Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет117/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   132
 
Кәсіби бағдар тетігі 
 
Жұмыссыздықты кедейлік пен қылмыстың қоздырғышы деуге болады. 
Әсіресе, жастар арасында. Негізі қазақ жастары білім алуға құштар. Бәрі 
дерлік жоғарғы оқу орнына түсіп, дипломды маман атанғысы келеді. 
Кейбіреулер «қазақ жастарының бәрі сот, прокурор, банкир немесе 
бизнесмен болғысы келеді» деп кекетеді. Несі бар, болсын. Армандауға, 
мақсат қоюға, соған ұмтылуға әркімнің қақы бар. Мәселе олардың осы 
құштарлығын, ұмтылысын дұрыс бағыттай білуде. Дегенмен, нарықтық 
заманда мықтылар ғана озатынын естен шығармағанымыз дұрыс. 
Тиісті орындар орта білім беруде диагностика жүйесін енгізу және 
неғұрлым сұранысқа ие мамандықтарға балалардың кәсіби бағдарын 
айқындау бойынша жұмыс істегені жөн. Кәсіби бағдар беру сабақтары 
бойынша міндетті оқу бағдарламасына енуі қажет, әсіресе мектептің жоғарғы 
сыныптарында кәсіп таңдау кезінде шешім қабылдауда балалардың 
болашақтағы өз мүмкіндіктерін зерделеуіне ықпал ететін сабақтарды ендіру 
қажет. Бұл оқушылардың қандай мамандықтардың сұранысқа ие болатынын, 
колледждерді, жоғарғы оқу орындарын бітірген соң жұмыс табудың 
мүмкіндіктері қандай болатынын анықтауына жол ашады. Бұл ерекше назар 
аударуды қажет етіп отырған жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне 
оң ықпал етер еді. 
Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі – жаһандық проблема. 
Әлемде мүлдем жұмыссыз 260 млн адамның 70 пайызынан астамы – 27 
жасқа толмаған жастар екен. Олардың қатарына күніне 2 доллар ғана 
табатын 300 млн. адамды қосуға болады. 
Осы орайда ел президенті: «Жастардың жұмыссыз қалу мәселесін шешу 
Қазақстан үшін де стратегиялық маңызы бар міндет. Сенат Қазақстандағы 
жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесін тиісті заңдар қабылдау 
арқылы шешу жұмысына үлес қосуға әзір. Бұл жауапкершілігі өте үлкен 
міндет, себебі халқымыздың әл-ауқаты мен тұтастай мемлекетіміздің тыныс-
тіршілігі осы мәселенің шешілуіне тікелей байланысты» деді.
Елімізде жұмыссыздықты азайту бойынша бірнеше бағытта жұмыстар 
атқарылуда. Солардың ішінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс 
теңгерімділігі жөніндегі шаралар жүргізу, халықты әлеуметтік қолдауға 
мұқтаж нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру
қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау 
мен дамыту секілді маңызды қадамдар жасалуда. 
(https://ult.kz/post/zhastar-arasyndagy-zhumyssyzdyk-memleketke-kauipti

 
 


136 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет