Ұлттық байлықты зерттеу кезінде Ұлттық шоттар жүйесінің алдына қойған негізгі мақсаты – есепке алудың жан-жақты тұжырымдамалық негізі мен құрылымын қамтамасыз ету. Бұл экономиканың қызмет етуінің тиімділігін талдау мен бағалау- ға жарамды макроэкономикалық деректер базасын құру үшін қолданылады. Өйткені уақыттың өтуіне байланысты институ- ционалдық бірліктер немесе секторлардың активтері мен пас- сивтеріне əсерін тигізетін өзгерістер жүйелі түрде ағымдар есебінде көрсетіледі. Активтер мен пассивтердің қорытынды балансы алғашқы баланспен жəне жүйелі есептеу кезінде еске- рілетін басқа ағымдармен анықталады.
Егер осы берілген Ұлттық байлықтың (ҰБ) элементтерін 1993 жылғы Ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) тұжырымдамасына
сəйкес толық түрінде жіктелуін көрсететін болсақ, онда оны 6.1-кестеденкөруге болады.