктің даңқы сөнбейді. 

Біз  есімдері  тарихтың  бетінен  мәңгі  өшпейтін  аға  буын  алдында 

өлшеусіз  қарыздармыз.  Жеңіс  Күні  –  ең  қымбатты,  қуанышты  да  қайғылы, 

мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып 

табылады. Бұл күн тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана 

емес.  Ол  –  сол  соғыста  Жеңісті  жақындату  үшін  жан  аямай  шайқасып,  қан 

майданнан  оралмай,  еліміздің  берік  қорғанындай  болып  қалған 

арыстарымызды еске алатын күн. 

Жеңіс!  Осынау  жалғыз  ауыз  сөзде  қаншама  терең  мағына  жатыр.  Кез 

келген  істің,  қандай  күрестің  де  басты  мақсаты  жеңіске  жету  болғанымен, 

кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Қайғы 

мен қасіретке толы болған сол бір ауыр да азапты күндердің артта қалғанына 

биыл 70 жыл толып отыр. 

 

Дүние дүр сілкінді, 



Жеңіс жетті далаға. 

Асқар таулар асқақтап, 

Күлімсіреп дара да. 

Дала төсін қақ тіліп, 

Атойлады ақ бұлақ. 

Жеңіс! 


Жеңіс! 

Жеңіс! 


 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

37 



 

-деп. Сүйіншілеп шапқылап - демекші, жеңіс көктемі нұр әкелсін! 

 

 

Молдағали  Жайна 



7 сынып, №2 орта мектебі 

Мұңайлы ауданы Маңғыстау облысы 



 

Ерлер – елдің  тұтқасы,  жердің  қорғаны 

 

Ел мен жердің тыныштығын күзетіп тұрған  ұландардың  тәуелсіздікті 

ата-бабадан   қалған  мұрадай сақтауы міндетті саналмақ. «Жау жоқ деме, жар 

астында» дегендей,  шекараның сақшылары  сыртқы  қорғаныспен қатар, елдің 

ішкі  қорғанысын  арттырып, біздің  енді  ғана  тәй-тәй  басып  келе  жатқан,  әлі 

шалыс  басып  көрмеген  мемлекетімізге  сұқтана  қараған  көздерден    сақтап 

отыр.  Олар «Елім  үшін  бәріне дайынмын» деп күндіз-түні  қақпа  алдында  

тұрып, Отанның   бейбітшілігін сақтап отыр. 

«Сақтықта  қорлық  жоқ»  демекші,  мемлекетіміздің  әскери  басшылары 

жоғарыда айтып өткендей, қорғанысты дамыту мақсатында жас сарбаздарға 

жердегі  қорғанысты,  әуе  қорғанысымен  қатар  теңіз  жолдарындағы  

қорғанысты  нығайтуды   міндет етуде. 

«...Жалғыз  жер  байлығына  сеніп  қалуға  болмайды.  Ең  алдымен,    ел 

байлығына сену керек. Ел байлығы деген не? Ол – білім, ол – жаңа технология, 

ол  –  бәрінен  бұрын  отаншылдық  сезім,  қазақстандық  патриотизм»  -  деп, 

мемлекет  басшысы  айтпақшы,  айбарлы  ұландар  –  еліміздегі  ең  патриот 

жандары. 

«Адам  еркін  болмайынша,  қоғам  еркін  болмайды.  Қоғам  еркін 

болмайынша,  ойың  еркін  болмайды....»  деген  Н.  Ә.  Назарбаевтың  сөзін 

шығармама  арқау  ете  отырып,  біздің  еркін  болуымыз  –  ең  алдымен  осы 

сақшылардың  қолында  екенін айтқым келеді. Әрине отан қорғау және отанға 

берген  антты  бұзбай  ұстау  –  ол  үлкен  парыз,  ал  сол  ауыр  жүкті  арқалаған  

ағаларымыз  –  ел    үшін  ардақты  жандар  болып  табылмақ.  Сап  түзеген 

тырналардай  саппен  жүре  отырып,  әр  қадамын  санап  басып,  көздерінде  от 

жанған, жүрегінде түгі бар, жігерлі отан қорғаушылар ел сенімін ақтайды. 

Ей,  қазақтың  ұрпағы!  Сен  қазіргі  таңдағы  елін  қорғап  жүрген 

сарбаздардан  үлгі  ал!  Сен  де  ертеңгі  күннің  ұланысың!  Сен  –  елдің 

тұтқасысың!    

Мен  Молдағали  Жайна  Даулетқызы  отан  алдында  болашақта  елге 

қызмет  ететін  азаматша  боламын  және  отанды  қорғауға  барынша   

атсалысамын деп  ант етемін! 

 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

38 



 

Мұханбетов Бекберді 

      8 сынып, №3 орта мектебі 

Мұнайлы ауданы Маңғыстау облысы 

 

Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады 



 

Біздің  ата-бабамыз  түрлі  қанқұйлы соғысты басынан өткерді.  Олардың 

ең  соңғысы – Ұлы  Отан  соғысы болды.  Олардың  соғысқа  қатысқандағы 

мақсаты  –  ұрпақтарының,  яғни,  біздердің  жақсы  өмір    сүруімізді, 

бейбітшілікте өмір сүруімізді  қалады.  Осылайша  атың  жалында,  түйенің 

қомында жүріп, біздерге бейбіт  өмірді  орнатып  берді. Уақыт  өткен  сайын 

аталарымыз  сыйлаған    Жеңістің  маңызы  артып  келеді.  Олар    көрсеткен  

ерліктер бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге 

тұратын  қасиеттердің  бірі.  Осы  ұғым  біздің  үлкен  құндылығымыз  болуы   

керек деп ойлаймын. Тек  майданда  ғана емес, тылда  жұмыс  істегендердің   

де   еңбегі  жоғары  ілтипатқа  лайық. Себебі  олар соғыс  кезінде   майдан  

шебіндегі  солдаттармен  бірдей  қиыншылық  көрді,  бірдей  азап  шекті.  

Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті  жақындатуға  

көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей  жұмыс  

істеген    сол  бір    қайратты  да  қайсар  жандарға  да  бүгінгі    ұрпақтың  

ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен  қауіп  пен  қатер,  қайғы  мен қасірет  

төнген  сол  бір  ауыр  уақытта  біздің  халқымыз сыннан  сүрінбей  өтті.  Оттан 

да ыстық  Отан  үшін от  кешкен  майдангерлер  өшпес  ерлік  көрсетті.  Бұл  

тарихқа  алтын  әріптермен  жазылды.  Олардың  қаһармандық  өнегесі  бүгінгі  

жас  ұрпақтың  жадында  мәңгі  сақталуы  тиіс.  Отаншыл  болу- ең  алдымен  

өткенді  білу.  Осынау  қойнауы  қазынаға  толы байтақ  даланың  әр  пұшпағын  

бабаларымыз  ақ  найзаның  ұшымен, білектің  кұшімен  қорғағанын  ұмытпау- 

парыз...  

Отан    сенің    отбасыңнан,    аядай    ауылыңнан,    сол    жердің    тасынан,  

суынан,  топырағына  басталады. Қазақ  жері-киелі,  қасиетті. Отаншыл  болу 

– ұлтжанды  болу.  Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды 

жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін»  дейді  дана  халқымыз. «Біріңді қазақ, 

бірің  дос,  көрмесең,  істің  бәрі  бос»    дейді    кемеңгер  Абай.    Ынтымағы 

жарасқан елді көргенде, жаудың құты   қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай 

берікпіз.  Қай  кезде  де  азаматтың  өз  Отаны  алдында  парызы  болады. 

Азаматтың  қасиетті  борышының  бірі  –  Отан  алдындағы  парызын  өтеу.  Кез 

келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару 

алу  емес,  өз  Отаныңның  білімді,  өркениетті,  салауатты  перзенті  бола  алу. 

«Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деген екен батыр Бауыржан Момышұлы. 

Ол – Отан үшін еткен еңбектің ешқашан зая кетпейтіндігі.  

Халқымызда  «Ерім дейтін  ел  болмаса, елім  дейтін  ер  қайдан  болады» 

деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

39 



 

де  өз  соңынан  ерген  ұрпақты  дұрыс  тәрбиелеуі  керек.  «Отаным,    маған  не 

бересің деп  емес,  Отаным, мен саған не бере  аламын?» деп  өсу  керек.  Сонда  

елімізде  әрқашан  да  бейбітшілік  болады.  Соғыс  кезінде   қаншама  жастар  

қыршынынан    қиылды.  Олар  Отан    үшін    жанын    пида  етті.  Ал  олардың  

әрқайсысының  анасы, баласы, сүйген қыздары, үлкен-үлкен армандары бар  

еді.  Бірақ олар  елге  қауіп  төнген  кезде  барлығын  да  құрбан  етті. Жап-жас 

болса  да  Отанын   қорғап  жатып  жан  тапсырды.  Бұл-шынында  да  ерлік  

болатын.  Майдан  шебінде  жанын  пида  еткен  жауынгерлер  мәңгі  есімізде  

қалады. Отан  үшін   отқа  түсіп,  Жеңіс  сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз. 

Сұрапыл да жойқын соғыста  қыршынынан  қиылған  жауынгерлер  есімі   ел  

есінде  мәңгі  сақталады.    

 

 

Оңдабаева Әмина 



9 сынып, 14 орта мектебі Маңғыстау облысы 

Жетекшісі: Ұзақбаева Р.А. 

 

Сұм соғыстан аман сау қалған ерлер



Отан үшін отқа да жанған ерлер, 

Бәріңіз де біздерге қымбатсыздар, 

Құрметті де қадірлі ардагерлер!!! 

 

Соғыс  жаңғырығы  жылдан  –  жылға  алыстап  барады...  Ол  туралы 



үлкендерден,  көнекөз  қариялардан  естіп  жүреміз.  Кинолардан,  деректі 

фильмдерден  көреміз.  Әйтсе  де  өткенге  көз  жүгіртпей,  болашаққа  бағдар 

жасау  мүмкін  емес.  ХХ  ғасырдың  орта  кезінде  болған  алапат  соғыс  Екінші 

дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы 

Ұлы  Отан  соғысы  болды.  Бұл  соғыс  кезінде  әрбір  бесінші  қазақстандық 

майданға  аттанып,  Отан  анасын  қорғауға  атсалысты.  Қаншама 

қазақстандықтар  ұрыс  даласында  мерт  болды.  Жеңіс  бізге  миллиондаған 

адамдардың  төгілген  қанымен  келді.  Соғыс  салған  қасірет  әрбір  жанұяның 

тарихында  із  қалдырып  кетті.  Ұлы  Отан  соғысы  тарихы  туралы  қаншама 

шығарма  жазылып,  қаншама  кино  түсіріліп  жатса  да,  оның  тарихына  еш 

уақытта  нүкте  қою  мүмкін  емес.  Ерлікпен  шайқасып  лайықты  бағасын 

алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да, қазір санамызға қайта оралып 

жатқан тұлғалар аз емес. Мысалы, Бақтыораз Бейсекбаевты аға буын өкілдері 

білген  жоқ  қой.  Қазір  еліміздегі  ең  жоғарғы  награда  «Халық  қаһарманы» 

атағының иегері. Отан  соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, 

еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?... Оны ашып анықтау 

белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып елге танытып, лайықты атаққа ие 

болғызу, оларға қамқорлық жасау – бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

40 



 

Тарих  кеші  үнемі  жаңаланып  отырады.  Десе  де  ұмытылмайтын, 

ескермейтін  тарихи  оқиғалар  болады.  Соның  бәрі  әлемді  дүр  сілкіндірген 

екінші  дүниежүзілік  соғыстың  қасіреті  мен  Ұлы  Жеңістің  қасиетің  батыр 

ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. 

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. 

Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 

9-мамырда  Ұлы  Жеңіспен  аяқталды.  Міне,  содан  бері  70  жыл  мерзім  уақыт 

өтті.  Биыл  Ұлы  Жеңістің  70    жылдығы.  Жеңіс  күні  бәріміз  үшін  айрықша 

қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін 

күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, 

қан  майданнан  оралмай,  еліміздің  берік  қорғанындай  болып  қалған 

арыстарымызды еске алатын күн. 

Тірі жанға болмай жаттығым,- деп ақын Әбділдә Тәжібаев жырлағандай, 

парасаттылық, адалдық, жүрек пәктігі сияқты ізгі қасиеттерді биік ұстап өткен 

Қазақ халқы ел басына күн туған қасіретті шақта Отанды қорғауға аттанды. 

«Адал  адам  Отанын  сүйеді.  Адал,  ақ  жүрекке  Отан  анасындай.  Отанның 

дегенін істеу  – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге 

болмайды»,  -  деп  Баубек  Бұлқышев  айтқандай,  жаратылысынан  ақкөңіл, 

ақжүрек, батыр, намысты халық өз мүддесінен Отан мүддесін артық қойып, 

өмірін құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ екенін, Отанға деген махаббатын 

осылай дәлелдей білді. Қазақ деген – батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, 

шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкейе 

қалса,  азаматтығына,  өзінің  парасаттылығына  сенеді.  Сөйлесе  Қазыбек 

данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса 

Бөгенбайдай  ерлігі  бар,  Қабанбайдай  ірілігі  бар,  қолынан  қиыстырып  жол 

табар  Абылайдай  тірілігі  бар  ел.  Қазір  өз  алдымызға  мемлекет,  тәуелсіз  ел 

болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып 

есептелгендіктен,  батыстан  жау  шапқанда  Отанымыздың  абыройын, 

бостандығы  мен  тәуелсіздігін  қорғауда  жаппай  ерлік  пен  қайсарлықтың 

үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы 

қандай  бай  болса,  жүрегі  де  сондай  бай  халқымыз  қан  майданда  елдік 

мінездері  мен  ерлік  қасиеттері  сынға  түсті.  Осы  жолда  қанша  ардагер 

әкелеріміз,  аталарымыз  бен  апаларымыз  қанын  төкті,  жанын  пида  етті 

десеңші!  Осылайша,  біздің халқымыз  соғыс  барысында  бүкіл  әлем  алдында 

бар ұлылығымен көрінді.  

Ер елім, көрсет тағы еңбек күшін, Еңбекпен қас дұшпанның өрте ішін. 

Түр білек, түс еңбекке ту астында Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін, - деп халық 

ақыны Нұрпейіс Байғанин елді майдан үшін еңбек етуге үндегендей, тылдағы 

жұмысшылар Республикамыздың ауыр өнеркәсіп саласында да адам айтқысыз 

жетістіктерге қол жеткізді. 

Аяулы  Әлия  мен  Мәншүгімді,  -  деп  есімдерін  ән-жырға  арқау  еткен 

шығыстың  қос  жұлдызы  Әлия  мен  Мәншүк  есімі  бүгінгі  ұрпаққа  ерліктің 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

41 



 

ғажайып  үлгісі  деп  айтар  едім.  «Майданға  жіберетін  ешкімім  жоқ,  ағам  да, 

апам  да  жоқ,  сондықтан  менің  өзімді  жіберуді  өтінемін»  деп  Алматыдағы 

медицина  интитутының  жас  түлегі  Мәншүк  Мәметова  Отан  қорғаушылар 

қатарына  өз  еркімен  қосылғысы  келетінін  білдірген  болатын.  Жас  қыздың 

қайтпас  қайсарлығы  таң  қалдырмай  қоймайды.  Сол  секілді  мергендігімен 

талай  жаудың  көзін  құртқан  Әлия  есімі  тарих  парақтарында  алтын  әріппен 

жазылып  қалды.  Мәншүк  пен  Әлиядан  басқа  халқының  абыройын  асырып, 

елінің даңқын шығарған, от пен оқтың арасында жүріп, жаралыларды өлімнен 

құтқарған  көптеген  Қазақ  қыздары  майдандағы  ерліктеріне  лайық  орден, 

медальдармен,  бас  қолбасшының  алғыс  хаттарымен  марапатталған.  Алайда, 

осы  сұрапыл  қанды  қырғында  өмір  мен  өлімнің  арасында  жас  өмірін  сарп 

еткен Қазақ қыздары жөніндегі деректер өте аз, олардың көбісінің есімдері де 

белгісіз. Мұны майдангер Қазақ қыздары кешіре қоймас!  

Ешқашанда  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің 

ерен ерліктері ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап 

қалған  байтақ  жеріміз  бүгінгі  күні  дүние  жүзі  таныған,  әлем  мойындаған 

мемлекет  болып  қалуы  біз  үшін  үлкен  мақтаныш,  жетістік.  Бүгінде  біздің 

азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал 

патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке 

тәрбиелеу.  Қазір  Республикамыздың  дүние  жүзінің  алдыңғы  қатарындағы 

мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың 

өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы – тұңғыш 

президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  адал  да  ұтымды 

тактикасының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, 

ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз!  

 

Жауды жеңіп табанға сап, 



Жермен-жексен еткен ерім. 

Қуан,қуан, күлші сақ-сақ 

Шын жеңіске жеткен елім! 

 

-деп  жырлағандай,ата-бабаларымыздың  Отан  үшін  күрескен  еңбегімен 



келген  Жеңісті  біз  болашақ  жастары  бағалауымыз  қажет.  Ұлы  Отан 

соғысының ардагерлері біздің есімізде мәңгі қалмақ. 

 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет