Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет120/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132
Әке тәлімі 
 
Жас кезімде әкем (Бауыржан Момышұлы) мені қасына отырғызып 
алып, жиі әңгімелер айтатын. «Баланың ойы далада» дегендей, мен әкемнің 
айтқандарын тыңдамай, көп мән бермейтінмін. Осыны байқаған әкем бір 
жолы: «Бір нәрсені есіңде сақта: «қайсы жолмен жүрсең де мен үнемі 
алдыңнан шығамын», – деді. Мен сонда оның бұл сөзін түсінбейтінмін. Ал, 
кейін ойланып қарасам, расында да қайда болсам да, тіпті Қазақстанды 
қойып, Мәскеу, Ташкент, Бішкек, Прибалтика елдеріне барсам да әкемнің 
майдандас достары, өзінің солдаттары, тым болмаса нақыл сөздері, 
кітаптары, суреттері «мені ұмытпа» дегендей ылғи алдымнан шығады. Ондай 
кісіні ұмыту мүмкін емес. 
Әбілдә, Ғабит, Ғабиден, Сәбит секілді ағалардың балаларымен бірге 
оқып, дос болдық. Сонда жазғы демалыста олар Қара теңізге, Прибалтикаға, 
Мәскеуге, Киевке кететін. Ал мені әкем үнемі пойызбен ауылға, яғни 
Жуалыға, Асаға жіберетін еді. Сонда мен ауылға барғым келмей әрең дегенде 
қиналып баратынмын. Тіпті «Достарым демалысты үлкен қалаларда өткізіп 
жүргенде, неге мені әкем үнемі ауылға жібереді?» – деп ренжитінмін. Кейін 
әкем: «Балам сені демалысқа үлкен қалаларға жіберуге шамам келетін. Бірақ, 
мен сені елдің, жердің қасиетін білсін, Жуалының желіне кеудесін тосып, 


138 
содан күш-қуат алсын, Ақсудың суын ішіп, бойына нәр алсын, ана тіліңнің 
әдемі сөздері құлағыңа сіңсін, кейін алыстап, бөтен болып қалмасын деген 
ниетте жібердім», – деп түсіндіріп берді. Бұл жерде де әкемнің ұлылығы 
көрініп тұр.
Бір жолы әкеме: «Сіз неге осы үйге келген адамдарды қуып шыға 
бересіз?» деп сұрақ қойдым. Сонда ол: «Мен адамдарды жек көрмеймін, 
оның қылығын жек көремін» деді. Әкем адамды бір қылығы үшін мақтайды, 
ал бір сөзі үшін ұрсуы мүмкін. Көрдіңіз бе, әкемді түсінудің, табиғатын 
ұғынудың қиындығы осында жатыр. Ол кісі адамға кәдімгі пенде ретінде 
қарайтын. Адам – пенде, бір Құдайда ғана мін жоқ, қалғанымыздың бәріміз 
пендеміз деген осы.
(Бақытжан Момышұлымен сұхбаттасқан Жасұлан Мәуленұлы, 
http://old.baq.kz/kk/news/aimaktik_bak_muragat)
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет