Байланысты: Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық
Толықбастапқықұны(ТБҚ) дегеніміз негізгі капитал- дарды пайдалануға беру кезіндегі іс жүзінде жұмсалынған бастапқы шығын мөлшерін сипаттайтын құндық көрсеткіштер жиынтығы. Оның құрамына сол негізгі капиталдардың сатып алуына, тасымалдануына, құрастыруына, орнатуына жəне тағы басқа жағдайларына байланысты іске қосуға жұмсалынған бар- лық қаржының сол кездегі нақты бағамен көретілген көлемі жат- қызылады. Бұл баға бухгалтерлік есепте негізгі капиталдың бүкіл қызмет ету уақыты бойы өзгертілмейді жəне қажетті құжаттар арқылы куəландырылады жəне тіпті, жойылып кеткен жағдайдың өзінде де бухгалтерлік баланста көрсетіледі.