Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет122/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   132
 
Ғажайып көл 
 
Көбейтұз көлі – Ақмола облысы Ерейментау ауданында орналасқан ірі 
көлдердің бірі. Емдік қасиетінен бөлек, туристерді еліктіретін жайт – көлдің 
қызғылт түске боялатыны. Ғалымдардың мәліметінше, бұл тұзды суда 
тіршілік ететін дуанелла галофил бактерияларының көбеюіне байланысты 
көрінеді. 
Бүгінде 
бұл шипалы көлді көпшілік толық біле бермейді. 
Қызғылт көл Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолының бойында жатыр. Көлдің 
ғажайып сәтін тамашалаймын дегендер алдымен Ерейментау қаласына дейін 
жетеді. Жол теп-тегіс – автобан. Ерейментаудан өткеннен кейін «Қоржынкөл 
станциясы» атты тақтайшаға көзіңіз түседі, бұл – Нұр-Сұлтан қаласынан 176 
шақырым қашықтықта орналасқан елді мекеннің анықтамасы. Сол анықтама 
тақтайшадан оңға бұрылып, туннель арқылы жолдың арғы бетінде 
орналасқан «Ақжол» кешеніне жол тартасыз. Көлдің лайы мен тұзы сүйекке, 
теріге әсер етеді. Салқын тигенде бөлме температурасындағы балшықты 
тұзды денеге тартса, өте жақсы қыздырады. Мұнда Қазақстан, Ресейдің 
түкпір-түкпірінен саяхатшылар көп келеді. 
(
https://www.astana-akshamy.kz/qyzghylt-koldi-kordingiz-be/
)
 
Еліміздегі ішкі туризм 
 
Норвегиялық саяхатшы Алматының Еуразия құрлығында ең ірі 
туристік орталыққа айналуына толық мүмкіндігі бар екендігін айтады. 
Оңтүстік астананың көрікті жерлерін аралап шыққан ол қала 
табиғатына таңданысын жасырмады. Саяхатшы Инге Солхейм елімізге 
осымен 4-ші рет келіп отыр. Әсіресе, Алматының Шымбұлағына 
шығып, таза ауада серуендеуді ұнатады екен. Айтуынша, Алматыны 
ажарлы етіп тұрған да – осы асқар таулары. Тіпті, кейін алып шаһар 
Ванкувер, Шамони және Бритиш Коламбия секілді белгілі туристік 
орталықтарға бәсекелес бола алады. «Алматы аумағының бір 
ерекшелігі – демалатын орындардың бір-біріне жақын орналасуында. 
Мен әлемнің барлық қалаларына саяхаттадым. Бірақ, Жетісу өңіріндей 
табиғаты әсем жерді көрмеппін. Мұнда тау шыңын бағындыруға 
немесе мұз айдынында шаңғы тебуге, каньондарды тамашалауға 
болады. Мысалы, Ванкувердің халықаралық әуежайынан таулы 
аймағына дейін екі сағат жол жүру керек. Ал Алматыда ол жарты-ақ 
сағат уақыт алады», - деді саяхатшы Инге Солхэйм. 


140 
Еліміздегі туризмнің ілгері басып келе жатқанын ағылшын бекзадасы 
Гарри Уэльскийдің демалуға келгенінен байқауымызға болады. Инге 
ханзадаға "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына баруға кеңес беріпті. Сондай-ақ 
алдағы уақытта ол қалаға белгілі Голливуд жұлдыздарын шақыруды көздеп 
отыр екен. «Мегаполистің туризм саласын жетілдіру бойынша менің жаңа 
идеяларым бар. Оны жүзеге асыру мақсатында 1980 жылдан бері Британияда 
өткізілетін 
халықаралық 
Кендал 
Моунтэйн 
фестивалін 
осында 
ұйымдастыруды ұсынып отырмын. Өткен жылы оған қатысушылар саны 15 
мыңнан артқан», - деді саяхатшы Инге Солхэйм.
Алматыда шаңғымен сырғанау демалысы дамып келеді. Шетелдік 
туристер де осында жайлы демалу үшін ағылып келе бастады. Бұрын 
Алматыға шетелдіктер іскерлік мәдени шараларға жиі келетін болса, бүгінде 
халықаралық туризмге қызығушылық артқан. Соның ішінде Алтынемел, Іле 
Алатауы, Көлсай, Шарын сияқты ұлттық саябақтар қомақты қаржы түсіріп 
отыр. Туристердің арасында қалаға Ресей, Қытай, Түркия және Оңтүстік 
корея азаматтары көп келеді екен. Мыңжылдықтың басында Алматыға 
келген саяхатшылар 200 мыңнан аспаған. Ал қазір 600 мыңға жетіпті. Өткен 
жылы тек Алматы қаласының туризмінен мемлекеттік қазынаға 5 млрд
теңгеден астам қаржы түсіпті. 
(www.astana-akshamy.kz › elo..) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет