Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата08.01.2017
өлшемі0,95 Mb.
#1420
1   2   3   4   5   6

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 



 

          Уақыт  –  ұлы  күш.    Ол  ешкімге  бағынбайды,  түбі  өзінің  мықтылығын 

дәлелдейді.  Бірақ,  уақыттан  да  асқан  ұлы  күш  бар,  онымен  уақыт  тұрмақ, 

ғасыр, дәуір де санаса алмайды, ол- рух. Рухы мықты адам ғана алға ұмтылады, 

алға  ұмтылған  жан  ғана  –  жетістікке  жетеді,  жетістік  қана  елді  одан  әрі 

кемелдендіреді, дамыған елдің тарихы қашанда биік, тамыры мықты болады. 

Ал, тарих – ел үшін туып, ел үшін өлген батырлар рухын, батырлар ерлігін 

ешқашан ұмытпайды. Тарих халықтың туындысы, оны халық жазады, халық 

өшіреді. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды. Тіпті жетпіс жыл, жүз жыл, жеті 

ғасыр өтсе де... 

Ер есімі ел есінде..! 

Бабалар рухы мәңгі сөнбесін! 

 

 

Бақытжанова Әсем 



8 сынып, Шахта орта мектебі 

Таушық селосы, Түпқараған ауданы Маңғыстау облысы 

Жетекшісі: Тұрғынбекова Г. 

 

Махаббатпен жүрегіміз жылысын, 



Ән қандырсын құлақтардың құрышын. 

Не құрыса, қанды соғыс құрысын! 

Жаса, жаса, бейбітшілік – ырысым! 

          Ө.Нұрғалиев 

 

Қанша үйдің ұрлап адамын, 



Қанша үйде сөніп қалды оттары. 

Көрдің бе, ұлын ананың, 

Соғыстан қайтқан солдаттар. 

 

Иә,  қанша  үйдің  шаңырағы  ортасына  түсті,  қанша  үйдің  ошағы  қайта 



жанбастай сөнді, соғыстан қайтқандардан жалғыз ұлын сұрай  – сұрай, үміті 

үзілген  аналар  қаншама?!  Ол  ақ  жаулықты  аналардың  да  қатары  бұл  күнде 

азайған, азайса да артында қалған тума – туыс, жақындары әлі күнге жоқтап, 

бауырларын,  олардың  деректерін  іздестіруде.  Қысы  –  жазы,  күні-  түні  қан 

төгілген  бес  жылғы  алапат  соғыстан  кейінгі  жүректерді  жұбатып  тұрып 

жылататын, жылатып тұрып қуантатын шуақты күн – 9- мамыр. 

Иә,  табалдырықтан  аттағалы  тұрған  2015  жыл  да  айтулы  оқиғаларға, 

жағымды  жаңалықтарға  толы  болмақ.  Солардың  бірі  –  1941  –  1945 

жылдардағы  екінші  дүниежүзілік  соғыстағы  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы! 

Дүниежүзін дүр сілкіндірген, адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс атанған 

Ұлы  Отан  соғысының  аяқталғанына  жетпіс  жыл  толғалы  тұр.  Жылдар 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

10 



 

жылжып, бірнеше ұрпақ ауысқанымен ол шежіредей жатталып, ел есінде мәңгі 

сақталмақ. 

 

Шарпылғам жоқ өртке түсіп, от – оққа, 



Бұғанама түсті бірақ салмағы. 

Жатпасам да алғы шетпе, окопта, 

Жау мылтығы оғын маған арнады, 

 

- деп жазған жазған екен сәби санасын соғыс өрті шарпыған бала Әбіш, 



бүгінгі  заманымыздың  заңғар  жазушысы  Әбіш  Кекілбаев.  Осы  төрт  жол 

өлеңнен – ақ сол бір жаралы жылдардың бейнесі көз алдымызда елестейді. 

Ұлы  Отан  соғысына  Маңғыстау  түбегінен  бірнеше  мыңдаған  адам 

аттанған.  Маңғыстаулық  Кеңес  Одағының  Батырлары  Мәди  Бегенов  пен 

Жұмағали Қалдығараевты, ержүрек ұшқыр Біләл Қалиевті, Кемер Оңғалбаев 

пен Павел Малаевты, Исатай Сүйеубаевты мақтан тұтамыз. 

Ел  басына  түскен  сол  бір  қайғы  –  қасірет,  Отан  қорғаушылардың 

жанқиярлығы туралы қаншама көркем кітаптар, естелік шығармалар жазылып, 

небір тамаша фильмдер дүниеге келді. Сонда да әлі де айтыла, жазыла береді. 

Өйткені, халқымыздың қиын – қыстауда бас біріктіріп, майдан даласында да, 

тылда  да  көрсеткен  қаһармандығы,  патриоттығы,  асқақ  рухы  ешқашан 

ұмытылмақ емес. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні бізден алыстаған сайын 

сол  көздердің  куәгерлері,  ел  қорғаған  ерлеріміз  де  азайып  бара  жатыр.  Ал, 

қалғандарының да белі бүгіліп қалған. Олардың майданда от кешкендерінің 

де,  тылда    жеңіс  үшін  ауыр  еңбекке  жегіліп,  қажымас  қайрат 

танытқандарының  да  ерлігі  мен  жүрген  жолы  кейінгі  буынға  өнеге  болмақ. 

Біздерге осындай мамыражай күнді сыйлаған да солар. 

 

Ұмытпайық, шайқаста өлгендерді. 



Қадірлейік Жеңіспен келгендерді. 

Қадірлейік, ұландар сендер үшін, 

Жастық шағын майданға бергендерді. 

Жеңіс бізге келген жоқ көктен құлап, 

Талай боздақ қалды ғой мәңгі сұлап. 

Бүлдіршіндей жас едік бәрімізде, 

Бүгінгі күн аз қалдық, ойлан, шырақ! 

 

– деп жерлесіміз, майдангер ақын Е.Бөкенбаев айтқандай, бүгінгі ұрпақ 



та аталарымыз бастан кешкен сол бір алапат күндерді ұмытпауды азаматтық 

парызымыз деп санаймыз. 

Тарихта  аты  қалған  батырларымыздың  бірі  –  Бауыржан  атамыз:  «Өз 

ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі!» - деп шегелеп 

айтқан.  Отан  үшін  арпалысқан,  ұлттық  намысты  бәрінен  жоғары  қойған 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

11 



 

осындай батырларымыздың арқасында қазір өмір сүріп отырмыз. Біз оларға 

мәңгі 

қарыздармыз. 



Білімді, 

парасатты, 

халқымызды 

көзіміздің 

қарашығындай қорғайтын ұрпақ болып өссек қана, ата – бабалар алдындағы 

борышымызды ақтай аламыз. 

Қазір  бізде  жастық  дәуренді  бастан  кешірудеміз.  Егер  біреу 

«жастығыңды аламын» десе, берер ме екенбіз? Ең тәтті, ең ғажап, ең керемет 

шақ қой ол өмірде! Үмітпен ұйықтап, үмітпен оянып, барша бақыт алдан күтіп 

тұрғандай сезінетін шақ ол! 

Ал ардагер ақсақалдардың осы ең ғажап шағын соғыс ұрлады!... өмірдің 

ең нұрлы болуға тиіс күндері майдан даласында қалды... Біреу үй болғанына 

апта  тола  салып  соғысқа  аттанды.  Біреу  сүйген  адамына жүрек  сөзін  айтып 

үлгермей кете барды. Енді бірі албырт жастықтың «әкеме, анама тек жақсылық 

көрсетсем екен» деген арманы оқ ұшында кетті... 

Биыл  Ұлы  Жеңіске  70  жыл  толады.  Сол  кезде  20  жасында  майданға 

аттанған жігіт бүгінде – 90 – 95 жаста. Жастық шағын соғысқа сыйға беріп, 

ерте  қартайып,  шашына  ерте  ақ  кірген  ардақты  жандар  аз  қалды.  Ендеше, 

солардың ерлігін ұмытпауға тырысайық. 

Менің  тілейтінім,  ешқашан  соғыс  болмасын.  Жерімізде  әрдайым 

бейбітшілік болып, қазақ елі гүлдене берсін! Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құтты 

болсын! 


 

Бақытова Әсел 

8 сынып, А.М. Горький атындағы мектеп-лицейі 

Форт-Шевченко қаласы Түпқараған ауданы    Маңғыстау облысы 

Жетекшісі: Шопанова А. И. 

 

Ұлы Жеңіс қасиеті 

 

Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс 

атаулы  адамзатты  қырып-жоюға  бағышталған.  Адам  адам  болғалы  осылай. 

Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 

миллионнан  астам  өмірді  жалмаған  соңғы  соғысты  алайық.  Кімге  қажет 

болып,  не  мақсатты  көздеп  еді  сол  соғыс?  Әдетте,  соғысты  әділетсіздік, 

жауыздық,  қанішерлік  бастайды  ғой.  Қарапайым  халыққа  қасірет  туғызған, 

қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.  

Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып 

өткен  жау  оғымен  адам  баласының  тарихында  болмаған  бір  ғаламат  соғыс 

басталды.  Сол  күні  жау  тәтті  ұйқыңды  ғана  бұзған  жоқ.  Зұлым  жау  бейбіт 

өмірге бүлік әкелді.            

Иә,  сұрапыл  соғыс  ешкімді  аямады.  Қыз  жігітімен,  ана  баласымен 

қоштасты.  Қырда  қойшы  қойын  тастады,  қолындағы  таяғын  винтовкаға 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

12 



 

айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл 

ел  солдат  болды.  Сол  жылдардың  бозбала,  бойжеткендері  ақын  болуды, 

инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді... Бірақ үміт оты еш өшкен 

жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді. 

Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын 

соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір 

аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық 

түрлі ұлт  өкілдері әскер  қатарына  шақырылды.  Майдан  даласынан  394  мың 

қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір 

отбасы  болмады...  Бірінің  әкесі,  бірінің  ағасы  қаза  тапты.  Қаншама  жас 

боздақтардың қыршын жасы қиылды... 

Ат  ауыздығымен  су  ішкен,  ер  етегімен  су  кешкен  сұрапыл  соғыста 

ерлермен  бірге  қолдарына  қару  алып,  Отанын  қорғауға  біздің  батыр 

апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова 

ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. 

Иә,  кеудесін  оққа  төсеген  қазақтың  қарапайым  қызы  Мәншүк  қас 

дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы 

қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес. 

Тарих  кеші  үнемі  жаңаланып  отырады.  Десе  де  ұмытылмайтын, 

ескермейтін  тарихи  оқиғалар  болады.  Соның  бәрі  әлемді  дүр  сілкіндірген 

екінші  дүниежүзілік  соғыстың  қасіреті  мен  Ұлы  Жеңістің  қасиетін,  батыр 

ағаларымыз  бен  апаларымыздың  ерлігін  ешкім  де  ешқашан  ұмытпақ  емес. 

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ 

сол  кездегі  Кеңес  елінің  бірлігі  мен  достығының  арқасында  1945  жылы  9-

мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. 

 

Берекетова Эльмира  

7 сынып, №7 орта мектебі 

Жаңаөзен қаласы Маңғыстау облысы 

Жетекшісі: Атшыбаева Қ. С. 

 

Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған ойтолғау 

 

Ұлы жеңіс – тәуелсіз мемлекеттер үшін ғана емес, сонымен қатар әлем 



халықтары үшін үлкен оқиға. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, 

жүздеген  қала  мен  елді  мекендерді  тып-типыл  етті.  Бұл  оқиға  әр  үйге  әр 

отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. 

Ұлы Отан соғысы халық тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен 

қатар ол халықтардың теңдесі  жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің 

дәлелі. Сол бір сұрапыл да отты жылдарды «Бәрі де майдан үшін,бәрі де жеңіс 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

13 



 

үшін!»  деген  ұранмен  еңбек  еткен  тыл  қаһармандарының  ерлік  істері  де 

ешкашан ұмытылмақ емес. Сонымен тарихқа көз жүгіртейік: 

1941-жылдың 22 маусымы. Бұл күн Совет одағы үшін қаралы күн болды. 

Совет  одағына  қарсы  соғыс  ашып,  шекараны  бұзып,  төбеден  ұшақпен  сан 

мыңдаған бомбалар тастап, дүниенің астан-кестеңін шығарды. Сұмдық хабар 

ел арасына тез тарады. Ер-азаматтар әскерге шақырылып, cоғысқа аттанады. 

Ел  мен  жерді  қорғау  кім-кімге  де  сын  болды.  Қалыңдықтары,  қыздары, 

келіншектері  орамалға  кестелеп  аттарын  жазып,  «сағынып  жүрсін»  деп  қол 

бұлғап шығарып салды.  

Біздің  еліміз  үшін  бұл  соғыс  «Отан  соғысы»  деп  аталып,  4  жылға 

созылды. Ата-ағаларымыздың айтуынша, қарды көрпе, мұзды жастық қылып, 

аязға,  суыққа  тоңғанына  қарамастан  тек  Отан  үшін  деп  cоғысып,  талай 

қыршын  жасжандарын  пида  етті.Біріншіден,  жерін  қорғаса,  екіншіден, 

болашақ ұрпақтың бақытты өмір сүруіне жол ашты. Қарша борап тұрған оққа 

қарамай,шабуылға  шықты.  Талай  взвод,  рота,  батальоннан  ешбір  адам  тірі 

қалмаған  кездері  де  кездесті.  Қазақстанның  Панфилов  дивизиясы  жауға 

күйрете соққы берді. Соғыстың қызып тұрған, мұздай қаруланған жаудың бет 

қаратпай, аспаннан да, жерден де шабуыл жасап тұрған уақытына тап келді. 

28  гвардияшылар  немістердің  50  танкісіне  төтеп  беріп,  политрук  Василий 

Клочков «шегінерге жер жоқ, артымызда Москва!» деп ұран салғандай, жауды 

бір қадам да ілгері бастырмай, өздері өлсе де күл паршасын шығарды. Сөйтіп, 

елі олардың барлығына да «Совет одағының батыры» атағын берді. 

Майданнан  ол  уақытта  «үшкіл  хат»  деп  аталатын  бір  бет  қағазға 

қарындашпен,  сиямен  болсынхат  жазып,  үшбұрыштап  бүктеп  жіберетін  

хаттар келетін. Әрбір хат сондай сағыныш, қуанышпен қарсы алынатын. Тіпті 

бертін келгенше: «Саған хат келді, биле, билемесең бермеймін» дейтіні де рас. 

Талай үйге «Қара қағаз» келді. Ол заманда «Қара қағазды» алғаннан кейін ол 

жайында  не  жазылғанын  баяндап,  естіртетін  болған.  Алайда,  «Қара  қағаз» 

келгеннен кейін, сол қаза болды деген адамдардың өздері тірі келгендері де 

көп  болған.  Шешелеріміз  балаларына  сандықтың  түбінде    орамалға  ораулы 

әкелерінің суретін көрсетіп, олар әлі болса да тірі шығар, бір жерде жүрген 

болар,  мүмкін  келер  деп  жұбайларынан  жап-жас  күнінде  айырылса  да,  өл-

өлгенше қүйеуге тимей, тіпті жарынан да бала сүймей, күткен. Үлкендер, әйел, 

бала-шаға  бәрі  тылда  еңбек  еткен.  Бәрі  Отан  үшін,  соғыста  жеңу  үшін,  ер-

азаматтардың аман-есен отбасына оралуы үшін небір қиындыққа төтеп беріп, 

көне білген. 

Сол  сұрапыл  соғыс  айбынды  білек,  ыстық  жүректері  мен    қайрат 

күштеріне сенген кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқысында 

1945 жылдың 9 мамыр күні жеңіспен аяқталды. Міне, биыл сол Ұлы Жеңіске 

де 70 жыл толып отыр. Адам бойына күш жігер беріп, зор мақтаныш сезім құяр 

бұл  ұлы  күн  бізге  оңай  келмегені  хақ.  Бұл  нәубетті  соғыстың  зұлматынан 

қанша ана жесір қалды?! Қанша үміт сөнді?!  


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

14 



 

Төрт жылға созылған соғыста қажыса да қайраты қайтпаған, жараланса 

да  жасымаған,  өлімге  берілсе  де,  жауға  бас  имеген  батыр  бабаларымыз 

Бауыржан  Момышұлы,  Мәлік  Ғабдуллин,  Қасым  Аманжолов,  Қасым 

Қайсенов сынды талай батырлар қан майданда от кешті. 

Сұрапыл  соғыста  «шығыстың  қос  жұлдызы»  атанған  қазақ  қыздары-

Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова да ерлермен иық тіресіп, өздерінің 

нәзік  жандылар  екенін  елемей,  майдан  шебінің  алдынғы  сабынан  көрінді. 

Олардың  балауса  бал  ғұмырлары  небәрі  жиырманың  о  жақ  бұ  жағында 

қыршынынан  қиылып  кете  барды.  Сөйтіп  сұм  соғыс  адамзат  жадында 

ұмытылмастай ізін қалдырды. 

Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – 

бейбітшілік  пен  қайырымдылық  мәңгі  жасампаздығын,  Отанын  қорғаған 

жауынгер  –  солдаттар  мен  офицерлердің  айбыны,  тылдағы  Жеңісті 

жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің өшпейтіндігін дәлелдейді. 

Отан  үшін  от  кешкен  қадірлі  қарияларымыздың  қатары  уақыт  озған 

сайын  азайып  бара  жатқаны  өкінішті.  Олар  ұрпағының  жақсы  өмір  сүруін 

қалады. «Білектің күшімен найзаның ұшымен» қорғап берген бейбіт өмір біз 

үшін  қашанда  қадірлі.  Сондықтан  аталарымыз  сыйлаған  Жеңістің  маңызы 

жыл өткен сайын артып келеді. Олар көрсеткен ерліктер бүгінгі ұрпаққа өнеге. 

Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы 

ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Үлкен қауіп пен 

қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан 

сүрінбей  өтті.  «Отан  оттан  да  ыстық»,  Отан  үшін  от  кешкен  майдангерлер 

өшпес  ерлік  көрсетті.  Олардың  қаһармандық  өнегесі  бүгінгі  жас  ұрпақ 

біздердің жадымызда мәңгі сақталады. Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған 

ардагерлерге тағзым етеміз.   

Сұрапыл  соғыста  қыршынынан  қиылған  жауынгерлер  есімі  ел  есінде 

мәңгі сақталады. 

 

Жылда майдың тоғызында Ұлы Жеңіс күнінде, 



Ақ самайлы әкелерді, аталарды көрем де, 

Медаль, орден жарқыраған, күн нұрына өңірі 

Бас иемін соларға мен борышымды сезем де. 

Төбеңдегі ақ үшін, алаулаған жалында, 

Тыныш атқан таңдар үшін, мәңгі сақта жадыңда. 

-Уа, тірілер! Есте сақтаң, сертке тіккен антыңдай, 

Біз солардың борыштымыз, баршасының алдында! 

 

- деп  ойымды түйіндеймін.  



 

 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

15 



 

Доғдырбайқызы Дилназ 

                                 6 сынып, №14 орта мектебі 

Теңге ауылы  Жаңаөзен қаласы Маңғыстау облысы 

                                Жетекшісі: Келбетова Ұ.  

 

Жеңіс! 

 

70 жыл бейбіт көктем таң атқалы. 



70 жыл шуақты күн таратты әнін 

Есімде сонан бері 70 рет 

Ашылды жеңіс күннің парақтары. 

 

XX ғасырдағы қанды  қасірет екінші дүниежүзілік соғыс еді. Оған әлем 



халықтарының    сексен    пайызы  қатысты,  майданға    алпыс  бір  мемлекет 

тартылды, қырық елдің жерін соғыс өрті шарпыды, жүз он мың миллион адам 

қолына қару алды. 

Жеңіс.  Бұл  сөз  қарапайым  сөз  болып  көрінуі  мүмкін.Бірақ  біздің  ата 

бабаларымызға жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Олар елі үшін, жері үшін жан 

аямай күресті.  

Бауыржан атамыз айтқанындай: «Ақын, жазушылар соғыс туралы өлең-

жырлар жазады, бірақ олар өз қиялынан жазады. Соғыстың қандай екенін тек 

соғысқан адам ғана біледі». 

КСРО-Германия  соғысына  Қазақстанның  1  млн  200  мыңнан  астам 

жауынгері қатысты. Олардың басым бөлігі ұрыс даласында қаза тапты. 

Ұлы Отан  соғысының сұрапыл айқасты жылдарында ұлы Отаны үшін 

күрескен жауынгерлердің асқан ерлігі- сарқылмас тақырып,таусылмас аңыз. 

Қазақ  ел  басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын  қу  шүберекке    түйген 

жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының  бір тұтам жері үшін қорқу 

деген  сезімді  жүрегінен  жұлып  алып  тастаған.Ұлы  Отан  соғысының  әлі 

сарғайып  үлгермеген  қатпарлы  парақтарына  үңіліп  қарасақ,    қазақтардың 

қанды  қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.  

Қасым  Қайсенов,  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова,  Бауыржан 

Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аталарымыздың есімі мәңгілікке 

тарихта «батыр» деп аңыз болып жазылып қалмақ. 

Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова (1925-1944) қазіргі Ақтөбе облысы 

Қобда ауданында  дүниеге келген.Әке-шешесінен  жастайынан айырылған ол 

ағасының  тәрбиесінде  болып,олармен  бірге  Ленинградқа  көшіп  келеді. 

Әлияның  ағасы  офицер  болған.  Кейіннен  Ленинградтағы  балалар  үйінде 

тәрбие алады. 

1942  жылы  өз  еркімен  соғысқа  аттанды.  1944  жылы  Ленинград 

маңындағы елді мекенді азат етуге қатысады. Алдынғы шепте жүрген Әлия: 

«Отан  үшін  алға!»-деп  барлық  жауынгерлерді  соңынан  ертіп,жауға  қарсы 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

16 



 

ұмтылады. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бірінші болып кіріп, 

бірнеше жаудың көзін жояды. 

Әлия соғыс жылдары ірі-ірі шайқастарға қатысып,  мергендігімен аты 

шықты. Ер жүрек мерген қыз 20-ға да толмаған қыршын жасында жау оғынан 

көз жұмды. 

Мәншүк  Мәметова  (1922-1943)  Батыс  Қазақстан  Орда  ауданында 

дүниеге  келген.  Алматы  қаласы    №28  мектепте  оқыған.  Мәншүк  Ұлы  Отан 

соғысы  басталғанда,  1942  жылы  Алматы  қаласындағы  медицина 

институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық  жүзінші 

бригадасы құрамында майданға аттанды. Мәншүк Мәметова – Невель қаласын 

қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып ерлікпен қаза тапты. 

Қасындағы  жолдастарынан  айырылған  Мәншүк  үш  пулеметті 

қатарынан қойып, жауды үш сағат бойы бөгеп тұрған. 

Бауыржан  Момышұлы  (1910-1982)  қазіргі  Жамбыл  облысына  қарасты 

Жуалы ауданында дүниеге келген. Ол жазушы, Кеңес Одағының Батыры. 1941 

жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға шейін барлық соғысқа қатысқан. 

Сонымен  қатар  кеудесімен  жау  пулеметін  жауып  Отан  үшін  жанын 

қиған  Сұлтан  Баймағанбетов  сияқты  барлық  батырларымыздың  ерлігі 

ешқашан ұмытылмақ емес. 

Қазақ  азаматы  Рақымжан  Қошқарбаев  1945  жылы  отызыншы  сәуірде 

жауынгер Булатовпен бірге, жаңбырдай жауған жау оғына қарамай Рейхстаг 

төбесіне  Жеңіс  туын  желбіретті.  Сол  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің 

патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 

Бес  жүзден  аса  жерлестеріміз,  оның  ішінде  тоқсан  алты  қазақ  Кеңес 

Одағының  Батыры  атағын  алды.  Жауға  қарсы  шайқастар  алдыңғы  шептегі 

ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ даладада жүріп жатты. 

Сол  жылдары  Қазақстан  миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына    аналық 

мейіріммен  тартушы,  эвакуацияланған  завод  пен  фабрикаларға,  майданға 

керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. 

Шығанақ  Берсиев  сияқты  еңбек  ерлерімен  қатар  иықтарына  үлкен 

ауыртпалық  түскен еңбек даласында  миллиондап  жұмыс  істеген  әйелдерсіз, 

жасөспірімдер мен қарттарсыз жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?! 

Сол  кездегі  жауынгер  ерлігі  мен  еңбекшінің  «Жеңіс  үшін»,  «майдан 

үшін» деп төккен маңдай тері ешқашанда ұмытылмайды.  

 

Шүйінші, халқым, шүйінші! 



Шүйіншіге сүйінші! 

Шаттан, ата-анамыз, 

Шаттан, аға-бабамыз, 

Кек қайтарып фашистен, 

Соғыс бітті жеңіспен

Жеңдік жауды күресте 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

17 



 

Жасалсын той мереке, 

 

- деп ақын жырлағандай  Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 



да жетпіс жыл өтті. 

Бұл – сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш 

ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. 

Ұлы  жеңіс  күні  елі  мен  жері  үшін  жанын  пида  еткен,  туған-

туысқандарына,  жақын  жандарына,  туған  жеріне,  ауылына  оралмай  қалған 

қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді. 

Егер біз олардың осы жеңісті қалай алғанын ұмытпай, есімізде сақтап 

жүрсек, оларға көрсеткен сыйымыз болар еді. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет