Еңбек өнімділігі деп белгілі бір уақыт бірлігінде (бір сағатта, бір күнде, бір айда, бір тоқсанда жəне бір жылда) өндірілген өнімнің көлемін (мөлшерін) немесе бір өнімді өндіруге жұм- салынған жұмыс уақыт шығынын айтады. Осыған байланысты еңбек өнімділігі екі көрсеткішпен өлшенеді, яғни тура жəне кері жолмен есептеледі.
Бірінші көрсеткіш – еңбек өнімділігінің деңгейін тура көрсететін көрсеткіш немесе оны еңбек өнімділігі деңгейінің орташа мөлшері деп те атайды. Оны анықтау үшін берілген уа- қыт мерзімінде өндірілген өнімнің көлемін сол өнімді өндіруге жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшеріне бөледі немесе мына формула бойынша есептейді:
q
w= ,
T
мұнда, w - еңбек өнімділігінің деңгейі; q -өндірілген өнімнің көлемі;
Т - өнім өндіруге жұмсалынған жұмыс уақыты.
Бұл берілген көрсеткіш жұмыс уақытының бір бірлігінде (сағатта, күнде, айда, тоқсанда жəне жылда) əрбір жұмысшының өндірген өнімінің көлемін көрсетеді. Мұнда есептелінген көрсет- кіштер неғұрлым жоғары болса, онда еңбек өнімділігінің соғұр- лым өскендігін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |