Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет124/132
Дата20.09.2023
өлшемі3,06 Mb.
#109142
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   132
6. ЖАҢАЛЫҚТАР 
Олимпиада тарихы 
 
Олимпиада ойындары ертеде қасиетті деп саналған. Ойындар жүріп 
жатқанда соғыстар да тоқтаған. Біздің заманымызда ойындарды қайта 
тірілткен – француз Пьер де Кубертен. Ол Олимпиадалық қозғалысты 
жандандыруға қырық жылдай уақытын жұмсады. 1892 жылы 25 қарашада 
Сорбоннаның салтанат залында Пьер де Кубертен «Олимпиаданы жаңғырту» 
тақырыбында дәріс оқыды. Ол осы жерде алғаш рет «Спортты жандандыру 
және оны халықаралық дәрежеге жеткізу керек» деген өзінің әйгілі сөзін 
айтады. Кубертен әлемнің көптеген елдерінде өзінің достарының көмегімен 
олимпизм жақтастарының дүниежүзілік кездесуін ұйымдастырды.
Құрылтайшылар конгресі Сорбоннада 1894 жылы 24 маусымда өтеді. 
Он екі елден келген екі мың делегат Олимпиада ойындарының халықаралық 
Олимпиада Комитетін (ХОК) құру туралы бір ауыздан шешім қабылдайды. 
Екі өркениетті яғни элин мен жаңа заман арасын байланыстырушы ретінде 
алғаш рет Олимпиада ойындарын өткізу үшін Афины жері таңдалды. Сөйтіп 
1896 жыл жаңа заманғы алғашқы Олимпиада ойындары өткен жыл ретінде 
тарихта қалды. 
Алғашқы он үш Олимпиадалық ойындар ежелгі көне Элладада тек бір 
ғана спорт түрінде – жүгіру бойынша өткізілген болатын. Алғашқыда ойынға 
тек екі қала – Элис пен Писы ғана қатысқан. Алайда ойынның танымал 
болғаны соншалық, кейін грек қалаларының барлығы түгелдей дерлік қатыса 
бастады. Олимпиада ойыны жақындаған сайын Эллиадада, сондай-ақ 
Грекияның барлық түкпір-түкпірінен «қасиетті татуласуды» хабарлайтын 
желаяқтар жіберіп отырған. Бұл жүгірушілер соғыстарды өз еріктерімен 
тоқтатуға зор ықпал жасады. Барлық жерде оларды триумфтермен қарсы 
алды. Тек Грекияда ғана емес, сонымен қатар эллиндерді құрайтын барлық 
жерде – Қырымда, Египетте, Испанияда осылайша қарсы алатын. Бес 
шеңберден құралған Олимпиада ойындарының эмблемасы 1913 жылы 
жасалған. Олимпиадалық ойындардың ресми туы – ақ матаға салынған 
олимпиада логотипі. Ақ түс – ойын кезіндегі бейбітшілікті белгілейді. Ол 
1916 жылға жоспарланғанымен, тек 1920 жылы ғана Бельгияда алғаш рет 
қолданылды. Жабылу салтанаты кезінде Ойындар өткен қаланың әкіміне 
тапсырады. Төрт жыл бойы ту дайындық үстіндегі қаланың әкімдігінде 
сақталады.
(С.Елубаев) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет