Республиканское государственное учреждение «Қоғамдық келісім» при Президенте Республики Казахстан



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата07.02.2017
өлшемі2,47 Mb.
#3619
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

 
 
 
 
 
 

«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ –
 
ӨТКЕНГЕ
 
ТАҒЗЫМ» 
 
«ПАМЯТЬ ВО ИМЯ БУДУЩЕГО»
 
жобасы аясындағы
 
«Шерлі шежіре аманаты»
 
атты Халықаралық форумы
 
 
ТАРИХ САБАҚТАРЫ –
 
УРОКИ ИСТОРИИ
 
ТАҚЫРЫБЫ:
 
«Қатал тағдыр налытса да, «өмір
-
өзен» мәңгілік…»
 
 
Алаш қозғалысы тарихы
 
1917 жылы 21–28 шілдеде Орынборда Ι
 
Жалпықазақ съезі өтті.
 
Оған  Қазақ  өлкесінің  облыстары  мен    Ферғана  облысы,  Бөкей 
хандығы  атынан  қазақ  өкілдері  қатысты.  Съездің  төрағасы  болып 
Халел  Досмұхамедов  сайланды.  Съездің  күн  тәртібінде  14  мәселе: 
Мемлекеттік  басқару  түрі,  қазақ  облыстарының  автономиясы,  жер 
мәселесі,  халықтық  милиция,  жергілікті  басқару  жүйесі  (земство),  оқу
-
ағарту ісі, сот, дін, әйел мәселелері, қазақ
 
облыстары депутаттарының 
Құрылтай
 
жиналысына  дайындығы,  жалпыресейлік  «Шуро
-
и
-
Ислам» 
съезі,  қазақтың  саяси  партиясы,  Жетісу  облысының  жағдайы  туралы, 
Бүкілресей  федералистерінің  съезі  мен  оқу  комиссиясына  қазақ 
өкілдерін
 
жіберу туралы қаралды. Барлық
 
мәселелер бойынша ұлттық
-
демократиялық  мазмұнда  шешімдер  қабылданды.  Осы  съезде 
қазақтың
 
тұңғыш ұлттық саяси «Алаш»  партиясын құру жөнінде қаулы 
шығарылды.  Партияның  баспа  органы  1918  жылдың  қаңтарына  дейін 
Орынборда  шығып  тұрған  «Қазақ»  газеті  болды.  «Қазақ»  газеті 
большевиктер  тарапынан  жабылғаннан  кейін,  оны  Семейде  жарық 
көріп тұрған «Сарыарқа» газеті ауыстырды.  Сонымен бірге, бұл кезде 
Семейде  «Абай»  журналы  да  жарыққа  шыға  бастаған  болатын. 
«Алаш»  партиясының  жетекшісі  болып  Ә.  Бөкейханов  сайланды. 
Партия  құрамына  ғылым  және  шығармашылық  зиялы  қауым 
өкілдері:  А.  Байтұрсынов,  М.  Тынышбаев,  М.  Жұмабаев,    Ш. 
Құдайбердиев,  С.  Торайғыров,  Х.  Ғаббасов,  Ж.  және  Х. 
Досмұхамедовтер және т.б. кірді.
 
«Алаш»  партиясының  бағдарламасының  жобасы  жасалып,  ол 
көпшіліктің талқысына ұсынылды. Жоба он бөлімнен  тұрды. 
 
«Алаш» партиясы
 
бағдарламасының жобасы: 
 
І.  Мемлекет  қалпы.
 
Россия  демократическая,  федеративная 
республика  болу.  (Демократия  мағынасы–мемлекетті  жұрт  билеу. 
Федерация  мағынасы–құрдас
 
мемлекеттер  бірлесуі.  Федеративтік 
республикада һәр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Һәр 
қайсысы
 
өз
 
тізгінін өзі алып жүреді.) 
 
Үкімет
 
басында  учредительное  собрание  мен  М.  Дума  қалауынша 
келісімді  жылға  сайланатын  президент  болу.  ...  Депутаттар  тегіс,  тең, 
төте  һәм
 
хұфия  сайлаумен  болады.  Сайлау  хақында  қан,  дін,  еркек, 
әйел
 
талғаусыз  болады.  Законды  жалғыз  ғана  М.  Дума  шығаруы  һәм 

М.  Дума  хүкімет  үстінен  қарап,  іс  тексеруі,  запрос  (сұрау)  жасау  хақы 
да М. Думада болады. ... 
 
ІІ.  Жергілікті  бостандық.
 
Қазақ
 
жүрген
 
облыстардың  бәрі  бір 
байланып,  өз  тізгіні  өзінде  болып  Россия  республикасының 
федерациялық  бір  ағзасы  болуы.  Реті  келсе,  қазақ  автономиясы 
сыбайлас  жұрттар  мен  әзірге  бірлесе  болуы,  реті  келмесе,  бірден
-
ақ 
өз
 
алдына жеке болуы. ... 
 
«Алаш»  партиясы  ғаділдікке  жақ,  нашарларға  жолдас,  жебірлерге 
жау болады. Күш
-
қуатын
 
игілік жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жағына 
бастайды. 
 
ІІІ.  Негізгі  хұқық.  Россия  республикасында  дінге,  қанға  қарамай, 
еркек,  әйел  демей  адам  баласы  тең  болу.  Жиылыс  жасауға,  қауым 
ашуға  жария
 
сөйлерге,  газет  шығаруға,  кітап  бастыруға  –
 
еркін
-
шілік; 
хүкімет  қызметшілері  иесінен  рұқсатсыз  һеш  кім  табалдырығын 
аттаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық; ...
 
ІV.  Дін  ісі.
 
Дін  ісі  мемлекет  ісінен  айырылулы  болуы.  Дін  біткенге 
тең хұқық. Дін жоюға ерік. Кіру
-
шығу жағына бостандық. 
 
Мүфтилік  қазақта  өз  алдына  болу.  Неке,  талақ,  жаназа,  балаға  ат 
қою
 
сияқты істер молдада болуы, жесір дауы сотта қаралуы. 
 
V.  Билік  һәм  сот.
 
Һәр
 
жұрттың  билік  пен  соты  тұрмыс  ыңғайына 
қарай
 
болуы. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. ... Зор жазалы 
қылмыстар
 
присяжный сотпен қаралуы. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ 
тілі  болуы.  Присяжныйлар  қазақтан  алынуы.  Қырдағы  ауыл,  болыс 
ішінде билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылуы. 
 
VI.  Ел  қорғау.
 
Ел  қорғау  үшін  әскер  осы  күнгі  түрде  ұсталмауы. 
Әскерлік
 
жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету; 
әскер
 
табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін 
қазақ
 
атты милиция түрінде атқаруы. 
 
VII.  Салық.
 
Салық  мал
-
ауқат,  табысқа
 
қарай
 
байға  –
 
байша, 
кедейге  –
 
кедейше ғаділ жолмен таратылу. 
 
VIII.  Жұмысшылар.
 
Жұмысшылар  закон  панасында  болу.  (Қазақ 
жерінде завод, фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. 
«Алаш»  партиясы  жұмысшылар  турасында  социал
-
демократтардың 
меньшевик
 
табының программасын жақтайды.)
 
ІХ.  Ғылым,  білім  үйрету.
 
Оқу  ордаларының  есігі  кімге  болса  да 
ашық  һәм  ақысыз  болуы;  жұртқа  жалпы  оқу  жайылуы.  Бастауыш 
мектептерде  ана  тілінде  оқуы;  қазақ  өз  тілінде  орта  мектеп, 
университет  ашуы;  оқу  жолы  өз  алды  автономия  түрінде  болуы; 
хүкімет  оқу  ісіне  кіріспеу;  мұғалімдер  –
 
профессорлар  өзара 
сайлаумен қойылуы; ел ішінде кітапханалар ашылуы.
 
Х. Жер мәселесі.
 
Учредительное собрание негізгі закон жасағанда 
жер  сыбағасы  алдымен  жергілікті  жұртқа  берілсін  деуі;  қазақ  жер 
сыбағасын  отырған  жерлерден  алып  орналасқанша,  қазақ  жеріне 
ауған мұжық келмеуі; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары 
қазаққа
 
қайтуы


...  Жер  законында  жер  сату  деген  болмау,  һәр  кім  өзі  пайдалану. 
Пайдасынан  артық  жер  сатылмай,  земствоға  алыну.  Жердің  кені, 
астығы,  байлығы  қазынанікі  болып,  билігі  земство  қолында  болу.  Аса 
зор  ағаш,  зор  өзендер  мемлекеттікі  болып,  аз  ағаш,  һәм  көл 
байлықтары земство мүлкіне саналу. 
 
Жоба  жасаушылар:  Ғалихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов, 
Міржақып  Дулатов,  Елдес  Ғұмаров,  Есенғали  Тұрмұхамедов, 
Ғабдулхамид
 
Жүндібаев,  Ғазымбек  Бірімжанов.  («Қазақ»,  1917,  21 
қараша, сейсенбі, №251.)
 
1917  жылғы  қазан  төңкерісінен  кейін  қалыптасқан  саяси  жағдайда 
алдағы  іс
-
шаралардың  бағдарын  айқындау  үшін  1917  жылы  5–
13 
желтоқсанда  Орынборда  Екінші  Жалпықазақ  съезі  болып  өтті.  Оның 
жұмысына  Қазақ  өлкесінің:  Орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей,  Жетісу, 
Сырдария облыстарынан және Бөкей ордасы, Самарқанд облысы мен 
Алтай губерниясынан делегаттар қатысты. Съезді ұйымдастырушылар 
Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  Е.  Омаров,  С.  Досжанов,  М.  Дулатов 
болды. Съездің төрағасы болып  Б. Құлманов сайланды.
 
Съезд  өз  жұмысын  Қазақ  өлкесінің  оңтүстік  аудандарындағы 
аштық,  халықтың  күйзелісі  және  ондағы  жергілікті  әкімшіліктің 
жағдайды  түзетуге  дәрменсіз  екені  туралы  хабарларды  талқылаудан 
бастады.  Бұл  мәселелерді  қараудан  кейін,  съезд  қабылдаған 
қарарларының
 
бірінші  бөлімінде    «елдегі  партиялық  күресті  тоқтатуға 
және  бірігуге»  шақырды.  Екінші  Жалпықазақ  съезінің  күн  тәртібіне 
мынадай  мәселелер  енгізілді:  Сібір,  Түркістан  автономиялары  және 
Оңтүстік
-
Шығыс  одағы  туралы,  қазақ  облыстарының  автономиясы, 
милиция,  ұлттық  кеңес,  білім  беру,  ұлттық  қор,  мүфтиат,  халық  соты, 
ауылдық басқару, азық
-
түлік мәселесі.
 
Съездің  негізгі  мәселесі  Қазақ  автономиясын  жариялау    туралы 
болды.  Автономия  туралы  баяндаманы  Ә.  Бөкейханов  жасады.  Ә. 
Бөкейхановтың  баяндамасы  және  автономия  құру  мәселесі  ерекше 
комиссияның  қарауына  жіберілді.  Комиссия  атынан  Х.  Ғаббасов 
сөйледі.  Баяндаманы  талқылау  барысында,  қазан  төңкерісінен  кейін 
Уақытша үкімет құлады, Ресей мемлекеті биліктен айрылды, халықтың 
сенімі  мен  моральдық  беделіне  ие  болған    ешқандай  билік  жоқ  кезде 
елде азамат соғысы тууы мүмкін, анархия өрті ірі қалаларда өршіп, ол 
ауылдарға  жайылып  күннен
-
күнге  күшеюде,  мұндай  қиын  жағдайдан 
шығудың  тек  бір  ғана  жолы  –
 
ол  Қазақ  өлкесіндегі  барлық 
облыстардың халқы мойындаған мықты билік орнату болып табылады 
деген  қорытынды  жасалды  [1,  68–
69-
б.].  Съезд  пікір
-
таластар  мен 
талқылаудан  өткізгеннен  кейін  қазақ  облыстарының  автономиясын 
құруға
 
және  оған  «Алаш»  деген  атау  беруге    қаулы  қабылдады. 
Уақытша  Ұлттық    Кеңес  «Алашорда»    құрылып,  құрамына  25  адам 
енгізілетін  болды.  Ондағы  10  орын  орыс  халқы  мен  басқа  да 
ұлттардың
 
өкілдеріне
 
бөлінді.  Алаш

орданың  орталығы  ретінде 
Семей  қаласын  белгіледі.  Алашорда  үкіметінің    төрағасы  болып 

баламалы  негізде  көпшілік  дауыспен  Ә.  Бөкейханов  сайланды.  Бұл 
орынға Б. Құлманов пен  А. Тұрлыбаев та үміткер болған еді.
 
Алашорда  жетекшілері  бірінші  кезекте  Қазан  төңкерісінде  жеңіске 
жеткен  большевиктердің  билігі  Кеңес  өкіметімен  байланыс  орнатуға 
тырысты.  Алашорда  үкіметінің  арнайы  тапсырмасы  бойынша  Халел 
мен
 
Жаһанша 
Досмұхамедовтер 
Москвада 
Кеңес 
өкіметінің 
басшылары  В.И. Ленин және И.В. Сталинмен келіссөздер жүргізді. Ал 
Алашорда  үкіметі  төрағасының  орынбасары  Халел  Ғаббасов  Кеңес 
өкіметінің
   
ұлт
 
мәселесі  жөніндегі  халық  комиссары  И.В.  Сталинмен 
Семейден  телеграф  арқылы  келіссөздер  жүргізді.  Алашорда 
жетекшілері «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясын» негізге 
ала  отырып,  Алаш  автономиясы  мен  Кеңес  өкіметінің  бірін
-
бірі  өзара
 
тану  жөнінде  талап  қойған  еді.  Алайда    бұл  талап  орындалмады. 
Кеңес  өкіметінің  жетекшілері  Алаш  автономиясын  мойындамайтыны 
белгілі  болды.  Олар    Ресей  халықтарына  кеңестік  үлгідегі  автономия 
берілетінін мәлімдеді. Алашорда үкіметінің дипломатиялық қадамдары 
кеңестік билік тарапынан қабылданбады. Алашорда жетекшілері Кеңес 
өкіметімен
 
байланыс орнату және олармен ымыраға келу саясатынан 
бас  тартып,  оларға  қарсы  саяси  күштермен  одақтасу  тактикасына 
көшті. Міне, осыдан бастап Орынборда Кеңес өкіметін құлатқан атаман 
А.  Дутовпен,  Самарадағы  Құрылтай  жиналысы  мүшелерінің  
комитетімен,  Омбыдағы  Уақытша  Сібір  үкіме
-
тімен  байланыс 
орнатады.  Алашорда  үкіметінің  1918  жылғы  шілдедегі  қаулысына 
сәйкес  «Алаш  автономиясы  аумағында  Кеңес  өкіметінің  барлық 
декреттері  заңсыз»  деп  танылды.  Ал  сол  жылы  тамыз  айында 
Семейде  тұңғыш  Алаш  атты  полкі  құрылды.  Бұл  Екінші  Жалпықазақ 
съезінде қабылданған Алаш әскерін жасақтау туралы қаулысын жүзеге 
асырудың бастамасы болатын
-
ды. 
 
1918  жылы  11–14  қыркүйекте  тарихта  «Уфа  директориясы»  деген 
атпен  қалған  кеңес  шақырылады.  Ол  Бүкілресейлік  Құрылтай 
жиналысы  мүшелерінің,  Уақытша  Сібір  үкіметі  өкілдерінің,  Орынбор, 
Орал,  Сібір,  Иркутск,  Жетісу,  Енесей,  Астрахан  казак  әскерлерінің, 
Башқұрт,  Алаш,  Түркістан  үкіметтерінің,  бірқатар  саяси  партиялар 
өкілдерінің
 
басын  қосты.  Жиында  Уфа  директориясының  құрылуына 
байланысты  Ресейде  бір  орталықтан  басқарылатын  биліктің 
құрылатындығы
 
және автономиялық басқаруды тоқтату жөнінде шешім 
қабылданды.  1918  жылы  4  қарашадағы  осы  органның  арнайы 
грамотасында 
барлық 
облыстық 
үкіметтердің 
қызметтері 
тоқтатылатыны, оның ішінде: «1. Алаш үкіметі –
 
Алашорда өз қызметін 
тоқтатты»  деген  қаулы  шығарылған.  Сонымен,  Кеңес  өкіметіне  қарсы  
күштердің  басын  қосқан  Уфа  директориясы  өзінің  шешімімен  Алаш

орданың қызметін тоқтатты.
 
 
1918  жылы  11  қыркүйекте  Алашорданың  Батыс  бөлімі  құрылды. 
Оның орталығы болып Орал облысының Жымпиты қаласы белгіленді, 
ал  жетекшісі  Ж.  Досмұхамедов  болды.  Бұл  мәселе  талқыланғаннан 
кейін:  «Әскери  жағдай  мен    жол  қатынасының  нашар  дамуына 

байланысты  Алаш  автономиясының  Батыс  бөлігін  басқару  үшін 
Алашорда бөлімі құрылады» деп көрсетілді.
 
Батыс  бөлім,  яғни  Ойыл  уәлаяты  құрамына:  Орал  облысы,  Бөкей 
Ордасы,  Маңғышлақ  уезі,  Торғай  облысының  Ақтөбе,  Ырғыз  уездері  
кірді.  Ал  Алашорданың  Шығыс  бөлімінің  орталығы    Семейде 
орналасты. 
 
Алашорда үкіметінің кейінгі тағдыры бүкіл Ресей аумағын қамтыған 
Азамат  соғысының  күрделі  оқиғаларымен  тығыз  байланыста  өрбіді. 
1919  жылы  олар  Колчак  үкіметінің  (Бүкілресейлік  Уақытша  үкімет) 
ықпалында  болды.  Алайда    Колчак  үкіметі  де  Алашорда 
жетекшілерінің  автономия  құру  жөніндегі  үмітін  ақтамады.  Керісінше, 
адмирал  Колчак  монархиялық  билік  орнату  идеясын  көтере  бастаған 
еді. Осылайша қазақ зиялылары өте күрделі жағдайда қалды. 
 
Азамат  соғысында  қазақ  халқын  өз  жағына  тарту  үшін  Кеңес 
өкіметі
 
Алашорда  жетекшілерімен  қарым
-
қатынас
 
орнату  керек  екенін 
жақсы түсінді. Сөйтіп  Кеңес өкіметі 1919 жылы 4 қарашада Алашорда 
құрамында
 
болған азаматтарға кешірім жасау жөнінде қаулы шығарды. 
Сол  жылдың  21  желтоқсанында  Алашорда  жетекшілері  Кеңестер 
жағына  өту  туралы  шешім  қабылдайды.  Ал  1920  жылы  9  наурызда 
Алаш  автономиясы  мен  Алашорда  үкіметін  тарату  жөнінде  Кеңес 
өкіметінің
  
қаулысы
 
қабылданды

Осылайша  Алаш  жетекшілерінің  қазақ  халқының  ұлттық 
мемлекеттілігін  қайта  қалпына  келтіру  жолындағы  қажырлы  күресі 
қазақ
 
қоғамының
 
саяси  интеллектуалдық  әлеуетінің  жоғары  екенін 
көрсетті. Алаш автономиясының тарихы қысқа болса да, бұл тәжірибе 
кеңестік  автономияны  қалыптастыру  ісінде  шешуші  рөл  атқарған 
болатын. 
 
 
Аштық және репрессия
 
1925

1933-
жылдары  Қазақ  өлкесін  революционер  Ф.И.  Голощекин 
басқарды.  Ол  Қазақстанда  сталиндік  саяси  бағытты  жүргізіп,  «Кіші 
Қазан»  идеясын  жүзеге  асырған  басшы  болды.  Ф.И.  Голощекинге 
қарсы
 
Қазақ
 
Республикасының    мүддесін  қорғау  мақсатында 
оппозициялық  бағытта
 
күрес  жүргізген  қайраткерлер  Тұрар  Рысқұлов, 
Смағұл  Сәдуақасов,  Сәкен  Сейфуллин,  Сұлтанбек  Қожанов,  Жалау 
Мыңбаев және т.б. қуғын
-
сүргінге ұшырады.
 
1927  жылы  желтоқсанда  БКП(б)  ХV  съезі  болып,  ол 
ұжымдастыруға
 
бағыт  алған  съезд  ретінде  тарихқа  енді.  Съезд  1932 
жылға  дейінгі  қысқа  мерзімде  жеке    шаруа  қожалықтарын  ұжымдық 
шаруашылық (колхоз) жүйесіне  көшіру туралы шешім қабылдады.
 
Күштеп  ұжымдастыру  мен  отырықшыландыру  саясатына  қазақ 
қайраткерлері
 
қарсы
 
шықты.  Мәселен,  Ә.  Бөкейханов  қазақтарды 
отырықшылыққа  эволюциялық  жолмен  біртіндеп  көшіру  қажеттігін 
дәлелдеді.  Ал  М.  Дулатов:  «Қазақ  халқы  көшкілері  келгеннен  кейін 
көшіп
-
қонып
   
жүрген  жоқ, табиғат жағдайына байланысты көшіп жүр» 
деп, өз ойын ашына білдірген. С. Сәдуақасов бұл жөнінде: «Өркениет 

ешқашан  мал  шаруашылығымен  айналысуға  тыйым  салмайды, 
керісінше оның өркендеуіне жол ашуда», –
 
деп атап көрсеткен еді.
 
Т.  Рысқұлов  КСРО  Бүкілодақтық  Атқару  Комитетінің  сессиясында 
сөйлеген  сөзінде  қазақтар  үшін  жеке  меншік  мал  басын  6–
7-
ден 
асырмау саясатының
 
үлкен
 
зардаптарға әкеп соғатынын ескерткен
-
ді.
 
Ұжымдастыру
 
жергілікті  халықтың  ерекшеліктерін  есепке  алмай, 
күштеу  саясаты  арқылы  жүргізілді.  1928  жылы  Қазақстанда 
ұжымдастырылған
 
шаруашылықтар  2%
-
ды  құраса,  1930  жылы  1 
сәуірде бұл көрсеткіш 50,5%, 1931 жылы қазанда 65%
-
ға
 
жетті. Кейбір 
облыстарда  мұндай  «екпінді»  көрсеткіш  бұдан  да  өсіп  кетті.  Мысалы, 
Орал, Петропавл округтерінде қазақтардың жеке шаруа қожалықтарын  
ұжымдастыру
  70%-
ға
 
жеткен.  1931  жылдың  күзінде  республикадағы 
122 ауданның 78
-
де ұжымдастыру 70–100% орындалған. Қатал әрі күш 
қолдану
 
әдісімен
 
жүргізілген    ұжымдастыру  саясаты  өрескел  заң 
бұзушылықтармен  жүзеге  асырылды.  Әсіресе  адам  құқы  аяқ  асты 
етілді.  Шаруаларға қарсы заңсыз тұтқындау, сайлау құқығынан айыру, 
жер  аудару,  ату  және  т.б.  жазалар    қолданылды.  Тек  1933  жылы 
Біріккен  Мемлекеттік  Саяси  Басқарма  (БМСБ)  органдары  Қазақ 
өлкесінде
 
21 мыңнан астам адамды тұтқындады. 
 
Ұжымдастыру
 
саясатымен  қатар  кеңес  қоғамындағы  байлар  мен 
кулактарды  тап  ретінде  жою  шаралары  жүргізілді.  1928  жылы  27 
тамызда  ОАК  мен  ХКК
-
і  «Ірі  байлар  мен  жартылай  феодалдарды 
тәркілеу  және  жер  аудару»  туралы  декрет  қабылдады.  Бұл  декрет 
бойынша  байлардың  шаруашылығы  тәркіленіп,  оның  иесі  жер 
аударылуы  тиіс  болды.  30  тамызда  Қазақ  АКСР  ОАК  мен  ХКК  
байлардың  шаруашылығын
 
тәркілеу  туралы  қаулысын  жүзеге 
асырудың  нұсқауларын  қабылдады.  Бұл  нұсқауда  егер  байдың 
көшпелі  ауданда  ірі  қараға  айналдырғанда  400
-
ден    аса  малы  болса, 
ал  жартылай  көшпелі  аудандарда  малы  300
-
ден  асатын  болса,  онда 
ол  әлеуметтік  тұрғыда  қауіпті  адам  деп  есептеліп,  жер  аударылды 
және  шаруашылығы  тәркіленуге  тиіс  болды.  Сондай
-
ақ  бұрын 
артықшылықтарға  ие  болып  келген  топқа  жатқан  адамдар  мүлік 
жағдайына қарамастан жер аударылды. 
 
1928  жылы  17  қазанда  Қазақ  АКСР
-
інің  ОАК  мен  ХКК  «Тәркілеуге 
және  жер  аударуға
 
қарсылық
 
көрсеткен  байлардың  қылмыстық 
жауапкершілігі туралы» қаулы қабылдады. Байлардың шаруашылығын 
тәркілеу  және  тап  ретінде  жою  жөнінде  үкімет  жанынан  Орталық 
комиссия  құрылды.  Орталық  комиссияны  Е.  Ерназаров  басқарды. 
1928

1929-
жылдары 1027 бай шаруашылығы тәркіленді 
[81, 5-
б.]. 145 
мың  мал  басы  (ірі  қара)  тартып  алынды,  сондай
-
ақ  көптеген  ауыл 
шаруашылық  еңбек  құралдары  колхоздарға    берілді.  Жалпы  қуғын
-
сүргінге ұшыраған байлардың саны 1 034
-
ке жетті [82]. 
 
Көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа күшпен 
ұжымдастыру
 
қазақтар
 
үшін
 
үлкен
 
қасірет
 
әкелді.  1930  жылы  87  136 
шаруашылық  отырықшылыққа  көшірілсе,  1933  жылы  бұл  көрсеткіш 
242208-
ге  жетті.  Отырықшылыққа  көшу  механизмінің  өзі  қарапайым 

түсіндірілді: жүздеген шаруашылықты бір жерге жинап, деревня типтес 
стационарлық 
поселкелер 
ұйымдастырылды. 
Мұның 
барлығы 
шаруалардың  еркінен  тыс,    күштеу  арқылы  жүзеге  асырылды. 
Орныққан  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  халықты  жүз  пайыз 
колхозға  қабылдады.  Оның  үстіне  200  шақырымдық  радиусты 
қамтитын
 
үлкен
 
аймақтарда  жүздеген  шаруашылықтарды  біріктірген 
алып  колхоздар  құрылды.  Колхоздарда  ортақ  меншікке  алынған 
малдар  қырыла  бастады.  Ауыл  шаруашылығында  егін  өнімі    күрт 
төмендеп  кетті,  себебі  жерінен  айырылған  шаруалар  еңбек  етуге 
құлықсыз
 
болды.  Ең  қиын  жағдай
 
мал  шаруашылығында  қалыптасты. 
Ұжымдастыру
 
қарсаңында
 
Қазақстанда
 
40,5  млн.  мал  басы  болса, 
1933 жылдың 1 қаңтарында одан тек 4,5 млн. мал басы ғана қалды.
 
Осынау  асыра  сілтеу  жағдайларының  нәтижесінде  1931–
1933 
жылдардағы аштыққа әкелді. Одан 2,1 млн. адам қырылды. Бұл аштық 
мемлекеттік 
саясаттың 
нәтижесінде 
қолдан 
жасалды. 
Қазақ 
зиялылары  осы  мәселе  жөнінде  үлкен  дабыл  көтерді.  Мысалы,  Т. 
Рысқұловтың И. Сталинге 1932 жылы 29 қыркүйекте және 1933 жылы 9 
наурызда  жазған  хаттарында,  өлкедегі  қалыптасқан
 
жағдай  туралы 
шындықты  жеткізген.  Аштық  пен  қуғын
-
сүргіннен  бас  сауғалап  1 
миллионнан  астам  адам  Қазақстаннан  тыс  жерлерге  кетуге  мәжбүр 
болды. Оның 616 мыңы қайтып оралмаған.
 
Ұжымдастыру
 
мен  қолдан  жасалған  аштық  қазақ  халқын  бүкіл 
әлемге
 
босқын  ретінде  шашыратып  жіберді.  Мысалы,  Қытайда  1  070 
мың,  Моңғолияда  –
 
137  мың,  Түркияда  –
 
120  мың  қазақ  тұрады. 
Сондай
-
ақ қазақтар Ауғанстанда, Иранда, Батыс Еуропа мен Солтүстік 
Америкада да бар. 
 
Қазіргі
 
кезде  Қазақстаннан  тыс  жерлерде,  оның  ішінде  Кеңестер 
Одағының
 
бұрынғы 14 мемлекетінде және 25 алыс шет мемлекетте 4,5 
миллионға  жуық  қазақ  тұрады.  Мамандардың  айтуынша,  тек  800  мың 
қазақ
 
қана
 
өздерін
 
диаспора  деп  санайды,  ал  қалған  3  700  қазақ 
өздерін
  
ирридент ретінде таниды екен.
 
Қазақ
 
халқының 
күштеп 
ұжымдастыру
 
саясатына 
қарсы 
наразылығы  бірден  басталды.  Қазақ  шаруаларының  түрлі  бас 
көтерулері  қарулы  көтерілістерге  ұласты.  Ұжымдастыру  жылдарында 
Қазақстанда
 
372  халықтық  бас  көтерулер  мен  көтерілістер  болған. 
Шаруалардың  бас  көтерулері  Қазақстанның  барлық  аймағын
  
қамтыды
.  
Сол  1920–
1930-
жылдардағы  күрделі  кезеңде  Қазақстанның 
мәдениетіндегі,  білімі  мен  ғылымдағы,  әдебиеті  мен  өнеріндегі 
жетістіктерімен қатар, келеңсіз құбылыстар да орын алды. Өйткені бұл 
кезеңде  ұлттық  мәдениеттің  тарихи  тамырынан,  әлемдік  өркениеттің
 
жетістіктерінен  ажыраған  жылдары  болып  табылады.  Сонымен  бірге 
бұл  кезең  зиялы  қауым  өкілдерінің  саяси  қуғынға  түсіп,  тоталитарлық 
жүйенің құрбанына айналған қасіретті кезең еді.
 
1928  жылы  «буржуазияшыл
-
ұлтшыл»  деген  жалған  айыппен  44 
адам,  бұрынғы  Алашорда  қайраткерлері:  Ә.  Бөкейханов,  А. 

Байтұрсынов,  М.  Жұмабаев,  Ж.  Аймауытов  және  т.б.  тұтқындалды. 
1930  жылы  ішінде  М.  Тынышбаев,  Х.  Досмұхамедов  сынды  зиялылар  
бар, 40
-
тан астам адам қуғын
-
сүргінге ұшырады. 1937–1938 жылдарда 
саяси  қуғын
-
сүргін
 
қатыгездігі
 
жағынан  өзінің  шарықтау  шегіне  жетіп, 
жаппай  сипатқа  ие  болды.  Жоғарыда  аталған  азаматтардан  басқа 
көрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткерлері  Т.  Рысқұлов,  Ж. 
Садуақасов,  О.  Исаев,  О.  Жандосов,  қазақ  әдебиетінің  өкілдері  С. 
Сейфуллин,  Б.  Майлин,  І.  Жансүгіров,  ғалымдар  Қ.  Жұбанов,  С. 
Асфендияров және т.б. ұсталып, атылды.
 
Сталиндік  қуғын
-
сүргін  саясатына  байланысты  Қазақстан  жазалау 
лагерьлерінің  аймағына  айналды.  Қазақ  жерінде  Дальний,  Степной, 
Песчанный,  Камышлаг,  Ақтөбе,  Жезқазған,  Петропавл  лагерьлері, 
Кеңгір  арнайы  лагері,  Өскемен  лагері  ашылды.  Бұл  лагерьлердің 
ішіндегі ең ірісі Карлаг (ерекше режимдегі Қарағанды лагері) болды.
 
1937 жылдың күзінде Қазақ өлкесіне Қиыр Шығыстан бүкіл халыққа 
«жапон  тыңшылары»  деген  заңсыз  айып  тағылып,  100  мың
 
корейді 
күштеп  қоныс  аудартты.  Сондай
-
ақ  сол  жылдың  күзінде  КСРО
-
ның 
кавказдық  шекарасы  бойынан  «шекаралық  аймақты  тазалау 
мақсатында» мыңдаған күрдтер, түріктер, әзербайжандар, ирандықтар 
Қазақ
 
жеріне  күштеп қоныс аударылды.
 
1920  жылдардың  соңында  КСРО
-
да  тоталитарлық  жүйенің  негізі 
толығымен  орнады.  Мұны  1929  жылы  6  қарашадағы  КСРО
-
ның  БОАК 
мен  ХКК  шешімімен  қауіпті  қылмыскерлерді  қоғамнан  аластату  және 
күшпен еңбек еткізу үшін, алыс әрі игерілуі қиын аудандардағы табиғи 
ресурстарды  игеру  үшін  КСРО
-
ның
 
шеткі  аймақтарында:    солтүстік 
аудандарда,  Оралда,  Қиыр  Шығыста,  Орта  Азияда    еңбекпен  түзеу 
лагерьлерін  құру  белгіленді.    Бұл  жерде  БМСБ    мен  соттың  ерекше 
қаулысы
 
негізінде  3  жылдан  10  жылға  дейін  сотталғандардың  еңбегін 
пайдалану  туралы  шешім  қабылданды.  Ол  кезде  Еңбек  лагерьлерінің 
және  еңбек  қоныстарының  бас  басқармасы  –
 
ГУЛАГ  құрылған 
болатын.  1940  жылы  ГУЛАГ  жүйесінде  53  лагерь,  ал  1954  жылы 
олардың  саны  64
-
ке  жеткен.  1930  жылы  лагерьлерде  179  мың  адам 
тұтқында  болса,  1940  жылы  1  344  408  адам,  ал  1953  жылы  олардың 
саны 1 727 970 адамға жетті.
 
1930  жылы  КСРО
-
ның  ХКК  13  мамырдағы  қаулысымен  Карлаг 
құрылды.  Қарқаралы  округінің  аумағынан  оған  110  мың  гектар  жер 
бөлінді. Қарағанды лагерінің басқармасы Қарағандыдан 45 км жердегі 
Долинка селосында орналасты

Карлаг  ашылған  кезде  2567  тұтқын  болды.  Олар  47  ұлттың 
өкілдері
 
еді. 1933 жылы тұтқындардың саны 20 262 адамға жетті, оның 
2  943-
і  қазақтар  еді.  1937–
1938- 
жылдары  тұтқындар  саны  43  мыңға 
жетті.  Карлаг  жүйесінде  292  шаруашылық  лагері,  26  ерікті  қоныс 
бөлімшесі  болды.  1931–
1960- 
жылдары  Карлагта  1  миллионға    жуық 
адам жазасын өтеген. 
 
Сталиндік  жүйенің  тағы  бір  қылмысы  –
 
«Отанын  сатқандардың 
жанұясының 
мүшелеріне» 
арналған 
арнайы 
лагерлердің 

ұйымдастырылуы

Мұндай  лагерь  Ақмола  маңындағы  Малиновка 
селосында  орналасты.  Ол  АЛЖИР  (Акмолинский  лагерь  жен 
изменников  Родины)  деп  аталды.  Онда  репрессияға  ұшыраған 
азаматтардың ешбір жазығы жоқ әйелдері, балалары (10 мыңға жуық) 
тұтқында ұсталды. Тарихи құжаттарға қарағанда АЛЖИР
-
де мемлекет 
және  қоғам  қайраткерлері
 
Т.  Рысқұловтың,  Т.  Жүргеновтің,  С. 
Асфендияровтың  әйелдері  (кейбірі  балаларымен),  белгілі  өнер 
жұлдызы 
М. 
Плисецкаяның 
анасы, 
маршал 
Тухачевскийдің 
қарындасы,  әнші  Л.  Русланова,  жазушы  Г.  Серебрякова  және  т.б. 
болған.  
 
Қазіргі
 
кезде  ол  жерде  «АЛЖИР»  мемориалдық
-
мұра
-
жай  кешені 
орналасқан. (220, 221
-
суреттер)
 
Жаппай  қуғын
-
сүргін  ауқымы  күшейді.  Оған  дәлел  ретінде  мына 
деректерді  келтіруге  болады.  Қазақстан  Рес
-
публикасы  Президентінің 
мұрағатында*  1937  жылғы  19  қарашадағы  Қазақстан  Компартиясы 
Орталық  Комитеті  Бю
-
росының  «Қуғын
-
сүргінге  ұшырағандардың 
санын  қосымша  өсіру  туралы»  қаулысы  сақталған.  Осы  қабылданған 
қаулыға
 
сәйкес  I  категорияға  Кеңес  өкіметіне  қарсы  2  мың  адам 
(алдыңғы  жоба  бойынша  1975  адам  болатын,  бірақ  сол  кездегі  ОК 
хатшысы  Л.  Мирзоян  өз  қолымен  барлық  белгіленген  цифрларды 
ұлғайтылған
 
жағына  қарай  көк  қарындашпен  қоршап  қойған,  басқа  да 
көрсеткіштерді  солай  қоршаған),  ал  ІІ  категорияда  –
 
3  мың  адам, 
барлығы  5  мың  адам  болды.  Ондағы  арсыздық  пен  қорлаудың  шегі 
мына сөздер болды. Онда: «І категория бойынша –
 
350, ІІ категорияда 

 
400  адам  қудаланушылардың  резервінде»  тұрсын  деп  жазылған. 
Сұрау салу парағында бюро мүшелерінің бәрі де бірауыздан мақұлдап 
қол
 
қойған.  Сөйтіп,  жоспар  толық  жасалды,  енді  оны    орындау  үшін 
«кінәлілерді» іздеп табу ғана қалды.
 
Мәскеу мен Ленинградтағы «Дәрігерлер ісі», «Ленинград ісі» және 
т.б.  қолдан  жасалған  «істер»  Қазақстанда  да  пайда  болды.  «Іле  ісі», 
«Шымкент  ісі»,  «Қарқаралы  ісі»  және  т.б.  істер  бойынша 
«контрреволюциялық  топтарға  қатысушылар»
 
әшкереленіп,      оларға 
ашық соттар жүрді. Ресми құжаттарда «Сот құрамын ашық процестерді 
тез ұйымдастыра алатын адамдардан құру туралы» бұйрықтар беріліп 
отырған.  ІІХК    «үштігі»  ешқандай  сотсыз  үкімдер  шығаруға  құзырлы  
болды.    Ал  «Қылмыстық  кодекстің  бабы»  деген  орынға    (ҚК  бойынша 
сотталған  айыпкер)  «шетел  агенті»,  «контрреволюциялық  үгіт», 
«зиянкестікпен айналысқан» деп  жазылып отырған.
 
 
Қазақ
 
жеріне  халықтарды күштеп қоныс аудару
 
Кеңес  Одағында  жаппай  қуғын
-
сүргін  кезеңіндегі  негізсіз  жазалау 
шаралары  жекелеген  адамдарға,  дін  иелеріне,  әртүрлі  әлеуметтік 
топтардың  өкілдеріне  ғана  емес,  сондай  ақ  ұжымдық  жауапкершілік 
ұстанымы
 
бойынша  тұтас  халықтарға    да  қарсы  қолданылды. 
Тоталитарлық 
жүйе 
тұтас 
халықтарды 
саяси 
қуғындауда 
депортациялау,  яғни    күштеп  жер  аудару  әдісін  қолданды.  Жер 

аударылған  халықтар  репрессия  зардаптарының  барлық  түрін  бастан 
кешірді.  Ол  жөнінде  1993  жылы  14  сәуірде  қабылданған    Қазақстан 
Республикасының  «Жаппай  саяси  қуғын
-
сүргін  құрбандарын  ақтау 
туралы»  заңында  көрсетілді.  Жекелеген  халықтарға  мемлекет 
тарапынан  әртүрлі  қысымдар  қолданылды:  күштеп  қоныс  аудару, 
арнайы  қоныстарға  орналастыру,  зорлықпен  жұмыс  істету  арқылы 
құқықтарын
 
шектеп,  ұлттық  ерекшеліктері  жағынан  мемлекетке  өте 
қауіпті, сенімсіз халықтар деп танылды.
 
Бұл  жерде  мына  деректен  дәлел  келтірсек,  қаралып  отырған 
мәселе  әлдеқайда  түсінікті  болары  сөзсіз.  Аудандық  ІІХК  (Ішкі  істер 
халық  комиссары)  бастығы  жеткізген  хабарламасында:  «Кеңес 
Одағының  фашистік  Германиямен  соғысына  байланысты  әртүрлі 
элементтер  Кеңес  өкіметіне  қарсы  арандатушылық  қауесет  таратып 
жүр.  
 
Аудан  бойынша  Кеңес  өкіметіне  қарсы  пиғылдағы  элементтер: 
бұрынғы банда көтерілісінен –
 
93 адам, 936 кәрістер мен немістер»*, –
 
деп атап көрсетілген.
 
Мысалы,  КСРО
-
ның  ХКК  мен  БКП(б)  ОАК
-
інің  1937  жылғы  21 
тамыздағы  қаулысында  Қиыр  Шығыс  кәрістерін  қоныс  аудару  себебі 
жөнінде    «өлкеге  жапон  тыңшыларын  өткізбеу    мақсатында» 
жүргізілгені туралы айтылады. Сөйтіп Қиыр Шығыста тұратын кәрістер 
түр
-
түсі  мен  келбеті  жағынан  жапондарға  ұқсастығына  байланысты 
«жапон  тыңшылары»  деген  желеумен  жер  аударылып,  сенімсіз  халық 
деп  танылды.  1941  жылы  28  тамызда  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі 
төралқасының  «Еділ  бойында  тұратын  немістерді  қоныс  аудару» 
туралы қабылданған жарлықта: «Мыңдаған лаң
-
кестер мен тыңшылар 
бар,  олар  Германиядан  келетін  хабар  бойынша  жарылыс
-
тар 
ұйымдастыруды
 
көз
-
дейді,  яғни  КСРО
-
ға
 
қарсы
 
бағытталған  әрекет 
жасауда», –
 
деп көрсетілген.
 
КСРО  аумағында  жап

пай
 
қуғын
-
сүргін  жыл
-
дарында  3  миллионнан 
астам адам жер аударылды. «Сенімсіз халықтар» қоныстанған арнайы 
аудандарға:  Солтүстік
 
облыстар,  Сібір,  Орал,  Орта  Азия  және 
Қазақстан
 
жатты. Бұл халықтардың ең көп бөлігі Қазақстан мен Сібірге  
қоныстандырылды.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаев  Қазақстан  халықтары    Ассамблеясының  ІV  сессиясында 
жасаған баяндамасында, Қазақ
 
жеріне қоныс аударылғандардың саны 
1 миллион 200 мың деген дерек келтіреді.
 
Қазақ
 
жеріне  немістердің  38%
-
ы,  шешен  мен  ингуштардың  83%
-
ы, 
кәрістердің  59%
-
ы,  бал
-
қарлардың
  55%-
ы,  қарашайлардың  58%
-
ы, 
гректердің  76%
-
ы,  курдтардың  62%
-
ы  күшпен  қоныс  аударылды. 
Қоныстанушылар
 
іс  жүзінде  Қазақстанның  барлық  облыстарына 
орналастырылды  және  ІІХК
-
ның  мынадай  нұсқауларын  орындады: 
«сенімсіз  халықтарды»  құпия  тапсырмалар  бойынша  «шекаралық 
аймақтарға  орналастырмау,  себебі  шет  мемлекеттің  агенттерімен 
байланыс  жасауы
 
мүмкін»,  «қашып  кетпес  үшін  темір  жолдардан  алыс 
жерлерге  орналастыру»,  «бақылауға  ыңғайлы  болу  үшін  топтарымен 

орналастыру».  Сонымен  бірге,  олар  әрдайым  комендатураға  барып, 
белгіленіп тұруы тиіс болды.
 
Күштеп  қоныстандырудың  зардабы  өлшеусіз  еді,  оны  басынан 
өткізгендер
 
ешқашан ұмытпайды. Бұрын өмір сүрген жерлерінде олар 
барлық дүние
-
мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз 
халықтарды»,  оның  ішінде  қарттар,  әйелдер  мен  балаларды  мал 
таситын  немесе    тауар  таситын  вагондармен  әкелді.  Егер  жауапты 
адамдарға  болмашы  ғана  наразылық  білдірген  жағдайда  сол  жерде, 
тіпті  поезд  жүріп  келе  жатып  немесе  аялдаған  жерде  жазалайтын 
болған.  Қазақстанда  қоныстанушылар  клубтарға,  бос  қалған 
мешіттерге,  мал    қораларға,  қоймаларға  орналастырылды.  Мұндай 
орындар  жетпей  қалғандары  ашық  аспан  астында  өздеріне 
жертөлелер  қазып  алды.  Қоныстанушылар  арасында  эпидемиялық 
жұқпалы  аурулар:  іш  аурулары,  қызылша,  дизентерия,  тіс  аурулары 
кең тарап, бит басу, оба және тырысқақ аурулары күшейіп кетті.
 
Ауа райының бірден өзгеруі, өте ауыр тұрмыс жағдайлары, нашар 
тамақтану,  антисанитарлық  жағдайда    өмір  сүру  қоныс  аударушылар 
арасындағы  өлімді  көбейтіп  жіберді.  Бұл  жөнінде  ІІХК
-
ның 
қызметкерлерінің
 
құпия
 
мәліметтерінде:  «Мұндай  жағдайға  жеткізуге 
болмайды, бұл қылмыс»,–
 
деп жазған. Мұндай жағдайды жылқылар да 
көтере алмай жатыр, сол себепті ІІХК қызметкерлері жұмыс істеу үшін 
әлдеқайда
 
төзімді  өгіздер  жіберуін  сұраған.*  Депортациялық 
саясаттың қатал жағ
-
дайында Қазақ жеріне ешбір дүние
-
мүліксіз көшіп 
келген  халықтардың  жан  сақтауы  тек  қазақ  халқының  туысқандық 
көмегінің  арқасында  ғана  мүмкін  болды.  Қазақ  халқы  аштық  нәубеті 
мен  саяси  қуғын
-
сүргін  қасіретін  басынан  өткерсе  де,  басын  қауіп
-
қатерге
 
тіге  отырып,  қолындағы  барымен  бөлісіп,  тағдыр  тәлкегіне 
түскен  халықтарға,  олардың  өміріндегі  ең  қиын  сәтте  қол  үшін  беріп, 
ұмытылмас
 
көмек көрсетті.
 
2012  жылы  28  мамырда  Алматы  облысы,  Үштөбе  қаласында 
жаппай  қуғын
-
сүргін  мен  халықтарды  күштеп  қоныс  аудару  қасіретінің 
75  жылдығына  орай,  Қазақ  жеріне  қоныс  аударылған  халықтардың 
атынан  «Қазақ  халқына  мың  алғыс»  атты  ескерткіш  орнатылды.  Бұл 
ескерткіш  1937  жылы  күзде  алғаш  депортацияланған  халықтардың 
қоныстанған
 
Бастөбе  тауының  етегіне,  бүгінгі  күнге  дейін  орны 
сақталған жертөлелер мен зираттардың маңына қойылды. (226
-
сурет)
 
Зорлықпен  көшірілген  халықтар  қилы  заманда  Қазақ  өлкесінен 
тұрақты мекенін ғана тауып қойған жоқ, өздеріне және ұрпақтары үшін 
екінші  Отанын  тапты.  Олар  өмірін  ғана  емес,  сонымен  бірге  өздерінің 
ұлттық
 
ерекшеліктерін сақтап қалды.
 
Қазақстан
 
Ұлы
 
Отан соғысы жылдарында  (
1941-1945) 
1941  жылы  22  маусымда  Ұлы  Отан  соғысы  басталды.  Фашистік 
Германия  жетекшілерінің
 
шешімі
 
бойынша  Қазақстан
 
аумағы
 
«Барборосса»  жоспарына  сәйкес  «Үлкен  Түркістан»  құрамына  кіруі 
керек болатын. Бірақ  кеңес халқы фашист басқыншыларына ерлікпен 

қарсы
 
тұрып,  «қауырт  шабуыл»  әскери  операциясын  іске  асырмай 
тастады.
 
Соғыстың  алғашқы  күнінен  бастап  Қазақ  жерінде  Отанды  қорғау 
үшін
 
әскери
 
бөлімдер  жасақтала  бастады.  Барлығы  он  екі
 
атқыштар,
 
төрт
 
кавалериялық  дивизия,  жеті  атқыштар  бригадасы,  елуге  жуық 
полктар  және  батальондар  жасақталды.  Мәселен,  Қазақстанда 
жасақталған  310,  312,  314,  316,  391  атқыштар  дивизиялары 
майданның алғы шептерінде шайқасты. Оның ішінде үш кавалериялық 
дивизия  мен  екі  атқыштар  бригадасы  қазақ  ұлттық  әскери  бөлім
 
ретінде құрылды

Соғыс  кезінде  кеңес  армиясы  қатарына  1196164  қазақстандық 
жауынгер  шақырылды.  Өнеркәсіпте    жұмыс  істеу  үшін  670  мың  адам 
еңбек  армиясына  мобилизацияланды.  Соғыс  жылдарында  Қазақ 
жеріне  1,5  млн.  эвакуацияланған  және  депортацияға  ұшыраған 
халықтар келді.
 
Соғыстың алғашқы кезеңі кеңес халқы мен әскері үшін өте күрделі 
жағдайда  өрбіді.  1941  жылдың  соңына  қарай    Кеңес  Одағы 
стратегиялық  ресурстар  мен  өндіріс  орындары    шоғырланған 
аумағының  үлкен  бөлігінен,  яғни  Украина,  Белоруссия,  Мәскеуге 
дейінгі  еуропалық  Ресейден  айырылды.  Осындай  жағдайда  Қазақ 
Республикасының  рөлі  күшейді.    Соғыс  қара  және  түсті  металдың, 
көмір  мен  мұнай  өнеркәсібінің,  сирек  кездесетін  металдардың  өнімін 
көп көлемде қажет етті. Соғыс жағдайына сәйкес бүкіл ел экономикасы 
әскери
 
бағытқа  бейімделді.  Мысалы,  38  күн  ішінде  Жезқазған 
марганец  кеніші  іске  қосылды.  Өйткені  бұл  металды  өндіретін 
кәсіпорындар жау қолында қалған  территорияларда  қалып қойды, ал 
марганецсіз жоғары сапалы болат қорыту мүмкін емес болатын. 
 
Қазақ
 
жеріне Батыстан 1941–
1942-
жылдары өндіріс орындары: 220 
зауыт  пен  фабрика,  цехтар  мен  артельдер  көшіріліп  әкелінді.  Ірі 
өндіріс
 
орындары  негізінен  Украина,  Белоруссия,  Молдавия,  Мәскеу, 
Ленинградтан  көшірілді.  Оның  ішінде  жеңіл  өнеркәсіп  саласының  54 
зауыты және төрт фабрикасы болды.  Олар Алматы, Орал, Петропавл, 
Шымкент,  Семей,  Қарағанды,  Ақтөбе  қалаларына  орналастырылды. 
1941

1945-
жылдары Қазақстанда эвакуацияланған өндіріс орындарын 
қосып
 
есептегенде  460  кәсіпорын  пайда  болды.  Республика  Одақ 
бойынша қорғасынның 85%
-
ын; мыстың 35%
-
ын; молибденнің 60%
-
ын;  
висмуттың  65%
-
ын;  полиметалл  кенінің  79%
-
ын  берді.  Қарағанды 
шахтерлері  соғыс  жылдарында  34  млн.  тонна  көмір  өндірді,  ал  мұнай 
өндіру
 39%-
ға
 
өсті

Майданға  шақырылғандардың  үштен  екісі  ауыл  еңбеккерлері 
болғандықтан,  көптеген  колхоздарда  еңбек  еткендердің  80%
-
ын 
әйелдер
 
құрады. Мысалы, Ақтөбе облысындағы «Құрман» колхозының 
звено  жетекшісі  Шығанақ  Берсиев  тары  өндіруде  гектарынан  202 
центнер өнім жинап, әлемдік рекорд жасады. Қызылорда  облысының 
«Қызыл  ту»  колхозының  звено
 
жетекшісі  Ыбырай  Жақаев  күріш 
өндіруден
 
гектарынан  172  центнер  өнім  жинап,  әлемдік  рекорд 

жасады. Оған көрші «Авангард» колхозының звено жетекшісі Ким Ман 
Сам әр гектардан 150 центнер күріш өндірген. Осындай ел басына күн 
туған  кезеңде  ерен    еңбегімен  көзге  түскен  шопан  Ж.  Мұқашев, 
қызылша
 
өсіруші
 
М. Мұхамедиева, жылқышы Ш. Шұғайыпов  және т.б. 
азаматтар Социалистік Еңбек Ері деген Кеңес Одағындағы ең жоғарғы 
атаққа  ие  болды.  Қазақстан  еңбекшілері  майданға  нан,  ет,  шикізат 
өнімдерін
 
беріп  қана  қоймай,  егістік  көлемін  арттырып,  мал  басын 
өсірді.  Сондай
-
ақ  олар  соғыс  жүріп  жатқан  жерлерден  әкелінген  370 
мың мал басын аман алып қалды. 
 
Қазақстан
 
халқы  Кеңес  Армиясы  үшін  әскери  техника  жасауға 
қаржы
 
жинады.  Халықтан  ерікті  түрде  жиналған  қаржыға  «Қазақстан 
колхозшысы»,  «Түрксибовец»,  «Қарағанды  шахтері»,  «Қазақстан 
мұнайшысы»,  «Қазақстан  металлургі»,  «Қазақстан  пионері»  деген 
атауға  ие  болған  танк  коллонналары  мен  самолет  эскадрильялары 
жасақталды.  Майдан  үшін  қазақстандықтар  480  млн.  сом  қаржы 
жинаған.    Майданға
 
жылы  киімдер  мен  әртүрлі  сыйлықтар  жіберіп 
отырды.  Соғыс  жылдарында  қазақстандықтардың  атынан  майдан 
жауынгерлеріне 160 вагон сыйлық жіберілген. 
 
Қазақстанға
 
соғыс  жылдары  ғылым  және  шығармашылық 
ұжымдары,  мекемелері  де  көшірілген  болатын.  Алматыға  Мәскеу
 
мен 
Ленинград  киностудиялары,  20
-
ға
 
жуық  ғылым  және  өнер  мекемелері 
орналасты.  Бұл  мекемелермен  бірге  Қазақ  жеріне  әлемге  әйгілі 
ғалымдар:  В.  Вернадский,  В.  Обручев,  А.  Панкратова,  А.  Скочинский 
т.б.,  өнер  қайраткерлері:  Г.  Уланова,  Н.  Сац  т.б.  келіп, 
шығармашылығын
 
шыңдады
.  
Алматыда  «Мосфильм»  мен  «Ленфильм»  киностудияларының 
негізінде Біріккен орталық киностудия құрылды. Онда көптеген көркем 
және  деректі  фильмдер

«Екі  жауынгер»,  «Майдан»,  «Ол  Отанын 
қорғайды», «Мені тос» және т.б. фильмдер түсіріліп, халықтың жеңіске 
деген сенімін күшейтті.
 
Рухани  қарудың  бірі  әдебиет  болды.  Майдан  мен  тылдағы 
халықтың  қайсар  ерлігі  туралы  ақын
-
жазушылар  Ж.  Жабаев,  М. 
Әуезов,  С.  Мұқанов,  Д.  Снегин;  жас  ақындар  Ж.  Молдағалиев,  С. 
Мәуленов,  С.  Сейітов,  Ж.  Саин  өлеңдер  мен
 
прозалар  жазды. 
Сонымен қатар, Қазақстанның 90
-
ға
 
жуық ақын
-
жазушылары майданда 
соғысты.
 
Соғыстың 
алғашқы 
күнінен 
бастап 
майдан 
шебінде 
қазақстандықтар
 
отансүйгіштіктің  биік  үлгісін  көрсетті.  Фашистердің 
алғашқы соққысын қабылдаған Брест қамалын  қорғаушылар арасында 
қазақ
-
стандықтар  В.  Фурсов,  Қ.  Тұрдиев  болды.  Мәскеуді  қорғауда  да 
қазақстандықтар
 
ерлікпен  соғысты.  Алматыда  жасақталған  316
-
атқыштар  дивизиясы  ерекше  көзге  түсіп,  кейін  8
-
гвардиялық  И. 
Панфилов дивизиясы болып аталды. Дивизия жауынгерлерінің Мәскеу 
қорғанысындағы
 
ерлігі  Ұлы  Отан  соғысында  шешуші  рөл  атқарды. 
Кеңес  Одағының  Батыры  атағына  қаза  болғаннан  кейін  ие  болған  П. 
Вихревтің,  аға  лейтенант  Б.  Момышұлы  басқарған  батальонның 

қаһармандығы
 
халық  арасына  тез  тарап  кетті.  28  панфиловшы 
жауынгерлердің  күші  әлденеше  есе  басым  жау  танкілеріне  қарсы 
шайқасы  әлемдік  соғыс  тарихының    өшпес  парақтары  болып  қалды. 
Мәскеу  түбінде  Кеңес  Одағының    Батырлары  Т.  Тоқтаров,  М. 
Ғабдуллин
 
және т.б. жауынгерлік ерлік көрсетті.
 
Қазақ
 
жауынгерлерінің  Мәскеуді  қорғаудағы  қайсарлығы  жөнінде 
тұтқынға  түскен  неміс  солдаты:  «Біз  шабуылға  шықтық.  Бізге  қарсы 
қараторы
 
жауынгерлер қарсы тұрды. Олар сондай қайсарлықпен және 
батырлықпен  шайқасты,  біз  төтеп  бере  алмадық.  Бізді  үрей  билеп 
алды  және    еріксіз  артқа  шегіндік.  Кейін  бізге  сендерге  қарсы 
шайқасқан  қазақтар  деп  айтты.  Біз  өмірде    мұндай  қайсар  халық  бар 
екенін  білген  жоқ  едік»,  –
 
деп,  мәлімдеген.    (бұл  материал  «Правда» 
газетінде 1943 жылы 6 ақпанда; «Отан үшін»* газетінде 1943 жылы 12 
ақпанда жарияланған)  
 
Ленинградты  қорғауға  және  оның  қоршауын  бұзуға  қазақстандық 
310,  314  дивизиялар  қатысты.  Ленинград  үшін    шайқасқа  Қазақ 
жерінде  жасақталған  әскерлердің  үштен  бірі  қатысты.  Бұл  жерде 
қазақтар
 
тек  құрлықта  ғана  емес,  теңізде  де  соғысты.  Мәселен, 
«Киров»  крейсерінде  156  қазақстандық  жауынгер  болған.  Ленинград 
үшін
 
шайқаста  Кеңес  Одағының  Батыры  Сұлтан  Баймағамбетов  өз 
кеудесімен  дзоттың  аузын  жауып,  Отаны  үшін  ерлікпен  жанын  пида 
етті.
 
1942  жылдың  күзінде  Сталинград  майданының  ашылуына 
байланысты  Батыс Қазақстан облысына соғыс жағдайы енгізілді. Бұл 
аймаққа  Сталинград  майданының  120  әскери  бөлімдерінің  жеке 
құрамалары
 
орналастырылды.  Сталинград  операциясына  қатысқан 
бес  атқыштар  дивизиясы,  кавалерия  дивизиясы,  теңіз  атқыштар 
бригадасы,  миномет  полкі,  көпір  жөндейтін  арнайы  батальон 
Қазақстанда
 
жасақталды.  Сталинград  шайқасында  ұшқыш,  Кеңес 
Одағының  Батыры  Н.  Әбдіров,  минометші  Қ.  Сыпатаев,  лейтенант  Г. 
Рамаев өз өмірлерін қиып, ерлік жасады.
 
Сталинград  майданы  кезінде  фашистік  авиация  Батыс  Қазақстан 
аумағындағы Сайхан, Шұңғай, Жәнібек бекеттерін бомбалады. 
 
Мыңдаған  қазақстандық  жауынгерлер  Курск  түбінде,  Украина, 
Белоруссия,  Прибалтика,  Молдавия  жерлерін  азат  етуде  ерлікпен 
шайқасты. Олар Днепр, Десна, Припят, Двина өзендерінен өту кезінде, 
Польшаны,  Венгрияны,  Чехословакияны,  Венаны  фашистерден  азат 
етуде  қаһармандық  көрсетті.  Берлин  операциясы  кезінде  Рейхстаг 
төбесіне  бірінші  болып  Кеңес  армиясының  Туын  тіккен
 
Рахымжан 
Қошқарбаев
 
болды.
 
Мыңдаған  қазақстандықтар  партизандық  соғыс  пен  Еуропадағы 
қарсыласу
 
қозғалысына
 
белсене  қатысты.  Партизандық  құрамалар 
мен жасақтарда: Украина жерінде –
 
1500, Ленинград облысында –
 220, 
Смоленскіде  –
 
270,  Белоруссияда  –
 
1500  қазақстандық  партизандар 
соғысқан. Батыр партизандар  қатарында Қ. Қайсенов, Г. Ахмедияров, 

С.  Төлешов,  В.  Оразбаев  және  т.б.  ерлік  істері  халықтың  жадында 
мәңгілікке қалды.
 
Қиыр
 
Шығыста  Жапонияға  қарсы  соғыста  да  қазақстандық 
жауынгерлер  ерлікпен  шайқасты.  2  мыңнан  астам  қазақстандық 
жауынгер  Квантун  армиясын  талқандағанда  көрсеткен  ерліктері  үшін 
ордендер  мен    медальдарға  ие  болды.  Олардың  қатарында 
«Жапонияны  жеңгені  үшін»,  «Кореяны  азат  еткені  үшін»  жауынгерлік 
медальдармен марапатталғандар да болды. 
 
Ұлы
 
Отан  соғысында  көрсеткен  ерлігі  үшін  500
-
ден  астам 
қазақстандық
 
жауынгерлер Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғарғы 
атақпен марапатталды. Ұшқыштар Т. Бигелдинов, Л. Беда, И.  Павлов

С.  Луганский  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  екі  мәрте  алды.  Кеңес 
Одағының Батыры атағына «Шығыстың қос жұлдызы»
 - 
қазақ
 
қыздары
 
Мәншүк  Мәметова  мен  Әлия  Молдағұлова  ие  болды.  Ұлы  Отан 
соғысында 
ұшқыш 
ретінде 
бірқатар 
күрделі 
жауынгерлік 
тапсырмаларды  орындауда  ерлік  көрсеткені  үшін  Хиуаз  Доспановаға 
2005 жылы  «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Бұл тарихи әділеттілік 
Ұлы
 
Отан  соғысындағы  Ұлы  жеңістің  60  жылдығына  орай  қалпына 
келтірілген  еді.  110  қазақстандық  Үшінші  дәрежелі  Даңқ  орденінің 
толық  иегері  атанды.  Ұлы  Отан  соғысының  ең  басты  қасіреті  –
 
шамамен 500 мыңға жуық қазақстандық жауынгер соғыстан оралмады.   
 
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісінің нәтижесінде 
адамзатты фашизм құлдығынан аман алып қалды.
 
Ұлы
 
Отан  соғысы  жылдарында  фашистер  Кеңес  Одағына  қарсы 
ресейлік  эмигранттар  мен  әскери  тұтқындардан  арнайы  ұйымдар  мен 
әскери
 
бөлімдер  құруды  көздеді.  Мысалы,  Қазан  төңкерісі  мен  
сталиндік  қуғын
-
сүргіннің  салдарынан    Кеңес  Одағынан    Еуропаға  2 
млн.  адам  эмиграцияға  кетуге  мәжбүр  болған.  Міне,  осындай 
мақсатпен  фашистік  билік  1942  жылы  Түркістан  ұлттық  бірлігі 
комитетін  құрады.    Фашистердің  жоспары  бойынша  Кеңестер 
Одағының  түркі  тілдес  мұсылман  халықтарын    жаулап  алғаннан  кейін 
«Үлкен Түркістан» мемлекетін құру жоспары жасалған. Оның құрамына 
Түркмения,  Тәжікстан,  Өзбекстан,  Қырғызстан  жерлері  кіру  керек  еді. 
«Еділ  –
 
Орал»  бірлестігіне  Башқұртстан,  Татарстан,  Чуваш,  Мари, 
Мордова,  Удмурд  жерлерін  енгізу  көзделген.  Қазақ  өлкесінің  оңтүстік 
және  Жетісу  аймағы  «Үлкен  Түркістанға»,  ал  басқа  аймақтары  «Еділ–
Орал» бірлестігінің  құрамына енуі тиіс болды

Фашистер 
кеңестік 
соғыс 
тұтқындарының 
түркі
-
мұсылман  
халықтарының  өкілдерінен  тұратын  «Шығыс  легионын»  жасақтаған. 
Соғыстың  алғашқы
 
күнінен  бастап  Кеңес  өкіметі  әскери  тұтқындар 
туралы:  «Кеңес  Одағында  әскери  тұтқындар  жоқ,  тек  сатқындар  ғана 
бар» деген мәлімдеме жасаған болатын. 
 
1942  жылы  мамыр  айында  «Шығыс  легионы»  фашистік  армияның 
162-
жаяу  әскер  дивизиясына  бағындырылады.  Ондағы
 
әскери
 
бөлімдер  ұлттық  сипатына  қарай    құрылды.  Мысалы,  Түркістан 
батальоны  құрамына:  1
-
ші  қырғыз  жаяу  ротасы;  2
-
ші  өзбек  ротасы 

(тәжіктермен  бірге);  3
-
ші  қазақ  ротасы;  4
-
ші  түрікмен  ротасы  (шығыс 
татарларын қосқанда) кірген. Сондай
-
ақ  аралас пулеметшілер ротасы 
қырғыз, өзбек, қазақ взводтарынан құралды; аралас құрамдағы танкіге 
қарсы
 
миномет және сапер взводтары да болды. 
 
«Шығыс  легионының»  офицерлер  мен  кіші  офицерлер  құрамын 
дайындайтын  Варшава  түбінде  арнайы  мектеп  ашылған.  Бірақ 
легионерлер  фашистерге  қарсы  көтеріліске  шығып,  Кеңес  Армиясы 
жағына  өткен  фактілер  де  болған.  Фашистерге  қарсы  «Еділ–Орал» 
легионында  Мұса  Жәлел  жасырын  күресті

Оған
 
кейіннен  Кеңес 
Одағының  батыры  атағы  берілді.  Фашистерге  қарсы  күрескені  үшін  Г. 
Құрмашев, А. Андашев т.б.
 
қазақтар
 
атылып кетті. 
 
Сонымен  бірге  фашистік  Германия  М.  Шоқайдың  беделін 
«Түркістан  легионын»  құру  үшін  пайдалануды  көздеді.  «Түркістан 
легионы»  1942  жылы  сәуірде  құрылды.  Қоғам  қайраткері,  заңгер 
Мұстафа  Шоқай  (1886–1941)  Түркістан  халықтары  арасында  тұңғыш 
рет  Еуропада  түркістандық  саяси  эмиграциялық  қызметтің  негізін 
қалаушы
 
болды.  Ол  Ақмешіт  уезінде  туып  өскен.  Әкесі  Шоқай  елге 
беделді би болған. 
 
М.  Шоқайдың  терең  білім  алып,  саяси  көзқарасының  қалыптасуы 
Санкт
-
Петербург университетінің заң факультетінде оқып жүрген кезінде 
басталады.  М.  Шоқайдың  қоғамдық
-
саяси  жұмысы  1914  ж.  Ә. 
Бөкейхановтың  ұсынысымен  ІV  Мемлекеттік  Думадағы  Мұсылман 
Фракциясының  хатшысы  қызметімен  басталды.  Бұл  қызметте  жүріп 
Ресейдің 
алдыңғы 
қатарлы 
қоғам 
қайраткерлерімен, 
Дума 
депутаттарымен 
етене 
араласуы 
оның 
саяси 
көзқарасының 
шыңдалуына ықпал етті.
 
Азаттық  алу  үшін  езілген  халықтардың  бірігуі  қажет  екенін  М. 
Шоқай  сол  кезде  анық  түсініп,  өмірінің  соңына  дейін  бұл  саяси 
бағытынан айныған жоқ.
 
1917  ж.  Ақпан  революциясынан  кейін  М.  Шоқай  Ә.  Бөкейханов 
сынды қайраткерлермен бірігіп, ұлттық қозғалыс жетекшілерінің біріне 
айналады.  «Алаш»  партиясына  мүше  болды.  Уақыт  туғызған 
мүмкіндікті пайдаланып, М. Шоқай 1917 ж. қарашада Түркістан (Қоқан) 
автономиясын  құрудың  бастауында  тұрды.  Бұл  автономияны 
басқаратын  Уақытша  үкіметтің  Сыртқы  істер  министрі,  кейін  Бас 
министрі  қызметін  атқарады.  Алайда  Ташкентте  билікті  қолына  алған 
Кеңес  өкіметі  Түркістан  автономиясына  қарсы  қанды  қырғын 
ұйымдастырады.  Қоқандағы  большевиктер  қуғынынан  М.  Шоқай  шет 
елге  кетуге  мәжбүр  болды.  Әуелі  Түркияда,  кейін  Францияда 
эмиграцияда болды. Оның эмиграциядағы өмірі де қиыншылыққа толы 
еді. Шетелде қаражатсыз жүргеніне қарамай ғылыми және баспагерлік 
жұмыстармен айналысады. Ол 1924 жылы «Жас Түркістан» журналын 
ұйымдастырды. Оны  Британия, Германия, Түркия, Польшаға таратты. 
Журнал  бетінде  кеңес  өкіметінің  қуғын
-
сүргін  саясаты  мен 
тоталитарлық  жүйені  әшкерелеп,  бұл  жүйеге  қарсы  идеологиялық 
күрес  жүргізеді.  Ол  1941  жылы  тамыз–қараша
 
аралығында 

Германиядағы  бірқатар  тұтқындар  лагерін  аралап,  ондағы  мыңдаған 
түркістандықтармен  кездеседі.  Оларды  өлім  тұзағынан  құтқарып 
қалуды
 
өзінің
 
азаматтық
 
борышы деп санаған. Лагерьдегі адамдардың 
жағдайын  көріп  жаны  күйзелген  М.  Шоқай  Германияның  билік  орнына 
жолдаған  хатында:  «Сіздер,  немістер  өздеріңізді  Еуропадағы  ең 
мәдениетті халықпыз деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз 
менің  көріп  жүргендерім  болса,  онда  мен  сіздерге  тұтқындардың 
шеккен  азабын  тілеймін.  Сіздер  ХХ  ғасырда  өмір  сүре  отырып,  ХІІІ 
ғасырда
 
Шыңғыс  ханның
 
жасаған  зұлымдығынан  асып  түстіңіздер. 
Мәдениетті  халық  екендеріңізді  айтуға  хақыларыңыз  жоқ»,  –
 
деп 
жазған.  Осы  хатты  тапсырған  неміс  офицері:  «Пікіріңді  тым  тура 
айтыпсың,  мұның  артықтау  емес  пе?»  –
 
дегенде  М.  Шоқай:  «Егер 
сіздер  осыған  байланысты  маған  ату  не  асу  жазасын  берсеңіздер  –
 
қарсылығым
 
жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмір сүргеннен гөрі өлгенім 
артық», –
 
деп жауап берген. 
 
М.  Шоқай  1941  жылы  Берлиндегі  «Виктория»  ауруханасында  
құпияға
 
толы  жағдайда  қайтыс  болды.  Сүйегі  Берлин  қаласындағы 
мұсылман
 
бейітінде жерленген. 
 
Кеңестік  идеология  тұсында  «Түркістан  легионының»  қызметі  М. 
Шоқайдың  атымен  байланыстырылып  баяндалатын  еді.  Бұл  пікір 
бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді. Алайда біз бұл легионның 1942 
жылы  сәуірде  құрылғанын  және  М.  Шоқайдың  жоғарыда  фашистер 
туралы  айтқан  пікірін  ескеретін  болсақ,  онда  оның  тарихи  шындыққа 
сәйкес келмейтініне көз жеткіземіз.
 
Кеңес  өкіметінің  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңісі  –
 
ол  дүниежүзілік 
тарихи оқиға. Бұл жеңіс адамзатты фашизмнен азат етті.
 
 
Қазақстан
 
халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында 
Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен үзінді
 
Өткен  бүкіл  ХХ  ғасыр  бойына  Қазақстан  аумағына  көпэтносты 
халықтың  қалыптасуының  күрделі  үдерісі  жүрді.  Ғасырдың  ең  басында 
столыпиндік  реформа  кезеңіндегі  шаруалардың  қоныс  аударуы 
барысында Қазақстанға Ресейден, Украина мен Беларусьтан 1 миллион 
150  мың  адам  келді.  Жиырма  шақты  жылдан  соң,  30
-
шы  жылдарғы 
ұжымдастыру  кезінде  бұрынғы  КСРО
-
ның  орталық  аудандарынан 
Қазақстанға  250  мың  мүліктері  тәркіленген  шаруалар  келді.  Дәл  сол 
уақыттарда  өнеркәсіп  нысандарын  салуға  елдің  барлық  түкпірлерінен 
шамамен 1,2 миллион адам қоныс аударды.
 
Сталиндік режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар –
 800 
мыңға  жуық  немістер,  102  мың  поляктар,  550  мың  Солтүстік  Кавказ 
халықтарының  өкілдері,  18,5  мың  Қиыр  Шығыстағы  корей  отбасылары 
қоныс  аударды.  Оларды  вагондардан  ашық  далаға  әкеліп  түсірді.  Ол 
кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар 
болды.
 

Сөйтіп,  өздері  мұқтаждықта  өмір  сүріп  жатқан  қазақ  отбасылары 
оларды өздерінің саман үйлерінде қабылдады. Біздің отбасымыз да үш 
баласы бар ерлі
-
зайыптыларды қабылдады.
 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  құрылған  күн  –
 
1  наурызды  жыл 
сайын  Барлық  этностардың  бір  біріне  және  мейірбандық  танытып,  ол 
адамдарды  өз  туғанындай  қабылдаған  қазақтарға  алғыс  айту  күні 
ретінде  атап  өту  әділетті  болар  еді.  Ол  күн  бізді  бұрынғыдан  да  гөрі 
жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың 
бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар 
еді.
 
Өздеріңіздер  білесіздер,  сталиндік  қуғын
-
сүргін  жылдарында 
Қазақстанда  АЛЖИР,  КарЛАГ,  СтепЛАГ,  ДальЛАГ,  ПесчанЛАГ, 
КамышЛАГ,  ЖезказганЛАГ,  Ақтөбе,  Петропавл,  Кеңгір  және  Өскемен 
лагерьлері сияқты жүз мыңдаған тұтқындар қамалған 11 арнаулы лагерь 
құрылды.  Бірақ  босағаннан  кейін  олардың  барлығы  бірдей  кетіп  қалған 
жоқ.
 
Оның сыртында соғыс кезінде Қазақстан 350 мың эвакуацияланған 
халықты  қабылдады.  50
-
ші  жылдары  тың  игеруге  тағы  да  1,5  миллион 
адам келді. Түрлі жабық әскери нысандар шамамен 150 мың маман мен 
олардың  отбасыларын  қабылдады.  Бүтіндей  алғанда  ХХ  ғасырдың 
басынан  Қазақстанға  5,6  миллион  адам  қоныс  аударды.  Ол  кезде 
жергілікті  халық  шамамен  6  миллиондай  адам  болатын.  Бұларды 
тарихты  білмейтіндер  мен  Қазақстан  қашаннан  осындай  көпұлтты 
болған деп санайтындар үшін айтып отырмын.
 
Екінші  жағынан,  сталиндік  қылмыстық  ұжымдастыру  салдарынан 
1,5  миллион  қазақ  аштықтан  қырылды.  Осыдан
-
ақ  әлемде  бірде
-
бір 
елдің,  бірде
-
бір  халықтың  қазақ  халқы  сияқты  демографиялық  ахуалда 
мұндай күйреушілікті бастан кешпегенін және толық жойылып кету қаупі 
туындамағанын түсінуге болады.
 
Біз тірі қалдық, топтаса білдік, қатыгезденген де жоқпыз, өшіккен де 
жоқпыз, ХХ ғасырдың қатаң қасіреті үшін ешқашан ешкімді кінәлаған да 
емеспіз. Біз төтеп бере білдік, сталинизмнің бүкіл кінәсіз құрбандарына 
көмектестік,  өз  төңірегімізге  барлық  этностар  мен  конфессияларды 
біріктіре  отырып,  өз  тәуелсіздігімізге  бейбіт  жолмен  қол  жеткіздік. 
Бүгінде  де  біздің  еліміз  толеранттылық,  келісім  мен  бір
-
біріне  деген 
сенім негізінде алға қарай қадам басуда.
 
Өздеріңіз  көріп  отырғандай,  біздің  көпэтностығымызды  саяси  жүйе 
жасанды  түрде  жасап  шығарды.  Ол  үшін  өз  ықтиярларынан  тыс  осы 
жерге  келген  адамдар  кінәлі  емес.  Олардың  бәрі  де  бүгінде 
қазақстандық  болып  шықты.  Біз  бәрін  біртұтас,  топтасқан  халыққа 
біріктіре  алдық.  Бұл  бүгінде  біздің  басты  артықшылығымыз.  Біздің 
күшіміз де осында.
 
Тарихтың  бұл  беттерін  әркезде  де  есте  сақтап,  Астананың,  сол 
сияқты 
еліміздің 
басқа 
да 
қалаларының 
музейлеріндегі 
экспозицияларда  біздің  тарихымыздың  маңызды  сатысы  ретінде 

бейнелеу қажет. Ол кезеңнің тоталитарлық машинасынан біздің бәріміз 
де зардап шектік.
 
Қазақстанда  жыл  сайын  Саяси  қуғын
-
сүргін  құрбандарын  еске  алу 
күні  атап  өтіледі.  Қазақстандық  элита  түгел  дерлік  қуғын
-
сүргінге 
ұшырады,  жартысы  атылды.  Бүгінде  біздің  елімізде  17  конфессия 
өкілдері  бейбітшілік  пен  келісімде  өмір  сүруде.  Олардың  ішіндегі 
неғұрлым ірілері –
 
ислам, православие және протестантизм.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ –
 
ӨТКЕНГЕ
 
ТАҒЗЫМ» 
 
«ПАМЯТЬ ВО ИМЯ БУДУЩЕГО»
 
жобасы аясындағы
 
«Шерлі шежіре аманаты»
 
атты Халықаралық форумы
 
 
 
ТАРИХ САБАҚТАРЫ –
 
УРОКИ ИСТОРИИ
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет