Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет51/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   184
Екінші көрсеткіш – еңбек өнімділігінің кері өлшейтін көр- сеткіш немесе оны статистикада еңбек сыйымдылығы деп атай- ды. Оны есептеу үшін берілген мерзімде өндірілген өнім көле- міне жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшерін сол уақытта өндірілген өнім көлеміне бөледі немесе мына формуланы қолда- нады:

T

t= q ,

мұнда, t-еңбек өнімділігінің кері түрі, яғни еңбек сыйымдылығы. Берілген есепті көрсеткіш арқылы өндірілген бір бірлік өнімге қанша жұмыс уақыты жұмсалынғандығын сипаттайды.



Мұнда есептелінген көрсеткіш неғұрлым аз болса, онда еңбек өнімділігінің соғұрлым артқанын көрсетеді.

Еңбек өнімділігін тура немесе кері əдісі арқылы есептеу кезінде өндірілген өнімдердің көлемі мен соған жұмсалынған уақыт мөлшерлері əртүрлі өлшем бірліктерімен өлшенеді. Мыса- лы, өндірілген өнім мөлшері – табиғи, шартты-табиғи, еңбек жəне ақшалай (құндық) өлшем бірліктерімен, ал сол өнімдерді өндіруге жұмсалынған жұмыс уақыттары – адам-сағат, адам-күн, адам-ай, адам-тоқсан, адам-жыл жəне жұмыскерлер мен жұмысшылардың орташа тізімдік саны сияқты өлшем бірліктері қолданылады.

Осы аталған өлшем бірліктерінің қолданылуы өндірілетін өнімнің бір түрлі жəне əртүрлі болуына тығыз байланысты бола- ды. Егер өнім өндіруші бір түрлі өнім өндіретін болса, онда табиғи өлшем бірліктері қолданылған дұрыс болады. Ал, егер əртүрлі өнім өндіретін болса, онда еңбек немесе ақшалай (құндық) өлшем бірліктері қолданылады. Мұнда өндірілген, тиеліп жіберілген, өткізілген (сатылған) жалпы жəне тауарлы өнімдер көрсетілген болса, онда ақшалай (құндық) өлшем бірліктері қолданылады жəне ол салыстырмалы бағамен беріледі.

Еңбек өнімділігінің деңгейіне талдау жасаған кезде, оның мына орташа көрсеткіштерін жеке қарастырады:

  1. орташа сағаттық өндірілген өнім деңгейі – оны есептеу үшін өндірілген өнім көлемін барлық жұмысшылармен жұмыс істелінген адам-сағаттарға бөлеміз;

  2. орташа күндік өндірілген өнім деңгейі – оны есептеу үшін өндірілген өнім көлемін барлық жұмысшылармен жұмыс істелінген адам-күндерге бөлеміз;

  3. бір жұмысшының орташа айлық, тоқсандық, жылдық өн- дірген өнімінің деңгейі – оны есептеу үшін өндірілген өнім көле- мін сол уақыттағы жұмысшылардың немесе жұмыскерлердің ор- таша тізімдік санына бөлеміз;

Осы аталған орташа көрсеткіштерді есептеу формулалары төменде берілген:

q q q

1) W c  ; 2) W k  ; 3)

W a ,

Tc Tk S


мұнда, W c , W k , жəне W a (т.ж) - сағаттық; күндік; айлық (тоқсандық, жылдық) орташа еңбек өнімділігінің деңгейі;

Тс жəне Тк - өнім өндіруге жұмсалынған адам-сағаттар мен адам-күндер;

S - жұмыскерлер немесе жұмысшылардың орташа тізім- дік саны.

Жоғарыда берілген формулаларды қолдану үшін жəне еңбек өнімділігінің деңгейін есептеу кезінде екі мерзімдік мына көр- сеткіштердің болуы тиіс (жақша ішінде есептеу жолдары көр- сетілген):

  1. өндірілген өнімнің көлемі: тонна, дана, теңге - q;




  1. жұмыскерлердің орташа тізімдік саны, адам - S ;




  1. оның ішінде жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам - S ;

  2. жұмыс істелінген адам-күндер - Тк;

  3. жұмыс істелінген адам-сағаттар-Тс;

  4. бір жұмысшының нақты істеген орташа жұмыс күні (4:3)- k ;




  1. жұмыс күнінің нақты орташа ұзақтығы, сағат (5:4)- n ;

  2. жұмыскерлердің ішіндегі жұмысшылардың үлесі, (3:2)-d;




  1. орташа сағаттық нақты өндірілген өнім көлемі (1:5)- W ;
    c





  1. орташа күндік нақты өндірілген өнім көлемі (1:4)- W ;
    k


  2. бір жұмыскердің нақты орташа айлық (тоқсандық, жыл- дық) өндірген өнім көлемі: тонна, дана, теңге, м (1:2);

  3. бір жұмысшының нақты орташа айлық (тоқсандық, жыл- дық) өндірген өнім көлемі: тонна, дана, тенге, м (1:3).

Берілген көрсеткіштер арасында өзара байланыстылықтың бар екендігін көруге жəне оны қолдану арқылы екінші бір белгісіз

көрсеткіштерді есептеп табуға болады. Оны мына мысалдан көреміз:

  • орташа күндік нақты өндірілген өнім көлемін анықтау үшін, орташа сағаттық өндірілген өнім көлемін жұмыс күнінің нақты орташа ұзақтығына көбейтеміз;

  • орташа күндік нақты өндірілген өнім көлемін, бір жұмыс- шының нақты істеген жұмыс күніне көбейтсек, онда бір жұмыс- шының орташа айлық (тоқсандық, жылдық) өндірген өнім көлемі анықталады жəне т с.с.

Осы аталған өзара байланыстылықты толықтай ұғыну үшін мына формуланы қолданамыз:


W k Wc n ; W a(т.ж.) W k k W c n k ,


мұнда, n -жұмыс күнінің нақты орташа ұзақтығы, сағат;


k -бір жұмысшының (ай, тоқсан, жыл ішінде) нақты істеген орташа жұмыс күнінің саны .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет