Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет125/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   132
Елді аңсау 


142 
 
Күндердің күнінде Парижде бір дағыстандық суретшіні кездестірдім. 
Революциядан кейін оқуға кетіпті де, итальян қызына үйленіп, еліне қайта 
алмай қалыпты. Тау ішіндегі дәстүрге үйреніп қалған әлгі дағыстандық жігіт 
көпке дейін өзінің жаңа отанына үйрене алмай жүріпті. Жер жүзін талай 
шарлап, алыстағы бөтен елдердің жарқ-жұрқ еткен астаналарында да 
болыпты. Бірақ қайда барса да, туған елін сағынған сезімі соңынан қалмай 
қойыпты.
Мен суретшіден салған суреттерін көрсетуін өтіндім.
Бір суреттің аты «Елді аңсау» екен. Суретте бұрынғы авар киімін киген 
итальянка (суретшінің әйелі) бейнеленген. Ол тау ішіндегі бұлақтың басында 
тұр. Таудың етегінде авар ауылы бейнеленген. Тау төбесін тұман басқан. 
- Тұман – ол таудың көз жасы, тұман – бұл менмін, - деді суретші. 
- Елге неге қайтқыңыз келмейді сіздің? 
- Кеш қой. Кезінде туған жерімнен жанып тұрған жас жүрегімді алып 
кетіп едім. Енді еліме тек қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға қақым бар ма 
менің? 
Парижден оралысымен мен әлгі суретшінің туысқандарын іздеп тауып 
алдым. Таң қалғаным сонша, оның шешесі әлі тірі екен. Суретшінің туған-
туыстары тоқал үйге жиналып, өздерінің елден безіп кеткен, туған жерін жат 
жерге айырбастап кеткен ұлдары туралы әңгімемді қиналып, қайғымен 
тыңдады. Бірақ олар ұлдарын кешіргендей болып көрінді маған. Кенет оның 
шешесі маған: 
- Сендер аварша сөйлестіңдер ғой? - деп сұрады менен. 
- Жоқ. Біз тілмаш арқылы сөйлестік. Мен – орысша, ал сенің ұлың – 
французша. 
Біраз үндемей отырғаннан кейін, суретшінің шешесі айтты: 
-
Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған. Сенің көргенің 
менің ұлым емес. Менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді 
ұмытуға тиіс емес. Осы әңгімеден соң менің ойыма мына өлең жолдары 
оралды: «Егер тілім ертең болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ!»
(Расул Ғамзатов. https://egemen.kz/2020)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет