5.2.Еңбекке ақы төлеу статистикасының ақпарат көздері
Еңбекке ақы төлеу статистикасының көрсеткіштері респуб- ликадағы жұмыс істеп тұрған кəсіпорындар мен ұйымдарды статистикалық зерттеудің ағымдық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Ол жалданушы жұмыскерлердің саны мен олардың
еңбегіне ақы төлеу деңгейінің жылдан-жылға өзгеруін зерттеу болып табылады. Демек, жаппай зерттеу əдісін қолдану негізінде жүргізіледі.
Жалақы төлеу туралы бастапқы статистикалық ақпараттарды жинау жəне өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде əртүрлі өзгеріс- тер болды. Мысалы, 1950 жылға дейін еңбекке ақы төлеу бо- йынша деректер бес жылда бір рет, ал содан кейін жылына бір рет жинақталатын жəне сол кезде қолданылған жалақы тағайындау- дың орталықтандырылған жүйесі барысында жеткілікті болып саналатын. Республикамыз тəуелсіздікке ие болғаннан кейін, 1992 жылдан бастап, жалдаушы жұмыскерлердің еңбегіне жол ақы төлеу туралы ақпарат көздері ай сайын берілетін болды. 1994 жылы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) еңбекақы стати- стикасы бойынша ұсыныстарына сəйкес бастапқы деректерді жи- нау технологиясына үлкен өзгерістер енгізілді. Яғни, еңбекке ақы төлеу деңгейі туралы статистикалық ақпарат республикадағы ірі жəне орта кəсіпорындардың ай сайын беретін деректері негізінде, өзге шаруашылық субъектілері (жұмыскерлердің тізімдік саны 50 адамға дейінгі шағын кəсіпорындар) тоқсан сайын жəне жылына бір рет есеп беретін болды. Ал 1998 жылдан бастап, жалақы бо- йынша жиналған көрсеткіштерді əзірлеу жұмыстары топтастыру- дан экономикалық қызметтің түрлеріне қарай топтастыруға ауыс- тырылды жəне қазіргі кезде іс жүзінде қолданылуда.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы- ның Заңына сəйкес жəне Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2009 жылғы 7 шілдедегі №128 бұйрығымен бекі- тілген Еңбек жөніндегі статистикалық есептілікті толтыру ту- ралы нұсқаулыққа сəйкес барлық кəсіпорындар мен ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, тиістілігі мен меншік ныса- нына қарамастан тұрған жеріндегі облыстық, қалалық, аудандық статистика органына №1–Е «Еңбек туралы есептіліктің» айлық, тоқсандық, жылдық түрлері бойынша ақпараттарды табыс етеді жəне ондағы көрсетілген уақыттан кешіктірмейді.
Кəсіпорындар мен ұйымдардан алынатын мəліметтердің құ- рамы есептіліктің мерзімділігіне (айлық, тоқсандық, жылдық) жəне олардың жіктелуіне (ірі, орта, шағын) байланысты əртүрлі болады. Демек, ірі жəне орта кəсіпорындар №1–Е-формасын, ал шағын кəсіпорындар №2-ШК-формасын өткізеді.
Егер есеп беру нысандарын (формаларын) мерзімділігіне қарай жеке қарастыратын болсақ, онда уақыт мерзімі ұлғайған сайын көрсетілетін көрсеткішті жүйесі де ұлғаяды. Осыған орай, төменде мерзімділігіне байланысты көрсетілетін көрсеткіштерді жеке қарастырамыз:
№1-Е айлық нысаны Қазақстан Республикасы Статис- тика агенттігінің 2001 жылғы 2 шілдедегі №25-С бұйрығымен бекітілген жəне «Қызметкерлердің саны жəне жалақы қоры» тура- лы бір бөлімнен ғана тұратын. Мұндағы негізгі қарастырылатыны өткен жəне есепті жылдардағы айлық көрсеткіштердің өзгеруін сипаттау. Яғни, тізімдегі жəне тізімнен тыс құраммен қосымша жұмыс істейтін жұмыскерлердің (ақшалай жəне заттай түрдегі) барлық жалақы қоры, бір жұмыскердің орташа айлық жалақы мөлшері.
№1-Е тоқсандық нысаны айлық нысанмен бірге бекітілген жəне ондағы көрсетілетін көрсеткіштердің көлемі (мөлшері) жағынан айлыққа қарағанда, əлдеқайда молырақ, яғни үш бөлім- нен тұратындығы:
бірінші бөлімде айлық есептіліктің көрсеткіштері толығымен көрсетілген жəне қосымша əйелдердің саны, жалақы қоры, бір əйелге есептелінген орташа айлық жалақы қарастырылған;
екінші бөлімде жұмыс күшінің қозғалысы жəне бос орын- дардың нақты бары қарастырылған, яғни есеп беру кезең ішінде жұмысқа қабылданған жəне жұмыстан шыққан жұмыскерлердің саны, себептері бойынша, есеп беру кезеңі соңындағы жұмыс- керлердің тізімдік саны жəне кəсіпорындағы бос жұмыс орындар саны сипатталған;
үшінші бөлімде сыртқы қосымша жұмыс істейтіндер мен жұмыс уақытын толық істемейтіндердің саны себептеріне қарай көрсетілген, соның ішінде өндіріс көлемінің қысқаруына бай- ланысты əкімшіліктің шешімі бойынша жұмыстың көрсетілген режиміне ауыстырылғандар жеке қарастырылған;
№1-Е жылдық нысаны Қазақстан Республикасы Статис- тика агенттігінің 2002 жылғы 12 шілдедегі №38-Г бұйрығы- мен бекітілген қорытындылаушы көрсеткіштер жиынтығы. Бұл нысан негізгі 7 бөлімнен тұрады жəне соның ішінде 1; 3 жəне 6-бөлімдер тоқсандық есептілікте көрсетілгендері, ал 2-бөлімде – «Жұмыс істейтіндердің тізімдік саны мен құрамы»,
4-бөлімде – «Жұмыскерлердің жалақы қорының құрамы», 5 жəне 6-бөлімде – «Жұмыскерлердің күнтізбелік уақыт қорын пайдала- нуы», 7-бөлімде – «Жұмысшы күштерін сақтау шығындарының құны» толығымен сипатталған жəне нысанды толтыру жөніндегі қысқаша нұсқаулар бірге берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |