|
|
бет | 143/184 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 1,16 Mb. | | #11524 | түрі | Оқулық |
| Байланысты: Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. ОқулықАғымдағы трансферттер қалдығы – экономика секторларынан алынған жəне төленген ағымдағы трансферттер арасындағы айыр- машылық.
Арнаулы мемлекеттік жəрдемақы – жəрдемақының өзге де түрлеріне тəуелсіз, əлеуметтік қорғалуға мұқтаж адамдарға берілетін ақшалай төлем.
Атаулы ақшалай табыстар – бұл халықтың ағымдағы уақытта тұ- тынуға, өндірістік қызметке жəне қор жинауға бағытталатын ақшалай қаражаты.
Əлеуметтік трансферттер – зейнетақы, жəрдемақы, шəкіртақы, атаулы əлеуметтік жəне тұрғын үйлік көмек.
Бақылау карточкасы – үй шаруашылығының əр мүшесінің барлық демографиялық сипаттамалары енгізілетін зерттеу бланкасы.
Демографиялық көрсеткіштер – халықтың тұрақты тұратын саны, туғаннан күтілетін өмір сүру ұзақтығы, халықтың тууы мен өлім- жітімінің жас коэффициенттері, бала өлім-жітімі, өлім-жітім себеп- тері, т.б.
Денсаулық сақтау жəне білім беру көрсеткіштері – халықтың денсаулық жағдайы жəне білім беру жүйесіндегі өзгерістердің сандық- сапалық жақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|