Қолдағытабыстардыпайдаланушоты үй шаруашылық- тары, мемлекеттік мекемелер жəне үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар (ҮШҚКЕҰ) өздерінің қолдағы бар табыстарын ақырғы тұтынуға жұмсаған шығыстары мен жинақтау арасында қалай бөлетіндігін көрсетеді. Қолдағы табыстарды пайдалану шотының ресурстары мен пай- далану бөлігінің үлгісін 9.6-кестедекелтіреміз:
9.6-кесте. Қолдағы табыстарды пайдалану шотының үлгісі
Бұл шоттың ресурстар бөлігінде қолдағы бар табыстар көр- сетіледі жəне ол табыстарды қайта бөлу шотынан көшіріледі. Ал пайдалану бөлігінде үй шаруашылығы, мемлекеттік мекеме- лер, үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың ақырғы тұтыну шығындары мен жалпы ұлттық жинақтың көрсеткіштері көрсетіледі.
Жалпы ұлттық жинақ – табыстарды пайдалану шотының баланстық бабы болып табылады. Оны есептеу үшін қолдағы бар
жалпы ұлттық табыстардан ақырғы тұтыну шығыстарын шегер- генге тең болады.