-кесте. Зейнетақы мен жəрдемақы алушылардың саны мен орташа айлық төлемдері, жыл басына1)
Көрсеткіштер
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
Барлық зейнетақы алушылар саны, мың адам
|
1637,1
|
1635,0
|
1640,5
|
1662,9
|
1695,3
|
Тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге
|
9898
|
10654
|
13418
|
17090
|
21238
|
Зейнетақының ең төменгі мөлшері, теңге
|
6700
|
7236
|
7900
|
9875
|
12344
|
Мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы алушылардың саны, мың адам
|
764,4
|
748,4
|
756,5
|
767,3
|
767,2
|
Тағайындалған айлық жəрдемақының орташа мөлшері, теңге
|
7528
|
8366
|
11319
|
12888
|
14037
|
Мемлекеттік арнайы жəрдемақы алушылардың саны, мың адам
|
1124,0
|
1132,0
|
1155,3
|
1169,9
|
1255,3
|
Тағайындалған ар- найы мемлекеттік айлық жəрдемақының орташа мөлшері, теңге
|
2690
|
2801
|
2934
|
3198
|
4058
|
Баланың тууына байланыс- ты бір жылғы мемлекеттік жəрдемақы алушылардың саны, мың адам
|
277,7
|
258,3
|
350,0
|
351,6
|
349,2
|
Статист. жылнамалық «Қазақстан 2010 жылы». - Астана, 2011.- 83-84- б.
Халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлату мемлекетіміздің əлеуметтік саясатындағы ең басты мақсаттардың бірі болып та- былады. Соның ішінде негізгісіне халықтың орташа жан басы- на шаққандағы ақшалай табыстың сатып алуға жарамдылық көрсеткіші жатады. Бұл көрсеткішті тек қана үй шаруашы-
лықтарына ішінара зерттеу жүргізу, яғни орташа жан басы- на шаққандағы ақшалай табыс сомасына сатып алудың орта- ша бағалары бойынша сатып алуға болатын тауарлардың саны арқылы анықтауға болады.
Статистика органы үй шаруашылықтарының орташа жан ба- сына шаққанда келетін тұтыну шығыстарының құрамын жеке қарастырады жəне ол төменде берілген 8.8-кестеде көрсетілген:
-кесте. Орташа жан басына шаққандағы үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарының құрамы, теңге1)
Көрсеткіштер
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Тұтыну шығыстары
|
142330
|
174418
|
204699
|
219679
|
275369
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
азық-түлік тауарлары
|
59350
|
72478
|
89823
|
98264
|
121153
|
азық-түлік емес тауарлар
|
45901
|
55650
|
59855
|
63616
|
82341
|
ақылы қызметтер
|
37079
|
46290
|
55021
|
57799
|
71875
|
1) Статист. жылнамалық «Қазақстан 2010 жылы» . -Астана, 2011. - 86-87- б.
Берілген кесте көрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, 2010 жылды 2006 жылмен салыстырғанда тұтыну шығыстары– 1,9 есеге артқан, оның ішінде ең көбі азық-түлік тауарлары –2,0 есеге өскен. Егер үлесі бойынша қарастыратын болсақ, тұтыну шығыстарының үлкен үлесі азық-түлік тауарларына тиеді (2006 жылы – 41,7%, 2010 жылы – 44,0%). Демек, 2,3%-ға артқан, ал соның салдарынан азық-түлік емес тауарлардың үлесі, яғни 32,2%-дан 29,9%-ға дейін кеміген.
Республика көлемінде халық табыстарының сатып алуға жа- рамдылығының өсуіне қарамастан кедейлікте сақталуда жəне ол өңірлердегі өмір сүру деңгейінің табиғи-климаттық жағдайлар- ға, демографиялық себептерге байланысты жəне өнім өндіретін өндіріс орындарының орналасуына қарай əртүрлі болып келеді.
Кедейлік дегеніміз – əлеуметтік-экономикалық құбылыс, бұл ретте өмірге құқығын іске асырумен байланысты ең бірін- ші кезектегі физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты қиындықтар көретін, конституциямен белгіленген құқықпен бостандық шеңберінде қоғам өміріне толыққанды қатысу мүмкіндігінен айырылған халықтың белгілі бір топтарын айтамыз.
Халықаралық стандартқа байланысты кедейліктің типі бел- гіленген жəне ол төмендегідей.
Эндемикалық (ауқымды) кедейлік – мұнда халықтың əл ауқатының өсу деңгейін қамтамасыз ету үшін экономика масш- табының жеткіліксіздігімен түсіндірілетін жаппай кедейлік. Оның негізгі көрсеткіштеріне халықтың жан басына шаққан- дағы ЖІӨ өндірісінің жəне үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтынуының төмен деңгейлерінің, нəресте өлімінің жоғары- лылығы жəне өмір сүру ұзақтығының қысқалылығы сияқты біріктірілген көрсеткіштермен сипатталады. Оған халықтың 50 пайызынан артығының табысы (шығысы) кедейлік шегінен төмен болған жағдайда жатқызылады. Қазақстан бұған жатпай- ды. Себебі, табыстары күн көрістің ең төменгі деңгейінен де төмен халықтың үлесі 2006 жылғы 18,2%-дан 2010 жылы 6,5%-ға дейін төмендеген.
Егер Қазақстан халқын облыстар бойынша кедейлігіне қа- рай бөлінуін жеке қарастыратын болсақ, онда оның бөлінуі де бір қалыпты емес, яғни əртүрлі болып келеді. Соның ішінде та- быстары күнкөріс шамасынан ең төменгі деңгейдегі халықтың анағұрлым көп үлесі бар облыстарға, 2010 жылғы мəліметтер бойынша: Маңғыстау (32,4%), Қызылорда (24,3%) жəне Алматы (20,1%) облыстары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |