6. 2-сурет. Негізгі капиталдардың бөлінуі
Үкіметтің негізгі капиталды қайта бағалау туралы қаулысына сəйкес ірі жəне орта кəсіпорындар үшін мемлекеттік есептілік- тің бірыңғай нысаны - №11 «Негізгі қорлар (құралдар) мен мате- риалдық емес активтер жəне олардың қозғалысы туралы есеп» енгізілді. Мерзімділігі жылдық болып саналады. Мұндағы көр- сетілетін көрсеткіштерге мыналар жатады:
негізгі капиталдар, олардың қозғалысы жəне құрамы, соның ішінде түрлері бойынша;
негізгі капиталдардың келіп түсуі, соның ішінде себептері бойынша;
негізгі капиталдардың шығарылуы, соның ішінде себептері бойынша;
негізгі капиталдардың тозуы;
материалдық емес активтер, қозғалысы жəне амортизация- сы, соның ішінде түрлері бойынша;
негізгі капиталдардың алғашқы (ағымдағы) құны;
негізгі капиталдардың баланстық құны (тозу құны алын- ғандағы);
негізгі капиталдардың орташа жылдық құны (тозу құны алынғандағы);
негізгі капиталдардың жөнделуі, соның ішінде күрделі жөндеуден өткені.
Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің ұсынысы бойынша 2000 жылдан бастап, №11 формаға қосымша «Кəсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құралдар» атты есеп беру формасы енгізіліді. Бұл есеп беру формасын енгізудің негізгі мақсаты салық салу ережесіне сəйкес тозу жəне амортизациялық аударым- дарды қадағалау болып табылады.
Кіші жəне шаруа (фермерлік) қожалықтар №2МП формасын тапсырады. Бірақ, бұл есеп беру формасын жинаудың өзіне тəн қиыншылықтары кездеседі. Сондықтан негізгі капиталдар ту- ралы деректер алу үшін бір жолғы немесе ішінара бақылаулар жүргізу арқылы алынатындығы.
Достарыңызбен бөлісу: |