Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет179/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

ЖІӨ индекс-дефляторы – ағымдағы бағаларда есептелген ЖІӨ-нің, өткен кезеңнің салыстырмалы бағаларында есептел- ген ЖІӨ-нің көлеміне қатынасы, ЖІӨ дефляторының тауарлар мен қызметтер бағасының индексінен айырмашылығы, ол баға өзгеруінің нəтижесінде еңбекақының, пайданың (аралас табыс- тарды қоса) жəне негізгі капиталды тұтынудың, сондай-ақ таза салықтардың атаулы жиынының өзгеруін сипаттайды.

9.4. Ұлттық шоттар жүйесінің салааралық балансы

Ұлттық шоттар жүйесінің құрама бөліктерінің ішінде негіз- гісіне жататыны «Ресурстар-Пайдалану» РПК) жəне «Шығындар- Шығарылым» (ШШК) кестелерін, яғни салааралық балансты ен- гізу болып табылады. Бұл кестелер статстикалық көрсеткіштерді көрсетуге жəне салыстырмалылық нəтижелерін арттыру үшін қызмет етеді. Демек, тауарлар мен қызметтерді пайдалану, эко- номикалық өндіріс үдерісінде табыстардың пайда болуын тал- дау, салалар арасындағы байланыстылық пен арақатынасты қа- растыру жəне т.б. жағдайларды зерттеуге толықтай мүмкіндік туындайды. Мұндағы көрсетілген көрсеткіштердің қайнар көзі болып, өнеркəсіпті, үй шаруашылығын инвестицияны, сыртқы сауданы зерттеуден алынған статистикалық деректер жатады.

Ұлттық шоттар жүйесінің енгізілуіне дейін заттық өндірістің əдіснамасының негізінде салааралық баланс қолданыла бастады жəне оның өзі құрылымы бойынша екі түрлі сызбадан тұрады, яғни қысқа жəне кеңейтілген болып.

1972 жылдан бастап кеңейтілген салааралық баланс бес жыл- да бір рет «өнім-өнім» қағидасы бойынша пайдаланылды жəне оның соңғы балансы 1987 жылы дайындалып 6 онда 100 астам өнімнің түрлері қамтылды. Оның ақпараттық базасы ретінде кəсіпорындарда арнайы жүргізілген бір жолғы бақылаулар жəне əкімшілік, салалық статистика деректері пайдаланылды.

1994 жылдан бастап салааралық балансты құру Ұлттық шоттар жүйесінің əдістемесі бойынша қысқа сызбасы жыл сайын «сала

-сала» үлгісі ретінде қолданыла бастады. Мұнда «өндірістік емес сала» арқылы өндіріс шекарасы кеңейтілді жəне Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық сұраныс тұжырымдамасы қолданылды.



«Ресурстар-Пайдалану» кестесі экономикалық талдау жəне бол- жау жасау үшін пайдаланылатын «Шығындар-Шығарылым» кестесін дайындаудың негізі болып табылады. «Шығындар-Шығарылым» кес- тесін Леонтьев кестесі деп атайды жəне шетел тəжірибесінде «Ресурстар- Пайдалану» кестелер қорында құрылады жəне өндіріспен байланыс- ты түрлі мəселелерді шешетін талдаулық құрал болып табылады. Бұл кестенің ерекшелігі «өнім-өнім» немесе «сала-сала» принципінде құрылған жолдары мен бағандары өлшемдерінің бірдейлігі.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет